Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь для наружного применения
Дозасы
10%
Саудалық атауы
Бетадин®
Әсер етуші зат
Повидон-Йод
Мақсаты
Ұсақ кесілулер мен сыдырылуларда, аздаған күйіктерде инфекциялардың емі мен профилактикасында
Өндіруші
ЗАО "Фармацевтический завод ЭГИС"
Ел
Венгрия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
20 г жақпамай құрамында
белсенді зат - 2 г повидон-йод (200 мг белсенді йодқа баламалы),
қосымша заттар: натрий гидрокарбонаты, макрогол 400, макрогол 1000, макрогол 1500, макрогол 4000, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Әлсіз йод иісі бар, қоңыр түсті гомогенді жақпамай.
Бетадин жақпамайы кең ауқымды әсер ететін антисептик препарат болып табылады, келесілерде қолданылады:
• ұсақ кесілулер мен сыдырылуларда, аздаған күйіктерде инфекциялардың емі мен профилактикасында
• терінің зеңдік және бактериялық инфекцияларын, сондай-ақ ойылулар мен трофикалық ойық жаралар инфекцияларын емдеуде.
Әсер ету механизмі
Повидон-йод - бұл элементтік йод (I2, әсер етуші зат) және поливинилпирролидонның синтетикалық полимерінің кешені болып табылады, ол қолданғаннан кейін белгілі бір уақыт ішінде йодты босатып шығарады (поливнилпирролидонның өзіндік бактерияға қарсы белсенділігі жоқ), сонымен қатар йодтың жасуша жарғақшаларымен оңай байланысуына ықпал етеді.
Повидон-йод теріге және шырышты қабықтарға тигенде, йод повидон-йод полимерлік кешенінен бөлінеді. Бұл жылдам гермицидтік әсері болатын бос йод, ал йод полимермен кешенінде йод депосы ретінде қызмет етеді. Йодтың бұл біртіндеп босатылуы қарапайым йодқа байланысты кемшіліктердің орнын толтырады және оның жоғары тиімді микробиоцидтік тиімділігін қолдайды. Бос йод микроорганизмдерге тез өтеді және ақуыздардың, аминқышқылдарының, нуклеотидтердің және қанықпаған май қышқылдарының негізгі топтарына шабуылдайды. Ферменттерде және микроорганизмдердің құрылымдық ақуыздарында амин қышқылдарының сульфгидрильді (-SH) және гидроксильді (-ОН) топтарына реакция береді, сонысымен оларды тотықтырады.
Фармакодинамикалық әсері
Повидон-йод бактерияға қарсы жылдам (грамоң және грамтеріс бактерияларды қоса), зеңге қарсы және вируцидтік әсер (қабығы бар және қабығы жоқ вирустар) етеді. Повидон-йодқа резистенттілік ауруханаларда, стоматологиялық және медициналық практикада 60 жылдан астам қарқынды пайдалану кезінде байқалмады. Сонымен қатар, антибиотиктерге резистенттілік повидон-йодқа сезімталдыққа әсер етпейді.
Дозалау режимі
Ересектер
8-9 дозадан аспайтын жақпамайды (бұршақ мөлшеріндей) (1 см2 = 100 мг есебінен) күніне 1 рет немесе 4,5 доза жақпамайды күніне 2 рет 7 күннен асырмай жағу ұсынылады.
Ең жоғары дозасы:
әрқайсысы бұршақ мөлшеріндей 8-9 доза, күніне 1 рет немесе 4,5 доза күніне 2 рет.
Терінің беткейін тазартып, кептіру керек, содан кейін Бетадин жақпамайын қолдануға болады.
Балалар мен жасөспірімдер
1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларға жақпамай қолдану ұсынылмайды.
Жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балаларға жақпамай қолдануға болмайды.
2 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға 7 күнге дейінгі мерзімге ұсынылатын дозалар (жақпамайдың 1 дозасы (бұршақ мөлшеріндей) 1 бұршақ = 1 см2 = 100 мг мөлшері ретінде анықталады):
- 2 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға: күніне 1 рет жақпамайдың 1 дозасы (бұршақ мөлшеріндей).
- 6 жастан 8 жасқа дейінгі балаларға: жақпамайдың 2 дозасы (әрқайсысы бұршақ мөлшеріндей) күніне 1 рет (немесе бұршақ мөлшеріндей 1 доза күніне 2 рет).
- 9 жастан 13 жасқа дейінгі балаларға: жақпамайдың 3 дозасы (әрқайсысы бұршақ мөлшеріндей) күніне 1 рет (немесе 1,5 доза күніне 2 рет).
- 14 жастан бастап 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге: жақпамайдың 5 дозасы (әрқайсысы бұршақ мөлшеріндей) күніне 1 рет (немесе 2,5 доза күніне 2 рет).
Енгізу әдісі және жолы
Препарат тек теріге сыртқа қолдануға арналған. Зақымданған теріні тазартып, құрғату керек.
Өңделген теріге таңғыш таңуға болады.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Егер сізде осы препаратты қолдану туралы қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігеріңізге қаралыңыз.
• йодқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• қалқанша безі функциясының бұзылуы
• радиоактивті йодты қолдана отырып, қалқанша безін сцинтиграфиялық зерттеуге дейін, зерттеу кезінде және одан кейін
• герпес түріндегі Дюринг дерматиті
• повидон-йодты құрамында сынап бар препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл теріні зақымдайтын заттың пайда болуына әкеледі
• 1 жасқа дейінгі бала жасында.
Сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін,
- аса жоғары сезімталдық
- жанаспалы дерматит (кішкентай күлбіреуіктер мен қышынудың пайда болуымен болатын эритема)
Өте сирек (< 1/10000)
-анафилаксиялық реакция
-гипертиреоз (кейде тахикардиямен немесе мазасыздықпен қатар жүретін)
-ангионевроздық ісіну
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
-гипотиреоз
- электролиттер деңгейінің өзгерісі
-метаболизмдік ацидоз
- бүйректің жедел жеткіліксіздігі
- осмолярлық өзгеруі
- тері түсінің өзгеруі
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек (жағымсыз реакциялар бойынша ақпараттық деректер базасын көрсету)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: Жедел йодты уыттану келесі симптомдармен бірге жүруі мүмкін:
- тою сезімі, диарея
- бүйрек функциясы бұзылуы, анурия
- қан айналымы жеткіліксіздігі
- өкпенің ісінуі
- метаболизмдік ацидоз.
Жүйелік уыттылық бүйрек функциясының бұзылуына (анурияны қоса), тахикардияға, гипотензияға, қан айналымы жеткіліксіздігіне, асфиксияға немесе өкпенің ісінуіне әкелетін дауыс саңылауының ісінуіне, қызбаға және метаболизмдік ацидозға әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ гипертиреоз және гипотиреоз дамуы мүмкін.
Қалқанша безінің функциясы бұзылған жағдайда повидон-йодты қолдануды тоқтату керек.
Емі: симптоматикалық және демеуші ем.
Ауыр гипотензия кезінде вена ішіне сұйықтық енгізу, қажет болған жағдайда вазопрессорлық препараттар енгізу қажет.
Егер жоғарғы тыныс жолдарының күйігі айтарлықтай ісінуді тудырса, эндотрахеальді интубация қажет болуы мүмкін.
Құстырудың қажеті жоқ. Пациент тыныс алу жолдары бос және аспирациядан қорғалған күйде болуы керек (құсу жағдайында).
Егер пациентте құсу болмаса және ауыз арқылы тамақ іше алса, құрамында крахмал бар тамақ (мысалы, картоп, ұн, крахмал, нан) йодты аз уытты йодидке айналдыруға көмектеседі.
Егер ішек тесілуінің белгілері болмаса, назогастральді зонд арқылы крахмал ерітіндісімен асқазанды шаюға болады (асқазаннан шығатын ағын күңгірт-көк-күлгін түсті болады және бұл түсті шаюды қашан тоқтатуға болатындығын анықтауда бағдар ретінде қолдануға болады).
Гемодиализ йодтан тиімді тазартады, оны йодпен уланудың ауыр жағдайларында, әсіресе бүйрек жеткіліксіздігінде қолданған жөн. Үздіксіз вена-веналық гемофильтрацияның тиімділігі гемодиализге қарағанда аз.
Үйлесімсіздік
Повидон-йодты сутегі асқын тотығымен, тауролидинмен, иіткіш қышқылмен, сілтілік заттармен, сондай-ақ күміс тұздарымен және сынаппен бір мезгілде қолдануға жол берілмейді.
Зергерлік бұйымдармен, әсіресе құрамында күміс бар бұйымдарға жанасудан аулақ болыңыз.
Арнайы сақтандырулар
Препаратты жүкті және бала емізетін әйелдерде қолданғанда ерекше сақ болу керек. Мұндай жағдайларда "пайда-қаупінің" арақатынасын бағалау және повидон-йодты аса қажеттілік жағдайында ғана қолдану қажет.
Препаратты ұзақ уақыт бойы қолдану терінің тітіркенуін, сирек жағдайларда терінің ауыр реакцияларын туындатуы мүмкін. Тітіркену немесе жоғары сезімталдық белгілері пайда болған кезде препаратты жағуды тоқтату керек.
Повидон-йод тері түсінің препарат түсінен пайда болатын уақытша өзгерісін тудыруы мүмкін.
Қолданар алдында Бетадин жақпамайын қыздыруға болмайды.
Бұрын диагноз қойылған бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты үнемі қолданғанда сақ болу керек.
Балалар мен жасөспірімдер
Бетадин жақпамайын 1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды және жаңа туған нәрестелер мен 1 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілімде.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препаратты қолдану көлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Сіңірілген йод плаценталық бөгет арқылы өтеді және емшек сүтіне бөлінеді. Аналары йод препараттарымен емделген балалардағы қалқанша безінің функциясы бұзылуы немесе туа біткен гипотиреоз туралы хабарламалар болды.
Повидон-йодты, ана үшін күтілетін пайда шарана мен жаңа туған нәресте үшін болжамды қауіптен астам болатын немесе неғұрлым сенімді баламалы ем болмаған жағдайларды қоспағанда, жүкті әйелдерде қолданудан аулақ болу керек.
Повидон-йод кешені РН 2,0-7,0 диапазонында тиімді. Повидон-йод кешені ақуыздармен және басқа да қанықпаған органикалық заттармен әрекеттесіп, оның тиімділігін төмендетеді.
Жараларды емдеу үшін Бетадин жақпамайы мен ферментті жақпамайларды бір мезгілде қолдану екі препараттың да тиімділігін төмендетеді.
Құрамында күміс, сынап сутегі асқын тотығы немесе тауролидин бар препараттар повидон-йод кешенімен өзара әрекеттесуі ықтимал, осыған байланысты екі препараттың да тиімділігі төмендеуі мүмкін, сондықтан оларды бірге қолданудан аулақ болу керек.
Повидон-йодты құрамында октенидин бар антисептик дәрілермен бірге қолданғанға дейін немесе одан кейін осы дәрілер қолданылған тері беткейінің уақытша қараюын туындатуы мүмкін.
Литий препараттарын қабылдайтын пациенттер Бетадин жақпамайын үнемі қолданудан аулақ болуы керек.
Назар аударыңыз! Повидон-йодтың тотығу қасиеттеріне байланысты ол кейбір диагностикалық тесттердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін, мысалы, нәжістегі гемоглобинді, немесе несептегі глюкозаны анықтау кезінде бұл жалған оң нәтижелерге әкелуі мүмкін.
Повидон-йодты қолдану кезінде қалқанша бездің йодты сіңіруі төмендеуі мүмкін, бұл бірқатар диагностикалық зерттеулердің нәтижелеріне әсер етуі мүмкін (мысалы, қалқанша бездің сцинтиграфиясы, ақуызға байланысты йодтың және радиоактивті йодты анықтау) немесе йодпен (радиойодтерапия) қалқанша безінің жоспарлы терапиясының бұзылуына әкелуі мүмкін. Повидон-йодпен ұзақ мерзімді ем аяқталғаннан кейін зерттеудің бұрмаланбаған нәтижелерін алу үшін қалқанша безінің келесі сцинтиграфиясын 4 аптадан кейін жүргізеді.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
15°С-ден 25 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.