Препаратты тағайындау алдында, сондай-ақ препаратпен ем кезеңінде келесі жағдайларда дәрігерді хабардар ету керек:
- қазіргі уақытта немесе анамнезде I дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, Принцметалл стенокардиясы, бронх демікпесі, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, қант диабеті, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі, бауырдың ауыр жеткіліксіздігі және метаболизмдік ацидоздың болуы
- созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің, тұрақсыз стенокардияның, миокард инфарктісінің болуы
- артериялық қысымды төмендету үшін басқа дәрілік заттарды (гипертензияға қарсы препараттар) қабылдау және анамнезде төмен артериялық қысымның (гипотония) болуы
- басқа дәрілік заттарды (барбитураттар, пропафенон, веропамил, амиодарон, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, жүрек гликозидтері (оймақгүл препараттары), дифенгидрамин (димедрол), дилтиазем, эпинефрин (адреналин), фенилпропаноламин, хинидин, клонидин, рифампицин, басқа -адреноблокаторлар (мысалы, көзге тамызатын дәрі), моноаминооксидаза тежегіштері, ингаляциялық анестетиктер, гипогликемиялық дәрілер, циметидин, гидралазин) қабылдау
Сақтықпен: І дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада, Принцметалл стенокардиясы, бронх демікпесі, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы, қант диабеті, бүйректің ауыр жеткіліксіздігі, бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, метаболизмдік ацидоз, жүрек гликозидтерімен бірге тағайындау.
Арнайы сақтандырулар
-адреноблокатор қабылдап жүрген пациенттерге вена ішіне верапамил типті «баяу» кальций өзекшелерінің блокаторларын енгізуге болмайды.
Метопролол, негізінен, артериялық қысымның төмендеуі салдарынан шеткері қан айналымының бұзылуы, мысалы, мезгіл-мезгіл ақсаңдау симптомдарын нашарлатуы мүмкін. Препаратты бүйректің ауыр жеткіліксіздігінен зардап шегіп жүрген пациенттерге тағайындау кезінде, метаболизмдік ацидозда, жүрек гликозидтерімен бірге тағайындағанда сақтық таныту керек.
Принцметалл стенокардиясы бар пациенттерде α-рецепторлар арқылы коронарлық тамырлар жиырылуы салдарынан жүрек ұстамаларының жиілігі мен ауырлық дәрежесі артуы мүмкін. Принцметалл стенокардиясы бар пациенттерге селективті емес -адреноблокаторларды тағайындау ұсынылмайды. Пациенттердің осы тобына -селективті адреноблокаторлар сақтықпен тағайындалу керек.
Бронх демікпесінен немесе өкпенің созылмалы обструкциялық ауруынан зардап шегіп жүрген пациенттерге талапқа сай бронх кеңейтетін емді бірге тағайындау ұсынылады. Сондай-ақ 2-адреномиметик дозасын арттыру қажет болуы мүмкін.
1-адреноблокаторларды пайдаланғанда олардың көмірсу алмасуына ықпал ету қаупі немесе гипогликемия симптомдарын бүркемелеу мүмкіндігі селективті емес -адреноблокаторларды пайдалану кезіндегіден едәуір аз.
Декомпенсация сатысындағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда препаратпен емдеуге дейін де, емдеу кезінде де компенсация сатысына жету қажет.
Атриовентрикулярлық өткізгіштік бұзылуы бар пациенттерде өте сирек жай-күй нашарлауы басталуы мүмкін (атриовентрикулярлық блокада дамуы мүмкін). Егер емдеу аясында брадикардия дамыса, препарат дозасын азайту қажет немесе препаратты біртіндеп тоқтату керек.
-адреноблокаторлармен ем анафилаксиялық реакцияны емдеуді ушықтыруы мүмкін және анафилаксиялық шок аса ауыр түрде өтеді. Адреналинді емдік дозаларда қолдану метопролол қабылдау аясында үнемі қалаулы клиникалық әсерге жетуге әкелмейді. Феохромоцитома бар пациенттерге Беталок® ЗОК препаратымен қатар α-адреноблокатор тағайындалу керек.
Ауыр тұрақты симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігі (NYHA жіктеуі бойынша IV класс) бар пациенттерде Беталок® ЗОК препаратының тиімділігі және қауіпсіздігі жөнінде деректер шектеулі. Осындай пациенттерді емдеуді арнаулы білімі және тәжірибесі бар дәрігерлер жүргізуі тиіс.
Жедел миокард инфарктісімен және тұрақсыз стенокардиямен біріккен симптоматикалық жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде препараттың тиімділігі және қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Осындай жай-күйлерге байланысты жедел миокард инфарктісін емдеу үшін препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ. Тұрақсыз жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсация сатысында қолдану қарсы көрсетілімді.
Беталок® ЗОК препаратын күрт тоқтату созылмалы жүрек жеткіліксіздігін өршітуі, сондай-ақ миокард инфарктісі қаупін арттыруы және кенеттен болатын өлімге себеп болуы мүмкін. Препаратты тоқтату қажет болса, оны бірте-бірте екі апта бойы дозаны біртіндеп екі есе төмендетіп, бірнеше рет қабылдаумен тәулігіне бір рет соңғы 25 мг дозасына жеткенше жүргізген жөн. Соңғы дозаны препарат толық тоқтатылғанша, кем дегенде, төрт күн бойы қабылдау керек. Симптомдар пайда болғанда өте баяу тоқтату режимі ұсынылады.
Хирургиялық араласу жағдайында пациент анестезиолог-дәрігерді Беталок® ЗОК қабылдап жүргенінен хабардар ету керек. Алдағы уақытта хирургиялық араласу жасалатын пациенттерге -адреноблокаторлармен емдеуді тоқтату ұсынылмайды. Жүрек ауруларымен байланыссыз операция жасалған пациенттерге метопрололдың жоғары дозалары тағайындалмау керек, өйткені бұл жүрек-қантамырлық қауіп факторлары бар пациенттерде, өліммен аяқталуды қоса, брадикардия, гипотензия және инсультке әкелуі мүмкін.
Натрий
Беталок® ЗОК құрамында таблеткасына 1 ммоль мөлшерінен аз натрий (23 мг) бар, яғни құрамында мүлде натрий жоқ.
Педиятрияда қолдану
Беталок® ЗОК препаратының тиімділігі және қауіпсіздігі 6 жасқа дейінгі балаларда зерттелмеген.