Ескертулер
QT аралығының ұзаруы
Сульпирид QT аралығының ұзаруын индукциялайды («Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрінетін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда (қажет болған жағдайда) қабылдануы тиіс шаралар» бөлімін қараңыз). Бұл әсері ауыр қарыншалық аритмия, мысалы, torsade de pointes қаупін күшейтуі мүмкін.
Емдеуді бастар алдында пациенттің клиникалық жай-күйін ескере отырып, осы ырғақтың бұзылу жағдайларын туындатуы мүмкін факторларды бақылау ұсынылады, мысалы:
-брадикардия (<55 рет соғу/мин)
-электролиттер тепе-теңдігінің бұзылуы, әсіресе гипокалиемия
-туа біткен QT аралығының ұзаруы
-брадикардия (< 55 рет соғу/мин) туғызуы мүмкін дәрілермен емдеуді тоқтатпау
-гипокалиемия
-жүрекішілік өткізгіштіктің төмендеуі
-QT аралығының ұзаруы («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз)
Инсульт
Рандомизацияланған клиникалық зерттеулерде атипиялық психозға қарсы ұсынылған дәрілерді қолданған деменциясы бар егде пациенттерде плацебомен салыстырғанда инсульт қаупінің үш есе ұлғаюы байқалған. Мұндай қауіптің ұлғаю механизмі белгісіз. Басқа психозға қарсы дәрілерді немесе пациенттердің басқа топтарына қолданғанда қауіптің ұлғаюын жоққа шығаруға болмайды.
Инсульт қаупі факторлары бар пациенттерге сульпиридті сақтықпен қолданған жөн.
Қатерлі нейролептикалық синдром
Басқа да нейролептикалық дәрілер сияқты, сульпирид потенциалды өліммен аяқталатын асқыну – қатерлі нейролептикалық синдромды (ҚНС) туындатуы мүмкін. Оған гипертермия, бұлшықет қаттылығы, психикалық жағдайдың өзгеруі және вегетативті дистония (пульстің немесе қан қысымының тұрақсыздығы, тахикардия, қатты терлеу және жүрек аритмиясы) тән. Сонымен қатар, креатинфосфокиназасының жоғарылауы, миоглобинурия (рабдомиолиз) және жедел бүйрек жеткіліксіздігі байқалуы мүмкін. Егер пациентте ҚНС-ты көрсететін симптомдар мен белгілер немесе ҚНС-тың қосымша клиникалық көріністерінсіз шығу тегі белгісіз гипертермия дамыса, кез келген психозға қарсы дәрілік препараттармен, соның ішінде сульпиридпен емдеуді тоқтату керек.
Сульпирид және басқа да дофаминергиялық дәрілерді бір мезгілде қолданғанда пациенттерде Паркинсон ауруы өршуі мүмкін екендігін ескерген жөн. Бұл дәрілерді нейролептикалық емдеу абсолютті қажет болғанда ғана, қолдануға болады («Басқа препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз). Мұндай жағдайда емдеуді сақтықпен жүргізген жөн.
Балалар мен жасөспірімдер
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөде сульпирид тиімділігі мен қауіпсіздігі толық зерттелмеген. Сондықтан пациенттердің бұл тобында оны қолдануға болмайды.
Деменциясы бар егде жастағы пациенттер
Психозға қарсы дәрілерді қолданған деменциямен байланысты психозы бар егде пациентерде өлім қаупі жоғары болады. Клиникалық зерттеулердің талдауы, атипиялық психозға қарсы дәрілерді қолданған пациенттерде плацебо алған пациенттерге қарағанда 1,6-1,7 есе көбірек өлім қаупі болғанын айғақтайды. Сульпирид қолданған пациенттердің әдеттегі бақыланған өлімі плацебо тобындағы шамамен 2,6 % салыстырғанда 4,5 % жуықты құраған. Атипиялық психозға қарсы емдеуді клиникалық зерттеулерде өлім себептерінде айырмашылық болғанымен, өлім жағдайларының көбін, шамасы, не жүрек және қантамыр аурулары (мысалы, жүрек жеткіліксіздігі, кенеттен болған өлім), не инфекциялар (мысалы, пневмония) туындатқан. Зерттеулер атипиялық психозға қарсы дәрілермен емдеу сияқты, дәстүрлі психозға қарсы дәрілермен емдеу де өлімді арттыруы мүмкін деп болжайды.
Зерттеулерде өлім қаупінің қаншалықты жоғарылағанын психозға қарсы дәрілерге немесе пациенттің қандай да бір ерекшеліктеріне жатқызуға болатындығы туралы түсінік жоқ.
Веналық тромбоэмболия
Психозға қарсы дәрілер қолданумен байланысты веналық тромбоэмболия, кейде өліммен аяқталған жағдайлар туралы хабарлар алынған. Сондықтан сульпиридті тромбоэмболия қаупі факторлары бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн («Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрінетін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда (қажет болған жағдайда) қабылдануы тиіс шаралар» бөлімін қараңыз).
Сүт безі обыры
Сульпирид пролактин деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Сондықтан оны сақтықпен қолдану керек; жеке немесе отбасылық анамнезінде сүт безі обыры бар пациенттер сульпиридпен емдеу кезінде дәрігердің мұқият бақылауында болуы тиіс.
Қолдану кезінде сақтану
• Гипергликемия жағдайында атипиялық психозға қарсы дәрілерді қолданған пациенттерге, қант диабеті диагнозы қойылған немесе сульпиридпен емдеуді бастаған диабет қаупі факторлары бар пациенттерге қандағы глюкоза деңгейіне тиісінше бақылау жүргізеді.
• Сульпиридті қоса, нейролептикалық дәрілер құрысу шегін төмендетуі мүмкін («Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрінетін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар (қажет болған жағдайда)» бөлімін қараңыз). Сондықтан анамнезінде эпилепсиясы бар пациенттерді сульпиридпен емдеу кезінде мұқият бақылап отыру керек.
• Сульпирид бүйрек арқылы шығарылады. Бүйрек жеткіліксіздігінде дозаны азайтқан жөн («Қолдану жөніндегі ұсынымдар» бөлімін қараңыз).
• Сульпиридті, басқа да нейролептикалық дәрілер секілді, егде жастағы пациенттерге сақтықпен қолдану керек, өйткені ортостатикалық гипотензия, седация және экстрапирамидалық бұзылу, мысалы, кешеуілдеген дискинезия қаупінің артуы ықтимал. Кешеуілдеген дискинезияның бастапқы сатысын емдеу кезінде, анағұрлым күрделі симптомдар дамуының алдын алу үшін емдеуді азайту немесе тоқтату арқылы тексеріп-байқап отыру ұсынылады. Жүрек қызметін де бақылау ұсынылады. Егде жастағы бастапқы ең төмен доза және дозаны барынша біртіндеп таңдау қажет болуы мүмкін («Қолдану жөніндегі ұсынымдар» бөлімін қараңыз).
• Озбырлық мінез-құлықпен немесе қозуы импульсивті пациенттерге сульпиридті тыныштандыратын дәрімен бірге қолдануға болады.
• Психозға қарсы дәрілерді, оның ішінде сульпиридті қолданумен байланысты лейкопения, нейтропения және агранулоцитоз туралы хабарланған. Түсініксіз инфекция немесе қызба қан дискразиясын айғақтауы мүмкін; мұндай жағдайда дереу гематологиялық зерттеу қажет («Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрінетін жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар (қажет болған жағдайда)» бөлімін қараңыз).
• Сульпиридті глаукомасы, ішектің бітелуі, туа біткен асқазан және ішек жолы стенозы, несеп іркілуі немесе анамнезде простата гиперплазиясы бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн, өйткені сульпиридтің антихолинергиялық әсері бар.
• Сульпиридті гипертензиялық криз қаупіне байланысты гипертензиясы бар, әсіресе егде жастағы пациенттерге сақтықпен қолданған жөн.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балалардағы сульпиридтің тиімділігі мен қауіпсіздігі толық зерттелмеген. Сондықтан оны пациенттердің осы тобында қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Сульпирид орталық жүйке жүйесіне әсер етеді және ұйқышылдықты, бас айналуын, көрудің бұзылуын және психомоторлық реакцияларды баяулатуы мүмкін, сондықтан оны қолдану кезеңінде қауіппен байланысты және орындалуы ептілікті және шапшаң реакцияны талап ететін жұмысты (техникалық құрылғылармен жұмыс, көлік құралдарын басқару және т.б.) атқармау керек.
Лактоза жақпаушылығы
Сирек тұқым қуалайын галактоза жақпаушылығы, лактаза толық тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге осы дәрілік затты тағайындауға болмайды, өйткені таблетка құрамына лактоза кіреді.
Қолдану бойынша ұсыныстар