өте жиі
- конъюнктива гиперемиясы, көздің қышуы, кірпік өсуінің жоғарылауы, простагландинмен астасқан периорбитопатия
жиі
- бас ауыруы
-беткейлік нүктелік кератит, мөлдір қабықтың эрозиясы, көзді ашыту сезімі, көздің тітіркенуі, аллергиялық конъюнктивит, блефарит, көру өткірлігінің нашарлауы, астенопия, конъюнктиваның ісінуі, көздегі бөтен денені сезіну, көздің құрғауы, көздің ауыруы, көз қарығуы, көзден жас ағу, көз бөліністері, көрудің бұзылуы/көрудің бұлыңғырлануы, нұрлы қабық пигментациясының жоғарылауы, кірпіктің қараюы, қабақтың эритемасы, қабақтың қышуы
- артериялық гипертензия
- көзге жақын терінің пигментациясы
- бауыр функциясының биохимиялық көрсеткіштеріндегі ауытқулар
жиі емес
- бас айналу
- торқабыққа қан құйылу, увеит, кисталық макулярлы ісіну, ирит, блефароспазм, қабақтың ретракциясы, периорбиталық эритема, қабақтың ісінуі
- жүрек айнуы
- гирсутизм
- астения
өте сирек
- мөлдір қабықтың қатты зақымдануы бар кейбір пациенттерде құрамында фосфаттары бар көзге тамызатын дәріні қолданғанда мөлдір қабықтың кальцификациясы.
жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес).
- көздегі жайсыздық
- демікпе, демікпенің өршуі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруының (ӨСОА) өршуі және ентікпе
- тері түсінің өзгеруі (көз айналасында)
- аса жоғары сезімталдық реакциялары, соның ішінде көз аллергиясы мен аллергиялық дерматиттің белгілері мен симптомдары.
Жеке жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Простагландинмен астасқан периорбитопатия
Простагландиндердің аналогтары, соның ішінде көзге тамызатын дәрі түріндегі биматопрост, периорбиталық липодистрофиялық өзгерістерді тудыруы мүмкін, олар қабақ ойығының тереңдеуімен, птозбен, энофтальммен, қабақтың ретракциясымен, дерматохалазистің инволюциясымен және төменгі «аққабық шоуы» бірге жүруі мүмкін. Жоғарыда аталған өзгерістер, әдетте, елеусіз болып табылады, биматопростпен көзге тамызатын дәрі түрінде емдеуді бастағаннан кейін бір айдан кейін байқалуы мүмкін, сондай-ақ пациенттің тарапынан тану болмаған кезде де көру өрістерінің бұзылуымен бірге жүруі мүмкін. Простагландинмен астасқан периорбитопатия сондай-ақ көз айналасындағы терінің гиперпигментациясымен немесе тері түсінің өзгеруі және гипертрихозбен байланысты. Жоғарыда аталған барлық өзгерістер препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін немесе баламалы емдеу әдістеріне ауысқаннан кейін ішінара немесе толығымен қайтымды сипатта болды.
Көздің нұрлы қабығы пигментациясының жоғарылауы
Көздің нұрлы қабығы пигментациясының жоғарылауы үлкен ықтималдықпен қайтымсыз сипатта болуы мүмкін. Пигментацияның жоғарылауы көбінесе меланоциттер мөлшерінің көбеюіне емес, көздің нұрлы қабығының меланоциттеріндегі меланин мөлшерінің жоғарылауына байланысты. Көздің нұрлы қабығы пигментациясының жоғарылауымен байланысты ұзақ мерзімді әсерлер белгісіз. Биматопростты көзге тамызатын дәрі түрінде жергілікті қолданумен байланысты көздің нұрлы қабығы түсінің өзгеруі бірнеше ай немесе жылдар бойы байқалмай қалуы мүмкін. Әдетте, қарашықтың айналасында қоңыр пигментация пайда болады және нұрлы қабықтың шеткерісіне қарай шоғырланған шеңберлі түрде таралады, бұл ретте көздің бүкіл нұрлы қабығы немесе оның жеке бөліктері қанық қоңыр түске ие болуы мүмкін. Көзге тамызатын дәрі түрінде қолданған кезде биматопросттың нұрлы қабықтың невусы мен сепкілдеріне айтарлықтай әсері байқалмайды. Дәрілік затты қолданудың 12 айынан кейін көздің нұрлы қабығы пигментациясының жоғарылау жағдайларының жиілігі 1,5% құрады, бұл көрсеткіш 3 жылдық емнен кейін жоғарылаған жоқ.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz