Өте жиі
• конъюнктивальді гиперемия, көздің қышуы, кірпіктің өсуі, простагландиндермен байланысты периорбитопатия (ПБП)
Жиі
• бас ауыруы
• нүктелік беткейлік кератит, мөлдір қабық эрозиясы, көздің ашуы, көздің тітіркенуі, аллергиялық конъюнктивит, блефарит, көру қабілетінің нашарлауы, астенопия, конъюнктивалық ісіну, көздегі бөгде денені сезіну, құрғақ көз, көздің ауыруы, көздің қарығуы, көзден жас ағу, көздегі бөліністер, көрудің бұзылуы / бұлыңғырлануы, көз нұрлы қабығы пигментациясының жоғарылауы, кірпіктің қараюы, қабақтың эритемасы, қабақтың қышынуы
• гипертензия
• көз айналасындағы терінің пигментациясы
• бауырдың функционалдық сынамаларының ауытқулары
Жиі емес
• бас айналу
• торқабыққа қан құйылу, увеит, кистозды макулярлық ісіну, ирит, блефароспазм, қабақ ретракциясы, периорбитальді эритема, қабақтың ісінуі
• жүрек айнуы
• гирсутизм
• астения
Жиілігі белгісіз
• көз аллергиясының және аллергиялық дерматиттің белгілері мен симптомдарын қоса, аса жоғары сезімталдық реакциялары
• көздегі жайсыздық сезімі
• демікпе, демікпенің өршуі, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруының (ӨСОА) өршуі және ентігу
• көз айналасындағы терінің түссізденуі.
Таңдалған жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Простагландиндермен байланысты периорбитопатия (ПБП)
Простагландин аналогтары, соның ішінде Биматопрост-Фарматен периорбитальды липодистрофиялық өзгерістерді тудыруы мүмкін, бұл қабақтың ойығын тереңдетуге, птозға, энофтальмға, қабақтың тартылуына, дерматохалазис инволюциясына және төменгі склеральды дистрофияға әкелуі мүмкін. Өзгерістер, әдетте ерте, Биматопрост-Фарматенмен емдеу басталғаннан кейін бір айдан кейін-ақ пайда болуы мүмкін және пациент оны мойындамаған жағдайда да көру аймағының бұзылуын тудыруы мүмкін. ПБП сонымен қатар периокулярлық гиперпигментациямен немесе терінің түсінің өзгеруімен және гипертрихозбен байланысты. Емдеуді тоқтатқанда немесе емдеудің балама әдістеріне ауысқанда барлық өзгерістер ішінара немесе толық қайтымды болатыны атап өтілді.
Нұрлы қабықтың гиперпигментациясы
Нұрлы қабық пигментациясының күшеюі қайтымсыз болуы ықтимал. Пигментацияның өзгеруі меланоциттер санының көбеюіне емес, меланоциттердегі меланин мөлшерінің көбеюіне байланысты. Нұрлы қабық пигментациясы жоғарылауының ұзақ мерзімді әсерлері белгісіз. Биматопростты офтальмологиялық қолдануда байқалатын нұрлы қабық түсінің өзгеруі бірнеше ай немесе жылдар бойы білінбеуі мүмкін. Әдетте, қарашықтың айналасындағы қоңыр пигментация концентрлі түрде нұрлы қабықтың шетіне қарай таралады, нәтижесінде нұрлы қабық немесе оның бөліктері барынша қоңыр түске айналады. Емдеу невусқа да, нұрлы қабықтағы дақтарға да әсер етпейтіні анық.
Биматопрост, 0.1 мг/мл көзге тамызатын дәрі ерітіндісін қолданғанда 12 айдан кейін нұрлы қабық пигментация жағдайларының жиілігі 0.5% құрады. Биматопрост 0.3 мг/мл көзге тамызатын дәрісін ерітінді түрінде қолданғанда 12 айдан кейін біліну жиілігі 1.5% құрады және емдеудің келесі 3 жылы бойы ұлғаймаған. Кейбір пациенттерде периорбитальді тіндер пигментациясының өзгеруі қайтымды екендігі айтылды.
Құрамында фосфат бар көзге тамызатын дәрілердің жағымсыз реакциялары
Өте сирек жағдайларда, мөлдір қабықтың едәуір зақымдануы бар кейбір пациенттерде мөлдір қабықтың кальцификациясы жағдайлары туралы хабарланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz.