Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Суппозитории ректальные
Дозасы
0.01 г
Саудалық атауы
Бисакодил
Әсер етуші зат
Бисакодил
Мақсаты
Іш қатулардың, соның ішінде әдеттегі іш қатулардың және төсек тартып жатқан пациенттер мен егде жастағы пациенттердегі созылмалы іш қатулардың қысқамерзімді симптоматикалық емі…
Өндіруші
ЧАО Лекхим-Харьков
Ел
Украина
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір суппозиторийдің құрамында
белсенді зат – бисакодил 0,01 г,
қосымша заттар: коллоидты кремнийдің қостотығы, қатты май
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Пішіні оқ тәрізді, ақ немесе крем түсті суппозиторийлер. Қимасында теңбілдер болмауы тиіс, ауа өзегінің немесе шұңқыр тәрізді ойықтың болуына жол беріледі.
- іш қатулардың, соның ішінде әдеттегі іш қатулардың және төсек тартып жатқан пациенттер мен егде жастағы пациенттердегі созылмалы іш қатулардың қысқамерзімді симптоматикалық емі үшін
- диагностикалық емшаралар, хирургиялық және акушерлік араласымдар алдында
- операция алдындағы және кейінгі кезеңде.
Бисакодил - шырышты қабыққа тітіркендіргіш әсер ету арқылы жуан ішектің перистальтикасын стимуляциялайтын немесе шырышты асты және шырышты жүйке өрімінің жүйке ұштарын тікелей стимуляциялайтын іш жүргізетін дәрі.
Фармакокинетикалық қасиеттері
Бисакодил асқазан-ішек жолынан нашар сіңеді және өзі электролиттердің сіңуіне әсер етеді. Нәтижесінде ішек тесігінде осмостық қысымның жоғарылауы судың көп мөлшерін кідіртеді, бұл нәжісті жұмсартуға және олардың жуан ішекте өтуін жеңілдетуге әкеледі. Сонымен қатар, нәжістің көлемі артады, бұл перистальтиканы стимуляциялайды және дефекацияны жеңілдетеді.
Жуан ішектің бактериялық ферменттері бисакодилді белсенді қосылысқа – дифенолға метаболиздейді, ол бауыр арқылы глюкурон немесе күкірт қышқылымен бірінші рет өткенде конъюгацияланады және энтерогепатикалық айналым арқылы ішекке оралады. Бұл процесс препараттың әсерін ұзартады.
Интраректальді қолданудан кейін бисакодилдің сіңуі өте аз. Сіңірілген бисакодил бауырда деацетилденіп, фенол туындысын түзеді, ол кейіннен несеппен шығарылады. Жуан ішекте қалған бөлік нәжіспен шығарылады.
Дозалау режимі
Бисакодил тек ересек пациенттерді емдеу үшін қолданылады: 1 суппозиторий тәулігіне 1 рет, әдетте таңертең.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат ректальді қолдануға арналған.
Суппозиторийді қолданар алдында:
• блистерлі қаптаманың тесілген сызығы бойынша бірінші қаптамадағы бір суппозиторийді жыртып алу;
• әрі қарай, үлбірдің шеттерін тартып, оны әртүрлі бағытта жыртып, суппозиторийді бірінші қаптамадан босату керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсыныстар
Дәрілік препаратты қолданар алдында кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгініңіз.
• препараттың компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
• ішектің бітелуі
• аппендицитті, жедел ішек қабыну ауруларын қоса, құрсақ қуысы ағзаларының жедел қабыну аурулары
• жүрек айнуымен және құсумен астасатын іштің қатты ауыруы, бұл жоғарыда аталған жағдайлардың бар екендігін көрсетуі мүмкін
• ауыр дегидратация
• шырышты қабықтың зақымдалуымен анальді сызаттар немесе ойық жаралы проктит
Жағымсыз реакциялардың жиілігі келесідей жіктеледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 < 1/10), жиі емес (≥1/1000 < 1/100), сирек (≥1/10000 < 1/1000), өте сирек (≥1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).
Жиі
• іштің ауыруы
• іштің түйілуі
• диарея
• жүрек айну
Жиі емес
• бас айналу
• гематохезия (нәжісте қанның болуы), құсу, іштегі жайсыздық, аноректальді аумағында жайсыздық
• құсу
• іштегі жайсыздық
• аноректальді аумағында жайсыздық
Сирек
• анафилаксиялық реакциялар
• аллергиялық реакциялар
• ангионевроздық ісіну
• аса жоғары сезімталдық реакциялар
• дегидратация
• естен тану
• колит, ишемиялық колитті қоса
Жиілігі белгісіз
• ауырсыну
• жергілікті тітіркену, әсіресе анальді сызаттары мен ойық жаралы колит кезінде
Бисакодилді жоғары дозада қолдану диареяға, іштің түйілуіне және калий мен электролиттердің клиникалық маңызды жоғалуына әкелуі мүмкін. Кейде ішек атониясы және тік ішектің іркілісті қабынуы пайда болуы мүмкін.
Іш жүргізетін дәрілерді ұзақ уақыт қолдану созылмалы диареяны, іштің ауырсынуын, гипокалиемияны, салдарлы гиперальдостеронизмді және нефролитиазды тудыруы мүмкін. Гипокалиемия нәтижесінде бүйрек өзекшелерінің зақымдануы, метаболизмдік алкалоз және бұлшықет әлсіздігі туралы хабарламалар болды.
Емі: сұйықтықты орын басу терапиясы және электролиттік теңгерімсіздікті (әсіресе гипокалиемия) түзету. Бұл әсіресе егде жастағы және жас пациенттер үшін өте маңызды. Спазмолитиктерді тағайындауы мүмкін.
Емдеу ұзақтығы. Басқа іш жүргізетін дәрілер сияқты, Бисакодилді іш қатудың себебін анықтап алмай, бес күннен артық үнемі қолдануға болмайды. Препаратты ұзақ және шамадан тыс қолдану электролиттер мен сұйықтық теңгерімінің бұзылуына, сондай-ақ гипокалиемияға әкелуі мүмкін.
Ішектегі сұйықтықтың жоғалуы. Дефекация кезінде сұйықтықтың жоғалуы сусыздануға ықпал етуі мүмкін. Симптомдар шөлдеу мен олигурияны қамтуы мүмкін. Сусыздану қауіпті болуы ықтимал сұйықтықтың жоғалуынан зардап шегетін пациенттерде (мысалы, бүйрек жеткіліксіздігі, егде жастағы пациенттер) Бисакодил препаратын қолдануды тоқтатып және дәрігердің бақылауымен ғана қайта бастау керек. Ұзақ уақыт қолдану ішті босату актісі тек іш жүргізетін дәріні қолданғаннан кейін ғана болатындай үйренісудің қалыптасуына әкелуі мүмкін.
Егде жастағы науқастар. Егде жастағы пациенттерде Бисакодилді жиі қолдану астенияны күшейтіп, ортостаздық гипотензияны және электролиттердің жоғалуына байланысты қимыл-қозғалыс үйлесімділігінің бұзылысын тудыруы мүмкін. Препарат қан сарысуындағы калий деңгейін төмендетуі мүмкін.
Бас айналу, естен тану. Бас айналу және естен тану дефекация кезінде байқалуы мүмкін, дефекациялық естен тану және қантамырлары реакциясы абдоминальді ауыру кезінде пайда болуы мүмкін, бұл іш қатумен байланысты болуы мүмкін, бұл іш жүргізетін дәріні қабылдауды қажет етеді.
Ас қорытудың бұзылуы. Абдоминальді ауыру және қан қоспаларымен диарея туралы Бисакодилді қабылдаған кезде байқалған басқа хабарламалар болды, олардың себебі ішек шырышты қабығының ишемиясымен байланысты болуы мүмкін. Кейбір науқастарда нәжісте қан пайда болуы мүмкін, ол әдетте жеңіл сипатта және емдеуді қажет етпейді («Жағымсыз реакциялар» бөлімін қараңыз).
Суппозиторийлерді анальді сызаттарымен, проктитпен және ойық жаралы геморроймен ауыратын пациенттерге қолдану ұсынылмайды, себебі бұл ауырсыну сезімі мен жергілікті тітіркенуге әкелуі мүмкін. Ішектің обструкциялық аурулары немесе аппендицит сияқты жедел жағдайлары бар пациенттерге, сондай-ақ ішектің қабыну аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Жергілікті реакциялар. Суппозиторийлерді қолданған кезде ауырсыну сезімі және жергілікті тітіркену пайда болуы мүмкін, әсіресе анальді сызаттары мен ойық жаралы проктит болған кезде.
Қатты май латекс өнімдерінің (мүшеқаптардың) тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Стимуляциялайтын іш жүргізетін дәрілер, соның ішінде Бисакодил, дене салмағының төмендеуіне әсер етпейді.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Бисакодилді балаларға қолдануға болмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті немесе басқа механизмдерді басқару кезінде реакция жылдамдығына әсер ету қабілетін зерттеу бойынша зерттеулер жүргізілмеді. Алайда, пациенттерге бас айналу және/немесе естен тану пайда болу мүмкіндігіне байланысты олар автокөлікті басқарудан және басқа механизмдермен жұмыс істеуден бас тартуы керек екенін хабарлау керек.
Ана үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтималды қауіптен асып кететін және тек дәрігердің тағайындауы бойынша жағдайлардан басқа, жүктілік кезінде, әсіресе I триместрде, қолдану ұсынылмайды. Жүкті әйелдерде жеткілікті бақыланатын клиникалық зерттеулер жүргізілмеді.
Бисакодилді, ана үшін күтілетін пайдасы бала үшін ықтималды қауіптен асып кететін және тек дәрігердің тағайындауы бойынша жағдайлардан басқа, бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды. Бисакодилдің емшек сүтіне экскрециялануы белгісіз.
Фертильділік
Адамның фертильділігіне әсері туралы зерттеулер жүргізілмеді.
Бисакодил қан сарысуындағы калий деңгейінің төмендеуіне байланысты жүрек гликозидтерінің әсерін күшейтеді. Ол сонымен қатар, диуретиктер мен глюкокортикоидтардың калийуретикалық әсерін күшейтеді.
Бисакодилді басқа іш жүргізетін дәрілермен бір мезгілде қолдану асқазан-ішек жолдарының жағымсыз реакцияларын күшейтуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.