Егер бөртпенің немесе басқа күрделі жағымсыз әсерлердің (гематологиялық жағымсыз әсерлер сияқтылардың) алғашқы белгілері пайда болса, емдеуді дереу тоқтату керек.
Тұмау, тамақтың ауыруы немесе қызба симптомдары қан көрсеткіштерінің өзгеру симптомдары болуы мүмкін. Егер осы симптомдар пайда болса, қан көрсеткіштерін дереу тексеру керек.
Бисептримді анамнезінде аллергиясы немесе бронх демікпесі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Эозинофильді немесе аллергиялық альвеолит кезінде хабарланған өкпе инфильтраттары жөтел немесе ентігу сияқты симптомдармен көрінуі мүмкін. Егер мұндай симптомдар күтпеген жерден пайда болса немесе нашарласа, пациентті қайта бағалау және Бисептриммен емдеуді тоқтату туралы мәселе қаралуы тиіс.
Ауыр гематологиялық аурулар (аплазия, агранулоцитоз, тромбопения), ауыр жағымсыз тері реакциялары (SCAR, мысалы, ауыр экссудативті мультиформалы эритема (Стивенс-Джонсон синдромы (SJS), эпидермолиз кезіндегі жедел уыттылық (Лайелл синдромы), эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен бөртпе (DRESS), жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP) және бауырдың шұғыл некрозы сияқты жағымсыз әсерлерге байланысты, сирек болса да, өлімге әкелетін жағдайларда. Пациенттерге осы ауыр жағымсыз әсерлердің белгілері мен симптомдары туралы хабарлау керек және оларды тері реакцияларының пайда болуына қатысты мұқият бақылау керек.
SJS, TEN немесе DRESS даму қаупі емдеудің алғашқы бірнеше апталарында жоғары. Егер SJS, TEN немесе DRESS белгілері немесе симптомдары пайда болса (мысалы, үдемелі бөртпе, көбінесе күлдіреуіктермен немесе шырышты қабықтың қатарлас зақымдануларымен), ко-тримоксазолмен емдеуді тоқтату керек.
SJS, TEN және DRESS ағымы көбінесе ерте диагностикалаумен және барлық күдікті дәрілерді қабылдауды дереу тоқтатумен анықталады, яғни ерте тоқтату болжамды жақсартады.
Пациенттерге ко-тримоксазолды қолдануға байланысты SJS, TEN немесе DRESS кейін триметоприм/сульфаметоксазолды ешқашан қайтадан қабылдауға болмайды.
Гематологиялық өзгерістер көбіне мыналарда кездеседі:
• егде жастағы адамдарда,
• фолий қышқылының тапшылығы бар адамдарда (егде жас, жүктілік («Қолдануға болмайтын жағдайлар» қараңыз), алкоголизм, бауырдың созылмалы жеткіліксіздігі,
тамақтанудың бұзылуы, созылмалы мальабсорбция). Бұл гематологиялық өзгерістер фолий қышқылымен емдеуден кейін қайтымды болады.
Бұл пациенттерде триметоприм-сульфаметоксазол біріктірілімімен емдеуді он күннен асырмау ұсынылады.
Мезгіл-мезгіл гематологиялық мониторинг жүргізу келесі жағдайларда қажет:
• ұзақ немесе қайталанған емшаралар
• 65 жастан асқан адамдар
• фолий қышқылының тапшылығы бар адамдар
Макроциттік қаназдық кезінде триметоприм-сульфаметоксазол біріктірілімін қолдану ұсынылмайды.
Бисептримді ұзақ уақыт бойы тағайындау керек пациенттерде қан талдауын үнемі тексеріп отыру керек. Егер корпускулалық элемент нормамен салыстырғанда едәуір төмендесе, Бисептримді препаратын қабылдау тоқтату керек.
Егер пациент үшін пайдасы қаупінен анық асып кетпесе, Бисептрим жүктілік кезінде және жүкті болуды жоспарлаған әйелдерге ұсынылмайды, өйткені триметоприм (ТМ) және сульфаметоксазол (СМЗ) плаценталық бөгеттен өтеді, шарананың фолий қышқылының метаболизміне әсер етеді және, осылайша, клиникалық жағдайда да шаранаға әлеуетті қауіп төндіруі мүмкін. Клиникалық зерттеулер өздігінен түсік тастау қаупінің жоғарылағанын анықтады.
Жүкті болуды жоспарлаған бала туу мүмкіндігі бар әйелдер үшін жүктілікке тесттерді Бисептриммен емдеуді бастамас бұрын жасау керек және жүктіліктің жоқ екені анықталуы тиіс.
Бүйрекке әсерлері
Сульфонамидтер, Бисептримді қоса, әсіресе жүрек ісінуі бар пациенттерде жоғары диурезді туындатуы мүмкін.
Бисептрим препаратының жоғары дозаларын қабылдайтын пациенттерге (оның ішінде Pneumocystis jirovecii туындатқан пневмоцистік пневмонияны емдеу кезінде), сондай-ақ пациенттердің мынадай топтарына: анамнезінде калий метаболизмі бұзылған, препараттың стандартты дозаларын қабылдайтын пациенттерге; бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге; гиперкалиемияның дамуына ықпал ететін препараттарды қабылдайтын пациенттерге бүйрек функциясын және қан сарысуындағы калий концентрациясын мұқият бақылау қажет.
Емдеу кезінде кристаллурияның алдын алу үшін ағзаға сұйықтықтың жеткілікті мөлшерде түсіп тұруын және талапқа сай диурезді қамтамасыз ету керек.
Гемофагоциттік лимфогистиоцитоз
Құрамында сульфаметоксазол мен триметоприм бар дәрілік препараттарды қолданатын пациенттерде гемофагоциттік лимфогистиоцитоздың даму жағдайлары туралы өте сирек хабарланған. Гемофагоциттік лимфогистиоцитоз
• клиникалық белгілермен және шамадан тыс жүйелік қабыну реакциясының (мысалы, қызба, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, гипертриглицеридемия, гипофибриногенемия, гиперферритинемия, цитопения және гемофагоцитоз) симптомдарымен сипатталатын иммундық жүйенің қалыптан тыс белсенуінің өмірге қауіпті синдромы. Иммундық жүйенің қалыптан тыс белсенуінің бастапқы белгілері пайда болған кезде пациенттерді дереу тексеру қажет. Егер гемофагоциттік лимфогистиоцитоз диагнозы қойылса, дәрілік препаратты қолдануды тоқтату керек.
Респираторлық уыттылық
Сульфаметоксазол/триметоприммен емдеу кезінде респираторлық уыттылықтың өте сирек, ауыр жағдайлары туралы хабарланды, олар кейде жедел респираторлық дистресс-синдромға (ARDS) айналады.
Өкпе инфильтраттарының рентгенологиялық белгілерімен бірге жөтел, қызба және ентігу сияқты өкпе белгілерінің пайда болуы және өкпе функциясының нашарлауы ARDS-тің алдын-ала белгілері болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда сульфаметоксазол/триметоприм қолдануды тоқтату және тиісті ем тағайындау керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Егде және қарттық жастағы пациенттерде, сондай-ақ қатар жүретін аурулары бар, мысалы, бүйрек және/немесе бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерде немесе басқа препараттарды бір мезгілде қабылдаған кезде ауыр жағымсыз реакциялардың жоғары қаупі бар; мұндай жағдайларда даму қаупі емнің дозасымен және ұзақтығымен байланысты.
Бүйрек функциясы бұзылған жағдайда дозаны "Дозалау режимі" бөлімінің нұсқауларына сәйкес түзету керек. Триметоприм-сульфаметоксазол қабылдайтын ауыр дәрежедегі (КК 15-30 мл/мин) бүйрек функциясы бұзылған пациенттерді уыттылық симптомдарының (жүрек айнуы, құсу, гиперкалиемия) дамуына мұқият мониторинг жүргізу қажет.
Ауыр гематологиялық аурулары бар пациенттерге Бисептрим препараты тек басқа мүмкіндік болмағанда ғана тағайындалады.
Препарат кейде цитостатиктердің әсеріндегі лейкемиямен ауыратын пациенттерге енгізілді; олар сүйек кемігінің немесе шеткері қанның қосымша зақымдануын көрсетпеген.
G6PD тапшылығы бар пациенттерде және белгілі бір гемоглобинопатиясы бар пациенттерде (Hb Zurich, Hb Cologne) цианоз сульф- немесе метгемоглобинемия салдарынан пайда болуы мүмкін. Сезімтал пациенттерде глюкоза-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы кезінде дозаға қарамастан гемолиз пайда болуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупін ең аз ету үшін Бисептрим препаратымен емдеу, әсіресе егде жастағы адамдарда мүмкіндігінше қысқа болуы керек.
Ем кезінде немесе одан кейін ауыр және тұрақты диарея жалғанжарғақшалы колитті растауы мүмкін, оны дереу емдеу керек. Мұндай жағдайларда Бисептрим препаратын қабылдауды тоқтатып, диагностика жүргізіп және тиісті емді бастау керек (мысалы, ванкомицин пероральді, күніне 4 × 250 мг). Антиперистальтикалық препараттар қарсы көрсетілімде.
Ұзақ уақыт қолданғанда несеп және бүйрек функциясын (әсіресе бүйрегі зақымданған пациенттерде) тексеру керек.
Бисептрим, басқа антибиотиктер сияқты, оральді контрацептивтердің тиімділігін азайтуы мүмкін болғандықтан, пациенттерге Бисептрим
препаратымен емдеу кезінде контрацепцияның қосымша шараларын жүргізу ұсынылады.
Бисептриммен ұзақ емдеу сезімтал емес микробтар мен зеңдердің өсіп- көбеюіне әкелуі мүмкін. Егер суперинфекция пайда болса, тиісті емді дереу бастау керек.
Кез-келген сульфонамидтерді тағайындаудағы сияқты, порфириясы бар немесе қалқанша безінің функциясы бұзылуы бар науқастарда сақ болу керек. Егде жастағы адамдарда және бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде фолий қышқылының жетіспеушілігіне тән гематологиялық өзгерістер болуы мүмкін; алайда, бұл өзгерістер фолий қышқылын тағайындағаннан кейін жойылады.
Фолий қышқылы тапшылығының қосымша қауіп факторы мысалы, фенитоинмен фолий қышқылының басқа антагонистерімен емдеу, тамақтанудың бұзылуы бар пациенттерге сақтықпен ұсынылады.
Бисептрим мен фенитоинді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Метотрексатпен триметоприм біріктірілімін алған пациенттерде панцитопения жағдайлары туралы хабарланды. Бисептрим мен метотрексатты бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Заталмасуына"баяуацетилдену"тәнпациенттерсульфонамидтерге идиосинкразияның дамуына бейім.