Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Гель для наружного применения
Саудалық атауы
БЛЕМИШ ®P
Әсер етуші зат
Адапален, комбинации
Мақсаты
Безеу бөртпесін (Acne vulgaris) жергілікті емдеу
Өндіруші
Кусум Хелткер Пвт. Лтд.
Ел
Индия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 г гельдің құрамында
белсенді заттар: 1 мг адапален,
11,882 мг клиндамицин фосфаты
(10 мг клиндамицинге баламалы),
қосымша заттар: карбомер 980, полисорбат – 80, пропиленгликоль, полиэтиленгликоль 400, метилпарабен, феноксиэтанол, динатрий эдетаты, натрий гидроксиді пеллеттері, тазартылған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан ақшыл сары түске дейінгі, мөлдір біртекті гель.
• безеу бөртпесін (Acne vulgaris) жергілікті емдеу
Адапален жасушалық жіктелім және кератинизация үдерістерін, сондай-ақ акненің дамуында негізгі патогенетикалық байланысты түзетін терінің қабыну үдерістерін модуляциялайтын ретиноид тәріздес зат нафтой қышқылының туындысы болып табылады. Адапален жасушалық ядроның ретиноидты рецепторларымен байланысады, осылайша фолликулдардың эпителиальді жасушаларының дифференциациясының қалыпты болуына мүмкіндік береді, бұл микромедондардың түзілудің азаюына әкеледі және акненің дамуына жол бермейді, терінің тұтастығының сақталуына жағдай жасайды.
Препараттың емдік әсері әдетте емдеуді бастағаннан кейін 8-12 апта ішінде көрініс береді. Гель түріндегі адапаленді пайдаланғанда дәрілік заттың тері арқылы қанға сіңуі өте төмен.
Клиндамицин фосфаты жартылай синтетикалық антибиотик болып табылады, ол рибосоманың 50S суббірлігімен байланысу жолымен бактериялық ақуыздар синтезінің тежегіші ретінде әсер етеді және пептидтік тізбектің түзілуін инициирлеу үдерісін тежейді. Клиндамицин барлық Рropionibacterium асnеs-ді тежейді, олар ең төмен 0,4 мкг/мл тежегіш концентрациямен тестіленуге түседі. Клиндамицин және эритромицин арасында айқаспалы резистенттілік байқалды.
Дозалау режимі
Гельдің жұқа қабатын таза құрғақ терідегі зақымданған жерге ұйқыға жатар алдында күніне бір рет жағады.
Емдеудің алғашқы аптасы ішінде безеу бөртпесі бұрын көзге көрінбеген ошақтық зақымданудың белсенді субстанциясының әсеріне байланысты өршуі мүмкін. Мұндай жағдайда емдеуді тоқтатпау керек, емдік әсер 1-4 аптадан кейін дамиды, емдеу курсы 4-8 апта. Емдеу ұзақтығын пациенттің клиникалық жағдайының негізінде дәрігер белгілеуі тиіс.
Енгізу әдісі және жолы
Сыртқа.
- адапаленге, клиндамицинге, линкомицинге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- линкомицинге аса жоғары сезімталдық
- аймақтық энтерит немесе ойық жаралы колит
- антибиотик-астасқан колит
-12 жасқа дейінгі балаларға
- жүктілік және лактация кезеңі
- көздегі ашыту сезімі
- қолданудан кейін препаратты жаққан жерде бірден терінің қызаруы, қабыршақтануы, құрғауы, қышуы және ашып ауыруы, олар кешірек қалпына келеді, аллергиялық реакциялар, фотосезімталдық реакциясы, безеу бөртпесінің күшеюі, шымшу сезімі, терінің жоғары майлылығы, жанаспалы дерматит
- іштің ауыруы, диарея
- грамтеріс флора әсеріне туындағанфолликулит
Сирек жағдайларда колит дамуы мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімді еместігі туралы мәлімдемелерді қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөнінде деректердің ақпараттық базасына тікелей хабарлау керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
19TUhttp://www.ndda.kzU19T
Қосымша мәліметттер
Гельді шамадан тыс мөлшерде жағу тезірек немесе жақсырақ нәтижеге әкелмейді.
Симптомдары: терінің айқын реакциялары — қызару, қабыршақтану, сондай-ақ ашыту, диарея, қан аралас нәжіс және колит (жалғанжарғақшалыны қоса).
Емі: симптоматикалық, гельді жергілікті жою.
Препарат сыртқа қолдану үшін ғана пайдаланылады.
Көзге, ауыз қуысына, танауға және басқа да шырышты қабықтарға тиіп кетуіне жол бермеу керек. Осы аймақтарға кездейсоқ тиіп кеткен жағдайда жылы сумен мұқият жуып-шайыңыз.
Гельді экзематоздық зақымданған теріге, күннен болған күйіктерге, кесілген жерлерге және терінің басқа да жарақаттарына жақпау керек.
Емдеу кезінде, терінің сезімталдығының жоғары болуына және күн эритемасының жоғары қаупіне байланысты, күн сәулесінің және, шамдарды қоса ультракүлгін жарықтардың шамадан тыс әсер етулеріне жол бермеу керек.
Емделу кезінде теріні құрғататын косметикалық препараттарды (абразивтік немесе емдік сабын, терінің тазалауға арналған заттар, сабын, және құрғататын әсері бар косметикалық заттар: әтірлер, құрамында этанол бар заттар, кремдер немесе қырыну үшін және қырынудан кейін пайдаланылатын лосьондар) тітіркендіретін әсерге әкелуі мүмкін.
Препараттың кез келген компонентіне аллергиялық реакциялар білінген жағдайда емдеуді тоқтату және тиісті шаралар қабылдау керек.
Клиндамицин теріге жергілікті қолданғанда сіңеді және кейбір жағдайларда сезімтал пациенттерде диарея, колит (псевдомембранозды колитті қоса алғанда) тудыруы мүмкін. Осы құбылыстардың кез келгені пайда болған кезде препаратты қолдануды дереу тоқтату керек. Симптомдар емді тоқтатқаннан кейін бірнеше апта бойы пайда болуы мүмкін.
Колит әдетте айқын диарея мен іштің түйілуімен көрінеді. Эндоскопиялық зерттеу псевдомембранозды колитті анықтай алады. Диагностикалық мақсаттар үшін C. difficile уыттарына нәжісті талдау жүргізу, C. difficile талдау жасау керек.
Антибиотиктермен байланысты ауыр колитті емдеуде ванкомицинді тиімді қолдану мүмкін. Әдеттегі доза 7-10 күн ішінде әр 6 сағат сайын пероральді 125-500 мг құрайды.
Клиндамицинді жергілікті атопиялық аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолданады.
БЛЕМИШ® гель құрамында пропиленгликоль бар, бұл кейбір пациенттерде терінің әлсіз жергілікті тітіркенуін тудыруы мүмкін.
Педиатрияда қолдану
Адапален мен клиндамициннің қауіпсіздігі мен тиімділігі, гельді 12 жасқа дейінгі балаларға жеке немесе біріктіріп қолдану зерттелмеген.
Жүкті әйелдерде препаратты қолданудың қауіпсіздігіне тиісті клиникалық сынақтар жүргізілмегендіктен, гельді осы кезең ішінде пайдаланбау керек.
Бала емізу кезінде препаратты пайдалануға болмайды.
Кейбір пациенттерде жергілікті тітіркендіргіш әсер байқалуы мүмкін болғандықтан, жергілікті қолдануға арналған потенциалды түрде тітіркендіретін басқа да препараттарды бірге қолдану теріде жағымсыз әсерлердің туындау қаупін арттырады.
Құрамында күкірт, резорцин немесе салицил қышқылы бар препараттармен бірге пайдаланғанда сақтық таныту керек.
Егер препаратты басқа препараттармен бірге пайдалану қажет болса, гельді күніне бір рет түнде және басқа препараттарды таңертең пайдаланыңыз.
Клиндамицин және линкомицин арасында айқаспалы резистенттілік бар. Клиндамициннің жүйке-бұлшықет берілімін блокадалау қабілеті бар екендігі анықталды, ол осыған ұқсас қасиеттері бар басқа препараттар әсерінің артуына әкелуі мүмкін. Сондықтан оны осындай препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге сақтықпен пайдалану керек.
Сондай-ақ эритромицин және клиндамицин арасында өзара қарама-қайшы әсер білінді.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Мұздатып қатыруға болмайды.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.