Жағымсыз реакциялардың жиілігін анықтау мынадай критерийлер негізінде жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100 -< 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 - < 1/100 дейін), сирек (≥1/10000 - < 1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиі
• асқазан-ішек жолдары тарапынан бұзылулар, мысалы, іш аумағының ауыруы, жүрек айнуы және ас қорыту бұзылыстары, диарея, метеоризм, іш қату, қыжыл және сирек жағдайларда анемияға әкелуі мүмкін жеңіл асқазан-ішектен қан кетуі
Жиі емес
• аса жоғары сезімталдық реакциялары1
• есекжем және қышыну
• орталық жүйке жүйесінің тарапынан бұзылулар, соның ішінде бас ауруы, бас айналу, ұйқышылдық, қозу, ашуланшақтық немесе шаршау
• көрудің бұзылулары
• АІЖ ойық жарасы, қан кету және перфорациямен, ойық жаралы стоматит, колиттің өршуі және Крон ауруымен болуы ықтимал, гастрит
• тері бөртпелерінің әртүрлі типтері
Сирек
• құлақтағы шуыл
• сирек жағдайларда бүйрек тінінің зақымдануы (бүйрек емізікшесінің некрозы) және қандағы мочевина концентрациясының жоғарылауы; қандағы несеп қышқылының концентрациясының жоғарылауы
• гемоглобин деңгейінің төмендеуі
Өте сирек
• инфекциямен байланысты қабынудың өршуі (мысалы, некроздаушы фасциттің дамуы), сирек жағдайларда терінің ауыр инфекциясы және жұмсақ тіндердің асқынуы желшешек кезінде болуы мүмкін
• гемопоэздің бұзылуы (анемия, лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения және агранулоцитоз). Алғашқы белгілер-қызба, тамақ ауруы, ауыз қуысының үстірт ойық жаралары, тұмауға ұқсас симптомдар, қатты жүдеу, мұрыннан қан кету және теріден қан кету, қан кету және қанталаулар. Мұндай жағдайларда пациент осы дәрілік препаратты қабылдауды тоқтату, анальгетиктермен және ыстық түсіретін дәрілермен өзін-өзі емдеуден бас тарту және дәрігермен кеңесу туралы ұсыныстар алуы керек
• ауыр жайылған аса жоғары сезімталдық реакциялары. Симптомдарға беттің, тілдің және тамақтың ісінуі, ентігу, тахикардия және гипотензия кіруі мүмкін (анафилаксия, ангионевроздық ісіну немесе ауыр шок)
• демікпенің өршуі
• психоздық реакция, депрессия
• асептикалық менингит2
• жүрек жеткіліксіздігі, жүрек соғысы жиілеуі және ісіну, миокард инфарктісі
• артериялық гипертензия, васкулит
• эзофагит, панкреатит және ішектің жарғақшалық стриктурасы түзілуі.
• бауыр дисфункциясы, бауырдың зақымдануы, әсіресе ұзақ уақыт қабылдаған кезде, бауыр жеткіліксіздігі, жедел гепатит
• Стивенс-Джонсон синдромы, полиморфты эритема және уытты эпидермальді некролиз, алопецияны қоса, буллезді реакциялар сияқты ауыр тері реакциялары
• ісінулер, әсіресе артериялық гипертензиямен немесе бүйрек жеткіліксіздігімен ауыратын пациенттерде, нефроздық синдром, ішек нефриті, олар жедел бүйрек жеткіліксіздігімен бірге жүруі мүмкін
Белгісіз
• тыныс алу жолдарының аса реактивтілігі, оның ішінде демікпе, бронх түйілуі немесе ентігу
• эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS синдромы) бірге жүретін препаратқа реакция, жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP), фотосезімталдық реакциялары
• Кунис синдромы деп аталатын потенциалды ауыр аллергиялық реакцияның белгісі болуы мүмкін кеудедегі ауырсыну.
Жеке - дара жағымсыз реакциялар сипаттамасы
1 Ибупрофенмен емдеу кезінде аса жоғары сезімталдық реакциялары тіркелді. Олар (a) спецификалық емес аллергиялық реакциялар және анафилаксиялық реакция, (b) тыныс алу жолдарының гиперреактивтілігі, оның ішінде демікпе, өршіген демікпе, бронхоспазм, ентігу немесе (c) әртүрлі тері реакциялары, оның ішінде әртүрлі типтегі бөртпе, қышу, есекжем, пурпура, ангионевроздық ісіну және сирек эксфолиативті және буллезді дерматозды (оның ішінде уытты эпидермалды некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы және полиморфты эритема) қамтуы мүмкін
2 Препаратты қабылдаудан туындаған асептикалық менингиттің дамуының патогенетикалық механизмі әлі толық зерттелмеген. Алайда, ҚҚСП қабылдау аясындағы асептикалық менингит жағдайлары туралы қолда бар деректер иммундық реакцияны көрсетеді (препаратты қабылдау уақыты мен препаратты тоқтатқаннан кейін симптомдардың жоғалуы арасындағы байланыс байқалады). Асептикалық менингит симптомдарының жекелеген жағдайлары болуы (мысалы, мойын бұлшықеттерінің қарысуы, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, қызба немесе бағдарлаудың бұзылуы) бұрыннан аутоиммунды аурулары бар ибупрофен алған (мысалы, жүйелі қызыл жегі, дәнекер тінінің аралас ауруы) пациенттерді емдеу кезінде байқалғанын ескере кету керек.
Жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе тікелей, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық мәліметтер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК.
http://www.ndda.kz