Бонджигар – кешенді өсімдік тектес препарат, фармакологиялық әсері оның құрамына кіретін гепатопротекторлық, қабынуға қарсы, уыттануға қарсы және өт айдайтын әсер беретін белсенді компоненттер кешеніне негізделген.
Ақ вербезин құрамында гепатоуыттылыққа қарсы қасиеттері бар видилолактон мен диметил видилолактон, аскорбин қышқылы, эклиптин алкалоиды, сондай-ақ тиофен туындылары бар.
Пикрориза курроа құрамында гликозидтер – пикрозид, куткозид, андросин, апоцинин бар. Антигистаминдік, қабынуға қарсы (тромбоциттер белсенділенуін тежеу арқылы), өт айдайтын және антиоксиданттық әсер береді, бұдан бөлек иммуномодуляциялайтын әсері бар.
Қара алқа құрамында гликоалколоидтар – соласодин, соламарин, соласонин бар. Тыныштандыратын, ауыруды басатын, іш жүргізетін әсері бар.
Кәдімгі шашыратқы құрамында таниндер, полифенолдар, майлар бар. Өт айдайдын, гепатапротекторлық әсер береді.
Тамарикс жыңғылы құрамында тамарексин, аглюкон бар. Басқа гепатоқорғағыш препараттар әсерін белсенділендіреді, қан тоқтататын қасиеттері бар.
Егістік шомыр құрамында гликозидтер, эфир майлары, аскорбин қышқылы, лизоцим, аминқышқылдары бар (орнитин, цитрулин, аргинин). Антиоксидант ретінде әсер етеді, гепатотроптық және өт айдайтын әсер береді, бауырдың детоксикациялық қабілетін күшейтеді, метаболизмнің реттелуіне ықпал етеді.
Қылқанды бөріқарақат құрамында алкалоидтар берберин, бербамин, аромолин, карахин, пальматин, оксиакантин, органикалық қышқылдар мен қанттар, кофе және ферулий қышқылдары бар. Өт айдайды, микробқа қарсы, диареяға қарсы әсері бар.
Жайылған берхавия құрамында алкалоидтар триаконтанол, гентриаконтан, флавоноидтар, гликозидтер бар. Гепатопротекторлық, ауыруды басатын, несеп айдайтын әсер береді.
Бонджигардың қабынуға қарсы әсері простагландиндер биосинтезіне қажетті 2-А арахидон қышқылы фосфолипидінің өндірілуін болдырмауға негізделген. Гепатопротекторлық әсері есебінен лизосомалар жарғақшасы тұрақтанады, ұлғайған бауырдың өлшемі азайып, АЛТ, АСТ және билирубин көрсеткіштері жылдам нормаға келеді. Бонджигардың уытсыздану қызметі трикарбон қышқылдары циклін күшейтуге негізделген, бұл ақуыздар алмасуының аммиакқа дейін ыдырау өнімдерін жылдам шығаруына және бастапқы несеп түзілуіне әкеледі. Бонджигардың липотропты әсері липотропты агенттер: холин, метионин мен лецитиннің өндірілуі есебінен бауыр жасушаларында май жиналуын болдырмауға негізделген. Олар майларды май қышқылдарына дейін ыдыратады, олардың сіңуіне кедергі келтіреді және бауыр жасушаларынан бұрын түзілген май қосылыстарының жойылу үдерісін тездетеді. Өт айдайтын әсері өт өндірілуінің күшеюіне және тұтқырлықтың төмендеуіне негізделген. Бонджигар лейкоциттердің иммунологиялық және бактерияларға қарсы қызметін, олардың қозғалғыштығын ұлғайта және фагоцитозды көтермелей отырып, реттейді. Бұдан басқа, препарат дербес интерферон өндірілуіне ықпал етеді. Антиоксидантты әсері бар (жасуша ішінде қуат өндірілуін көтермелейді және бос радикалдардың әсерінен бауырды оларды байланыстыру және организмнен шығару арқылы қорғайды).