Клиникалық зерттеулерде бортезомиб қабылдаған көптеген миеломасы бар пациенттердегі жағымсыз реакциялар және көрсетілімге қарамастан тіркеуден кейінгі барлық жағымсыз реакциялар:
Өте жиі
- тромбоцитопения, нейтропения, анемия
- тәбеттің төмендеуі
- нейропатия, шеткері сенсорлық нейропатия, сезімталдықтың бұзылуы, невралгия
- жүрек айну және құсу симптомдары, іш өту, іш қату
- қаңқа-бұлшықет ауыруы
- гипертермия, шаршау, астения
Жиі
- герпес zoster (кең таралған және офтальмологиялық қоса), пневмония, қарапайым герпес, зең аурулары
- лейкопения, лимфопения
- сусыздану, гипокалиемия, гипонатриемия, қандағы глюкоза концентрациясының бұзылуы, гипокальциемия, ферменттік ауытқулар
- көңіл-күйдің бұзылуы мен бұзылыстар, үрейлі бұзылыстар, ұйқының бұзылуы мен бұзылыстар
- қимыл нейропатиясы, естен айырылу (естен тануды қоса алғанда), бас айналуы, дәм сезудің бұзылуы, летаргия, бас ауыруы
- көздің ісінуі, көрудің бұзылуы, конъюнктивит
- вертиго
- гипотензия, ортостатикалық гипотензия, гипертензия
- ентігу, мұрыннан қан кету, жоғарғы / төменгі тыныс алу жолдарының инфекциясы, жөтел
- асқазан-ішектен қан кету (шырышты қабықты қоса), диспепсия, стоматит, іштің кебуі, орофарингеальді ауырсыну, іштің ауыруы (асқазан-ішек және көкбауырдың ауырсынуын қоса), ауыз қуысындағы бұзылулар, метеоризм
- бауыр ферменттерінің аномалиясы
- бөртпе, қышыну, эритема, терінің құрғауы
- бұлшықет түйілуі, аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықет әлсіздігі
- бүйрек тарапынан бұзылулар
- ісіну (шеткеріні қоса), қалтырау, ауырсыну, дімкәстану
- салмақ жоғалту
Жиі емес
- инфекциялар, бактериялық инфекциялар, вирустық инфекциялар, сепсис (сепсистік шокты қоса), бронхопневмония, герпес вирусының инфекциясы, герпестік менингоэнцефалит, бактериемия (стафилококкты қоса), теріскен, тұмау, целлюлит, бұйыммен байланысты инфекциялар, тері инфекциялары, құлақ инфекциялары, стафилококк инфекциялары, тіс инфекциялары
- панцитопения, фебрильді нейтропения, коагулопатия, лейкоцитоз, лимфаденопатия, гемолиздік анемия
- ангионевроздық ісіну (Квинке ісінуі), аса жоғары сезімталдық
- Кушинг синдромы, гипертиреоидизм, антидиурездік гормонның сәйкес келмейтін өндірілу
- ісік лизисі синдромы, физикалық дамудың кешеуілдеуі, гипомагнемия, гипофосфатемия, гиперкалиемия, гиперкальциемия, гипернатриемия, несеп қышқылы концентрациясының бұзылуы, қант диабеті, сұйықтықтың іркілуі
- психикалық бұзылыс, елестеулер, психоздық бұзылыс,
абдырап қалу, мазасыздық
- тремор, шеткері сенсомоторлы нейропатия, дискинезия, церебеллярлық үйлестіру мен тепе-теңдіктің бұзылуы, есте сақтау қабілетінің жоғалуы (деменцияны қоспағанда), энцефалопатия, артқы реверсивті энцефалопатиялық синдром, нейроуытты, эпилепсиялық бұзылулар, постгерпестік невралгия, сөйлеу бұзылыстары, шаршаған аяқ синдромы, бас сакинасы, ишиас, зейін қою бұзылуы, аномальді рефлекстер, иіс сезудің бұзылуы
- көздің қан кетуі, қабақ инфекциясы, халазион, блефарит, көздің қабынуы, диплопия, көздің құрғауы, көздің тітіркенуі, көздің ауыруы, көз жасының ұлғаюы, көзден бөлінділер
- дизакузия (құлақтағы шуылды қоса), есту қабілетінің бұзылуы (тіпті кереңдікті қоса), құлақтағы жайсыздық
- жүрек тампонадасы, тыныс алу мен жүрек қызметінің тоқтауы, жыпылықтағыш фибрилляция (жыпылықтағыш аритмияны қоса), жүрек жеткіліксіздігі (сол және оң қарыншаларды қоса), аритмиялар, тахикардия, жүректің жиі соғуы, стенокардия, перикардит (перикардиальді экссудатты қоса), кардиомиопатия, қарынша дисфункциясы, брадикардия
- ми қанайналымының жедел бұзылуы, терең веналар тромбозы, қан құйылу, тромбофлебит (беткейлікті қоса), тамыр коллапсы (гиповолемиялық шокты қоса), флебит, гиперемия, гематома (периренальді қоса), шеткері қанайналым жеткіліксіздігі, қантамырлар қабынуы, гиперемия (көзді қоса)
- өкпе эмболиясы, экссудативті плеврит, өкпе ісінуі (жеделді қоса), өкпе альвеолярлы қан құйылуы, бронх түйілуі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, гипоксемия, тыныс алу жолдарында іркілу синдромы, гипоксия, плеврит, ықылықтау, ринорея, дисфония, бронх-өкпе обструкциясы
- панкреатит (созылмалыны қоса), қан құсу, еріннің ісінуі, асқазан-ішек обструкциясы (ішек бітелісін қоса), іштегі жайсыздық, ауыз қуысының ойық жаралары, энтерит, гастрит, қызыл иектен қан кету, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, колит (clostridium difficile қоса), ишемиялық колит, асқазан-ішек жолының қабынуы, дисфагия, тітіркенген жуан ішек синдромы, ҚНС асқазан-ішек бұзылыстары, өңезденген тіл синдромы, асқазан-ішек жолы моторикасының бұзылуы, сілекей бездері функциясының бұзылуы
- гепатоуыттылық (бауырдың бұзылуын қоса алғанда), гепатит, холестаз
- көп формалы эритема, есекжем, жедел фибрильді нейтрофильді дерматоз, уытты тері бөртпесі, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, дерматит, шаш тарапынан бұзылулар, нүктелі қан құйылу, қанталаулар, терінің зақымдануы, геморрагиялық бөртпе, терінің жаңа түзілімдері, псориаз, гипергидроз, түнгі терлеу, ойылу, акне, күлдіреуіктің пайда болуы, пигментацияның бұзылуы
- бұлшықеттің құрысуы, буынның ісінуі, артрит, буын қозғалысының тежелуі, миопатиялар, ауырлық сезімі
- жедел бүйрек жеткіліксіздігі, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі, несеп шығару жолдарының инфекциялары, несеп шығару жолдарының белгілері мен симптомдары, гематурия, несептің іркілуі, несеп шығарудың бұзылуы, протеинурия, азотемия, олигурия, поллакурия
- қынаптық қан кетулер, гениталийдің ауырсынуы, эректильді дисфункция
- денсаулықтың жалпы физикалық нашарлауы, беттің ісінуі, инъекция орнындағы реакция, шырышты қабық тарапынан бұзылулар, кеуденің ауыруы, жүріс-тұрыстың бұзылуы, суықты сезіну, қан құйылу, катетермен байланысты асқыну, шөлдеуді сезінудегі өзгерістер, кеудедегі жайсыздық, дене температурасының өзгеруін сезіну, инъекция орнындағы ауырсыну
- гипербилирубинемия, ақуыздың қалыптан тыс талдауы, салмақтың артуы, қанның қалыптан тыс талдауы, С-реактивті ақуыздың жоғарылауы
- құлау, контузия
Сирек
- менингит (бактериялықты қоса), Эпштейн-Барр вирустық инфекциясы, генитальді герпес, тонзиллит, мастоидит, вирустан кейінгі шаршау синдромы
- қатерлі жаңа түзілім, плазма жасушалы лейкемия, бүйрек жасушаларының карциномасы, ісік тәрізді жаңа түзілім, микоз, қатерсіз жаңа түзілім
- диссеминацияланған тамырішілік ұю, тромбоцитоз, жоғары тұтқырлық синдромы, тромбоциттер тарапынан бұзылуы ҚНС, тромбоздық микроангиопатия (тромбоцитопениялық пурпураны қоса), қан ауруы, геморрагиялық диатез, лимфоцитарлық инфильтрация
- анафилаксиялық шок, амилоидты дистрофия, III типті иммундық кешенмен байланысты реакция
- гипотиреоидизм
- гипермагниемия, ацидоз, электролиттік теңгерімсіздік, гиперволемия, гипохлоремия, гиповолемия, гиперхлоремия, гиперфосфатемия, зат алмасудың бұзылуы, В тобы дәруменінің тапшылығы, B12 дәруменінің тапшылығы, подагра, тәбеттің артуы, алкоголь жақпаушылық
- суицидтік ойлар, бейімделудің бұзылуы, сандырақтау, либидоның төмендеуі
- миға қан құйылу, бассүйек ішіне қан кету (субарахноидальдіні қоса), мидың ісінуі, транзиторлы ишемиялық шабуыл, кома, вегетативтік жүйке жүйесінің теңгерімсіздігі, вегетативті нейропатия, бассүйек-ми жүйкесінің салдануы, салдану, парез, естен тану алдындағы күй, ми діңінің зақымдану синдромы, ми қанайналымының бұзылуы, жүйке түбіршіктерінің зақымдануы, психомоторлы аса жоғары белсенділік, жұлынның компрессиясы, ҚНС когнитивті бұзылысы, қозғалыс дисфункциясы, ҚНС жүйке жүйесінің бұзылысы, радикулит, сілекей ағу, гипотония, Гийен-Барре синдромы, демиелинизациялайтын полиневропатия
- мөлдір қабықтың зақымдануы, экзофтальм, ретинит, скотома, көздің бұзылуы (қабақтың бұзылуын қоса) ҚНС, жүре пайда болған көз жасы безінің қабынуы, көз қарығуы, фотопсия, оптикалық нейропатия, көрудің әртүрлі дәрежедегі бұзылуы (соқырлыққа дейін)
- құлақтан қан кету, вестибулярлық нейронит, ҚНС құлақтың бұзылуы
- жүрекшелердің дірілдеуі, миокард инфарктісі, атриовентрикулярлық блокада, жүрек-қантамыр бұзылулары (кардиогенді шокты қоса), екі бағытты ұршық тәріздес қарыншалық тахикардия, тұрақты емес стенокардия, жүрек клапанының бұзылуы, коронарлық жеткіліксіздік, синусты түйін белсенділігінің тоқтауы
- шеткері эмболия, лимфа ісінуі, бозару, эритромелалгия, тамырлардың кеңеюі, тамырлар түсінің өзгеруі, веноздық жеткіліксіздік
- тыныс жеткіліксіздігі, жедел респираторлық дистресс-синдром, апноэ, пневмоторакс, өкпе коллапсы, өкпе гипертензиясы, қан қақыру, гипервентиляция, ортопноэ, пневмонит, респираторлық алкалоз, тахипноэ, өкпе фиброзы, бронх тарапынан бұзылулар, гипокапния, интерстициальді өкпе ауруы, өкпенің инфильтрациясы, тамақтағы қысылу сезімі, тамақтың құрғауы, жоғарғы тыныс алу жолдарында секрецияның артуы, тамақтың тітіркенуі, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы жөтел синдромы
- жедел панкреатит, перитонит, тілдің ісінуі, асцит, эзофагит, хейлит, нәжістің тоқтамауы, анустық сфинктердің атониясы, нәжіс конкременті, асқазан-ішек жолдарының ойық жаралануы мен тесілуі, гингивальді гипертрофия, мегаколон, тік ішектен бөліністер, ауыз-жұтқыншақ аумағында күлдіреуіктің пайда болуы, еріннің ауыруы, пародонтит, артқы өтістің сызаттануы, дефекация ырғағының өзгеруі, прокталгия, аномальді фекалийлер
- бауыр жеткіліксіздігі, гепатомегалия, Бадда-Киари синдромы, цитомегаловирусты гепатит, бауырдан қан кету, өт-тас ауруы
- тері реакциясы, Джесснер лимфоцитарлық инфильтрациясы, алақан-табан эритродизестезия синдромы, теріастылық қан кету, терінің мәрмәр тәріздес торлануы, терінің тығыздануы, папулалар, жарыққа сезімталдық реакциялары, себорея, суық тер, ҚНС терінің бұзылуы эритродермия, терінің ойық жаралануы, тырнақтың бұзылуы
- рабдомиолиз, самай-төменгі жақсүйек буыны синдромы, жыланкөз, буындағы жалқық, жақсүйегінің ауыруы, сүйек бұзылыстары, қаңқа-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тіннің инфекциясы мен қабынуы, синовиальді киста
- қуықтың тітіркенуі
- аталық бездің бұзылуы, простатит, әйелдердегі сүт бездерінің бұзылуы, аталық бездің ауруы, аталық бездің қабынуы, аталық без қосалқысының қабынуы, жамбас ауыруы, вульваның ойық жаралануы
- аплазия, асқазан-ішек жолының даму кемістігі, диффузды кератома
- өлім (кенеттенді қоса), полиағзалық жеткіліксіздік, инъекция орнында қан кету, жарық (өңеш саңылауының жарығын қоса), жара жазылуының бұзылуы, қабыну, инъекция орнындағы флебит, ауырсыну, ойық жара, сезімталдық, кеудедегі кардиологиялық емес ауырсыну, катетерді енгізу орнындағы ауырсыну, бөгде денені сезіну
- қанның қалыптан тыс газдары, электрокардиограмма аномалиялары (QT аралығының ұзаруын қоса), халықаралық қалыптасқан қатынас аномалиялары, асқазан рН төмендеуі, тромбоциттер агрегациясының ұлғаюы, тропонин I жоғарылауы, вирус идентификациясы және серология, несеп талдауы аномалиялары
- қан құю реакциялары, сынықтар, сіресу, бет жарақаттары, буын жарақаттары, күйіктер, жыртылған жара, емшарадан болған ауыруы, радиациялық зақымдану
- макрофагтарды белсендіру.
Клиникалық зерттеулерде VCR-CAP ем алған мантийжасушалы лимфомасы бар пациенттерде жағымсыз реакциялар:
Өте жиі
- пневмония
- тромбоцитопения, фебрильді нейтропения, нейтропения, лейкопения, анемия, лимфопения
- тәбеттің төмендеуі
- шеткері сенсорлық нейропатия, дизестезия, невралгия
- жүрек айну және құсу симптомдары, диарея, стоматит, іш қату
- шаш аурулары
- гипертермия, шаршау, астения
Жиі
- сепсис (сепсистік шокты қоса), Herpes zoster (диссеминациялайтын және офтальмологиялық), герпевирустық инфекция, бактериялық инфекциялар, жоғарғы / төменгі тыныс алу жолдарының инфекциялары, зеңдік инфекция, Herpes simplex
- жоғары сезімталдық
- гипокалиемия, глюкоза деңгейінің бұзылуы, гипонатриемия, қант диабеті, сұйықтықтың іркілуі
- ұйқының бұзылуы және бұзылыстары
- нейропатия, қозғалыс нейропатиясы, естен айырылу (естен тануды қоса), энцефалопатия, шеткері сенсорлық қимыл-қозғалыс нейропатиясы, бас айналу, дәм сезудің өзгеруі, вегетативті нейропатия
- көрудің бұзылуы
- дизакузия (құлақтағы шуды қоса)
- жүрек фибрилляциясы (жүрекше фибрилляциясын қоса), аритмия, жүрек жеткіліксіздігі (сол және оң қарыншаның жеткіліксіздігін қоса), миокард ишемиясы, қарыншалық дисфункция
- гипертензия, гипотензия, ортостатикалық гипотензия
- ентігу, жөтел, ықылықтау
- асқазан-ішектен қан кетулер (шырышты қабықтан қан кетуді қоса), іштің кебуі, диспепсия, ларингофарингеальді ауыру, гастрит, ауыз қуысының ойық жаралары, іштегі жайсыйздық, дисфагия, асқазан-ішек жолының қабынуы, іштің ауыруы (оның ішінде асқазан-ішек мен көкбауырдың ауыруы), ауыз қуысының бұзылыстары
- гепатоуыттылық (бауыр тарапынан бұзылуларды қоса)
- қышыну, дерматит, бөртпе
- бұлшықеттің түйілуі, қаңқа-бұлшықет ауыруы, аяқ-қолдың ауырсыну сезімі
- несеп шығару жолдарының инфекциясы
- ісінулер (шеткері ісінуді қоса алғанда), қалтырау, препарат енгізілген жердегі реакция, дімкәстану
- гипербилирубинемия, ақуыздарды әдеттен тыс талдау, салмақ жоғалту, салмақтың артуы
Жиі емес
- В гепатиті инфекциясы, бронхопневмония
- панцитопения
- анафилаксиялық реакциялар
- ісік лизисі синдромы
- вегетативті жүйке жүйесінің теңгерімсіздігі
- вертиго, естудің бұзылуы (кереңдікке дейін және оны қоса)
- жүрек-қантамыр бұзылуы (кардиогенді шок қоса)
- жедел респираторлық дистресс-синдром, өкпе артериясының эмболиясы, пневмония, өкпе артериясының гипертензиясы, өкпе ісінуі (жедел ісінуді қоса)
- колит (clostridium difficile қоса алғанда)
- бауыр жеткіліксіздігі
ҚНС= қосымша нақтылаусыз
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz