Неврологиялық бұзылулар
Балалардағы аяқ бұлшықеттерінің фокальді тартылуы
Жиі
• Бөртпе
• Жүрістің бұзылуы, енгізген жердің ауыруы
• Байламдардың созылуы, сыдырылған жара
Жиі емес
• Бұлшықет әлсіздігі
Инсульттің салдарынан қол бұлшықетінің фокальді тартылуы
Жиі
• Гипертонус
• Экхимоз, пурпура
• Аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықет әлсіздігі
• Енгізу орнының ауыруы, гипертермия, тұмауға ұқсас синдром, енгізу орнындағы қан құйылу және енгізу орнындағы терінің тітіркенуі
Жиі емес
• Депрессия, ұйқысыздық
• Гипестезия, бас ауыруы, парестезия, қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, амнезия
• Бас айналуы
• Ортостаздық гипотензия
• Жүрек айнуы, ауыз аймағының парестезиялары
• Дерматит, терінің қышынуы, бөртпе
• Артралгия, бурсит
• Енгізу орнындағы астения, ауыру, аса жоғары сезімталдық, дімкәстік, шеткері ісінулер
• Кейбір сирек құбылыстар аурумен байланысты болуы мүмкін.
Инсульттің салдарынан аяқ бұлшықетінің фокальді тартылуы
Жиі
• Бөртпе
• Артралгия, қаңқа-бұлшықеттің қимыл қозғалысының шектелуі, бұлшықет әлсіздігі
• Шеткері ісіну
• Құлау
Блефароспазм/гемифациальді түйілу
Өте жиі
• Блефароптоз
Жиі
• Нүктелік кератит, лагофтальм, көздің құрғауы, көздің қарығуы, көздің шырышты қабығының тітіркенуі, көзден жас ағудың жоғарылауы
• Экхимоздар
• Тітіркену, беттің ісінуі
Жиі емес
• Бас айналу, бет жүйкесінің парезі, бет жүйкесінің салдануы
• Кератит, эктропион (қабақтың теріс айналуы), диплопия, энтропион (қабақтың қайырылуы), көрудің бұзылуы, көрудің бұлыңғырлануы
• Бөртпе/дерматит
• Қажу
Сирек
• Қабақтың ісінуі
Өте сирек
• Мөлдір қабықтың жаралары, мөлдір қабық эпителийінің ақауы, мөлдір қабықтың тесілуі
Цервикальді дистония
Өте жиі
• Дисфагия
• Бұлшықет әлсіздігі
• Ауыру
Жиі
• Ринит, жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялары
• Бас айналу, гипертонус, гипестезия, ұйқышылдық, бас ауыруы
• Ауыздың құрғауы, жүрек айнуы
• Қаңқа-бұлшықеттің қимыл қозғалысының шектелуі және ауыруы
• Астения, тұмауға ұқсас синдром, дімкәстік
Жиі емес
• Диплопия, птоз
• Ентігу, дисфония
• Гипертермия
Созылмалы бас сақинасы
Жиі
• Бас ауыруы, бас сақинасы, бет жүйкесінің парезі
• Блефароптоз
• Қышыну, бөртпе
• Мойынның ауыруы, миалгия, қаңқа-бұлшықет ауыруы, қаңқа-бұлшықеттің қимыл шектелісі, бұлшықет түйілуі, бұлшықеттің ширығуы, бұлшықет әлсіздігі
• Енгізу орнының ауыруы
Жиі емес
• Қабақтың ісінуі
• Дисфагия
• Терінің ауыруы
• Жақтың ауыруы
Қуық тарапынан бұзылулар
Аса жоғары белсенді қуық
Өте жиі
• Несеп шығару жолдарының инфекциясы
• Дизурия†
Жиі
• Бактериурия
• Несеп шығарудың іркілуі, поллакиурия, лейкоцитурия
• Қалдық несеп көлемі*
* катетерлеуді талап етпейтін несеп шығарудан кейінгі қалдық несептің ұлғаюы (PVR)
† емшарамен байланысты жағымсыз реакциялар
Детрузордың нейрогенді аса жоғары белсенділігімен байланысты несеп ұстамау
Өте жиі
• Несеп шығару жолдарының инфекциясы, бактериурия
• Қалдық несеп көлемі**
• Несеп шығарудың іркілуі
Жиі
• Ұйқысыздық†
• Іш қату†
• Бұлшықет әлсіздігі †, бұлшықеттің түйілуі
• Гематурия*, қуықтың дивертикулы, дизурия*
• Қажу†, жүрістің бұзылуы†
• Вегетативті дисрефлекия*, құлау†
* емшарамен байланысты жағымсыз реакциялар
** катетерлеуді талап етпейтін кеңейтілген PVR
† тек шашыраңқы склерозда
Тері және тері қосалқылары тарапынан бұзылулар
Қолтықасты аймағындағы бастапқы гипергидроз
Өте жиі
• Енгізу орнының ауыруы
Жиі
• Бас ауыруы, парестезия
• Ысыну
• Гипергидроз (қолтық астыдан басқасының терлеуі), терінің қалыпты емес иісі, қышыну, тері астындағы түйіндер, алопеция
• Аяқ-қолдың ауыруы
• Енгізу орнының ауыруы, ісінуі, енгізу орнынан қан кету, енгізу орнындағы аса жоғары сезімталдық, енгізу орнындағы тітіркену, астения, енгізу орнындағы реакциялар
Жиі емес
• Жүрек айнуы
• Бұлшықет әлсіздігі, миалгия, артропатия
Қабақты қатты шытқанда байқалатын қасаралық әжімдер және (немесе) барынша қатты күлімсірегенде байқалатын «қазтабан» түріндегі әжімдер және (немесе) қасты барынша көтергенде байқалатын маңдай әжімдері
Жиі
• Бас ауыруы
• Блефароптоз1
• Эритема
• Қас птозы2
• Бұлшықеттің жергілікті ауыруы
• Бет аймағының ауыруы
• Енгізу орнының қанталауы*
• Енгізу орнындағы гематома*
Жиі емес
• Инфекция
• Үрей
• Парестезия, бас айналу
• Блефарит, көздің ауыруы, көрудің бұзылуы
• Қабақтың ісінуі
• Жүрек айнуы, ауыздың құрғауы
• Тері тартылғандай сезіну
• Ісіну (бет, периорбитальді), көз қарығу, қышыну, терінің құрғауы
• Бұлшықеттің жыбырлауы
• Тұмауға ұқсас синдром, астения, қызба
• Енгізу орнынан қан кету*
• Енгізген жердің ауыруы*
• Енгізу орнындағы парестезия
* емшарамен байланысты жағымсыз реакциялар
1 Түзетуден кейін блефароптоздың дамуына дейінгі уақыттың медианасы 9 күнді құрады
2 Түзетуден кейін қас птозының дамуына дейінгі уақыттың медианасы 5 күнді құрады
Барлық көрсетілімдер
Белгісіз
• Анафилаксия, ангионевроздық ісіну, сарысу құю ауруы, есекжем
• Анорексия
• Иық өрімі плексопатиясы, дисфония, дизартрия, бет жүйкесінің парезі, гипестезия, бұлшықет әлсіздігі, миастения гравис, шеткері нейропатия, парестезия, радикулопатия, құрысу ұстамалары, естен тану және бет жүйкесінің салдануы
• Жабық бұрышты глаукома (блефароспазмды емдеу кезінде), блефароптоз, лагофтальм, страбизм, көрудің бұлыңғырлануы, көрудің бұзылуы, көздің құрғауы, қабақтың ісінуі
• Естудің төмендеуі, құлақтағы шуыл, бас айналу
• Аритмия, миокард инфарктісі
• Аспирациялық пневмония (өліммен аяқталатын кейбір жағдайлар), ентігу, тыныстың тарылуы, тыныс алу жеткіліксіздігі
• Іштің ауыруы, диарея, іш қату, ауыздың құрғауы, дисфагия, жүрек айнуы, құсу
• Алопеция, қас птозы, псориаз тәрізді дерматит, мультиформалы эритема, гипергидроз, мадароз, қышыну, бөртпе
• Бұлшықет атрофиясы, миалгия, жергілікті бұлшықет түйілуі/ бұлшықеттің еріксіз жиырылуы
• Денервация салдарынан бұлшықет атрофиясы, дімкәстік, гипертермия
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz