Брезтритм Аэросфера препараты тек дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылады. Препаратпен емдеуге дейін немесе емдеу кезінде өз дәрігеріңізге келесі жағдайлар туралы хабарлаңыз:
- жоғары қан қысымы немесе жүрекке қатысты проблемалар, қант диабетінің болуы, өкпе инфекциясы, қалқанша безінің проблемалары, қандағы калий деңгейінің төмендеуі, қуық асты безінің проблемалары немесе несеп шығаруға қатысты кез келген проблемалар, «жабық бұрышты глаукома» деп аталатын көз ауруы, бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі сияқты симптомдардың байқалуы
- Брезтритм Аэросфера препараты кейбір дәрілерге әсер ететін болғандықтан, дәрігердің рецептісінсіз босатылатын препараттарды, дәрілік шөптерді қоса алғанда қазіргі уақытта, жақында кез-келген басқа дәрілік препараттарды қабылдау туралы немесе қабылдауды жоспарлау туралы. Бұдан басқа, кейбір дәрілер Брезтритм Аэросфера препаратының жұмысына әсер етуі немесе жағымсыз әсерлердің пайда болу ықтималдығын арттыруы мүмкін:
• гипертония (жоғары қан қысымы) немесе жүрек проблемалары кезінде немесе глаукоманы (тимолол) емдеу үшін қолдануға болатын бета-блокаторлар (атенолол, пропранолол) сияқты дәрілік препараттар;
• кетоконазол немесе итраконазол сияқты зең инфекцияларын емдеу үшін қолданылатын дәрілік препараттар;
• ритонавир немесе кобицистат сияқты АИТВ-инфекциясын емдеу үшін қолданылатын дәрілік препараттар;
• кортикостероидтар (преднизолон), диуретиктер сияқты қандағы калий мөлшерін төмендететін дәрілік препараттар, несеп шығаруды арттыратын препараттар (фуросемид, гидрохлоротиазид), гипертонияны емдеу үшін қолданылатын препараттар; тыныс алу проблемаларын емдеу үшін қолданылатын препараттар (теофиллин);
• Брезтритм Аэросфера (тиотропий, ипратропий, аклидиний, умеклидиний, салметерол, формотерол, вилантерол, олодатерол, индакатерол) сияқты әсер ететін кез келген басқа дәрілік препараттарды қабылдау, егер аталған дәрілік препараттар қолданылып жүрсе, Брезтритм Аэросфера препаратын қолдануға болмайды;
• жүрек ырғағының бұзылуын емдеу үшін қолданылатын дәрілік препараттар (амиодарон);
• жүректің электрлік белсенділігін өзгерте алатын дәрілік препараттар («QT аралығы»): мысалы, антидепрессанттар (моноаминоксидаза тежегіштері, трициклды антидепрессанттар); бактериялық инфекцияны емдеуге арналған препараттар (эритромицин, кларитромицин немесе телитромицин); антигистаминді препаттар (аллергиялық реакцияларды төмендететін).
- Брезтритм Аэросфера препараты ӨСОА ұзақ мерзімді демеуші емдеу препараты ретінде қолданылады. Осы препаратты кенеттен болатын ентігу ұстамаларын немесе сырылдарды емдеу үшін қолдануға болмайды.
- егер Брезтритм Аэросфера препаратын қолданғаннан кейін бірден кеуде қуысының қысылуы, жөтел, сырыл немесе ентігу пайда болса, оны қолдануды тоқтатып, бұл туралы дереу дәрігерге хабарлау керек. Егер ентігу, кеуде қуысының қысылуы, сырылдар немесе жөтел Брезтритм Аэросфера препаратын қолданған кезде күшейе түссе, Брезтритм Аэросфера препаратын қолдануды жалғастыру керек, бірақ мүмкіндігінше қосымша ем қажет болуы мүмкін болуына байланысты тезірек дәрігерге жүгіну керек.
- пациентте формотерол фумараты дигидратына, гликопирронийге, будесонидке немесе дәрінің құрамына кіретін қандай да бір басқа ингредиенттерге аллергиялық реакциялар болған жағдайда Брезтритм Аэросфера препаратын қолдану ұсынылмайды.
Арнайы сақтандырулар
Препарат жедел жағдайларды емдеуге арналмаған
Брезтритм Аэросфера препараты бронх түйілуінің жедел эпизодтарын немесе ӨСОА өршуін емдеу үшін жедел терапия ретінде көрсетілмеген.
Парадоксалды бронх түйілуі
Басқа ингаляциялық емдеу кезіндегі сияқты, формотерол/ гликопирроний/будесонидті енгізу қабылдағаннан кейін бірден сырылдың және ентігудің пайда болуымен және өмірге қауіп төндіруі мүмкін парадоксалды бронхтың түйілуін тудыруы мүмкін. Парадоксалды бронх түйілуі дамыған жағдайда БрезтритмАэросфера препаратымен емдеуді тоқтату керек. Тексеруден өту керек және қажет болған жағдайда балама емдеу тағайындалады.
Аурудың өршуі
БрезтритмАэросфера препаратымен емдеуді күрт тоқтату ұсынылмайды. Егер пациент препараттың ең жоғары ұсынылған дозасын қолданғанына қарамастан емдеуді тиімсіз деп санаса, емді жалғастыру керек, бірақ медициналық көмекке жүгіну керек. Бронхолитикалық препараттарды қолдану жиілігінің артуы жалпы жағдайдың нашарлауын көрсетеді және жүргізілетін емдеуді қайта бағалауды талап етеді. ӨСОА симптомдарын бақылаудың кенеттен және үдемелі нашарлауы өмірге қауіп төндіруі мүмкін және пациент шұғыл медициналық тексеруден өтуі керек.
Жүрек-тамыр жүйесіне әсері
Жүрек аритмиясы, жүрекшелер фибрилляциясы және тахикардия секілді жүрек- тамырлар әсерлері, гликопирроний мен формотеролды қоса, мускариндік рецепторлардың антагонистері мен симпатомиметиктерді қолданғаннан кейін байқалуы мүмкін. Брезтритм Аэросфера препаратын жүректің тұрақсыз ишемиялық ауруы, жедел миокард инфарктісі, кардиомиопатия, жүрек аритмиясы және жүректің ауыр жеткіліксіздігі сияқты клиникалық маңызды бақыланбайтын және ауыр жүрек-қан тамырлары аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Туа біткен және дәрілік препараттармен туындаған QTc аралығы белгіленген немесе күдікті ұзартылған (QTc > ерлер үшін 450 мсек немесе әйелдер үшін > 470 мсек) пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек.
Жүйелік әсерлер
Жүйелік әсерлер кез келген ингаляциялық кортикостероидты қолданғанда, әсіресе ұзақ уақыт бойы жоғары дозаларды тағайындағанда пайда болуы мүмкін. Бұл әсерлердің ықтималдығы ингаляциялық емдеуде пероральді кортикостероидтарды қолданған кездегіге қарағанда әлдеқайда аз. Ықтимал жүйелік әсерлерге Кушинг синдромы, кушингоидты көріністер, бүйрек үсті безінің функциясын тежеу, сүйек тіні минералды тығыздығының төмендеуі, катаракта және глаукома жатады. Сүйек тінінің минералды тығыздығына ықтимал әсерді, әсіресе ұзақ уақыт бойы препараттың жоғары дозаларын қабылдайтын және остеопороз қаупінің қатар жүретін факторлары бар пациенттерде ескеру қажет.
Көру қабілетінің бұзылуы
Көру қабілетінің бұзылуы жүйелік және жергілікті кортикостероидтарды қолданғанда байқалуы мүмкін. Егер пациентте анық көрмеу немесе басқа көру бұзылыстары сияқты симптомдар байқалатын болса, оны жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды қолдану кезінде хабарланған катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия (ОСХР) сияқты сирек кездесетін ауруларды қамтуы мүмкін себептерді бағалау үшін офтальмологқа жіберу керек.
Пероральді емдеуден ауыстыру
Пероральді стероидтардан ингаляциялық формаларға ауысуды қажет болатын пациенттерге аса сақ болу қажет, себебі, оларда бүйрек үсті безі функциясының бұзылу қаупі ұзақ уақытқа бойы сақталуы мүмкін. Кортикостероидтардың жоғары дозасымен емдеуді немесе ингаляциялық кортикостероидтардың ең жоғары ұсынылған дозасымен ұзақ мерзімді емдеуді қажет ететін пациенттерге де қауіп төнуі мүмкін. Бұл пациенттерде күшті стресс болған кезде кезде бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің белгілері мен симптомдары пайда болуы мүмкін. Стресс немесе жоспарлы хирургиялық араласу кезеңінде жүйелік кортикостероидтарды қосымша қолдануды қарастырған жөн.
ӨСОА бар пациенттердегі пневмония
Ингаляциялық кортикостероидтарды қабылдайтын ӨСОА бар пациенттерде пневмонияның, соның ішінде ауруханаға жатқызуды қажет ететін пневмонияның даму жиілігінің жоғарылауы байқалды. Стероидты доза жоғарылаған кезде пневмонияның даму қаупінің артуы туралы кейбір деректер бар, бірақ бұл барлық зерттеулерде сенімді түрде көрсетілмеген.
Әртүрлі ингаляциялық кортикостероидтар арасындағы пневмония қаупі шамасында топішілік айырмашылықтардың нақты клиникалық дәлелдері жоқ.
Дәрігерлерге мұндай инфекциялардың клиникалық ерекшеліктері ӨСОА өршу симптомдарымен сәйкес келетін болғандықтан, ӨСОА бар пациенттерде пневмонияның ықтимал дамуына қатысты қырағылық танытуы керек.
Гипокалиемия
Β2-агонисттермен емдеу ықтимал ауыр гипокалиемияға әкелуі мүмкін. Бұл жүрек-қан тамырларының жағымсыз салдарына әкелуі мүмкін. Ерекше қырағылықты осы әсер гипоксиямен күшеюі мүмкін болуына байланысты ауыр ӨСОА кезінде сақтау керек. Гипокалиемия гипокалиемияны тудыруы мүмкін басқа дәрілермен, мысалы, ксантин туындыларымен, стероидтар және диуретиктермен бір мезгілде қолданғанда да күшеюі мүмкін.
Гипергликемия
β2-адреномиметиктердің жоғары дозаларын ингаляциялау қан плазмасындағы глюкоза деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Сондықтан қант диабеті бар пациенттерді емдеу кезінде қандағы глюкоза деңгейін белгіленген ұсынымдарға сәйкес бақылау керек.
Қатар жүретін жағдайлар
Брезтритм Аэросфера препаратын тиреотоксикозы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Антихолинергиялық белсенділік
Антихолинергиялық белсенділікке байланысты БрезтритмАэросфера препаратын қуық асты безінің симптоматикалық гиперплазиясы, несеп іркілуі немесе жабық бұрышты глаукомасы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Пациенттерге жедел жабық бұрышты глаукоманың белгілері мен симптомдары туралы, сондай-ақ препаратты қолдануды тоқтату және осы белгілердің немесе симптомдардың кез келгені дамыған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажеттігі туралы хабарлау қажет.
БрезтритмАэросфера препаратын құрамында антихолинергиялық дәрілер бар басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Гликопирроний негізінен бүйрек арқылы шығарылатын болғандықтан, диализ жүргізуді қажет ететін бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысындағы пациенттерді қоса, бүйрек функциясы ауыр дәрежеде бұзылған пациенттерде (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) БрезтритмАэросфера препаратын күтілетін пайда ықтимал қауіптен асқан жағдайда ғана қолдану керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде БрезтритмАэросфера препаратын күтілетін пайда ықтимал қауіптен асқан жағдайда ғана қолдану керек. Бұл пациенттерде ықтимал жағымсыз реакциялардың болып-болмайтынын бақылау керек.
Балалар мен жасөспірімдерде қолдану
БрезтритмАэросфера препаратының тиімділігі мен қауіпсіздігі 18 жасқа дейінгі педиатриялық популяцияда зерттелген жоқ.
Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
БрезтритмАэросфера препараты көлікті басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе болмашы әсер етеді. Алайда, бас айналу- көлік жүргізу немесе механизмдермен жұмыс істеу кезінде ескеру қажет болатын сирек кездесетін жағымсыз әсер болып табылады.