ATX коды B01AC24
Әсер ету механизмі
Брилинта препаратының өз құрамында АДФ арқылы P2Y12 тәуелденетін тромбоциттер белсенділенуі мен агрегациясына жол бермейтін P2Y12 рецепторының пероральді, тікелей әсер ететін, іріктелген және қайтымды байланысатын антагонисі болып табылатын циклопентилтриазолопиримидиндер (ЦПТП) химиялық класының өкілі – тикагрелор болады. Тикагрелор АДФ байланысуын болдырмайды, бірақ ол P2Y12 рецепторымен өзара әрекеттескенде АДФ туындататын дабылдар трансдукциясына жол бермейді. Тромбоциттер атеросклероз ауруының тромбоздық асқынуларына түрткі болып және/немесе дамуына қатысатындықтан, тромбоциттер функциясының тежелісі өлім, миокард инфарктісі және инсульт сияқты жүрек-қантамыр оқиғалары қаупінің төмендеуін көрсетті.
Тикагрелор 1 қосалқы типті тең салмақты нуклеозид тасымалдаушысын (ENT-1) тежеу арқылы аденозиннің жергілікті эндоген деңгейлерін де арттырады.
Тикагрелордың дені сау қатысушыларда және КАШ жасалған пациенттерде келесі аденозин индукциялаған әсерлерін арттырады: қан тамырларының кеңеюі (дені сау еріктілер мен КАШ жасалған пациенттерде коронарлық қан ағымын ұлғайту арқылы өлшенеді; бас ауыру), тромбоциттер функциясының тежелісі (тірі организмнен тыс адамның жаңа алынған қанында) және ентігу. Алайда, аденозиннің байқалатын ұлғаюы мен клиникалық нәтижелер (мысалы, ауруға шалдығу – өлімге ұшырау) арасындағы байланыс нақты анықталмаған.
Фармакодинамикалық әсерлері
Әсерінің басталуы
Ацетилсалицил қышқылын қолдану аясында ЖИА ағымы тұрақты пациенттерде тикагрелор фармакологиялық әсерінің тез басталуын көріністейді, бұл тикагрелорға тән тромбоциттер агрегациясы тежелісінің (ТАТ) орташа мәнін анықтау нәтижелерімен расталады: 180 мг жүктеме дозасын қабылдаудан кейін 0.5 сағаттан соң ТАТ орташа мәні шамамен 41% құрайды, ең жоғары 89% ТАТ мәніне препарат қабылдаудан кейін 2-4 сағаттан соң жетеді және 2-8 сағат бойы сақталады. Пациенттердің 90%-да препаратты қабылдаудан кейін 2 сағаттан соң ТАТ >70% түпкілікті мәніне жетеді.
Әсерінің аяқталуы
Егер КАШ шарасы жоспарланса, тикагрелор қабылдау салдарынан болатын қан кету қаупі, егер оны қабылдау емшараға дейін 96 сағаттан аз уақыт бұрын тоқтатылса, клопидогрелмен салыстырғанда, артады.
Бір препараттан басқасына ауысу деректері
75 мл клопидогрелден күніне екі рет 90 мг тикагрелорға ауысу ТАТ абсолютті мәнінің 26.4% арттуына алып келеді, ал емді тикагрелордан клопидогрелге өзгерту ТАТ абсолютті мәнінің 24.5% төмендеуіне әкеледі. Емді тромбозға қарсы әсерін үзбей-ақ клопидогрелден тикагрелорға өзгертуге болады.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Тикагрелордың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы клиникалық деректер 3 фазаның екі зерттеуінен алынды:
• PLATO зерттеуі (Тромбоциттерді тежеу және пациенттерден алынған нәтижелер) - тикагрелорды клопидогрелмен; тикагрелор мен клопидогрелді АСҚ-мен біріктірілімде және басқ стандартты еммен салыстыру.
• PEGASUS TIMI-54 зерттеуі (тикагрелор көмегімен жедел коронарлық синдром қаупі жоғары пациенттерде салдарлы тромбоз оқиғаларының профилактикасы) - АСҚ-мен біріктірілген және АСҚ монотерапиясымен тикагрелорды салыстыру.
PLATO зерттеуі (жедел коронарлық синдромдар)
PLATO зерттеуіне тұрақсыз стенокардия (UA), ST сегменті көтерілмеген миокард инфарктісі (NSTEMI) немесе ST сегменті көтерілген миокард инфарктісі (STEMI) симптомдары пайда болған сәттен бастап 24 сағат ішінде медициналық көмек көрсетілген 18 624 пациент және тері арқылы коронарлық араласу (ТКА) немесе коронарлық артерияны шунттау (КАШ) жасалған пациенттер қатысты.
Клиникалық тиімділігі
АСҚ күнделікті қабылдау аясында күніне екі рет 90 мг дозадағы тикагрелор жүрек-қантамыр ауруларынан, миокард инфарктісінен немесе инсульттен болатын өліммен аяқталу оқиғаларының профилактикасы мақсатында 75 мг дозадағы клопидогрелден артықшылығын көрсетті. Пациенттер клопидогрелдің 300 мг жүктемелік дозасын (ТКА жасалғанда 600 мг болуы мүмкін) немесе 180 мг тикагрелор қабылдады.
Нәтижесі бүкіл 12 айлық кезең ішіндегі тұрақты әсерімен, жылына 1.9% ҚАТ және 16% ҚСТ көрсеткіштерімен ерте көрініс берді (30 күн өткен соң қауіптің абсолютті төмендеуі [ҚАТ] 0.6% және қауіптің салыстырмалы төмендеуі [ҚСТ] 12%). Аталған нәтижелер 12 ай бойы күніне екі рет 90 мг дозада тикагрелормен пациенттерді емдеудің мақсатқа сай екенін көрсетеді. ЖКС бар 54 пациентті клопидогрел орнына тикагрелормен емдеу 1 атеротромбоздық жағдайдың алдын алады; 91 пациентті емдеу жүрек-қантамыр ауруларынан болатын 1 өліммен аяқталуға жол бермейді (1 сурет және 4 кестені қараңыз).
Клопидогрелмен салыстырғанда, тикагрелормен емдеу әсері салыстырмалы және салмағына, жыныстық тегіне, қант диабетінің болуына, транзиторлы ишемиялық шабуылға немесе анамнездегі геморрагиялық емес инсультке, реваскуляризацияға және гепариндерді, GpIIb/IIIa тежегіштерін және протонды помпа тежегіштерін қоса, қатарлас емге, сондай-ақ оқиғаның соңғы индексін диагностикалауға (STEMI, NSTEMI немесе UA) және емдеу жолына (инвазиялық немесе медициналық) тәуелді емес.
Маңызсыз емдік өзара әрекеттесу бастапқы біріктірілген соңғы нүкте үшін қауіптер қатынасы (ҚҚ), әлемдегі басқа аймақтармен салыстырғанда, тикагрелорға қолайлы болатын географиялық аймақта байқалды, бірақ жалпы зерттелген қауымның шамамен 10% құрайтын Солтүстік Америкада клопидогрелге қолайлы болды (p-шама мәні = 0,045).
Осы зерттеулер АСҚ дозасымен болжамды байланысы жорамалданады, өйткені АСҚ дозасы арттырылғанда тикагрелор тиімділігінің төмендеуі байқалды. Тикагрелормен біріктірілімде АСҚ тұрақты тәуліктік дозасы 75-150 мг құрауы тиіс.
1 суретте тиімділігінің біріктірілген соңғы нүктесінде кез келген оқиғаның алғаш рет даму қаупін бағалау ұсынылды.
1 сурет – Жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім, миокард инфарктісі және инсульт - бастапқы клиникалық біріктірілген соңғы нүктесін талдау (PLATO)
Каплан – Мейер әдісі бойынша пайызы (%)Каплан – Мейер әдісі бойынша пайызы (%)Қауіп бар пациенттер саныҚауіп бар пациенттер саныРандомизация сәтінен бастап күндер саныРандомизация сәтінен бастап күндер саныT қарсы CҚҚ95% САр-мәні0.84)0.77, 0.92<0.001T қарсы CҚҚ95% САр-мәні0.84)0.77, 0.92<0.001Тикагрелор (T)Клопидогрел (C))Тикагрелор (T)Клопидогрел (C))
Тикагрелор UA/NSTEMI және STEMI қауымдарында, клопидогрелмен салыстырғанда, бастапқы біріктірілген соңғы нүктенің пайда болу жиілігін төмендетті (4 кесте). Осылайша, күніне екі рет 90 мг дозадағы Брилинта препаратын АСҚ төмен дозаларымен біріктірілімде медициналық көмек көрсетілген пациенттерді және тері арқылы коронарлық араласу (ТКА) немесе коронарлық артерияны шунттау (КАШ) жасалған пациенттерді қоса, ЖКС бар пациенттерде (тұрақсыз стенокардия, ST [NSTEMI] сегменті көтерілмейтін миокард инфарктісі немесе ST [STEMI] көтерілуімен миокард инфарктісі) пайдалануға болады.
4 кесте. Тиімділігінің бастапқы және салдарлы соңғы нүктелерін талдау (PLATO)
Тикагрелор 90 мг тәулігіне 2 рет (оқиға болған пациенттер %-ы) N = 9333 — Клопидогрел 75 мг тәулігіне 1 рет (оқиға болған пациенттер %-ы) N = 9291 — ARRa (%/год) — RRRa (%)(95% СА) — pмәні
Жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім, миокард инфарктісі (тыныш миокард инфарктісін қоспағанда) немесе инсульт — 9.3 — 10.9 — 1.9 — 16 (8, 23) — 0.0003
Инвазиялық араласу — 8.5 — 10.0 — 1.7 — 16 (6, 25) — 0.0025
Медициналық араласу — 11.3 — 13.2 — 2.3 — 15 (0.3, 27) — 0.0444d
Жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім — 3.8 — 4.8 — 1.1 — 21 (9, 31) — 0.0013
Миокард инфарктісі (тыныш миокард инфарктісін қоспағанда)b — 5.4 — 6.4 — 1.1 — 16 (5, 25) — 0.0045
Инсульт — 1.3 — 1.1 — 0.2 — 17 (52, 9) — 0.2249
Барлық себептен, миокард инфарктісінен (тыныш миокард инфарктісін қоспағанда) немесе инсульттен болатын өлім — 9.7 — 11.5 — 2.1 — 16 (8, 23) — 0.0001
Жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім, ауқымды миокард инфарктісі, тыныш миокард инфарктісі, ЖҚЖ кезіндегі емге берілген жауап индексі, реографиялық индекс, микроинсульт және басқа артериялық тромбоэмболия оқиғаларыc — 13.8 — 15.7 — 2.1 — 12 (5, 19) — 0.0006
Барлық себептен өлімге ұшырау — 4.3 — 5.4 — 1.4 — 22 (11, 31) — 0.0003d
Белгілі бір стент тромбозы — 1.2 — 1.7 — 0.6 — 32 (8, 49) — 0.0123d
a ARR = абсолютті қауіп төмендеуі; RRR = салыстырмалы қауіп төмендеуі = (1 Қауіптер қатынасы) x 100%. Салыстырмалы теріс қауіп төмендеуі салыстырмалы қауіп артуын көрсетеді.
b тыныш миокард инфарктісі жағдайларын қоспағанда.
c SRI = күрделі қайталамалы ишемия; RI = қайталамалы ишемия; TIA = транзиторлы ишемиялық шабуыл; ATE = артериялық тромбоз оқиғасы. Миокард инфарктісі жағдайларының жалпы саны өзінде тыныш миокард инфарктісі жағдайларын қамтиды, осы орайда оқиға күні оның анықталған күні болып саналады.
d Номиналды маңыздылық мәні; қалғандарының бәрі алдын ала белгіленген иерархиялық тестілеу бойынша бейресми статистикалық тұрғыда маңызды.
PLATO-дағы генетикалық қосалқы талдау
PLATO зерттеуінде 10 285 пациентте CYP2C19 және ABCB1 генотиптеу осы зерттеу нәтижелерімен генотиптер топтарының байланысын көрсетті. Негізгі жүрек-қантамыр оқиғаларының санын төмендетуде тикагрелордың клопидогрелден артықшылығының пациентте CYP2C19 немесе ABCB1 генотиптерінің болуымен айтарлықтай маңызы болмады. Жалпы PLATO зерттеуіндегі сияқты, елеулі қан кету жиілігі, CYP2C19 немесе ABCB1 генотипінің болуына қарамастан, тикагрелор мен клопидогрел арасында ерекшеленбеді. КАШ жасалмаған PLATO зерттеуінде бір немесе бірнеше CYP2C19 функционалдық аллельдері жоғалған пациенттерде, клопидогрелмен салыстырғанда, тикагрелорды қолдану кезінде күрделі қан кету жиілігі көп болды, бірақ аллель жоғалмаған пациенттерде клопидогрелге ұқсас болды.
Жалпы тиімділігі және қауіпсіздігі
Жалпы тиімділігі және қауіпсіздігі (жүрек-қантамырлық өлімге ұшырау, миокард инфарктісі, инсульт немесе PLATO бойынша «Жалпы Елеулі» болып белгіленген қан кету), клопидогрелмен салыстырғанда, тикагрелор тиімділігінің артықшылығы ЖКС-дан кейін 12 айдан соң елеулі қан кету жиілігімен өтелмейтінін көрсетеді (ҚАТ 1.4%, ҚСТ 8%, ҚҚ 0.92; р = 0,0257).
Клиникалық қауіпсіздігі
Холтер мониторингтеуін қосалқы талдау
PLATO зерттеуі кезінде қарыншалық асистолия және басқа аритмия көріністерінің туындауын зерттеу үшін 3000 дерлік пациентте холтер мониторингтеуі орындалды, оның 2000-да жедел фазада да, бір айдан кейін де ЖКС тіркелді. Негізгі мақсат ≥ 3 секунд қарыншалық асистолияның пайда болуын мониторингтеу болды. Пациенттердің басым бөлігінде жедел фазада, клопидогрелмен (3.5%) салыстырғанда, тикагрелорды (6.0%) қолдану кезінде қарыншалық асистолия болды; ал, 1 ай өткен соң, тиісінше, 2.2% және 1.6%. ЖКС жедел фазасындағы қарыншалық асистолия көріністері жиілігінің артуы тикагрелор қабылдаған және анамнезінде ЖСЖ (жүректің созылмалы жеткіліксіздігі) бар пациенттерде айқындау болды (анамнезінде ЖСЖ жоқ пациенттерде 5.4% қарсы 9.2%; клопидогрел қабылдаған және ЖСЖ бар пациенттерде 4.0% және анамнезінде ЖСЖ жоқ пациенттерде 3.6%). Бұл теңгерімсіздік анамнезінде ЖСЖ-мен және онсыз тикагрелор қабылдаған пациенттердің 2.1%-на қарсы 2.0%-да және клопидогрел қабылдаған пациенттердің 1.4%-на қарсы 3.8%-да бір ай ішінде байқалмады. Пациенттердің бұл тобында осы теңгерімсіздікпен (кардиостимулятор орнатуды қоса) байланысты ешқандай қолайсыз клиникалық зардаптары болмады.
PEGASUS зерттеуі (Анамнезіндегі миокард инфарктісі)
PEGASUS TIMI-54 зерттеуіне 21 162 пациент қатысты, бұл - анамнезінде МИ және атеротромбозды дамытатын қосымша қауіп факторлары бар пациенттерде, АСҚ монотерапиясымен салыстырғанда, АСҚ төмен дозасымен біріктіріп 2 дозада (күніне екі рет 90 мг немесе күніне екі рет 60 мг) тикагрелор қолданылған атеротромбоз құбылыстарының профилактикасын бағалауға арналған қатар топтармен оқиғалық басқарылатын, рандомизацияланған, салыстырмалы жасырын, плацебо-бақыланатын, халықаралық көп орталықтық зерттеу.
Зерттеуге, кем дегенде, атеротромбозды дамытатын келесі қауіп факторларының біреуі болған анамнезінде МИ бар 50 жастағы және одан асқан (1-ден 3 жасқа дейін рандомизациялауға дейін) пациенттер қатыса алады: ≥ 65 жас кезеңі, дәрі-дәрмекпен емдеуді талап ететін қант диабеті, алдында болған екінші миокард инфарктісі, расталған көп тамырлық ЖИА немесе бүйрек функциясының созылмалы терминалдық емес сатысы.
Зерттеуге келесі факторлары бар пациенттер қосылмады: бүкіл зерттеу кезеңі бойына қан ұюының бұзылуы, ишемиялық инсульт немесе анамнездегі бассүйек ішіндегі қан кету, орталық жүйке жүйесінің ісіктері немесе бассүйек ішіндегі тамыр аномалиясы; алдыңғы 6 ай ішінде асқазан-ішектен қан кету немесе алдыңғы 30 күн ішінде ауыр хирургиялық араласу кезінде P2Y12 рецепторларының антагонистерін, дипиридамол, цилостазол немесе антикоагулянттық емді жоспарлы тағайындау.
Клиникалық тиімділігі
2 сурет. Жүрек-қантамыр ауруларынан, миокард инфарктісі және инсульттен болатын өлім, бастапқы клиникалық біріктірілген соңғы нүктесін талдау (PEGASUS)
Тикагрелор 60 мг ПлацебоТикагрелор 60 мг ПлацебоҚауіп бар пациенттер саныҚауіп бар пациенттер саныРандомизация сәтінен бастап күндер саныРандомизация сәтінен бастап күндер саныЖинақтық %Жинақтық %NКМ оқиғасы бар пациенттер %-ы 36 айда ҚҚ (95% СА)р-мәніNКМ оқиғасы бар пациенттер %-ы 36 айда ҚҚ (95% СА)р-мәніПлацебоПлацебоТикагрелор 60 мг тәулігіне 2 ретТикагрелор 60 мг тәулігіне 2 рет
5 кесте. Тиімділігінің бастапқы және салдарлы соңғы нүктелерін талдау (PEGASUS)
Тикагрелор 60 мг тәулігіне 2 рет +АСҚN = 7045 — Тек АСҚN = 7067 — pмәндері
Сипаттамалары — Оқиғасы болған пациенттер — KM% — ҚҚ(95% СА) — Оқиғасы болған пациенттер — KM%
Бастапқы соңғы нүкте
Біріктірілген: жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім/ миокард инфарктісі/ инсульт — 487 (6.9%) — 7.8% — 0.84 (0.74, 0.95) — 578 (8.2%) — 9.0% — 0.0043 (s)
Жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім — 174 (2.5%) — 2.9% — 0.83 (0.68, 1.01) — 210 (3.0%) — 3.4% — 0.0676
Миокард инфарктісі — 285 (4.0%) — 4.5% — 0.84 (0.72, 0.98) — 338 (4.8%) — 5.2% — 0.0314
Инсульт — 91 (1.3%) — 1.5% — 0.75 (0.57, 0.98) — 122 (1.7%) — 1.9% — 0.0337
Салдарлы соңғы нүкте
Жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім — 174 (2.5%) — 2.9% — 0.83 (0.68, 1.01) — 210 (3.0%) — 3.4%
Барлық себептен болатын өлім — 289 (4.1%) — 4.7% — 0.89 (0.76, 1.04) — 326 (4.6%) — 5.2%
Қауіптер қатынасы және р-мәні емдеу тобы бірден бір түсіндірілетін ауыспалы мән болып табылатын Кокс пропорционалды қауіптер моделі пайдаланылатын тикагрелормен және тек АСҚ-мен емге бөлек есептеледі.
Каплан – Мейер әдісі бойынша пайызы 36 айға есептелген.
Ескертпе: компоненттер үшін алғашқы оқиғалар саны: жүрек-қантамыр ауруларынан болатын өлім, миокард инфарктісі және инсульт әр компонент үшін алғашқы оқиғалардың нақты саны түрінде болады және біріктірілген соңғы нүктедегі оқиғалар санына қосылмайды.
(s) Статистикалық маңыздылығын көрсетеді.
СА = сенім аралығы; ҚҚ = қауіптер қатынасы; KM = Каплан-Майер әдісі; N = пациенттер саны.
Күніне екі рет 60 мг, сондай-ақ күніне екі рет 90 мг тикагрелорды АСҚ-мен біріктірілімде қолданудың екі сызбасы зерттеудің бүкіл кезеңі ішінде тұрақты емдік әсері бар атеротромбоз құбылыстарының (біріктірілген соңғы нүкте: жүрек-қантамыр ауруларынан болған өліммен аяқталу, миокард инфарктісі және инсульт) профилактикасы ретінде, АСҚ монотерапиясымен салыстырғанда, артықшылығын көрсетті, 60 мг тикагрелор үшін ҚСТ 16% және ҚАТ 1.27% және 90 мг тикагрелор үшін ҚСТ 15% және ҚАТ 1.19%.
90 мг және 60 мг тиімділік бейіндері ұқсас болса да, төменірек дозаның қан кету және ентігудің даму қаупіне қатысты жақсы жағымдылығы мен қауіпсіздік бейіні бар екені туралы деректер бар. Қолда бар деректерге байланысты, анамнезінде МИ бар және атеротромбоз құбылыстарының даму қаупі жоғары пациенттерде атеротромбоз құбылыстарының (жүрек-қантамыр ауруларынан, миокард инфарктісінен және инсульттен болатын өліммен аяқталу оқиғасы) профилактикасы үшін АСҚ-мен біріктірілімде күніне екі рет 60 мг дозадағы Брилинта ғана ұсынылады.
АСҚ монотерапиясымен салыстырғанда, тикагрелорды күніне екі рет 60 мг дозада қабылдау ЖҚА, миокард инфарктісі және инсульттен болатын өлімге ұшырау құбылыстарының бастапқы біріктірілген соңғы нүктесін едәуір төмендетеді. Компоненттерінің әрқайсысы бастапқы құрамдас соңғы нүктенің төмендеуіне ықпал етеді (ҚСТ 17% ЖҚА, ҚСТ 16% МИ және ҚСТ 25% инсульт).
1-ден 360 күнге дейінгі (17% ҚСТ) және 361 күннен бастап және одан әрі (16% ҚСТ) бастапқы біріктірілген соңғы нүкте үшін ҚСТ бірдей болды. Тикагрелордың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы 3 жылдан астам ұзақ емдеудің шектеулі деректері бар.
МИ алудан кейін 2 жылдан астам немесе АДФ тежегішімен алдыңғы емдеуді тоқтатудан кейін бір жылдан көп уақыт ішінде клиникалық тұрақты пациенттерде тикагрелорды күніне екі рет 60 мг дозада қабылдау кезіндегі пайдасы туралы ешқандай дәлелдер жоқ (ЖҚА, миокард инфарктісі және инсульттен болатын өліммен аяқталу оқиғаларының бастапқы біріктірілген соңғы нүктесінің төмендеуі болмады, бірақ ауқымды қан кету жиілігінің артуы байқалды).
Клиникалық қауіпсіздігі
Қан кету мен ентігудің дамуына байланысты 60 мг дозада тикагрелор қабылдауды тоқтату жиілігі 75 жастан асқан пациенттерде (42%), олардан жас пациенттерге қарағанда, жоғары болды (диапазон: 23-31%), 75 жастан асқан пациенттерде, плацебомен салыстырғанда, айырмасы 10%-дан артық (29% қарсы 42%) болды.
Балалар
Қатар топтарда жүргізілген III фазадағы рандомизацияланған салыстырмалы жасырын зерттеу (HESTIA 3) барысында орақ пішіндес-жасушалы анемиясы бар 193 бала (2-ден 18 жасқа дейінгі аралықта) плацебо немесе тәулігіне екі рет (дене салмағына қарай) 15-45 мг дозаларда тикагрелор қолдану тобына рандомизацияланған. Тикагрелормен ем кезінде тромбоциттердің тежелу дәрежесі дозаны қабылдауға дейін 35%, ал тепе-тең жағдайда одан кейінгі екі сағаттан соң 56% құрады.
Вазоокклюзиялық криздердің жиілігін төмендетуде плацебо алдындағы тикагрелор артықшылығы анықталмады.
Еуропалық дәрілік заттар агенттігі анамнезінде жедел коронарлық синдромдары (ЖКС) және миокард инфарктісі (МИ) болған балалар қауымының барлық қосалқы топтарында Брилинта препаратымен зерттеулердің нәтижелерін ұсыну міндеттемесінен бас тартты (педиатрияда қолдану туралы ақпарат алу үшін 4.2 бөлімін қараңыз).