Дозалау режимі
Ересектер үшін ұсынылатын дозасы (егде адамдарды қоса алғанда)
Ұсынылатын доза зақымданған көзге (көздерге) шамамен 12 сағат аралықпен күніне 2 рет 1 тамшыны құрайды.
Балаларда қолдану
Бримонидин тартраты/тимолол малеаты біріктірілімінің 2 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердегі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, сондықтан оны 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы және жас пациенттер арасында қауіпсіздік пен тиімділік көрсеткіштерінде айырмашылықтар байқалған жоқ.
Бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр немесе бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде бримонидин тартраты/тимолол малеаты біріктірілімін қолдану зерттелмеген. Сондықтан мұндай пациенттерді емдеген кезде сақтық таныту керек.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат тек жергілікті офтальмологиялық қолдануға арналған және конъюнктивалық қалтаға тамызатын тамшылар түрінде қолданылады. Пайдаланар алдында құтыны жақсылап сілкілеңіз.
Препаратты қолданғаннан кейін жүйелі жағымсыз әсерлердің даму қаупін азайту үшін препарат инстилляциясынан кейін көздің ішкі бұрышындағы көз жасы қалталарының проекциялық аймағын 1–2 минут бойы саусақпен ақырын басу ұсынылады – бұл препараттың жүйелі сіңірілуін төмендетеді.
Басқа жергілікті офтальмологиялық препараттармен бірге қолданған жағдайда оларды қолдану аралығы 5 минуттан кем болмауы тиіс.
Тамшылатқыш құты мен оның ішіндегісі ластануына жол бермеу үшін тамшылатқыш құтының ұшын қабаққа немесе кез-келген беткейге тигізбеу керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Егер пациент препаратты тамызуды ұмытып кетсе, бұл жағдайда ол препаратты мүмкіндік болған кезде дереу тамызуы тиіс. Егер келесі дозаның уақыты келіп қалса, өткізіп алған дозаны қабылдамайды және ем әдеттегі дозалау режиміне сәйкес жалғасады. Пациентке өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін препараттың екі еселенген дозасын қабылдаудың қажеті жоқ.
Дәрілік препарат стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Бримонидин тартраты / тимолол малеаты біріктірілімін клиникалық зерттеулер кезінде келесі жағымсыз реакциялар туралы хабарланды:
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі: конъюнктива гиперемиясы, ашыту сензімі
Жиі: көздегі ашыту сезімі, аллергиялық конъюнктивит, мөлдір қабықтың эрозиясы, беткейлік нүктелі кератит, көздердің қышынуы, конъюнктивалық фолликулез, көрудің бұзылуы, блефарит, эпифора, көздің құрғауы, көзден бөліністер, көздердің ауыруы, көздердің тітіркенуі, бөгде денені сезіну
Жиі емес: көру өткірлігінің нашарлауы, конъюнктиваның ісінуі, фолликулалық конъюнктивит, аллергиялық блефарит, конъюнктивит, шыны тәрізді дененің күңгірттенуі, астенопия, фотофобия, папиллярлық гипертрофия, қабақтардың ауыруы, конъюнктиваның бозаруы, мөлдір қабықтың ісінуі, мөлдір қабықтың инфильтраттары, шыны тәрізді дененің ажырауы
Психика тарапынан бұзылулар
Жиі: депрессия
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі: ұйқышылдық, бас ауыруы
Жиі емес: бас айналуы, естен тану
Жүрек тарапынан бұзылулар
Жиі емес: жүректің іркілісті жеткіліксіздігі, жүрек қағуы
Тамырлар тарапынан бұзылулар
Жиі: гипертония
Тыныс алу, көкірек қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар
Жиі емес: ринит, мұрынның құрғауы
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Жиі: ауыздың құрғауы
Жиі емес: дәмнің бұзылуы, жүрек айнуы, диарея
Тері және тері асты шелмайы тарапынан бұзылулар
Жиі: қабақтың ісінуі, қабақтың қышуы, қабақ эритемасы
Жиі емес: аллергиялық жанаспалы дерматит
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы жай-күйлер
Жиі: астениялық жай-күй
Бримонидин тартраты / тимолол малеаты біріктірілімі сатылымға түскен уақыттан бастап дәрілік заттарға келесі жағымсыз реакциялар туралы хабарланды:
Көз аурулары
Белгісіз: көздің бұлдырауы
Жүрек тарапынан бұзылулар
жиілігі белгісіз: аритмия, брадикардия, тахикардия
Тамырлар тарапынан бұзылулар
Белгісіз: гипотония
Тері және тері асты шелмайы тарапынан бұзылулар
Белгісіз: бет эритемасы
Белсенді заттардың бірін қолданғанда байқалған және бримонидин тартраты/тимолол малеаты біріктірілімін қолданғанда да ықтимал деп күтуге болатын қосымша жағымсыз реакциялар:
Бримонидин
Көз аурулары: ирит, иридоциклит (алдыңғы увеит), миоз
Психикалық бұзылыстар: ұйқысыздық
Тыныс алу, көкірек қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар: жоғарғы тыныс алу жолдары тарапынан симптомдар, ентігу
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: асқазан-ішек симптомдары
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы жай-күйлер: жүйелі аллергиялық реакциялар
Тері және тері асты шелмайы тарапынан бұзылулар: эритеманы қоса, тері реакциялары, беттің ісінуі, қышыну, бөртпе және тамырлардың кеңеюі
Бримонидинді туа біткен глаукоманы емдеу аясында қолданған жағдайларда бримонидин қабылдайтын жаңа туған нәрестелер мен сәбилерде (2 жастан кіші) естен тану, летаргия, ұйқышылдық, артериялық гипотензия, гипотония, брадикардия, гипотермия, цианоз, бозару, тыныс алудың бәсеңдеуі және апноэ сияқты бримонидиннің артық дозалану симптомдары туралы хабарланды.
Тимолол
Басқа да жергілікті қолданылатын офтальмологиялық препараттар сияқты, осындай біріктірілімі бар препараттар (бримонидин тартраты/тимолол малеаты) жүйелі қан ағымына сіңеді. Тимололдың сіңірілуі жүйелі бета-блокаторларды қолданған кездегі сияқты жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін.
Жергілікті офтальмологиялық қолданудан кейінгі жүйелі жағымсыз реакциялардың жиілігі жүйелі қолданумен салыстырғанда төмен. Жүйелі сіңірілуді азайту үшін «Қолдану жөніндегі нұсқаулар» бөлімін қараңыз.
Офтальмологиялық бета-блокаторларды қолданғанда байқалған және бримонидин тартраты/тимолол малеаты біріктірілімін қолданған кезде туындауы ықтимал қосымша жағымсыз реакциялар төменде келтірілген:
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: ангионевроздық ісінуді, есекжемді, оқшауланған және жайылған бөртпені қоса, жүйелі аллергиялық реакциялар, қышыну, анафилаксиялық реакциялар
Метаболизм тарапынан бұзылулар: гипогликемия
Психика тарапынан бұзылулар: ұйқысыздық, түнгі қорқыныштар, жадыны жоғалту, елестеулер
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: мидағы қанайналымның бұзылуы, ми ишемиясы, миастения белгілері мен симптомдарыны күшеюі, парестезиялар
Көз аурулары: кератит, фильтрациялық операциядан кейін тамырлы қабықтың ажыруауы, мөлдір қабық сезімталдығының төмендеуі, мөлдір қабықтың эрозиясы, птоз, диплопия
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар: кеуденің ауыруы, ісінулер, атриовентрикулярлық блокада, жүректің тоқтауы, жүрек жеткіліксіздігі
Тамырлар тарапынан бұзылулар: Рейно феномені, аяқ-қолдың мұздауы
Тыныс алу, көкірек қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар: бронх түйілуі (негізінен бұрыннан бронх түйілу аурулары бар пациенттерде), ентігу, жөтел
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: диспепсия, іштің ауыруы, құсу
Тері және тері асты шелмайы тарапынан бұзылулар: алопеция, псориаз түріндегі бөртпе немесе псориаздың өршуі, тері бөртпесі
Қаңқа-бұлшықет жүйесі және дәнекер тіні тарапынан бұзылулар: миалгия
Репродуктивтік жүйе және сүт бездері тарапынан бұзылулар: сексуалдық дисфункция, либидоның төмендеуі
Жалпы бұзылулар және енгізу орнындағы жай-күйлер: қажу
Құрамында фосфаттар бар көзге тамызатын дәрілерді қолданған кезде тіркелген жағымсыз рекациялар:
Мөлдір қабықтың елеулі зақымдануы бар кейбір пациенттерде құрамында фосфаттар бар көзге тамызатын дәрілерді қолданумен байланысты мөлдір қабықтың кальцификациялану жағдайлары туралы өте сирек хабарланды.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz