Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые оболочкой
Дозасы
8 мг
Саудалық атауы
Бромгексин 8 Берлин-Хеми
Әсер етуші зат
Бромгексин
Мақсаты
Шығарылуы қиын қақырықпен қатар жүретін, бронх пен өкпенің жедел және созылмалы аурулары кезіндегі секреторлық ем
Өндіруші
Берлин - Хеми АГ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 8 мг бромгексин гидрохлориді,
қосымша заттар: жүгері крахмалы, лактоза моногидраты, магний стеараты, желатин, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы
қабықтың құрамы: сахароза, кальций карбонаты, жеңіл магний карбонаты, тальк, макрогол 6000, глюкоза шәрбаты (құрғақ затқа шаққанда), титанның қостотығы (Е 171), повидон К25, карнауб балауызы, хинолинді сары (Е 104).
Сыртқы түрінің, иісінің және дәмінің сипаттамасы
Екі беті сәл дөңес, ақ дерлік түсті ядросы бар, сары түстен жасыл-сары түске дейінгі қабықпен қапталған таблеткалар.
- шығарылуы қиын қақырықпен қатар жүретін, бронх пен өкпенің жедел және созылмалы аурулары кезіндегі секреторлық ем
Бромгексин өсімдік тектес әсер етуші зат вазициннің синтетикалық туындысы болып табылады. Ол секретолитикалық әсерге ие және секреттің бронхтардан шығарылуына ықпал етеді. Жануарларға жүргізілген эксперименттер бұл препараттың бронх секретіндегі серозды компоненттің үлесін жоғарлататынын көрсетті. Бұл қақырықтың шығарылуын оның тұтқырлығын төмендету және кірпікшелі эпителий жұмысын күшейту арқылы жеңілдетеді.
Бромгексинді қабылдау аясында қақырықта және бронх секретінде амоксициллин, эритромицин және окситетрациклин антибиотиктерінің концентрациясының артуы байқалады. Осы әсерінің клиникалық мәні айқындалмаған.
Дозалау режимі
Ересектер Бромгексин 8 Берлин-Хеми 1-2 таблеткасын күніне 3 рет қабылдайды (бұл күніне 24-48 мг бромгексин гидрохлоридіне сәйкес).
Дене салмағы 50 кг-ден төмен пациенттер Бромгексин 8 Берлин-Хеми 1 таблеткасын күніне 3 рет қабылдайды (бұл күніне 24 мг бромгексин гидрохлоридіне сәйкес).
Бромгексин 8 Берлин-Хемиді бауыр функциясының бұзылуы немесе күрделі бүйрек аурулары кезінде қолдану айрықша сақ болуды қажет етеді (бромгексинді аз дозада немесе ұзағырақ аралықпен қолдану керек).
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Қабықпен қапталған таблеткалар тамақтанудан кейін, көп мөлшердегі сұйықтықпен (мысалы, бір стақан су) қабылданады.
Емдеу ұзақтығы аурудың көрсетілімдері мен ағымына сәйкес жекелей анықталады. Бромгексин 8 Берлин Хемиді дәрігермен кеңеспей 4-5 күннен артық қабылдауға болмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алу үшін жүгіну ұсынылады
Дәрілік препарат стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар
Жиі емес
• жүрек айнуы, іштің ауыруы, құсу, диарея
• қызба
Сирек
• тыныс алу жолдарының түйілуі (бронх түйілуі)
• аса жоғары сезімталдық реакциялары
• бөртпе, есекжем
Белгісіз
• анафилаксиялық шокты қоса, анафилаксиялық реакциялар
ангионевроздық ісіну және қышыну
• ентігу (аса жоғары сезімталдық реакциясының белгілері ретінде)
• терінің ауыр жағымсыз реакциялары (мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы/уытты эпидермальді некролиз және жедел жайылған экзантематозды пустулезді қоса).
Жоғары сезімталдық реакциялары, анафилаксиялық реакциялар немесе теріде және шырышты қабықтарда қандай да бір өзгерістер пайда болған кезде, Бромгексин 8 Берлин-Хемиді қабылдауды дереу тоқтату және дәрігерге жүгіну керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша ақпарат
• бромгексинге немесе препараттың кез келген компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
• галактоза немесе фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы, сахараза-изомальтазаның тұқым қуалайтын жеткіліксіздігі
• лактация кезеңі
• 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Симптомдары
Адамда қауіп төндіретін артық дозалану жағдайлары қазіргі уақытқа дейін белгісіз.
Артық дозалану жағдайларының зерттеуі жарияланған, соған сәйкес бромгексинмен артық дозалануының 25 жағдайының 4-еуінде құсу байқалған, ал үш балада құсу, сондай-ақ сананың жоғалуы және көмескіленуі, атаксия, диплопия, жеңіл метаболизмдік ацидоз және тахипноэ сияқты құбылыстар байқалған. 40 мг дейін бромгексин қабылдаған балаларда осы заттарды организмнен шығару шаралары жүргізілмесе де симптомдары болған жоқ.
Препараттың адамдағы созылмалы уытты әсері туралы деректер жоқ.
Емі
Едәуір артық дозаланудан кейін қан айналымын бақылау, және қажет болса симптоматикалық емдік шаралар қолданылады. Бромгексиннің төмен уыттылығына байланысты сіңуін төмендету немесе оның шығарылуын жеделдетуге қатысты барынша инвазиялық шараларға әдетте қажеттілік туындамайды. Одан басқа фармакокинетикалық ерекшеліктерімен байланысты (үлкен таралу көлемі, баяу қайта таралу үдерістері және ақуыздармен айтарлықтай байланысуы) диализ және қарқынды диурез заттың организмнен шығарылуына айтарлықтай әсер көрсетпейді.
2 жастан асқан балаларда, әдетте, айтарлықтай дозаны қабылдағаннан кейін де, жеңіл симптомдар байқалатындықтан, бромгексин гидрохлоридін 80 мг дейін (яғни, 8 мг-ден 10 таблетка) қабылдаған кезде оны организмнен шығару бойынша шаралардың қажеттілігі жоқ; кіші жастағы балалар үшін бұл шектеу 60 мг бромгексин гидрохлоридін (дене салмағының 6 мг/кг) құрайды.
Тері реакциялары
Бромгексинді қолданумен байланысты – мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы (СДС)/уытты эпидермальді некролиз (УЭН) және жедел жайылған экзантематозды пустулез (ЖЖЭП) сияқты ауыр тері реакциялары туралы хабарламалар бар. Тері бөртпесінің үдеу симптомдары немесе белгілері (кейде күлдіреуікпен немесе шырышты қабық зақымдануларымен) болғанда бромгексинмен емдеуді дереу тоқтату және дәрігер кеңесіне жүгіну керек.
Арнайы ескертулер
Асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы
Егер сіз асқазан немесе 12 елі ішектің ойық жарасымен зардап шегетін (немесе бұрын зардап шексеңіз) болсаңыз, Бромгексин 8 Берлин-Хемиді қабылдауға болмайды, өйткені бромгексин асқазан-ішек жолы шырышты қабығының бөгегіш функциясына әсер етуі мүмкін.
Өкпе және тыныс алу жолдары
Бромгексин 8 Берлин-Хеми препаратын бронх моторикасының бұзылуы және шырыш секрециясының күшеюі (мыс., алғашқы цилиарлы дискинезия [кірпікшелер дискинезиясы] сияқты сирек кездесетін ауруда) бар пациенттер қолданғанда секреттің жинақталуы мүмкіндігіне байланысты сақтық шараларын сақтау қажет.
Бауыр және бүйрек тарапынан бұзылулар
Бауыр функциясының бұзылуы кезінде немесе күрделі бүйрек ауруларында ерекше сақтық шараларын сақтау керек (бромгексинді төмен дозада немесе ұзақ аралықпен қабылдау керек).
Бүйректің ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі кезінде бауырда түзілетін бромгексин метаболиттері жинақталуы мүмкін.
Әсіресе ұзақ уақыт емделген кезде бауыр функциясын мезгіл-мезгіл бақылап тұру ұсынылады.
Лактоза, глюкоза, сахароза
Бұл препарат құрамында лактоза, глюкоза және сахароза бар. Осыған байланысты ол фруктозаны жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы сияқты тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге немесе организмінде сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігімен пациенттерге қолдануға болмайды.
Хинолинді сары
Хинолинді сары бояғыш (E104) дәрілік препарат қабығының құрамына кіреді, нәтижесінде 18 жасқа дейінгі балаларда қолдануға тыйым салынады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бромгексин 8 Берлин-Хеми көлік құралын басқару және пайдалану қабілетіне әсер етпейді немесе елеусіз әсер етеді
Жүктілік
Осы уақытқа дейін бромгексинді жүктілік кезінде қолдану тәжірибесі болмаған; демек Бромгексин 8 Берлин-Хеми препаратын жүкті әйелдерге пайдасы және қаупін дәрігермен мұқият бағалағаннан кейін ғана қолдануға жол беріледі; жүктіліктің бірінші триместрінде қолдану ұсынылмайды.
Бала емізу
Әсер етуші заты ана сүтімен бөлінетіндіктен, лактация кезінде Бромгексин 8 Берлин-Хемиді қолдануға жол берілмейді.
Бромгексин 8 Берлин-Хемиді жөтелге қарсы препараттармен үйлесімде қолданған кезде жөтел рефлексінің басылуына байланысты секреттің қауіпті жинақталуы болуы мүмкін – сондықтан препараттардың осындай біріктірілімін тағайындаған кезде ерекше мұқият тексеру қажет.
Асқазан-ішек жолдарының тітіркену симптомдарын туындататын препараттарды бір мезгілде қабылдағанда, АІЖ шырышты қабығын тітіркендіретін әсері күшеюі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.