Арнайы сақтандырулар
Етеккіралдылық синдромды және сүт бездерінің қатерсіз жаңа түзілімдерін емдеуде бромокриптиннің тиімділігі туралы дәлелдер жеткіліксіз. Демек, осындай патологиясы бар пациенттерде Бромокриптин-Рихтер препаратын қолдану ұсынылмайды.
Егер бромокриптин гиперпролактинемиямен байланысы жоқ жай-күйдегі әйелдерге тағайындалса, препаратты симптомдарды жеңілдету үшін қажетті ең аз тиімді дозада қабылдау керек. Ондай сақтық шарасы қан плазмасындағы пролактин мөлшерінің қалыптан төмен деңгейге дейін, содан кейін сары дене функциясының бұзылуымен қатар ықтимал болатын тежелуін болдырмау үшін қажет.
Асқазан-ішек жолына әсері
Асқазан-ішек жолынан қан кетудің және асқазан ойықжарасының бірнеше жағдайлары туралы хабарламалар алынды. Ондай жағдайларда бромокриптинді тоқтату керек. Асқазанның және он екі елі ішектің ойықжаралы ауруының белгілері бар немесе анамнезінде ұқсас ауруы бар пациенттерге емдеу кезінде мұқият мониторинг қажет.
Босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдер
Босанғаннан кейінгі кезеңде лактацияны бәсеңдету үшін бромокриптин қабылдаған әйелдерде елеулі жағымсыз құбылыстар, оның ішінде артериялық гипертензия, миокард инфарктісі, құрысулар, инсульт немесе психикалық бұзылулар сирек тіркелді. Жекелеген пациенттерде құрысулардың немесе инсульттің дамуына бастың қатты ауыруы және/немесе көрудің өткінші бұзылуы себеп болған. Артериялық қысымды мұқият бақылау керек, негізінен препаратты қабылдаудың алғашқы күндерінде. Артериялық гипертензия, жүрек ауруын көрсететін кеуденің ауыруы, басттың ауыр, үдемелі немесе үздіксіз ауыруы (көру қабілетінің бұзылуымен немесе онсыз) немесе орталық жүйке жүйесінің уытты зақымдану белгілері пайда болған жағдайда бромокриптинмен емдеуді тоқтатып, пациентті дереу тексеру керек.
Қатарлас ем алатын немесе таяуда артериялық қысымды өзгерте алатын препараттарды қабылдаған пациенттерге ерекше назар аудару қажет, мысалы, симпатомиметиктер немесе эргометрин немесе метилэргометринді қоса алғанда, қастауыш алколоидтары сияқты қантамырларды тарылтатын препараттар. Бромокриптин мен осы препараттар арасындағы өзара әрекеттесудің айқын дәлелдерінің болмауына қарамастан, оларды босанғаннан кейінгі кезеңде бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Пролактин-секрециялайтын аденомалар
Гипофиздің макроаденомалары бар пациенттерде гипофиз тінінің қысылуына немесе бұзылуына байланысты қатарлас гипопитуитаризм байқалуы мүмкін болғандықтан, гипофиздің функциялық жай-күйіне толық бағалау жүргізу және бромокриптин тағайындалғанға дейін талапқа сай алмастыру емін тағайындау қажет. Бүйрекүстібез функциясының салдарлық жеткіліксіздігі бар пациенттерде кортикостероидтармен алмастыру емін тағайындау міндетті болып табылады.
Гипофиздің макроаденомалары бар пациенттерде ісік өлшемінің өзгеруін мұқият бақылау керек және ісіктің өсу белгілері болған кезде хирургиялық операцияларды жасау орындылығын қарастырған жөн.
Егер аденомасы бар паиентте бромокриптин қабылдағаннан кейін жүктілік дамыса, пациентті мұқият бақылау міндетті болып табылады. Пролактин секрециялайтын аденомалар жүктілік кезінде өлшемі үлкеюі мүмкін. Ондай пациенттерде бромокриптинмен емдеу көбінесе ісік өлшемінің кішіреюіне және тарылған көру өрісінің тез қалпына келуіне әкеледі. Ауыр жағдайларда көру немесе бассүйек-мидың басқа жүйкелерінің қысылуы гипофизге шұғыл хирургиялық операция жасауды талап етуі мүмкін.
Көру өрістерінің бұзылуы макропролактиноманың белгілі асқынуы болып табылады. Бромокриптинмен тиімді емдеу ісік өлшемінің кішіреюін және гиперпролактинемияның айқындылығын, көбінесе көру қабілетінің бұзылуын туындатады. Дегенмен, кейбір пациенттерде пролактин деңгейінің қалыпқа келуіне және ісік өлшемінің кішіреюіне қарамастан, көру өрісінің салдарлық нашарлауы дамуы мүмкін, бұл төмен қарай жартылай бос түрік ершігіне тартылатын көру жүйкелері айқасуының тартып созылуының нәтижесі болуы мүмкін.
Бұл жағдайларда пролактин деңгейінің біршама жоғарылауына және ісіктің қайталап үлкеюіне қарамастан, көру өрісінің ақауы азайтылған дозада бромокриптинді қабылдау аясында төмендеуі мүмкін. Осылайша, жарықтың пайда болуына және бромокриптиннің дозасын жекелей таңдауға байланысты көру өрістерінің салдарлық жойылуын ерте анықтау үшін макропролактиномасы бар пациенттерде көру өрістерін мониторингілеу ұсынылады.
Бромокриптинмен ем алған пролактин-секрециялайтын аденомалары бар кейбір пациенттерде ми-жұлын сұйықтығының ринореясы байқалған. Қолда бар деректер бұл құбылыс ісік өлшемінің инвазиялық өсуімен қатар кішіреюі нәтижесінде пайда болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Паркинсон ауруы
Бромокриптин қабылдаған пациенттерде плевра қуысындағы және перикард қуысындағы жалқықтың жекеленген жағдайлары, сондай-ақ плевра мен өкпе фиброзы және констриктивті перикардит туралы хабарланды. Беймәлім плевропульмональдық бұзылыстары бар пациенттерді мұқият тексеріп, қажет болған жағдайда бромокриптинмен емдеуді тоқтату керек.
Бромокриптин қабылдаған бірнеше пациенттерде, әсіресе жоғары дозаларда немесе ұзақ уақыт бойы ретроперитонеальдіқ фиброздың дамығаны туралы хабарланды. Ретроперитонеальдік фиброзды ерте қайтымды кезеңде уақтылы тану үшін пациенттердің осы санатында оның көріністерін (арқаның ауырыу, аяқ-қолдың ісінуі, бүйрек функциясының бұзылуы сияқты) қадағалау ұсынылады.
Бромокриптинді ішперде артындағы кеңістіктегі диагностикаланатын немесе күмәнді фиброзданатын өзгерістер болғанда тоқтату керек.
Кенеттен ұйықтап қалу эпизодтары
Әсіресе емдеудің алғашқы бірнеше күнінде зейін қоюдың төмендеуіне әкелетін гипотензиялық реакциялар байқалуы мүмкін болғандықтан, көлік құралын жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу кезінде аса сақ болу керек.
Бромокриптинді қолдану ұйқышылдықпен және кенеттен ұйықтап қалу эпизодтарымен бірге, әсіресе Паркинсон ауруы бар пациенттерде байқалуы мүмкін. Күндізгі белсенділік кезінде, кейбір жағдайларда қандай да бір алдын ала белгілерсіз немесе ескертуші белгілерсіз кенеттен ұйықтап кету туралы өте сирек хабарланған. Пациенттер ондай құбылыстың болу ықтималдылығы туралы хабардар етілуі және бромокриптинмен емдеу кезінде көлік құралдарын жүргізуден немесе механизмдермен жұмыс істеуден бас тарту қажеттілігі туралы хабардар етілуі тиіс.
Ұйқышылдық және/немесе кенеттен ұйықтап қалу көріністері байқалған пациенттер көлік құралдарын жүргізуден немесе механизмдермен жұмыс істеуден бас тартуы тиіс. Бұдан басқа дозаны төмендету немесе емді тоқтату дұрыстығы туралы қарастырылуы керек.
Құштарлықтарды бақылау бұзылысы
Пациенттерді олардағы құштарлықтарды бақылау бұзылысы дамуына ұдайы қадағалау керек. Пациенттер және оларға күтім жасаушы адамдар дофамин агонистерімен (оның ішінде Бромокриптин-Рихтер препараты) ем қабылдайтын пациенттерде құмар ойындарына патологиялық әуестік, жыныстық құштарлықтың жоғарылығы, аса жоғары сексуалдылық, патологиялық ысырапшылдық немесе сатып алуға құмарлық, ұдайы тамақтануды қажетсіну және бақыланбайтын тойып жеуді қоса, құштарлықтарды бақылау бұзылысының мінез-құлықтық симптомдары даму мүмкіндігі туралы хабардар болуы тиіс. Осыған ұқсас симптомдар дамыған жағдайда дозаны төмендету/біртіндеп емді тоқтату дұрыстығы туралы қарастырылуы керек.
Балалар мен жасөспірімдерде қолдану (7-ден 17 жасқа дейін)
Балаларда бромокриптинді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі тек пролактинома мен акромегалия үшін — 7 жастан асқан пациенттерде анықталды. 7 жасқа дейінгі балаларда бромокриптинді қолдану жөніндегі деректер бірікпеген. Алайда, жағымсыз құбылыстар туралы тіркеуден кейінгі хабарламаларды қоса алғанда, басқа клиникалық деректерге сәйкес ересектер мен жасөспірімдер немесе балалар арасында препаратты көтеруде айырмашылық анықталған жоқ. Бромокриптин қабылдаған балаларда жағымсыз реакциялар бейінінде айырмашылықтардың болмауына қарамастан, балаларда жоғары сезімталдық ықтималдылығын жоққа шығаруға болмайды, сондықтан ондай пациенттерде дозаны титрлеу керек.
Егде жастағы пациенттер
Бромокриптиннің клиникалық зерттеулері егде жастағы және одан жоғары жастағы пациенттер арасында жауапта айырмашылықтардың бар-жоғын анықтау үшін 65 жастан асқан пациенттердің жеткіліксіз санын қамтыды. Алайда, жағымсыз құбылыстар туралы тіркеуден кейінгі хабарламаларды қоса алғанда, басқа клиникалық деректерге сәйкес егде жастағы пациенттерде 65 жасқа дейінгі пациенттермен салыстырғанда жауапта немесе көтерімділікте айырмашылық анықталған жоқ.
Бромокриптин қабылдаған егде пациенттерде жағымсыз құбылыстардың тиімділігі мен бейінінде айырмашылықтардың болмауына қарамастан, кейбір егде пациенттерде жоғары сезімталдық ықтималдылығын жоққа шығаруға болмайды. Жалпы, егде жастағы пациенттер үшін дозаны таңдауда ең төменгі дозалардан бастап сақтықпен қарау керек, өйткені бұл популяцияда бауыр, бүйрек немесе жүрек функциясының бұзылуы, қатарлас аурулар немесе қатарлас препараттарды қабылдау жиілігі жоғары.
Бауыр функциясының жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде препараттың шығарылу жылдамдығы баяулауы мүмкін, ал оның қан плазмасындағы деңгейі жоғарылауы мүмкін, бұл препараттың дозасын түзетуді талап етеді.
Қосымша заттар
Бромокриптин-Рихтер таблеткаларының құрамында лактоза моногидраты бар. Бұл препаратты галактоза жақпаушылығы, толық лактазалық жеткіліксіздік немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қабылдауға болмайды.