Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки
Дозасы
30 мг
Саудалық атауы
Бронолак
Әсер етуші зат
Амброксол
Мақсаты
Секреция бұзылуымен және қақырықтың қиын шығуымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларын секретолитикалық емдеуде
Өндіруші
"Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Ел
Турция
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 30 мг амброксол гидрохлориді,
қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза, повидон К25, коллоидты кремнийдің қостотығы, тальк, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек, екі беті дөңес, ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.
Секреция бұзылуымен және қақырықтың қиын шығуымен сипатталатын жедел және созылмалы бронх-өкпе ауруларын секретолитикалық емдеуде.
Жөтел және суық тию аурулары кезінде қолданылатын препараттар. Экспекторанттар, жөтелді бәсеңдететін біріктірілімді қоспағанда. Муколитиктер. Амброксол.
АТХ коды R05CB06
Әсер ету механизмі
Препараттың белсенді заты амброксол гидрохлориді, муколитикалық және қақырық түсіретін әсерге ие. Ол тыныс алу жолдары бездерінің секрециясын күшейтеді. Амброксол өкпе сурфактанттының өндірісін күшейтеді және цилиарлық белсенділігін стимулияциялайды, нәтижесінде шырыштың бөлінуі және шығуы жеңілдейді (мукоцилиарлық клиренс). Шырышты секрецияны белсендіру және мукоцилиарлық клиренстің жоғарылауы қақырықтың шығуын жақсартады және жөтелді жеңілдетеді.
Амброксол гидрохлоридінің жергілікті жансыздандыратын әсері қоян көзінің моделіне жүргізілген зерттеулерде байқалды және натрий өзекшелерінің бөгелуімен байланысты болуы мүмкін. In vitro жағдайында амброксол гидрохлориді қайтымды және дозаға тәуелді клондалған нейрондық натрий өзекшелерін бөгейді.
Жоғарғы тыныс жолдары ауруларын емдеу кезінде ауыру мен жайсыздықты тез басуға әкелетін амброксол гидрохлоридінің фармакологиялық қасиеттері, ингаляциялық қолдану кезінде амброксол тиімділігі клиникалық зерттеулерде алынған бақылауларға сәйкес келеді.
Амброксол гидрохлориді әсерінен in vitro зерттеулерде қан айналымындағы және тіндік мононуклеарлы және полиморфонуклеарлы жасушалардан цитокиндердің босауы айтарлықтай азаяды.
Клиникалық зерттеулерде тамақ ауруы бар пациенттерде тамақ ауруы мен қызаруы айтарлықтай төмендегені байқалды.
Дозалау режимі
Препараттың орташа тәуліктік дозасы 60-120 мг құрайды, 2 қабылдауға бөлінген (1-2 таблеткадан тәулігіне 2 рет, таңертең және кешке).
Әдетте, препаратты 60 мг тәуліктік дозада қабылдайды: 1 таблеткадан (30 мг) тәулігіне 2 рет.
Қажет болса, емдік әсерді күшейту үшін препаратты 120 мг тәуліктік дозада қабылдауға болады: 2 таблеткадан (60 мг) тәулігіне 2 рет.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығын дәрігер жеке анықтайды және аурудың ауырлығына байланысты. Препаратпен емдеу кезінде жедел бронх ауруларының белгілері сақталса немесе нашарлаған жағдайда дәрігермен кеңесу керек.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану
Препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.
Енгізу тәсілі мен жолы
Препарат ересектерге ішке қабылдауға арналған. Таблеткалар тамақтану кезінде немесе кейін сұйықтықпен қабылданады.
- амброксол гидрохлоридіне немесе препараттың басқа қосымша компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар.
Жағымсыз реакциялар жиілігінің параметрлері былайша анықталады: өте жиі (≥ 1/10); жиі (≥ 1/100, бірақ < 1/10); жиі емес (≥ 1/1000, бірақ < 1/100); сирек (≥ 1/10000, бірақ < 1/1000); өте сирек (< 1/10000); жиілігі белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалануы мүмкін емес).
жиі - жүрек айну
жиі емес - құсу, диспепсия, диарея және іштің ауыруы.
сирек - аса жоғары сезімталдық реакциялары, бөртпе*, есекжем*
өте сирек - бас ауруы, бас айналуы
жиілігі белгісіз - анафилаксиялық шокты, ангионевроздық ісінуді және қышынуды, терінің ауыр реакцияларын (мультиформалы эритеманы, Стивенс-Джонсон синдромы/Лайелл синдромын және жайылған экзантематозды пустулезді қоса) қоса анафилаксиялық реакциялар.
* Тері және тері асты тіндері тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Адамда артық дозаланудың спецификалық симптомдары сипатталмаған. Кездейсоқ артық дозалану кезінде және/немесе қате қолдану кезінде байқалған симптомдар амброксолды ұсынылған дозаларда қолданған кезде сипатталған жағымсыз реакцияларға сәйкес келетіні анықталды.
Емі: симптоматикалық.
Ақпарат жоқ.
Арнайы ескертулер
Амброксол гидрохлоридін қолданумен байланысты мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы/Лайелл синдромы және жедел жайылған экзантематозды пустулез сияқты ауыр тері реакциялары жағдайлары туралы хабарланды. Егер тері бөртпесінің (фликтеналар немесе шырышты қабықтың зақымдануы пайда болса) өршу белгілері немесе симптомдары бар болса, препаратпен емдеуді дереу тоқтау және дәрігердің кеңесіне жүгіну керек.
Препаратты жөтелді басатын дәрілермен және/немесе секрецияны азайтатын заттармен (атропин тобы) біріктірілімі рациональді болып табылмайды.
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде амброксолдың бүйрек элиминациясына байланысты бауырда түзілетін метаболиттердің жиналуы болуы мүмкін. Сондықтан Бронолак препаратын бүйрек жеткіліксіздігі бар немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдану дәрігермен кеңескеннен кейін ғана мүмкін болады.
Балаларда қолдану
Препарат балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдануға арналмаған.
Фертильділік, жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік
Амброксол гидрохлориді плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Жануарларға жүргізілген зерттеулер тератогенді әсерлерді көрсеткен жоқ. Адамның дамуында да ақаулар күтілмейді.
Клиникалық тәжірибеде қазіргі уақытта амброксол гидрохлоридінің жүктілік кезінде қолдануда мүмкін болатын тератогендік немесе фетоуытты әсерін бағалауға арналған маңызды деректер жоқ.
Жүктіліктің 28-аптасынан кейін амброксол гидрохлоридін қолдану шаранаға теріс әсерін тигізбеді.
Алайда, сақтық шарасы ретінде препаратты жүктілік кезінде, әсіресе бірінші триместрде қолдану ұсынылмайды.
Лактация
Амброксол гидрохлориді ана сүтімен бірге шығарылады. Препараттың емшек еметін балаларға жағымсыз әсерлері күтілмегеніне қарамастан, Бронолакты лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.
Фертильділік. Фертильділікке тікелей немесе жанама теріс әсері анықталған жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Зерттеулер жүргізілген жоқ. Амброксолдың автокөлік жүргізу және механизмдерді басқарау қабілетіне әсер ету жағдайлары туралы хабарламалар жоқ.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Басқа дәрілік заттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі туралы хабарланған жоқ.
Амброксол гидрохлориді мен антибиотиктерді (амоксициллин, цефуроксим, эритромицин) бір мезгілде қолдану бронхөкпелік секрециялар мен қақырықтағы антибиотиктердің концентрациясының жоғарылауына әкеледі.
Муколитикалық және жөтелге қарсы дәрілердің фармакодинамикалық өзара әрекеттесуіне байланысты амброксол гидрохлоридін жөтелге қарсы препараттармен бір мезгілде тағайындағанда сақ болу керек, өйткені жөтелді басу нәтижесінде шырыштың жиналуы қаупі бар, сондықтан оларды амброксол гидрохлоридімен пайдалану ұсынылмайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30˚ С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.