Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Саудалық атауы
Бронхипрет® TП
Әсер етуші зат
Комбинация отхаркивающих препаратов
Мақсаты
Тыныс алу жолдарының жөтел, қақырық түзілуімен (трахеит, трахеобронхит, бронхит) қатар жүретін жедел және созылмалы қабыну ауруларын емдеуде қақырық түсіретін дәрі ретінде
Өндіруші
Роттендорф Фарма ГмбХ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
жебіршөп шөбі құрғақ экстрактісі - 160,00 мг,
наурызгүл тамыры құрғақ экстрактісі - 60,00 мг.
қосымша заттар: лактоза моногидраты, глюкоза шәрбаты (құрғақ), повидон К25, кросповидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, тальк.
қабықтың құрамы: титанның қостотығы (Е 171), тальк, хлорофиллин (Е 141), рибофлавин (Е 101), пропилен гликоль, гипромеллоза, полиакрилат дисперсиясы (30%), диметикон, бұрыш жалбызы хош иістендіргіші, натрий сахарині
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Жасыл түсті, үлбірлі қабықпен қапталған, жабыны жартылай күңгірт екі жақ беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар.
- Тыныс алу жолдарының жөтел, қақырық түзілуімен (трахеит, трахеобронхит, бронхит) қатар жүретін жедел және созылмалы қабыну ауруларын емдеуде қақырық түсіретін дәрі ретінде.
Бронхипрет ТП, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалары қақырықты түсіретін, секретолитикалық, бронхолитикалық, жөтелге қарсы және қабынуға қарсы әсер береді.
Жебіршөп (Thymi herba) шөбінің экстрактісі секретолитикалық, бронхолитикалық және қабынуға қарсы әсер береді, олар препараттағы эфир майларының және флавоноидтардың болуымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ препараттың бактерияларға қарсы әсері де айғақталды.
Наурызгүл (Primulae radix) тамыры экстрактісінің секретолитикалық қасиеттері бар, мұны наурызгүл сапониндерінің есебіне жатқызуға болады. Секретолитикалық әсеріне ас қорыту жолының сезімтал жүйке ұштарына әсер еткен кездегі рефлекторлы механизм жәрдемімен қол жеткізіледі.
Бронхипрет ТП препаратына жүргізілген рандомизацияланған плацебо-бақыланатын зерттеулерде 10 күндік емдеу кезінде өнімді жөтелетін жедел бронхиттен зардап шегіп жүрген ересек пациенттерде препараттың тиімділігі дәлелденді. Жалпы алғанда, Бронхипрет ТП препаратымен емдеу симптомдардан (жөтелу ұстамалары, бронхит ауырлығының балы) өте тез және толық қалпына келуді қамтамасыз етті, мысалы, плацебомен салыстырғанда, жөтелу ұстамаларының 1 күн ерте 50%-ға төмендеуіне мүмкіндік берді. Бронхипрет ТП препаратын пероральді түрде қолдану қауіпсіз және жағымдылығы жақсы болды.
Бронхипрет ТП препаратының қауіпсіздігі және тиімділігі жаңа туған нәрестелерде, сәбилерде және 0-ден 11 жасқа дейінгі балаларда анықталған жоқ.
Дозалау режимі
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: күніне 3 рет 1 таблеткадан.
Қолдану тәсілі
Бронхипрет® ТП, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын шайнамай, тамақтану алдында жұтқан жөн. Сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішіп қабылдау керек
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Бронхипрет® ТП, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларын күніне 3 рет қабылдайды (таңертең, түсте және кешке).
Емдеу ұзақтығы
Қолдану ұзақтығы аурудың ағымына байланысты
Емдеу курсы - 10–14 күн.
Емдеу курсы дәрігердің нұсқауы бойынша ұзартылуы немесе қайталануы мүмкін.
- препарат компоненттерінің кез келгеніне (наурызгүлге, жебіршөпке немесе Lamiaceae ерінгүлділер тұқымдасының басқа да өсімдіктеріне) аса жоғары сезімталдылықтың жоғарылауы
- 12 жасқа дейінгі балалар
Жағымсыз әсерлерді бағалау үшін келесі жиілік санаттары қолданылады:
Өте жиі (≥1 / 10)
Жиі (≥1 / 100, <1/10)
Жиі емес (≥1 / 1000, <1/100)
Сирек (≥1 / 10000, <1/1000)
Өте сирек (<1/10000)
Белгісіз (жиілікті қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес)
Өте сирек:
- аса жоғары сезімталдық реакциялары, оның ішінде ентігу, тері бөртпесі, есекжем, беттің, ауыздың және/немесе тамақтың ісінуі
Жиі емес:
- түйілулер, жүрек айнуы, құсу, диарея сияқты асқазан-ішек бұзылыстары
Аталған жағымсыз әсерлердің кез келгені пайда болған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату және одан әрі іс-қимылдың маңыздылығы мен қажеттілігін анықтай алатын дәрігерге мүмкіндігінше тезірек жүгіну қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: қатты артық дозаланғанда асқазан бұзылыстар, құсу және диарея болуы мүмкін. Артық дозаланған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтатып дәрігермен кеңесу керек.
Емі: симптоматикалық ем.
Егер аурудың симптомдары бір аптадан астам уақытқа созылса немесе тыныс алудың қиындауы, температураның жоғарылауы немесе қақырықтағы ірің немесе қанның іздері сияқты симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесіңіз.
Арнайы ескертулер
Бронхипрет® ТП, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткаларының құрамында глюкоза және лактоза бар, сондықтан тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге ұсынылмайды. Асқазаны сезімтал немесе белгілі асқазан аурулары бар пациенттерге препаратты сақтықпен қабылдау ұсынылады. Асқазан ауруларынан зардап шексеңіз, препаратты қабылдағанға дейін дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Қант диабеті бар науқастарға арналған ақпарат:
1 таблетка Бронхипрет® ТП (бір реттік доза) құрамында орта есеппен 0,02 нан бірлігі бар.
Педиатрияда қолдану
12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.
Жүктілік немесе лактация кезінде. Жүктілік және лактация кезеңінде препараттың қауіпсіздігіне қатысты клиникалық деректер жоқ болғандықтан, Бронхипрет® ТП препаратын жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлікті немесе потенциалды қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне препараттың ықпалы жөнінде мәліметтер жоқ.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Қазіргі уақытта басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі белгісіз.
Егер сіз басқа дәрілік заттарды қабылдаған немесе жақында қабылдаған болсаңыз, бұл туралы емдеуші дәрігерге хабарлаңыз.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.