Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Дозасы
7 мг
Саудалық атауы
Бронхо-Мунал®
Әсер етуші зат
Иммуностимуляторы другие
Мақсаты
Тыныс алу жолдарының жедел инфекциялар кезінде кешенді ем құрамында
Өндіруші
ОМ Фарма CA
Ел
Швейцария
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - 40.00 мг лиофилизацияланған OM 85 бактерияларының лизаты төмендегіге сәйкес:
- 7.00 мг лиофилизацияланған бактериялар лизаты:
Streptococcus (Diplococcus pneumoniae),
Haemophilus influenzae,
Klebsiella pneumoniae,
Klebsiella ozaenae,
Staphylococcus aureus,
Streptococcus pyogenes and viridans,
Streptococcus viridans,
Moraxella (Branhamella / Neisseria) catarrhalis.
- 0.084 мг сусыз пропилгаллат
- 3.030 мг сусыз натрий глутаматына сәйкес натрий глутаматы
- 40.00 мг дейін маннитол
қосымша заттар: маннитол, желатинделген крахмал, магний стеараты
капсула қабығының құрамы: индиготин (Е132), титанның қостотығы (Е 171), желатин
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өлшемі №3, көгілдір түсті корпусы және қақпақшасы бар қатты желатинді капсулалар.
Капсуланың ішіндегісі – ақ түстен сәл ақшыл-сары түске дейінгі ұсақтап түйіршіктелген ұнтақ.
• тыныс алу жолдарының жедел инфекциялар кезінде кешенді ем құрамында
• тыныс алу жолдарының қайталанатын инфекцияларының және созылмалы бронхиттің өршуінің профилактикасында
AТХ коды L03AX
Әсер ету механизмі
Бронхо-Мунал әсер ету механизмі жануарларға in vivo зерттеулерінің, адамның биологиялық материалында in vitro зерттеулерінің және ауқымды жүргізілген клиникалық зерттеулердің клиникаға дейінгі және клиникалық деректерімен бағаланды және расталды. Бронхо-Мунал бактериялардың экстрактісі жасушалық және гуморальді реакциялар арқылы жанамаланған инфекцияға (фагоцитоздың күшеюіне) спецификалық емес реакцияға ықпал етеді. В және Т жасушаларын ынталандыру және лейкоциттердің әртүрлі түрлерінен туындаған цитокиндерді индукциялау арқылы жасушалық реакция және гуморальді иммундық реакциялар IgA және IgG микробқа қарсы антиденелерінің пайда болуымен сипатталады. Қожайын-организмнің дамыған иммундық жүйесінің жағдайы тыныс алу жолдарын инфекциялардан қорғайтын "дабылға дейінгі иммундық күймен" сипатталады.
Тиімділік
2019 жылы GOLD басшылыққа алу қағидаттардың "Қабынуға қарсы препараттар" бөлімінде жарияланған Бронхо-Мунал препараты бойынша зерттеулеріне сілтеме жасай отырып, “Иммунорегуляторды пайдалануы зерттелген ӨСОА бар пациенттерде 2005 жылға дейін жүргізілген екі рандомизацияланған бақыланатын зерттеулерде ауырлықтың төмендеуі және өршу жиілігі туралы хабарланды. Осы емнің қазіргі уақытта ӨСОА демеуші ем алып жүрген пациенттерде ұзақ мерзімді әсерін бағалау үшін қосымша зерттеулер қажет” деп айтылған.
Бұл клиникалық әсерлер антибиотиктерді қабылдаудың қысқартуымен немесе бронходилататорлар сияқты басқа да емдеу әдістерінің қажеттілігімен бірге жүрді.
ӨСОА емдеудегі Бронхо-Мунал препаратының емдік әсері соңғы мета-анализдермен толықтырылды.
Балалар
Бронхо-Мунал препараты жоғарғы тыныс алу жолдарының қайталанатын инфекциясы бар балаларда және емдеу кезінде жоғарғы тыныс алу жолдарының даму қаупі бар пациенттерде тыныс алу жолдарының инфекцияларының алдын-алуда тиімді екендігі дәлелденді Созылмалы тыныс алу аурулары бар балаларда инфекциялық өршу жиілігін төмендетудегі Бронхо-Мунал препаратының тиімділігі созылмалы риносинусит, қайталанатын тонзиллит және ентігу/демікпе сияқты жағдайларда көрсетілді.
Ересектердегідей, Бронхо-Мунал препаратының жағымсыз құбылыстардағы байқалған емдік әсері антибиотиктер, жергілікті антисептиктер немесе инфекцияға қарсы дәрілер, анальгетиктер және муколитиктер сияқты қатар жүретін емнің төмендеуімен де байланысты болды.
Бронхо-Мунал препаратының жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясын емдеудегі емдік пайдасы көптеген мета-анализдермен толықтырылды.
Бронхо-Мунал® ішке қабылдауға арналған, таңертең аш қарынға қабылданады.
Егер пациент Бронхо-Мунал® қабылдауды ұмытып кетсе, оны келесі күні таңертең қабылдағаны жөн.
Дозалау режимі
Ересектер және 18 жастан асқан жасөспірімдер
Тыныс алу жолдарының инфекциялық ауруларының профилактикасы үшін үздіксіз 3 ай бойы 10 күндік курспен тәулігіне Бронхо-Мунал® препаратын 1 капсуладан тағайындайды. Мүмкіндік болған кезде емдеуді келесі әрбір 3 айдың белгілі бір күнінде бастайды, осылайша, әрбір жекелей курс арасындағы 20 күндік үзіліс қамтамасыз етіледі.
Тыныс алу жолдарының инфекциялық ауруларының жедел фазасында үздіксіз 10 - 30 күн бойы тәулігіне Бронхо-Мунал® препаратын 1 капсуладан қабылдаған жөн. Кейінгі екі ай ішінде әрбір айдың 10 күні бойы үздіксіз тәулігіне 1 капсуладан қабылдаған жөн. Курс арасында 20 күндік аралық сақталуы тиіс. Антибиотик тағайындау қажет болғанда Бронхо-Мунал® препаратын антибиотикпен қатар тағайындалатын дәрі ретінде қабылдаған жөн.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдау үшін
Тұтас капсуланы жұта алмайтын пациенттерге капсуланы ашып, ішіндегісін аз мөлшерде сумен немесе қоспамен (шай, сүт немесе шырын) араластыру ұсынылады. Капсуланың ішіндегісін абайлап араластыра отырып еріту керек. Пациенттерге қоспаны бірнеше минут бойы толық пайдалану керек және қолданар алдында оны әрдайым араластыру ұсынылады.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
18 жастан кіші балаларға беруге болмайды.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттер клиникалық сынақтарда кеңінен қамтылды және бұл пациенттерде жалпы қауіпсіздік дабылдары анықталған жоқ.
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер туралы шектеулі деректер бар. Клиникаға дейінгі уыттылық зерттеулерінде егеуқұйрықтар мен иттерде бүйрекке уытты әсер етуінің белгілері байқалмады. Сондықтан халықтың осы тобында өнімнің қауіпсіздігіне қатысты қауіптену керек емес.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер туралы шектеулі деректер бар. Клиникаға дейінгі уыттылық зерттеулерінде егеуқұйрықтар мен иттерде бауырға уытты әсер етуінің белгілері байқалмады. Сондықтан халықтың осы тобында өнімнің қауіпсіздігіне қатысты қауіптену керек емес.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Егер сізде Бронхо-Мунал® препаратын қолдану бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, дәрігерге жүгініңіз.
Дәрілік препаратты стандартты қолданған кезде байқалатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдауға тиісті шаралар
Жиі:
‒ диарея, іш қуысының ауыруы
- жөтел
- бөртпе
Жиі емес:
- аса жоғары сезімталдық реакциялары1
Белгісіз:
- ангионевроздық ісіну
‒ құсу, жүрек айну
- есекжем
‒ қызба, қажу
- бас ауыруы
1 Жағымсыз реакцияларды сипаттау үшін ұсынылатын келесі терминдер: эритематозды бөртпе, жайылған бөртпе, эритема, ісіну, қабақтың ісінуі, беттің ісінуі, шеткері ісіну, қышыну, жайылған қышыну, ентігу қамтылған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
- белсенді затқа немесе препараттың қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
‒ жүктілік және лактация кезеңі
‒ 18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Анықталмаған.
Бронхо-Мунал® ерекшеліктерін және жануарлардағы уыттылыққа сынау нәтижелерін ескере отырып, артық дозалануы екіталай деп есептеледі.
Тірі вакцина мен Бронхо-Мунал® препаратын ішке қабылдау арасында 4 апталық үзіліс сақтау ұсынылады.
Бронхо-Мунал® препараты аса жоғары сезімталдық реакцияларын тудыруы мүмкін. Аллергиялық реакциялар немесе жақпаушылық белгілері пайда болған кезде емдеуді дереу тоқтату керек.
Бұл дәрілік препараттың құрамында бір қатты капсулада натрий (23 мг) 1 ммоль-ден аз, яғни іс жүзінде «құрамында натрий жоқ».
Бронхо-Мунал® препараты қайталанатын респираторлық инфекциясы және ӨСОА/жеңіл және орташа созылмалы бронхит, созылмалы риносинусит және демікпе сияқты созылмалы респираторлық аурулары бар пациенттерде олармен байланысты инфекциялардың өршуін азайтады. Бронхо-Мунал® препаратын қабылдайтын пациенттерде бактериялар мен вирустардан қорғанудың артатыны дәлелденді.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жасқа толмаған балалар мен жасөспірімдерге қолдану ұсынылмайды.
Көлік құралдарын басқару және қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Бронхо-Мунал® препараты автомобилді және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Бронхо-Мунал®препаратын жүктіліктің бірінші триместрінде қолдануға болмайды. Жүктілікті жоспарлау кезінде немесе жүкті болып қалғанда дәрігерге хабарлау керек. Бронхо-Мунал® препаратын жүктілік және лактация кезінде қолдану қауіпсіздігі зерттелмеген, сондықтан оны жүктіліктің 2 және 3 триместрінде қолдану ана үшін де, шарана үшін де пайда мен қауіпті мұқият бағалаудан кейін ғана мүмкін болады.
Бронхо-Мунал® препаратының емшек сүтіне енетіні-енбейтіні белгісіз.
Осы уақытқа дейін арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ және ешқандай деректер түскен жоқ.
Сақтық шарасы ретінде Бронхо-Мунал® препаратын жүктілік және бала емізу кезінде қолданбау ұсынылады.
Анықталмаған.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Құрғақ жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.