Төмендегі белгілердің кез келгенін байқасаңыз, БРУФЕН® РАПИД препаратын қолдануды дереу тоқтатып, дәрігерге хабарласыңыз:
- денедегі қызарған, құрғақ емес, нысана тәрізді немесе көбінесе ортасында күлдіреуіктері бар дөңгелек дақтар, терінің қабыршақтануы, ауыз, тамақ, мұрын, гениталий мен көздегі жаралар. Бұл терінің ауыр бөртпелерінің алдында қызба және тұмауға ұқсас симптомдар (эксфолиативтік дерматит, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз) болуы мүмкін
- Кең таралған бөртпе, дене температурасының жоғарылауы және лимфа түйіндерінің ісінуі (DRESS синдромы)
- Қызбамен бірге жүретін күлдіреуіктері бар қызыл, кең таралған қабыршақты тері астындағы дөңестенген бөртпелер. Әдетте симптомдар емнің басында пайда болады (жедел жайылған экзентематозды пустулез).
Жиі емес
- аса жоғары сезімталдық реакциялары: спецификалық емес аллергиялық реакциялар және анафилаксиялық реакциялар, тыныс алу жолдары тарапынан реакциялар (бронх демікпесі, оның ішінде өршуі, бронх түйілуі, ентігу, диспноэ), тері реакциялары (қышыну, есекжем, пурпура, Квинке ісінуі), тері бөртпесінің әртүрлі түрлері.
- іштің ауыруы, жүрек айнуы, диспепсия (соның ішінде қыжыл, іштің кебуі).
- бас ауыруы
Сирек
- диарея, газ түзілуінің жоғарылауы, іш қату және құсу
Өте сирек
- қан түзілудің бұзылуы: анемия (гемоглобин деңгейінің төмендеуі), лейкопения, тромбоцитопения, панцитопения, агранулоцитоз. Алғашқы белгілер қызба, тамақтың ауыруы, ауыз қуысында ойықжаралардың пайда болуы, тұмауға ұқсас симптомдар, қатты әлсіздік, себепсіз қан кету және гематомалар болып табылады
- аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакцияларына беттің, тілдің және көмейдің ісінуі, ентігу, тахикардия, гипотензия (анафилаксия, Квинке ісінуі немесе ауыр анафилаксиялық шок) жатады
-асқазанның және он екі елі ішектің ойықжарасы (пептидтік ойықжара), тесілу немесе асқазан-ішектен қан кету, мелена, қан аралас құсу, кейбір жағдайларда өліммен аяқталатын, көбінесе егде жастағы пациенттерде
- ойықжаралы стоматит, гастрит
- бүйрек функциясының жедел жеткіліксіздігі, папиллонекроз, әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда, қан сарысуындағы мочевина деңгейінің жоғарылауымен және ісінудің пайда болуымен бірге
- бауыр функциясының бұзылуы
- көп формалы эритема, эксфолиативтік дерматит, буллездік реакцияларды қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCARs), соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз
- аутоиммундық бұзылулары бар пациенттерде (жүйелі қызыл жегі, дәнекер тіннің аралас ауруы) ибупрофенмен емдеу кезінде асептикалық менингит симптомдарының бірлі-жарым жағдайлары, атап айтқанда, шүйде бұлшықеттерінің сіресуі, бас ауыруы, жүрек айнуы, құсу, қызба немесе бағдардың бұзылуы байқалған
Белгісіз
- құлақтың шуылдауы және бас айналу
- көру қабілетінің бұзылуы
- күйгелектік
- тыныс алу жолдары тарапынан реакциялар (бронх демікпесі, оның ішінде оның өршуі, бронх түйілуі, ентігу, диспноэ)
- жүрек жеткіліксіздігі және ісінулер
- гипертензия
- спецификалық емес ойықжаралы колиттің және Крон ауруының өршуі
- бүйрек жеткіліксіздігі
- жедел жайылған экзентематозды пустулез (AGEP)
- эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен дәрілік реакция (DRESS синдромы)
- фотосезімталдық реакциялары
- Коунис синдромы
- несепағар шаншуы, дизурия, бүйректің өзекшелік ацидозы*
- тәбеттің төмендеуі, гипокалиемия*
* Бүйректің өзекшелік ацидозы және гипокалиемия тіркеуден кейінгі кезеңде, әдетте ибупрофенді ұсынылғаннан жоғары дозада ұзақ уақыт қолданғаннан кейін тіркелді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz