Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан балалар
Келесі кесте ересектердегі ең жиі пайдаланылатын әдістер үшін дозалау бойынша нұсқаулық болып табылады. Цифрлар қажетті дозаның күтілетін орташа диапазонын көрсетеді. Нақты блок тәсілдеріне әсер ететін факторлар зерттелуі және пациенттің жекелей қажеттіліктері ескерілуі тиіс.
N.B. Үздіксіз инфузия арқылы, не қайталама болюстік енгізу арқылы қол жеткізілген ұзаққа созылатын блокадалар пайдаланылғанда қан плазмасындағы уытты концентрацияға жету немесе жүйке жүйесінің жергілікті зақымдану қаупін ескеру керек.
1 кесте Ересектер үшін дозалау жөніндегі нұсқаулар
Концентрация, мг / мл — Көлемі, мл — Дозасы, мг — Әсердің басталуы, мин — Әсер ету ұзақтығы, сағат 7)
ХИРУРГИЯЛЫҚ АНЕСТЕЗИЯ
Эпидуральді анестезия (омыртқа деңгейінде)1)
Хирургия — 5.0 — 15-30 — 75-150 — 15-30 — 2-3
Эпидуральді анестезия (омыртқа деңгейінде)1)
Кесар тілігі — 5.0 — 15-30 — 75-150 — 15-30 — 2-3
Эпидуральді анестезия (көкірек деңгейінде)1)
Хирургия — 2.5 — 5-15 — 12.5-37.5 — 10-15 — 1.5-2
5.0 — 5-10 — 25-50 — 10-15 — 2-3
Каудальді эпидуральді блокада 1)
2.5 — 20-30 — 50-75 — 20-30 — 1-2
5.0 — 20-30 — 100-150 — 15-30 — 2-3
Ірі жүйкелер блокадасы2)
(мысалы, иық өрімі, ортан жілік, құйымшақ жүйкелерінің) — 5.0 — 10-35 — 50-175 — 15-30 — 4-8
Жергілікті блокада
(мысалы, аздаған жүйке блокадасы және инфильтрация) — 2.5 — <60 — <150 — 1-3 — 3-4
5.0 — ≤ 30 — ≤ 150 — 1-10 — 3-8
ЖЕДЕЛ АУЫРУ — Концентрация мг / мл — Көлемі мл — Дозасы мг — Басталуы мин — Әсер ету ұзақтығы сағат 7)
Эпидуральді анестезия (омыртқа деңгейінде)
Бірлік инъекциялар 3) (мысалы, операциядан кейінгі ауыруды басу) — 2.5 — 6-15; ең төменгі аралық 30 минут — 15-37.5; ең төменгі аралық 30 минут — 2-5 — 1-2
Эпидуральді анестезия (омыртқа деңгейінде)
Үздіксіз инфузия 4) — 1,25 — 10-15 / сағ — 12.5-18.8 / сағ — - — -
2.5 — 5-7,5 / сағ — 12.5-18.8 / сағ — - — -
Эпидуральді анестезия (омыртқа деңгейінде)
Үздіксіз құю, босанудағы ауыруды басу 4) — 1,25 — 5-10 / сағ — 6.25-12.5 / сағ — - — -
Эпидуральді анестезия (көкірек деңгейінде)
Үздіксіз инфузия 4) — 1,25 — 5-10 / сағ — 6.3-12.5 / сағ — - — -
2.5 — 4-7.5 / ч — 10-18.8 / ч — - — -
Буынішілік блокада 6)
(мысалы, тізе буынының артроскопиясынан кейін бір реттік инъекция) — 2.5 — ≤40 — ≤100 5) — 5-10 — Жуғаннан кейін 2-4 сағ. соң
Жергілікті блокада
(мысалы, аздаған жүйке блокадалары және инфильтрация) — 2.5 — ≤60 — ≤150 — 1-3 — 3-4
1) Дозаға тесттік доза кіреді.
2) Ірі жүйкелердің блокадасына арналған доза енгізілетін орынға және пациенттің статусына сәйкес түзетілуі тиіс. Иық өрімінің сатыаралық және бұғанаүстілік блокадалары пайдаланылатын жергілікті анестетикке қарамастан күрделі жағымсыз реакциялардың анағұрлым жоғары жиілігіне байланысты болуы мүмкін.
3) Барлығы ≤400 мг / тәу.
4) Бұл ерітінді көбінесе ауыруды басу үшін жарамды апиынмен біріктіріп эпидуральді енгізу үшін пайдаланылады. Барлығы ≤400 мг / тәу.
5) Егер бупивакаин тура сол пациентте қосымша пайдаланылса, оны қолдану тәсіліне қарамастан дозаның жалпы шегі 150 мг аспауы тиіс.
6) Жергілікті анестетиктердің операциядан кейінгі буынішілік үздіксіз инфузиясын алып жүрген пациенттерде хондролиз туралы постмаркетингтік деректер бар. Бупивакаин бұл көрсетілім үшін мақұлданбаған.
7) Адреналинсіз бупивакаин.
Әдетте, хирургиялық анестезия (мысалы, эпидуральді енгізу) анағұрлым жоғары концентрацияларды және дозаларды пайдалануды талап етеді. Қарқыны төменірек блокада талап етілген кезде (мысалы, босанудағы ауыруды жеңілдету кезінде) анағұрлым төмен концентрацияны пайдалану көрсетілген. Пайдаланылатын препараттың көлемі наркоздың таралу дәрежесіне ықпал етеді.
Буынішілік инъекцияларға жол бермеу үшін аспирацияны негізгі дозаны енгізу уақытында немесе оған дейін қайталау керек, оны баяу немесе жылдамдығы 25-50 мг / мин қосымша дозалар түрінде енгізу керек, бұл ретте пациенттің өмірлік маңызды көрсеткіштерін мұқият бақылау және ауызша байланыс ұстау керек. Байқаусызда қантамырішілік инъекция жүрек жиырылуы жиілігінің уақыттық ұлғаюы бойынша, ал байқаусызда интратекальді инъекция - жұлынішілік блокада белгілері бойынша анықталуы мүмкін. Уытты симптомдар пайда болғанда инъекцияны дереу тоқтату керек.
Бүгінгі күндегі тәжірибе 24 сағат ішінде енгізілген 400 мг-ды ересектер жақсы көтереді деп көрсетілген.
1-12 жас аралығындағы балалар
Педиатриялық регионарлық анестезиялаушы емшараларды осы тұрғындар тобымен және емшара жүргізу техникасымен таныс білікті қызметкерлер орындауы тиіс.
Кестедегі дозалдарды педиатрияда пайдалану үшін нұсқау ретінде қарастыру керек. Әркімде әрқалай ауытқуы мүмкін. Дене салмағы ауыр балаларда дозаны біртіндеп азайту жиі қажет және мінсіз дене салмағына негізделуі тис. Нақты блок тәсілдеріне әсер ететін факторлар зерттелуі және пациенттің жекелей қажеттіліктері ескерілуі тиіс.
Адекватты жансыздандыру үшін қажетті ең төменгі дозаны пайдалану керек.
2 кесте 1-12 жас аралығындағы баллар үшін дозалау жөніндегі нұсқаулар
Концентрация, мг / мл — Көлемі, мл / кг — Дозасы, мг / кг — Әсердің басталуы, мин — Әсер ету ұзақтығы, сағат
ЖЕДЕЛ АУЫРУ (операция алдындағы және одан кейінгі)
Каудальді эпидуральді анестезия — 2.5 — 0,6-0,8 — 1.5-2 — 20-30 — 2-6
Эпидуральді анестезия (омыртқа деңгейінде) — 2.5 — 0,6-0,8 — 1.5-2 — 20-30 — 2-6
Эпидуральді анестезия (көкірек деңгейінде) а) — 2.5 — 0,6-0,8 — 1.5-2 — 20-30 — 2-6
Жергілікті блокада (мысалы, аздаған жүйке блокадалары және инфильтрация) — 2.5 — 0,5-2,0
5.0 — 0,5-2,0
Шеткері жүйкелер блокадасы (мысалы, мықын-шап және мықын-құрсақ асты жүйкелері) — 2.5 — 0,5-2,0 б
5.0 — 0,5-2,0 б
а) Эпидуральді блокада көкірек деңгейінде анестезияның қалаулы деңгейіне қол жеткенше үдемелі дозаның көмегімен енгізілуі тиіс.
б) Шеткері жүйкелер блокадасының басталуы және ұзақтығы блокаданың типіне және енгізілген дозаға байланысты.
Балаларда дозалану 2 мг/кг дейін салмақ бойынша есептелуі тиіс.
Қантамырішілік инъекцияларға жол бермеу үшін аспирацияны негізгі дозаны енгізу уақытында немесе оған дейін қайталау керек. Қосымша дозаларды енгізу, әсіресе эпидуральді анестезияны омыртқа және көкірек деңгейлерінде орындағанда пациенттің өмірлік маңызды функцияларын тұрақты және мұқият бақылай отырып, баяу орындалуы тиіс.
Бупивакаин, ерітіндіні (2,5 мг/мл) бадамша безге 7,5-12,5 мг дозада 2 жастан асқан балаларға перитонзиллярлы түрде енгізді.
Мықын-шап және мықын-құрсақ асты жүйкелерінің блокадасы 0,25-1,25 мг / кг баламалы 0,1-0,5 мл / кг дозада 2,5 мг / мл бупивакаиннің көмегімен 1 жастағы және одан үлкен балаларда орындалған. 5 жастан бастап балалар 1,25-2 мг / кг дозада 5 мг / мл бупивакаин алған.
Жыныс мүшесінің блокадасы үшін 5 мг / мл бупивакаин 1-2,5 мг / кг баламалы 0,2-0,5 мл / кг жиынтық дозаларда пайдаланылды.
Адреналинмен және онсыз бупивакаиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі 1 жасқа дейінгі балаларда анықталмаған. Деректер шектеулі.
Жалғыз эпидуральді болюстік инъекцияның немесе үздіксіз инфузияның қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Деректер шектеулі.
Енгізу жолы
интратекальді және периневральді енгізу үшін.