Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые оболочкой
Дозасы
10 мг
Саудалық атауы
Бускопан®
Әсер етуші зат
Бутилскополамин
Мақсаты
Асқазан-ішек жолы түйілуінің жеңіл және орташа ауырлығын емдеу үшін және тітіркенген ішек синдромындағы іштің түйіліп ауыруын емдеу үшін
Өндіруші
Делфарм Реймс
Ел
Франция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында:
белсенді зат - 10 мг гиосцин бутилбромиді,
қосымша заттар: сусыз кальций гидрофосфаты, кептірілген жүгері крахмалы, еритін жүгері крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы, шарап қышқылы, стеарин қышқылы,
қабықтың құрамы: поливинилпирролидон, сахароза, тальк, гумми арабик (арабия шайыры), титанның қостотығы (Е171), макрогол 6000, карнауб балауызы, ақ балауыз.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Дөңгелек екі жағы дөңес, диаметрі 7.0 мм жуық, қалыңдығы 3.7 мм жуық ақ түсті қантты қабықпен қапталған таблеткалар.
• асқазан-ішек жолы түйілуінің жеңіл және орташа ауырлығын емдеу үшін және тітіркенген ішек синдромындағы іштің түйіліп ауыруын емдеу үшін
Гиосцин бутилбромиді өсімдік тектес табиғи зат скополаминнің жартылай синтетикалық туындысын білдіреді. Төрттік аммоний қосылысы бола отырып, жүйелі енгізу кезінде гиосцин бутилбромиді орталық жүйке жүйесіне өтпейді. Алайда, оның шеткері жүйке жүйесіне антихолинергиялық әсері бар, ол ганглионарлық берілістің де, сонымен қатар тегіс бұлшықеттер жасушаларында мускариндік рецепторлардың да тежелуімен байланысты.
Гиосцин бутилбромидін пероральді немесе ректальді енгізу асқазан-ішек жолы тегіс бұлшықеттерінің тонусын төмендетеді және осылайша түйілуге қарсы әсер етеді.
Іштің түйіліп ауыруына қарсы препараттың клиникада расталған тиімділігі асқазан-ішек жолының бұлшықет қабатында никотиндік және мускариндік ацетилхолин рецепторларына спецификалық жергілікті әсер етуге байланысты.
Бускопан асқазан-ішек жолының тегіс бұлшықеттеріне спазмалитикалық әсер етеді.
Фармакотерапиялық тобы: Асқазан-ішек жолының функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Итжидек және оның туындылары, қарапайымдар. Итжидектің жартылай синтетикалық алкалоидтары, төрттік аммоний қосылыстары. Бутилскополамин.
АТХ коды А03ВВ01
Дозалау режимі
Ересектерге: 1-2 таблеткадан күніне 3 рет (бір реттік доза 10-20 мг гиосцин бутилбромиді, ең жоғары тәуліктік доза 60 мг гиосцин бутилбромиді).
6 жастан асқан балаларға: 1 таблеткадан күніне 1-2 рет (бір реттік доза 10 мг гиосцин бутилбромиді, ең жоғары тәуліктік доза 20 мг гиосцин бутилбромиді).
Бускопан® ауырсыну себебі анықталмай 5 күннен артық қабылдауға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді. Таблеткаларды судың жеткілікті мөлшерімен ішіп, толықтай жұтқан жөн.
Емдеу ұзақтығы
Бускопан® іштің ауырсынуының себебін анықтамай, күнделікті негізде немесе ұзақ уақыт бойы ұзақ уақыт қабылдауға болмайды.
• гиосцин бутилбромидке немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғарғы сезімталдық
• миастения гравис
• мегаколон
• асқазан-ішек жолының механикалық тарылуы
• салданған немесе обструктивті илеус
• субвезикальді обструкциямен несеп шығарудың іркілуі (мысалы, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы)
• жабық бұрышты глаукома
• тахикардия және тахиаритмия
• туа біткен фруктоза жақпаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар тұлғалар
• 6 жасқа дейінгі балалар
Иммундық жүйе бұзылулары
Жиі емес: тері реакциялары (мысалы, есекжем және қышыну).
Жиілігі белгісіз: аса жоғары сезімталдық реакциялары, ентігу, анафилаксиялық реакциялар, гиперемиямен және қан қысымының төмендеуімен анафилаксиялық шок, бөртпе, тері эритемасы
Жүрек бұзылыстары
Жиі емес: тахикардия.
Қантамырлық бұзылыстар
Жиі емес: артериялық қан қысымының төмендеуі, бас айналу.
Көз аурулары
Өте сирек: аккомодацияның бұзылуы, әсіресе ақауы жеткілікті түрде жойылмаған гиперметропиясы бар пациенттерде; глаукоманың жедел ұстамасы
Асқазан-ішек бұзылыстары
Жиі емес: ауыздың құрғауы (сілекей секрециясының төмендеуі), диарея, жүрек айну, құсу, асқазанның жайсыздығы.
Тері және тері асты шелі аурулары
Жиі емес: терінің құрғауы (тершеңдіктің төмендеуі).
Бүйрек және несеп шығару жолдарының аурулары
Сирек: несеп шығарудың қиындауы (мысалы, несеп шығарудың іркілуі және дизурия).
Жалпы бұзылыстар
Жиі емес: Шаршау
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: бүгінгі күнге дейін адамда жедел артық дозаланғаннан кейін улану белгілері байқалмады. Артық дозаланған жағдайда ауыздың құрғауы, көздің қарашығының үлкеюі, аккомодация салдануы, несеп шығарудың іркілуі және әсіресе тахикардия, ажитация, сананың шатасуы және сандырақтауға әкелу ықтималдығы зор елестеулер, тыныс алудың бәсеңдеуі сияқты атропинге ұқсас симптомдар байқалуы мүмкін.
Емі: пероральді қолдану кезінде уланған жағдайда асқазан-ішек жолының деконтаминациясы көрсетілген.
Глаукомасы бар пациенттерге пилокарпинді жергілікті енгізу қажет және дереу офтальмологке қаралу керек.
Несеп шығару іркілісі бар пациенттерге катетеризация жасау керек.
Қажет болғанда парасимпатомиметикалық препараттар енгізу керек (неостигмин 0,5–2,5 мг б/і немесе в/і). Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан асқынуларды стандартты емдік әдістемелерге сәйкес емдеу керек. Тыныс алу салдануы жағдайында интубация және өкпенің жасанды желденуін жүргізу қажет етіледі.
Егер іштің қатты ауыруы сақталса немесе күшейсе немесе қызба, жүрек айну, құсу, ішек перистальтикасының өзгеруі, іштің ауыруы, қан қысымының төмендеуі, естен тану немесе нәжістегі қан сияқты симптомдармен бірге пайда болса, дереу дәрігерге қаралу керек.
Арнайы ескертулер
Сирек кездесетін фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты туа біткен аурулары бар пациенттерге осы препаратты қабылдауға болмайды.
Бүгінгі таңда жүкті әйелдерде гиосцин бутилбромидін қолдану тәжірибесі өте шектеулі немесе жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер ұрпақ өрбіту уыттылыққа қатысты жеткіліксіз. Сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде Бускопан таблеткаларын қолданудан аулақ болу керек.
Лактация
Антихолинергиялық дәрілер лактацияны басуы мүмкін. Гиосцин бутилбромиді немесе оның метаболиттері емшек сүтіне енетіні белгісіз. Жаңа туған нәрестелер кейбір антихолинергиялық дәрілерге жауабының жоғарылауын көрсетті. Жаңа туған нәрестелер /сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды.
Бала емізуді тоқтату немесе Бускопан® таблеткалары препаратымен емдеуді тоқтату/бас тарту туралы шешім бала үшін емшек сүтімен емізудің пайдасы мен әйел үшін емнің пайдасын ескере отырып қабылдау керек.
Фертильділік
Препараттың адамның ұрпақ өрбіту функциясына ықпал етуі туралы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлік және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсері туралы зерттеулер жүргізілген жоқ.
Бускопан® таблеткаларын ұсынылған дозада қабылдаған пациенттерде әдетте ешқандай бұзылулар күтілмейді. Алайда, шаршау, бас айналу немесе жақыннан көру қабілетінің бұзылуы сияқты симптомдар пайда болған кезде, көлік жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілеті бұзылуы мүмкін.
Бускопан® басқа антихолинергиялық препараттардың (мысалы, тиотропий, ипратропий және атропин тәрізді қосылыстар), амантадиннің, үшциклді және тетрациклді антидепрессанттардың, хинидиннің, антигистаминді препараттардың, нейролептиктердің, дизопирамидтің және басқа препараттардың антихолинергиялық әсерін, сондай-ақ b-адренорецепторлардың тахикардиялық әсерін күшейте алады.
Метоклопрамид сияқты дофамин антагонисттерімен бір мезгілде емдеу екі препараттың да асқазан-ішек жолына әсерінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.