Өте жиі
- Ауыз қуысының кандидозын, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциясын қоса, кандидозды инфекциялар
- Нейтропения, анемия
- Тәбеттің төмендеуі
- Бас ауыруы
- Жөтел, ентігу
- Диарея, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы
- Дерматит
- Қызба, қатты қажығыштық
Жиі
- Сепсис, тұмау, несеп шығару жолдарының инфекциясы, целлюлит
- Тромбоцитопения, лейкопения, панцитопения
- Аса жоғары сезімталдық
- Салмақ төмендеуі
- Депрессия, сананың шатасуы, мазасыздық, либидоның төмендеуі
- Ұйқысыздық, шеткері нейропатия, бас айналу, парестезия, гипестезия, құрысулар, дисгевзия (дәмнің бұзылуы)
- Көрудің бұзылуы, көз тор қабығының ажырауы**, шыны тектес денеде жүзінді бұлыңғырлануы, көздің ауыруы, конъюнктивит, макулярлы ісіну
- Құлақтың ауыруы
- Артериялық гипотензия, тромбофлебит
- Іш қатуы, диспепсия, метеоризм, іштің жоғарғы бөлігінің абдоминальді ауырсынуы, ауыздың ойық жаралануы, дисфагия, іштің кебуі, панкреатит
- Қанда сілтілік фосфатаза жоғарылауы, бауыр функциясы бұзылуы, АСТ жоғарылауы, АЛТ жоғарылауы
- Түнгі тершеңдік, терінің қышынуы, бөртпе, алопеция
- Арқаның ауырсынуы, миалгия, артралгия, бұлшықет түйілулері
- Бүйрек функциясы бұзылуы, бүйректе креатинин клиренсі төмендеуі, қанда креатинин жоғарылауы
- Ауырсыну, қалтырау, дімкәстік, астения
Жиі емес
- Сүйек кемігінің жеткіліксіздігі
- Қозу, психикалық бұзылыстар, патологиялық ойлар, елестеулер, қалыптан тыс түс көрулер
- Тремор, ұйқышылдық, миоклонус, ауыздың құрғауы, тершеңдік, мелшию, жарыместік, атаксия
- Ретинит
- Естудің нашарлауы, құлақтағы шуыл
- Аритмия, тахикардия
- Терең веналар тромбозы
- Нәжісті ұстап тұра алмау
- Гепатит
- Терінің құрғауы, есекжем
- Бүйрек жеткіліксіздігі, гематурия, мочевина артуы, гипонатриемия, поллакиурия, несеп бөлу жиілігінің өзгерістері
- Ерлердің белсіздігі, импотенция
- Кеудедегі ауырсыну
Сирек
- Аплазиялық анемия, агранулоцитоз*, гранулоцитопения*
- Анафилактоидты реакция*
- Ангиналық ауырсыну
- Демікпе (ұқсас симптомдар), тамақтың ауырсынуы
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- Тромбоцитопениямен байланысты өмірге қауіпті қан кетулер
- Эмоционалдық тұрақсыздық
- Гиперкинез, кома
- Глаукома, амблиопия
- Тамырдың кеңеюі
- Миастения
- Кеуденің ауырсынуы
* Тіркеуден кейінгі кезеңде анықталған жағымсыз реакциялар жиілігі.
** Торқабықтың ажырауы туралы ЦМВ-ретинитке қарсы ем алған ЖИТС-пен ауыратын пациенттерден ғана хабарланған.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz