Миопатия/рабдомиолиз
Симвастатин, басқа ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері сияқты, кейде миопатияның пайда болуына әкеледі, ол бұлшықет ауыруы, бұлшықеттің ауырсынуы немесе әлсіздігі түрінде көрінеді, креатинкиназа (КК) деңгейінің қалыптың жоғарғы шегінен 10 еседен астам жоғарылауымен қатар жүреді. Миопатия кейде миоглобинурияға байланысты жедел бүйрек жеткіліксіздігімен/онсыз және өте сирек жағдайларда өлімге әкелетін рабдомиолиз түрінде болады. Миопатияның даму қаупі қан плазмасындағы ГМГ-КоА-редуктазаның тежеуші белсенділігінің жоғары деңгейінде жоғарылайды (яғни, плазмадағы симвастатин мен симвастатин қышқылының жоғары деңгейі), бұл ішінара симвастатин метаболизміне және/немесе тасымалдау жолдарына кедергі келтіретін дәрілік заттардың өзара әрекеттесуіне байланысты болуы мүмкін.
Басқа ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері сияқты, миопатия/рабдомиолиздің даму қаупі дозаға байланысты. 41 413 пациент симвастатин қабылдаған клиникалық зерттеулер деректер базасында, оның 24 747 (шамамен 60 %) кем дегенде 4 жылдық бақылау медианасы бар зерттеулерге енгізілген, миопатия жиілігі сәйкесінше 20, 40 және 80 мг/тәулік дозаларында шамамен 0,03 %, 0,08 % және 0,61 % құрады. Бұл зерттеулерде пациенттер мұқият бақылауда болды және кейбір өзара әрекеттесетін дәрілік заттар алынып тасталды.
Клиникалық зерттеуде анамнезінде тәулігіне 80 мг симвастатин қабылдаған, миокард инфарктісі бар пациенттерге жүргізілген клиникалық зерттеулерде (кейінгі бақылаудың орташа кезеңі – 6,7 жыл) миопатияның пайда болу жиілігі, тәулігіне 20 мг дозаны қолданған пациентердегі 0,02 %-бен салыстырғанда, шамамен 1,0 % құрады. Миопатияның жартысына жуық жағдайлары емдеудің алғашқы жылы ішінде байқалды. Емдеудің әрбір кейінгі жылы миопатия жағдайларының жиілігі шамамен 0,1 % құрады.
Симвастатинді 80 мг дозада қолданатын пациенттерде миопатияның даму қаупі ТТЛП-Х төмендеуіне қатысты тиімділігі ұқсас басқа статиндермен салыстырғанда жоғары. Сондықтан 80 мг дозадағы Вазилип® препаратын ауыр гиперхолестеринемиясы бар және жүрек-қантамыр жүйесінің асқыну қаупі жоғары пациенттерде ғана қолдану керек, олар төмен дозаларды қолданғанда қажетті әсерге қол жеткізе алмайды және мұндай дозада препаратты қолданудың артықшылықтары потенциалды қауіптерден жоғары болады деп күтілуде. Симвастатинді 80 мг дозада қабылдап жүрген, симвастатинмен өзара әрекеттесетін препаратты қолдану қажет пациенттерде симвастатинді өте төмен дозада қолдану немесе басқа препараттармен өзара әрекеттесу потенциалы азырақ білінетін статиндер тобының баламалы препаратын тағайындау керек.
Жүрек-қантамыр ауруларының қаупі жоғары пациенттерде симвастатинмен тәулігіне 40 мг (3,9 жылдық бақылау медианасы) ем қабылдаған клиникалық зерттеуде қытайлық емес пациенттерде миопатия деңгейі шамамен 0,05% құрады (n = 7367), ал қытайлық пациенттерде 0,24% (n = 5468).
Бұл клиникалық зерттеуде бағаланған жалғыз азиялық популяция қытайлықтар болса да, азиялық нәсілді пациенттерге симвастатинді қолданғанда сақ болу керек және ең төменгі қажетті дозаны қолдану керек.
Кейбір жағдайларда статиндер мутацияны туындататыны немесе бұрыннан бар миастенияны немесе көз миастениясын нашарлататыны хабарланған. Симптомдар нашарлаған жағдайда Вазилипті қабылдауды тоқтату керек. Сол немесе басқа статинді қайта тағайындау кезінде қайталанулар туралы хабарланды.
Тасымалдайтын ақуыздар функциясының төмендеуі
Пептидті ақуыздарды тасымалдау OATP функциясы төмендеуі симвастатин қышқылының жүйелік әсерін жоғарылатуы және миопатияның және рабдомиолиздің қаупін ұлғайтуы мүмкін. Функция төмендеуі өзара әрекеттесуші дәрілік заттармен (мысалы, циклоспоринмен) тежелуі нәтижесінде немесе SLCO1B1 c.521T> C генотипі тасымалдаушысы болып табылатын пациенттерде туындауы мүмкін.
Белсенділігі төменірек ақуызды OATP1B1 кодтайтын, SLCO1B1 (c.521T> C) генінің аллельдерін тасымалдаушы пациенттерде симвастатин қышқылының жүйелік әсері жоғары және миопатияның жоғары қаупі болады. Симвастатиннің жоғары дозасына (80 мг) байланысты миопатияның қаупі негізінде генетикалық тестілеусіз 1% жуықты құрайды. 80 мг доза қабылдаған, гомозигота C аллельдерінің тасымалдаушысындағы (сондай-ақ CC деп те аталатын) SEARCH зерттеулері нәтижесін негізге алсақ, бір жыл ішіндегі миопатияның даму қаупі 15% құрайды, бұл арада гетерозиготты аллель С (СТ) тасымалдаушысындағы қауіп 1,5% құрайды. Кеңірек таралған генотип (ТТ) бар пациенттерде тиісті қаупі 0,3% құрайды. Мүмкін болған жағдайда С аллелі қатысуында генотиптеуді жеке пациенттер үшін симвастатинді 80 мг дозада қолданар алдында пайда мен қауіпті бағалаудың бір бөлігі ретінде қарастыру керек және CC генотипі анықталған пациенттерде жоғары доза қолданудан аулақ болу керек. Алайда генотиптеуде бұл геннің болмауы миопатияның даму мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Креатинкиназаны анықтау
Қарқынды дене жүктемесінен кейін немесе КК арттыру үшін ықтимал кез келген баламалы себептер болған жағдайда да креатинкиназа (КК) деңгейін анықтамаған жөн, өйткені бұл алынған нәтижелерді талдауды қиындатады. Егер КК деңгейі бастапқымен салыстырғанда едәуір (жоғары қалып шегінен 5 еседен астамға) жоғарыласа, нәтижелерін айғақтау үшін 5-7 күннен кейін қайтадан талдау жүргізген жөн.
Емдеуге дейін
Симвастатинмен емдеуді бастаған, немесе симвастатин дозасын арттырған барлық пациенттерге миопатияның даму қаупі және түсініксіз бұлшықет ауыруы, бұлшықеттердегі ауырсыну немесе әлсіздік пайда болған жағдайда оны дереу мәлімдеу қажеттілігі жөнінде айтқан жөн.
Препаратты рабдомиолиздің пайда болуы үшін бейім факторлары бар пациенттерге абайлап қолданған жөн. Референтті бастапқы мәндерін білу үшін КК деңгейін келесі жағдайларда емдеуді бастар алдында анықтау керек:
• егде жас (≥ 65 жас)
• әйелдер
• бүйрек функциясының бұзылуы
• бақыланбайтын гипотиреоз
• жеке немесе отбасылық анамнезде тұқым қуалайтын бұлшықет ауруларының болуы
• анамнезде статиндер немесе фибраттардың бұлшықеттерге уытты әсерінің жағдайлары
• алкогольді шамадан тыс пайдалану
Мұндай жағдайларда емдеген кездегі қаупін потенциалды артықшылығымен салыстырған жөн, сондай-ақ клиникалық мониторинг жүргізу ұсынылады. Егер пациентте бұрын фибраттармен немесе статиндермен емдеген кезде бұлшықет жүйесі тарапынан бұзылулар байқалса, осы кластың әртүрлі препараттарымен емдеуді сақтықпен бастаған жөн. Егер КК бастапқы деңгейі едәуір (жоғары қалып шегімен салыстырғанда 5 еседен астамға) жоғарыласа, емдеуді бастамаған жөн.
Емдеу кезінде
Егер пациентте статиндермен емдеу кезінде бұлшықеттің ауыруы, бұлшықет әлсіздігі немесе құрысулар пайда болса, КК деңгейін тексеру керек. Егер қарқынды дене жүктемесі жоқ кезде осы деңгейдің едәуір (жоғары қалып шегімен салыстырғанда 5 еседен астам) жоғарылағаны анықталса, емдеуді тоқтатқан жөн. Егер бұлшықет симптомдары қатты білінсе және күн сайын жайсыздықты туындатса, тіпті КК деңгейі жоғары қалып шегінен кем дегенде 5 еседен жоғары болса да, препаратты қолдануды тоқтату жөніндегі мәселені қарастырған жөн. Кез келген басқа этиологиялы миопатияға күдіктенген жағдайда емдеуді тоқтату керек.
Кейбір статиндермен ем кезінде немесе емнен кейін иммунитетке байланысты болатын некроздаушы миопатияның (IMNM) дамуы туралы өте сирек хабарланды.
IMNM клиникалық жағынан статиндермен ем тоқтатылуына қарамастан сақтала беретін тұрақты проксимальді бұлшықет әлсіздігі мен сарысудағы креатинкиназа деңгейінің жоғарылауымен сипатталады.
Егер симптомдар басылса және КК деңгейі қалыпқа келсе, статинді немесе статиндер тобының баламалы препаратын өте төмен дозада және мұқият бақылаумен емдеуді қайта жаңғырту жөніндегі мәселені қарастыруға болады.
Миопатия 80 мг доза қабылдап жүрген пациенттерде жиірек байқалады. КК деңгейін мезгіл-мезгіл анықтау ұсынылады, себебі бұл миопатияның субклиникалық жағдайларын анықтауға ықпал етуі мүмкін. Алайда мұндай мониторинг миопатияның дамуын әрдайым алдын алуы мүмкін емес.
Симвастатинмен емдеуді жоспарланған ауқымды хирургиялық араласымнан бірнеше күн бұрын және қандай да болсын күрделі медициналық немесе хирургиялық жағдайлар туындағанда уақытша тоқтата тұрған жөн.
Дәрілік препараттардың өзара әрекеттесуінен туындаған миопатияның даму қаупін төмендету бойынша шаралар
Симвастатинді CYP3A4 рецепторлардың потенциалды тежегіштерімен (итраконазол, кетоконазол, позаконазол, вориконазол, эритромицин, кларитромицин, телитромицин, АИТВ-протеаза тежегіштері (мысалы, нелфинавир), боцепревир, телапревир, нефазодон және құрамында кобистат бар препараттар) бірге, миопатия/рабдомиолиз даму қаупінің ұлғаюы салдарынан, қолдануға болмайды.
Миопатия мен рабдомиолиздің даму қаупі симвастатиннің белгілі бір дозаларымен амиодарон, амлодипин, верапамил немесе дилтиаземді бір мезгілде қолданғанда да артады. Фузидий қышқылын статиндермен бір мезгілде қолданғанда рабдомиолизді қоса, миопатияның даму қаупі артуы мүмкін. ГомоОГ бар пациенттерде ломитапидті симвастатинмен бір мезгілде қолданғанда бұл қауіп жоғарылауы мүмкін.
Тиісінше, CYP3A4 тежегіштеріне қатысты симвастатинді бір мезгілде итраконазолмен, кетоконазолмен, позаконазолмен, вориконазолмен, АИТВ протеаза тежегіштерімен (мысалы, нелфинавирмен), боцепревирмен, телапревирмен, эритромицинмен, кларитромицинмен, телитромицинмен, нефазодонмен және құрамында кобицистат бар дәрілік заттармен қолдану қарсы көрсетілімде. Егер CYP3A4 күшті тежегіштерімен (AUC шамамен 5 немесе одан да көп есе ұлғайтатын дәрі) емдемеу мүмкіндігі жоқ болса симвастатинмен ем емдеу курсы бойында тоқтатылуы тиіс (баламалы статинді қолдану мүмкіндігін қарастыру). Бұдан басқа, симвастатинді және басқа кейбір қуаты азырақ CYP3A4 тежегіштерімен: флуконазол, верапамил, дилтиаземмен біріктіргенде сақ болу керек. Грейпфрут шырынын және симвастатинді қатар қабылдаудан аулақ болу керек. Симвастатинді гемфиброзилмен қолдану қарсы көрсетілімде. Миопатияның және рабдомиолиздің жоғары қаупіне байланысты фенофибратты қоспағанда, симвастатинді басқа фибраттармен қабылдайтын пациенттерде симвастатин дозасы тәулігіне 10 мг аспауы тиіс. Фенофибратты симвастатинмен қолданғанда сақ болу керек, өйткені монотерапия кезінде олардың кез келгені миопатия туындатуы мүмкін. Дәрілік өзара әрекеттесуден туындаған миопатия қаупін азайту бойынша шаралар Симвастатинді фузидий қышқылының жүйелік түрлерімен бір мезгілде немесе фузидий қышқылымен емдеуді тоқтатқаннан кейін 7 күн ішінде қолданбаған жөн. Фузидий қышқылын жүйелі қолдану қажет деп саналатын пациенттерде статинмен емдеуді фузидий қышқылымен емдеу кезінде тоқтату керек. Фузидий қышқылы мен статиндерді біріктірілімде қабылдаған пациенттерде рабдомиолиздің (соның ішінде өліммен аяқталатын) дамуы туралы хабарламалар бар. Пациентке бұлшықет әлсіздігі, ауыру немесе ауырсынудың қандай да симптомдары байқалса, дереу дәрігерге қаралуға кеңес беру керек. Статиндік емді фузидий қышқылының соңғы дозасынан кейін жеті күннен кейін қайта жаңғыртуға болады. Фузидий қышқылын ұзартылған жүйелі енгізу қажет болған ерекше жағдайларда, мысалы, ауыр инфекцияларды емдеу үшін симвастатин мен фузидий қышқылын бір мезгілде қолдану қажеттілігі тек әрбір нақты жағдайда және мұқият медициналық бақылауда қарастырылуы керек. Симвастатинді амиодарон, амлодипин, верапамил немесе дилтиаземмен тәулігіне 20 мг-ден жоғары дозада біріктіріп қолданудан аулақ болу керек. ГомоОГ бар пациенттерде ломитапидпен тәулігіне 40 мг-ден жоғары дозада симвастатинді біріктіріп қолданудан аулақ болу керек. Симвастатинмен бір мезгілде CYP3A4 орташа тежеуші әсері бар басқа дәрілік заттарды, әсіресе симвастатиннің жоғары дозаларын қабылдайтын пациеттерде миопатияның даму қаупі жоғары болуы мүмкін. Симвастатинді орташа CYP3A4 тежегішімен (AUC шамамен 2-5 есе арттыратын препараттар) бір мезгілде қолданғанда симвастатин дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Кейбір орташа CYP3A4 тежегіштері үшін, мысалы, дилтиазем үшін симвастатиннің ең жоғары дозасы 20 мг ұсынылады. Симвастатин сүт безі обырына резистенттілік ақуызын тасымалдаушы субстрат болып табылады (BCRP-breast cancer resistance protein).
BCRP тежегіштері болып табылатын (мысалы, элбасвир және гразопревир) препараттарды қатарлас енгізу плазмадағы симвастатин концентрациясының ұлғаюына және миопатияның жоғары қаупіне әкелуі мүмкін; сондықтан симвастатин дозасын түзетуді тағайындалған дозаға байланысты қарастыру керек. Элбасвир және гразопревирді симвастатинмен бірге енгізу зерттелмеген; алайда симвастатин дозасы құрамында элбасвир немесе гразопревир бар препараттар қосылған препараттарды қатарлас алатын пациенттерде күніне 20 мг аспауы тиіс.
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін және ниацинді (никотин қышқылын) липид-модификациялайтын дозаларда (тәулігіне ≥ 1 г) бірге қолданғанда миопатия/рабдомиолиздің бірнеше жағдайлары тіркелді. Монотерапиядағы осы препараттардың әрқайсысы миопатияны тудыруы мүмкін.
Жүрек-қантамыр ауруларының қаупі жоғары және тәулігіне 40 мг дозада симвастатинді эзетимибпен 10 мг немесе онсыз қабылдаған ТТЛП-ХС деңгейі жақсы бақыланатын пациенттерді қамтитын клиникалық зерттеуде (3,9 жылдық бақылау медианасы) липидті өзгертетін дозалар қосылған жүрек-қантамыр нәтижелеріне қатысты қосымша артықшылықтар анықталған жоқ (≥1 г/тәулік) никотин қышқылы (никотин қышқылы). Симвастатин мен липидті өзгертетін дозаларды (≥ 1 г/тәулік) никотин қышқылын немесе құрамында ниацин бар препараттарды біріктіріп емдеу қажет болған жағдайда, осы емнің қауіп-пайда арақатынасын мұқият саралау қажет. Біріктірілген емнің алғашқы айларында бұлшықет ауруы, ауырсыну немесе әлсіздік сияқты бұлшықет дисфункциясының кез-келген белгілері мен симптомдарының пайда болуын, әсіресе емдеудің алғашқы айларында және кез-келген препараттың дозасы жоғарылағанда мұқият бақылау қажет.
Сонымен қатар, бұл зерттеу 40 мг симвастатинді немесе 10/40 мг эзетимиб/симвастатинді модификацияланған босату/ларопипрант 2000 мг/40 мг никотин қышқылымен бірге қолданғанда қытайлық емес (0,24%) пациенттерде миопатияның даму қаупінің жоғары екенін растады (1,24%). Бұл клиникалық зерттеуде бағаланған жалғыз азиялық популяция қытайлықтар болғанымен, қытайлық пациенттерде миопатия жиілігі қытайлық емес пациенттерге қарағанда жоғары болғанымен, симвастатинді липидті өзгертетін дозалармен (≥1 г/тәулік) ниацинмен (никотин қышқылы) бір мезгілде қолдану азиялық пациенттерге ұсынылмайды.
Анипимокс құрылымдық жағынан ниацинмен байланысты. Анипимокс зерттелмегенімен, бұлшықетке байланысты уытты әсерлердің қаупі ниацинге ұқсас болуы мүмкін.
Даптомицин
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін (мысалы, симвастатин) даптомицинмен бір мезгілде қолдану кезінде миопатия және/немесе рабдомиолиз жағдайлары туралы хабарланды. ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін даптомицинмен қолданғанда сақ болу керек, өйткені осы препараттардың кез келгені монотерапия кезінде миопатияны және/немесе рабдомиолизді туындатуы мүмкін. Даптомицин қабылдайтын пациенттерде, егер қатарлас қолданудың артықшылығы қауіптен жоғары болмаса симвастатинді уақытша тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен (мысалы, симвастатинмен) потенциалды өзара әрекеттесуі туралы қосымша ақпарат және одан әрі мониторинг бойынша қосымша ұсынымдар алу үшін даптомицинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты басшылыққа алу қажет.
Бауыр функциясына ықпалы
Клиникалық зеттеулерде симвастатин қабылдаған бірнеше ересек пациенттерде қан сарысуында трансаминазалар деңгейінің (жоғары қалып шегімен салыстырғанда 3 еседен астам) тұрақты жоғарылауы байқалды. Трансаминаза деңгейлері, әдеттегідей, симвастатинді қолдануды уақытша тоқтата тұрғаннан немесе оны тоқтатқаннан кейін бастапқы көрсеткіштеріне баяу оралды.
Емдеуді бастар алдында және, клиникалық көрсетілімдері бойынша, емдеу барысында бауыр функциясының көрсеткіштерін тексеру ұсынылады. 80 мг дозаға ауысқан пациенттерде дозаны арттырар алдында, дозаны 80 мг-ге дейін арттырғаннан кейін 3 айдан соң және кейін емдеудің алғашқы жылы бойы (мысалы, жарты жылда 1 рет) мезгіл-мезгіл қосымша талдау жүргізген жөн. Қан сарысуында трансаминаза деңгейі жоғарылаған пациенттерге ерекше көңіл бөлу керек; мұндай пациенттерде бауыр функциясына тест жүргізуді дереу қайталаған және соңына қарай оны өте жиірек жүргізген жөн. Егер трансаминаза деңгейінің жоғарылауы жалғасса, атап айтқанда жоғары қалып шегімен салыстырғанда 3 есе жоғарыласа, және тұрақты болып табылса, симвастатин қолдануды тоқтату керек. Айта кету керек, АЛТ бұлшықеттерден бөлінуі мүмкін, сондықтан КК аясында АЛТ деңгейінің жоғарылауы миопатияны көрсетуі мүмкін.
Статиндер, соның ішінде симвастатин қабылдап жүрген пациенттерде бауыр функциясының жеткіліксіздігінің сирек жағдайлары, соның ішінде өліммен аяқталу жөнінде постмаркетингтік мәлімдемелер бар. Клиникалық симптомдармен және/немесе гипербилирубинемиямен немесе сарғаюмен қатар жүретін, бауырдың күрделі зақымдары жағдайында препарат қабылдауды дереу тоқтатқан жөн. Егер баламалы этиологиясы байқалмаса, Вазилипті қабылдауды қайта бастамаған жөн.
Алкогольді шамадан тыс пайдаланатын пациенттерде препаратты абайлап қолдану керек.
Липидтердің деңгейін төмендететін басқа препараттарды қолданған кездегідей, симвастатинмен емдеген кезде қан сарысуындағы трансаминазаның орташа (жоғары қалып шегімен салыстырғанда 3 есе азырақ) жоғарылағаны жөнінде мәлімделді. Мұндай өзгерулер симвастатинді қолдануды бастағаннан кейін көп ұзамай пайда болды, жиі уақытша болды, қандайда болсын симптомдармен қатар жүрген жоқ және емдеуді тоқтатуды қажет етпеді.
Өкпенің интерстициальді ауруы
Симвастатинді қоса, кейбір статиндерді әсіресе ұзаққа созылған ем кезінде қолданғанда өкпенің интерстициальді ауруларының жағдайлары жөнінде мәлімделді. Білінген көріністерге диспноэ, қақырықсыз жөтел және жалпы жағдайдың нашарлауы (әлсіздік, дене салмағының төмендеуі және қызба) жатуы мүмкін. Егер пациентте өкпенің интерстициальді ауруына күмән болса, статиндермен емдеуді тоқтатқан жөн.
Қант диабеті
Кейбір деректер класс ретінде статиндердің қандағы глюкоза деңгейін арттыратынын, және келешекте диабеттің жоғары қаупіне ұшырайтын кейбір пациенттерде гипергликемияға әкелуі мүмкін екендігін айғақтайды, онда диабетті ресми емдеу мақсатқа сай болып табылады. Бұл қауіп, алайда, статиндермен қантамырлық қауіптің төмендеуімен екшеледі және, демек, ол статиндермен емдеуді тоқтатуға себеп болмауы тиіс. Қауіп тобындағы пациенттер (аш қарынға глюкоза 5,6-дан 6,9 ммоль/л-ге дейін, ДСИ> 30 кг/м2, триглицеридтердің жоғарылауы, артериялық гипертензия) ұлттық ұсыныстарға сәйкес клиникалық және биохимиялық бақылауда болуы тиіс.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
10-17 жастағы балалар мен жасөспірімдерде қолдану
Гетерозиготалы отбасылық гиперхолестиеринемиясы бар 10-17 жастағы балаларда (жасөспірім жастағы ер балалар, Таннер шкаласы бойынша ІІ сатысы және етеккір оралымы ең кемінде 1 жыл бұрын басталған қыз балалар) симвастатинді 40 мг дейінгі дозаларда қолданғанда жағымсыз реакциялар бейіні, жалпы алғанда, плацебо қабылдаған пациенттердегі осындайға ұқсас болатыны анықталды. 40 мг-ден астам дозалары бұл популяцияда зерттелмеген. Мұндайда жасөспірім жастағы ер балалар мен қыз балалардың өсуіне және жыныстық жетілуіне ықпалы, сондай-ақ қыз балаларда етеккір оралымының ұзақтығына ықпалы анықталған жоқ. Жасөспірім жастағы қыздарға симвастатинмен емделу кезінде контрацепцияның тиімді әдістерін қолдануға қатысты кеңес берген жөн. 18 жасқа толмаған пациенттерде 48 күннен асатын емдеу курсы кезіндегі препараттың тиімділігі және қауіпсіздігі зерттелген жоқ, ал физикалық, физикалық, зияткерлік және жыныстық дамуына қатысты зардаптары белгісіз.
10 жасқа дейінгі балаларда қолдану
Симвастатинді қолдану 10 жасқа толмаған пациенттерде, сондай-ақ препубертатты жастағы балаларда және менархе басталғанға дейінгі қыз балаларда зерттелген жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Симвастатин автокөлікті және механизмдерді басқару қабілетіне ықпалын тигізбейді немесе аздап ықпалын тигізеді. Алайда автокөлікті және механизмдерді басқарған кезде постмаркетингітік кезеңде бас айналудың пайда болғаны жөнінде сирек мәлімдемелердің болғанын ескерген жөн.