Вазофлекс препаратын оң жақ қарыншаның ауыр жеткіліксіздігімен қатар жүретін өкпенің тұрақсыз гипертензиясы бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Оң жақ қарынша жеткіліксіздігінің өршуі жағдайында басқа дәрілік заттарға ауысу мүмкіндігін қарастыру мақсатқа сай болады.
Артериялық гипотензия
Препаратты қолдану барысында артериялық қысым көрсеткіштеріне мониторинг өткізу қажет. Гипотензияның өршуін болдырмас үшін, бастапқы жүйелі артериялық қысымы төмен және постуральді гипотензиясы бар немесе гипотензиялық препараттарды қабылдап жүрген пациенттерді мұқият қадағалау керек. Вазофлекс препаратын систолалық артериялық қысымның деңгейі 85 мм сын.бағ. аз пациенттерге тағайындауға болмайды.
Дәрігерлер пациенттерде болатын қатарлас ауруларға немесе гипотензия мен естен тану қаупін күшейтуі мүмкін басқа дәрілік заттардың қолданылуына қатысты сақтық танытуы тиіс.
Естен тану
Ингаляциялық қолдануға арналған илопрост өкпе тамырларына ұзаққа созылмайтын (бір сағаттан екі сағатқа дейінгі) тамыр кеңейту әсерін көрсетеді.
Естен тану өз алдына өкпе гипертензиясының ағымын сипаттайтын симптом болып табылады, сондай-ақ оған емнің әсері себеп бола алады. Өкпе гипертензиясымен байланысты естен танулар байқалатын пациенттер кез келген, мысалы, дене жүктемелерін орындау кезіндегі шамадан тыс ширығудан аулақ болуы тиіс. Дене жүктемесін орындар алдында ингаляция жасау пайдалы болуы мүмкін. Естен тану жағдайларының көбеюі емдеудің дұрыс жүргізілмеуін, жеткіліксіз тиімділігін және/немесе ауру ағымының нашарлауын білдіреді. Бұл жағдайда әркімге жеке тәртіпте дозаны түзету және/немесе таңдалған емді өзгерту қажеттілігін қарастыру керек.
Тыныс жолдарының аурулары бар пациенттер
Вазофлекс препаратын ингаляциялау кезінде, әсіресе, бронхтардың аса жоғары реакциясы бар пациенттерде бронх түйілуінің даму қаупі артуы мүмкін. Қатар жүретін өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) және бронх демікпесінің ауыр түрлері бар пациенттерде Вазофлекс препаратының оң әсері анықталмады. Өкпеде жедел инфекциялық үдерістері, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы және ауыр бронх демікпесі бар пациенттер тұрақты мұқият қадағалауда болуы тиіс.
Өкпенің вена-окклюзиялық ауруы
Өкпе тамырларын кеңейтетін препараттар өкпенің вена-окклюзиялық ауруы бар пациенттердің жүрек-қантамыр статусын едәуір нашарлатуы мүмкін. Егер илопростты ингаляциялық енгізу кезінде өкпенің ісіну симптомдары туындаса, астасқан вена-окклюзиялық ауру ықтималдығын қарастыру және емдеуді тоқтату керек.
Емдеуді тоқтату
Вазофлекс препаратымен емдеуді тоқтатқан жағдайда, «ребаунд әсерінің» («тоқтату әсерінің») даму қаупін толық жоққа шығаруға болмайды.
Ингаляциялық қолдануға арналған илопростпен емді тоқтату кезінде пациенттерді мұқият қадағалау және жай-күйі қатер шегіндегі пациенттер үшін баламалы ем жүргізуді қарастыру керек.
Бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуы
Илопростты вена ішіне енгізу деректері, бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде және диализ жасау қажет болатын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде илопрост элиминациясының төмендеуін көрсетеді. Енгізулер арасындағы 3-4 сағаттық аралықпен бастапқы дозаны мұқият титрлеу ұсынылады.
Сарысу глюкозасының деңгейі
Клиникаға дейінгі зерттеулерде ішке қабылданатын илопрост клатратымен ұзаққа созылатын ем аш қарындағы глюкоза деңгейлерінің мардымсыз жоғарылауымен байланысты. Вазофлекспен ұзаққа созылатын ем кезінде адамдардағы осындай әсерін жоққа шығаруға болмайды.
Вазофлекстің қолайсыз әсері
Препараттың кездейсоқ әсерін азайта түсу үшін Вазофлекс препаратын деммен ішке тартумен іске қосылатын небулайзерлер (Breelig немесе I-Neb сияқты) көмегімен енгізу және орынжайды жақсылап желдету ұсынылады.
Жаңа туған нәрестелер, сәбилер мен жүкті әйелдер Вазофлекс ингаляциясы жасалатын бөлмеде болмауы тиіс.
Теріге және көзге тигізіп алу, ішке жұту
Небулайзерге арналған ерітінді түріндегі Вазофлекс препаратын тері жабындарына және көзге тигізіп алмау, сондай-ақ оны ішке жұтпау керек. Небулайзерден ингаляция жасау кезінде бетперде қолданылмайды, әрі тек мүштікті пайдалану керек.
Breelib небулайзеріне ауысу
Breelib небулайзерін қолдану бойынша шектеулі деректер бар. Баламалы құрылғыдан Breelib-ке ауысқан пациенттерде бірінші ингаляциялық доза Breelib көмегімен жылдам ингаляцияның жағымды екеніне көз жеткізу үшін мұқият медициналық бақылаумен 1 мл илапрост 10 мкг/мл небулайзер мүштік арқылы алынған 2,5 мкг илопрост болуы керек. Алғашқы 2,5 мкг дозаны пациенттер баламалы құрылғының көмегімен 5 мкг қолдану арқылы қазірдің өзінде тұрақты күйде болса да қолдану керек.
Қосымша заттар
Натрийдің препараттағы жалпы мөлшері
Вазофлекс препаратының құрамында натрий хлориді бар, ол бір реттік дозаға 1 ммоль натрийден (23 мг) аз, яғни іс жүзінде натрий жоқ. Бұл ақпаратты натрий тұтыну шектелген диетадағы пациенттер ескеруі керек.
Вазофлекс препаратының құрамында этанол бар
Вазофлекс препаратының әрбір мл-де 0,81 мг алкоголь (этанол) бар, ол 0,81% (м/көл) баламалы. 1 мл препаратындағы 0,81 мг алкоголь мөлшері 1 мл-ден аз сыра немесе шарапқа баламалы.
Осы препараттағы алкогольдің аз мөлшері қандай да бір елеулі әсер етпейді.
Арнайы ескертулер
Вазофлекс препаратын оң жақ қарыншаның ауыр жеткіліксіздігімен қатар жүретін өкпенің тұрақсыз гипертензиясы бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Оң жақ қарынша жеткіліксіздігінің өршуі жағдайында басқа дәрілік заттарға ауысу мүмкіндігін қарастыру мақсатқа сай болады.
Артериялық гипотензия
Препаратты қолдану барысында артериялық қысым көрсеткіштеріне мониторинг өткізу қажет. Гипотензияның өршуін болдырмас үшін, бастапқы жүйелі артериялық қысымы төмен және постуральді гипотензиясы бар немесе гипотензиялық препараттарды қабылдап жүрген пациенттерді мұқият қадағалау керек. Вазофлекс препаратын систолалық артериялық қысымның деңгейі 85 мм сын.бағ. аз пациенттерге тағайындауға болмайды.
Дәрігерлер пациенттерде болатын қатарлас ауруларға немесе гипотензия мен естен тану қаупін күшейтуі мүмкін басқа дәрілік заттардың қолданылуына қатысты сақтық танытуы тиіс.
Естен тану
Ингаляциялық қолдануға арналған илопрост өкпе тамырларына ұзаққа созылмайтын (бір сағаттан екі сағатқа дейінгі) тамыр кеңейту әсерін көрсетеді.
Естен тану өз алдына өкпе гипертензиясының ағымын сипаттайтын симптом болып табылады, сондай-ақ оған емнің әсері себеп бола алады. Өкпе гипертензиясымен байланысты естен танулар байқалатын пациенттер кез келген, мысалы, дене жүктемелерін орындау кезіндегі шамадан тыс ширығудан аулақ болуы тиіс. Дене жүктемесін орындар алдында ингаляция жасау пайдалы болуы мүмкін. Естен тану жағдайларының көбеюі емдеудің дұрыс жүргізілмеуін, жеткіліксіз тиімділігін және/немесе ауру ағымының нашарлауын білдіреді. Бұл жағдайда әркімге жеке тәртіпте дозаны түзету және/немесе таңдалған емді өзгерту қажеттілігін қарастыру керек.
Тыныс жолдарының аурулары бар пациенттер
Вазофлекс препаратын ингаляциялау кезінде, әсіресе, бронхтардың аса жоғары реакциясы бар пациенттерде бронх түйілуінің даму қаупі артуы мүмкін. Қатар жүретін өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) және бронх демікпесінің ауыр түрлері бар пациенттерде Вазофлекс препаратының оң әсері анықталмады. Өкпеде жедел инфекциялық үдерістері, өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы және ауыр бронх демікпесі бар пациенттер тұрақты мұқият қадағалауда болуы тиіс.
Өкпенің вена-окклюзиялық ауруы
Өкпе тамырларын кеңейтетін препараттар өкпенің вена-окклюзиялық ауруы бар пациенттердің жүрек-қантамыр статусын едәуір нашарлатуы мүмкін. Егер илопростты ингаляциялық енгізу кезінде өкпенің ісіну симптомдары туындаса, астасқан вена-окклюзиялық ауру ықтималдығын қарастыру және емдеуді тоқтату керек.
Емдеуді тоқтату
Вазофлекс препаратымен емдеуді тоқтатқан жағдайда, «ребаунд әсерінің» («тоқтату әсерінің») даму қаупін толық жоққа шығаруға болмайды.
Ингаляциялық қолдануға арналған илопростпен емді тоқтату кезінде пациенттерді мұқият қадағалау және жай-күйі қатер шегіндегі пациенттер үшін баламалы ем жүргізуді қарастыру керек.
Бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуы
Илопростты вена ішіне енгізу деректері, бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде және диализ жасау қажет болатын бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде илопрост элиминациясының төмендеуін көрсетеді. Енгізулер арасындағы 3-4 сағаттық аралықпен бастапқы дозаны мұқият титрлеу ұсынылады.
Вазофлекстің қолайсыз әсері
Препараттың кездейсоқ әсерін азайта түсу үшін Вазофлекс препаратын ішке тартумен іске қосылатын небулайзерлер (Breelig немесе I-Neb сияқты) көмегімен енгізу және орынжайды жақсылап желдету ұсынылады.
Жаңа туған нәрестелер, сәбилер мен жүкті әйелдер Вазофлекс ингаляциясы жасалатын бөлмеде болмауы тиіс.
Теріге және көзге тигізіп алу, ішке жұту
Ингаляцияға арналған ерітінді түріндегі Вазофлекс препаратын тері жабындарына және көзге тигізіп алмау, сондай-ақ оны ішке жұтпау керек. Небулайзерден ингаляция жасау кезінде бетперде қолданылмайды, әрі тек мүштікті пайдалану керек.
Вазофлекс препаратының құрамында этанол бар
Вазофлекс препаратының әрбір мл-де 0,81 мг алкоголь (этанол) бар, ол 0,81% (м/көл) баламалы. 1 мл препаратындағы 0,81 мг алкоголь мөлшері 1 мл-ден аз сыра немесе шарапқа баламалы.
Осы препараттағы алкогольдің аз мөлшері қандай да бір елеулі әсер етпейді.
Breelib небулайзеріне ауысу
Breelib небулайзерін қолдану бойынша шектеулі деректер бар. Баламалы құрылғыдан Breelib-ке ауысқан пациенттерде бірінші ингаляциялық доза Breelib көмегімен жылдам ингаляцияның жағымды екеніне көз жеткізу үшін мұқият медициналық бақылаумен 1 мл илапрост 10 мкг/мл небулайзер мүштік арқылы алынған 2,5 мкг илопрост болуы керек. Алғашқы 2,5 мкг дозаны пациенттер баламалы құрылғының көмегімен 5 мкг қолдану арқылы қазірдің өзінде тұрақты күйде болса да қолдану керек.
Педиатрияда қолдану
Препаратты балалар мен 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмады. Бақыланатын клиникалық зерттеулердің қолжетімді деректері жоқ.
Бала туу жасындағы әйелдер
Бала туу жасындағы әйелдер Вазофлекс препаратымен емделу кезінде контрацепцияның тиімді әдістерін пайдалануы тиіс.
Жүктілік
Өкпе гипертензиясы (ӨГ) бар әйелдерге жүкті болып қалудан сақтану керек, өйткені бұл өмірге қауіпті аурудың өршуіне әкелуі мүмкін.
Жүкті әйелдерде Вазофлекс препаратын қолдану туралы мәліметтер жеткіліксіз.
Жүкті болып қалған жағдайда, анасы үшін ықтимал пайдасын ескере отырып, Вазофлексті жүктілік кезеңінде тағайындауды, тек өкпе гипертензиясының жүктілік ағымына әсерінің белгілі қауіптеріне қарамастан, жүктілікті сақтауды шешкен әйелдерде қауіп пен пайданы мұқият бағалаудан кейін ғана қарастыруға болады.
Лактация
Илопрост пен оның метаболиттерінің емшек сүтіне бөлінетін-бөліну-бөлінбеуі анықталмады. Сәби үшін ықтимал қаупін жоққа шығаруға болмайтындықтан, Вазофлекс препаратымен емделу кезінде бала емізуден бас тартқан дұрыс.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Вазофлекс препараты бас айналуы сияқты гипотензиямен байланысты симптомдарды сезінген пациенттерде көлік құралдарын және басқа механизмдерді басқару қабілетіне елеулі ықпалын көрсетеді.
Ем басталған уақытта, препаратқа жеке реакция ерекшеліктерін анықтап алмай, көлік құралдары мен механизмдерді басқару кезінде сақтық шарасын қадағалау керек.