Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100<1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000<1/100 дейін), сирек (≥1/10000<1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
Өте жиі
• ауыз қуысының кандидозын қоса, кандидоздық инфекциялар, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциялары
• нейтропения, анемия
• тәбеттің болмауы
• бас ауыруы
• жөтел, ентігу
• диарея, жүрек айнуы, құсу, іш ауыруы
• дерматит
• қызба, қажу
Жиі
• сепсис, тұмау, несеп шығару жолдарының инфекциялары, целлюлит
• тромбоцитопения, лейкопения, панцитопения
• аса жоғары сезімталдық
• салмақ жоғалту
• депрессия, сананың шатасуы, үрейлі бұзылыс, либидо жоғалуы
• ұйқысыздық, шеткері невропатия, бас айналуы, парестезия, гипестезия, құрысулар, дисгевзия (дәм сезудің бұзылуы)
• торқабықтың ажырауы**, көру қабілетінің бұзылулары, көз алдының бұлдырлауы, көз ауыруы, конъюнктивит, макулалық ісіну
• құлақ ауыруы
• артериялық гипотензия, тромбофлебит
• іш қату, диспепсия, метеоризм, эпигастрийдің ауыруы, ауыз қуысындағы ойық жаралар, дисфагия, іштің кебуі, панкреатит
• қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, бауыр функциясының бұзылуы (ауыр), аспартатаминотрансфераза белсенділігінің жоғарылауы, аланинаминотрансферазы белсенділігінің жоғарылауы
• түндегі тершеңдік, қышыну, бөртпе, алопеция
• арқаның ауыруы, миалгия, артралгия, бұлшықеттердің түйілулері
• бүйрек функциясының бұзылуы, бүйректік креатинин клиренсінің төмендеуі, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
• ауыру, қалтырау, дімкәстану, астения
Жиі емес
• сүйек кемігінің жеткіліксіздігі
• қозу, психоз, аномальді ойлау, елестеулер, аномальді түс көрулер
• тремор, ұйқышылдық, миоклонус, ауыздың құрғауы, тершеңдік, ессіз күй, деменция, атаксия
• ретинит
• кереңдік, құлақтағы шуыл
• аритмия, тахикардия
• терең веналардың тромбозы
• нәжісті ұстамауы
• гепатит
• терінің құрғауы, есекжем
• бүйрек жеткіліксіздігі, гематурия, мочевина деңгейінің жоғарылауы, гипонатриемия, поллакиурия, несеп шығару жиілігінің өзгеруі
• кеуденің ауыруы
Сирек
• аплазиялық анемия, агранулоцитоз*, гранулоцитопения*
• анафилаксиялық реакция*
• жүректің қысып ауыруы
• демікпе (ұқсас симптомдар)
• тамақ ауыруы
Белгісіз
• тромбоцитопениямен байланысты, өмірге қауіп төндіруі ықтимал қан кету
• эмоционалдық орнықсыздық
• гиперкинез, кома
• глаукома, амблиопия
• қантамырлардың кеңеюі (вазодилатация)
• миалгия
• кеуденің ауыруы
**торқабықтың ажырауы ЖИТС бар, ЦМВ-ретинитке қатысты емделген пациенттерде ғана сипатталды
* аталған жағымсыз реакциялардың жиілігі маркетингтен кейінгі тәжірибеге сәйкес келеді.
Жекелеген жағымсыз әсерлердің сипаттамасы
Нейтропения
Нейтропенияның даму қаупін емдеу басталғанға дейінгі нейтрофилдер санының негізінде анықтау мүмкін емес. Нейтропения индукциялық ем басталғаннан кейінгі бірінші немесе екінші апта ішінде туындайды. Жасушалар саны әдетте, препаратты қабылдау тоқтатылғаннан немесе дозасы төмендетілгеннен кейін 2-5 күн ішінде қалыпқа түседі.
Тромбоцитопения
Емнің басында тромбоциттердің бастапқы деңгейі төмен (<100 000/мкл) болған пациенттерде тромбоцитопенияның даму қаупі жоғары. Иммунодепрессанттармен емделудің нәтижесіндегі ятрогендік иммуносупрессиясы бар пациенттер АИТВ бар пациенттермен салыстырғанда, тромбоцитопенияға бейімірек. Ауыр тромбоцитопения өмірге қауіп төндіруі ықтимал қан кетуге әкеп сотырады.
Емнің ұзақтығының немесе жағымсыз реакцияларға көрсетілімнің әсері
Ауыр нейтропения (НАС <500/мкл) ағзалардың трансплантациясын бастан өткерген, валганцикловирдің немесе ганцикловирдің пероральді түрін қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, ЦМВ-ретиниті бар (16%), валганцикловирді вена ішіне немесе, ганцикловирді пероральді режимде қабылдаған пациенттерде жиірек кездеседі. Валганцикловирдің немесе ганцикловирдің пероральді түрін трансплантациядан кейін 100 күнге дейін қабылдаған пациенттерде ауыр нейтропенияның жиілігі сәйкесінше 5% және 3% құрады, ал валганцикловирді трансплантациядан кейін 200 күнге дейін қабылдаған пациенттерде ауыр нейтропенияның жиілігі 10% құрады.
Ағзалардың трансплантациясын бастан өткерген, валганцикловир мен ганцикловирдің пероральді түрін трансплантациядан кейін 100 немесе 200 күнге дейін қабылдаған пациенттерде, қан сарысуындағы креатинин мөлшері ЦМВ-ретиниті бар пациенттермен салыстырғанда едәуір жоғары болды. Алайда, бүйрек функциясының бұзылуы ағзалар трансплантациясын бастан өткерген пациенттерде жиірек кездеседі.
Қауіп дәрежесі жоғары, бүйрек трансплантациясын бастан өткерген пациенттерде, профилактиканы 200 күнге дейін ұзартқан кезде валганцикловирдің қауіпсіздігінің жалпы бейіні өзгеріссіз қалған. 200 күндік топта жиілігі жоғары лейкопения туралы хабарланды, ал нейтропенияның, анемия мен тромбоцитопенияның жиілігі екі топта да бірдей болды.
Зертханалық көрсеткіштердің өзгерістері
ЦМВ-ретиниті бар ересек пациенттердегі және трансплантацияны бастан өткерген және валганцикловирді трансплантациядан кейін 100 күнге дейін қабылдаған ересек пациенттердегі зертханалық көрсеткіштердің құжатқа түсірілген өзгерістері 2 кестеде көрсетілген. Зертханалық көрсеткіштердің өзгерістерінің жиілігі профилактиканы 200 күнге дейін ұзартқан кезде бүйрек трансплантациясын бастан өткерген пациенттердің көрсеткіштерімен салыстырымды болды.
2 кесте. Зертханалық көрсеткіштердің өзгерістері
Зертханалық көрсеткіштердің өзгерістері — ЦМВ-ретиниті бар пациенттер — Қатты ағзалардың трансплантациясынан кейінгі пациенттер
Валганцикловир n=370% — Валганцикловир n=244% — Пероральді ганцикловирn=126%
Нейтропения: НАС/мкл
<500 — 16 — 5 — 3
500–<750 — 17 — 3 — 2
750–<1000 — 17 — 5 — 2
Анемия: гемоглобин г/дл
<6,5 — 7 — 1 — 2
6,5–<8,0 — 10 — 5 — 7
8,0–<9,5 — 14 — 31 — 25
Тромбоцитопения: тромбоциттер/мкл
<25’000 — 3 — 0 — 2
25’000–<50’000 — 5 — 1 — 3
50’000–<100’000 — 21 — 18 — 21
Сарысу креатинині мг/дл
>2,5 — 2 — 14 — 21
>1,5–2,5 — 11 — 45 — 47
Маркетингтен кейінгі жағымсыз реакциялар
Маркетингтен кейінгі кезеңде тіркелген жағымсыз реакциялар валганцикловир мен ганцикловир/валганцикловирдің клиникалық зерттеулерінде байқалғандарға сәйкес келеді.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz