Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые оболочкой
Дозасы
200 мг
Саудалық атауы
Шүйгіншөп
Әсер етуші зат
Валерианы корневище с корнями
Мақсаты
Жоғары жүйке қозғыштығы (неврастения) кезінде, ұйқының бұзылуы кезінде
Өндіруші
Белмедпрепараты РУП
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат – шүйгіншөп тамырсабағы тамырлармен (майда ұсақталған ұнтақ) – 200 мг,
қосымша заттар: повидон К-25, лактоза моногидраты, кальций стеараты, картоп крахмалы, метилцеллюлоза, полисорбат 80.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Екі жағы дөңес, жасыл реңді ақшыл-қоңырдан қара-қоңыр түске дейінгі, теңбілденген, өзіне тән иісі бар қабықпен қапталған таблеткалар.
- жоғары жүйке қозғыштығы (неврастения) кезінде;
- ұйқының бұзылуы кезінде.
Фармакодинамикалық әсерлері
Шүйгіншөп тамырының препараттары тыныштандыратын әсерге ие, ұйқының басталуын жеңілдетеді және ұйқы сапасын жақсартады. Бұл әсерлерді шүйгіншөптің кез-келген бір компонентінің әсерімен түсіндіруге болмайды. Осы клиникалық әсерлерді тудыратын кейбір әсер ету механизмдері шүйгіншөп тамырының әртүрлі компоненттері үшін анықталды (сесквитерпеноидтар, лигнандар, флавоноидтар) және ГАМК-жүйесіне, A1 аденозин рецепторларына және 5-NT1A рецепторларына әсер етуді қамтиды.
Емдеу курсының ұзақтығын дәрігер аурудың ерекшеліктерін, қол жеткізілген әсерді және дәрілік заттың жағымдылығын ескере отырып анықтайды.
Дозалау режимі
Жоғары жүйке қозғыштығы (неврастения) кезінде: тәулігіне 2-3 рет 1-2 таблеткадан.
Ұйқының бұзылуы кезінде: ұйқыға дейін жарты сағат бұрын - бір сағат бұрын 1-2 таблеткадан, қажет болған жағдайда кешкі уақытта дәрілік затты алдын ала қабылдау (1-2 таблетка) ұсынылады.
Енгізу әдісі мен жолы
Шүйгіншөпті ішке қабылдау керек, тамақтануға дейін, бөлме температурасындағы судың жеткілікті мөлшерімен, тұтастай жұту керек (1/3 – 1/2 стақан).
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Жекелеген дозаларды өткізіп алған жағдайда, өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін препараттың қосарлы дозасын қабылдамау керек.
Препаратты қолдану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда медицина қызметкеріне жүгіну керек.
- шүйгіншөпке және/немесе препараттың кез келген басқа компонентіне жоғары сезімталдық,
- тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы,
- жүктілік және бала емізу,
- 18 жасқа дейінгі балалар.
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну, гиперемия, терінің ісінуі),
- бас ауыруы,
- жалпы әлсіздік, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқышылдық, ашушаңдық, үрейлену,
- асқазан-ішек бұзылыстары (жүрек айнуы, іштің ауыруы).
Үлкен дозалар брадикардия мен аритмияға, сондай-ақ ішек моторикасының төмендеуіне (іш қату) әкелуі мүмкін.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
www.ndda.kz
Симптомдары: дәрілік затты ұсынылғаннан асатын дозаларда ұзақ қабылдау басылу сезімін, бас ауруын, ұйқышылдықты, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуін, асқазан-ішек жолы тарапынан жайсыздықты, жүрек айнуын, жүрек қызметінің бұзылуын (брадикардия) тудырады.
Шамадан тыс жоғары дозаны (шамамен 20 г шүйгіншөп тамыры) бір рет қабылдау кезінде түйілу сипатындағы іштің ауруы, кеудедегі қысылу сезімі, бас айналу, жалпы әлсіздік, қол треморы және қарашық кеңеюі дамуы мүмкін.
Емі: артық дозалану жағдайында дәрігерге жүгіну қажет. Жоғары дозаны бір рет қабылдаған кезде құсу индукциясын, асқазанды шаюды жүргізу ұсынылады (препаратты қабылдағаннан кейін 2 сағаттан кешіктірмей). Дәрілік затты жоғары дозаларда ұзақ қабылдау кезінде дәрілік затты алып тастау ұсынылады. Арнайы антидоты жоқ. Симптоматикалық ем.
Шүйгіншөп препараттары әсерінің біртіндеп дамуына байланысты психикалық қозу мен ұйқының бұзылу симптомдарын азайту шұғыл қажет болған жағдайда қолдану ұсынылмайды.
Егер дәрілік затты қабылдау кезінде аурудың симптомдары сақталса немесе жай-күйі нашарласа, дәрігерге жүгіну қажет.
Арнайы ескертулер
Шүйгіншөп дәрілік затының құрамында лактоза моногидраты бар. Тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге осы дәрілік затты қабылдауға болмайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер
Ақпарат жоқ.
Бауыр функциясы бұзылған пациенттер
Ақпарат жоқ.
Егде жастағы пациенттер
Ақпарат жоқ.
Балалар
Жеткілікті деректердің болмауына байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындау ұсынылмайды.
Фертильділік, жүктілік және лактация
Жүктілік және лактация кезінде қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Жеткілікті деректердің болмауына байланысты жүктілік және лактация кезінде қолдану ұсынылмайды.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Емдеу кезеңінде көлік құралдарын басқарудан және жоғары зейін аударуды, жылдам психикалық және қозғалтқыш реакцияларын қажет ететін басқа жұмыстарды орындаудан бас тарту керек.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы деректер шектеулі. Шүйгіншөп препараттарының синтетикалық тыныштандыратын дәрілерімен біріктірілімі дәрігердің алдын-ала кеңесін және емдеу процесінде дәрігердің бақылауын қажет етеді.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.