Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 л препараттың құрамында
белсенді зат – 200.0 г ұнтақталған шүйгіншөп тамырлары
қосымша зат – 1 л-ге дейін 70 % этил спирті.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән иісі және тәтті-ащы татымды дәмі бар, сары-қоңырдан қызыл-қоңыр түске дейінгі мөлдір сұйықтық. Сақтау кезінде тұнба түзілуіне жол беріледі.
• неврастения жәнебасқа невроздық бұзылуларда (невроздар)
• жүйке стресінің, ұзақ уақыттық жүйке-психикалық қатты қозудың салдарынан болатын ұйқы бұзылуында
• жүрек-қан тамыр жүйесі (невроздар) мен ас қорыту жүйесі тарапынан жеңіл функционалдық бұзылулар (асқазан-ішек жолының түйілу) кешенді ем құрамында
Өсімдік текті дәрі. Тыныштандырғыш әсер етеді.
Әсері құрамында құрамының көп бөлігін құрайтын борнеол мен изошүйгіншөп қышқылының күрделі эфирі, борнеол ацетаты құрайтын эфир майының (0,2-2,8%) болуына байланысты. Препараттың маңызды компоненті шүйгіншөп құрамындағы сексвитерпендер мен монотерпендер: β-кариофиллен, валеранон, валеренал, шүйгіншөп қышқылы, сондай-ақ валепотриаттар (0,05-0,67%) – валтрат пен изовалтрат болып табылады. Бастапқы қосылыстардың гидролизі болып есептелетін балдринал, гомобалдринал мен валтроксал валепотриаттар ыдырауының негізгі өнімдері болып табылады. Шүйгіншөп тұндырмасы ГАМҚ-рецепторлардың γ-аминмайлы қышқылдың әсеріне сезімталдығын жоғарылатады, бұл ми қыртысындағы тежегіш үдерістерді күшейтеді. Ми қыртысының нейрондар синапсында синтез бен ГАМҚ секрециясының артуы бір мезгілде байқалады. Бұл әсер шүйгіншөп тұндырмасының құрамындағы заттар қосындысының ықпалымен көрініс береді және эфир майын, сексвитерпендерді немесе валепотриаттарды жекелей оқшау енгізген кезде байқалмайды.
Шүйгіншөп тұндырмасын қолданған кезде тыныштандыратын әсер баяу байқалады, бірақ жеткілікті тұрақты және толық жүйелі түрде және ұзақ мерзімді емдеу кезінде ғана дамиды. Сыртқы тітіркендіргіштерге организмнің реакция байқату жылдамдығы төмендейді, табиғи жолмен келетін ұйқы жеңілдейді.
Валепотриаттар және шүйгіншөп қышқылы түйілуді басатын әсерге ие, әсіресе өт жолдарының түйілуі және гипермоторлы дискинезиясында жеңіл өт айдағыш әсер етеді.
Дәрілік шүйгіншөп биологиялық белсенді заттарының кешені өт айдағыш әсер етеді, асқазан-ішек жолы шырышының секреторлық белсенділігін күшейтеді, жүрек ырғағын баяулатады және коронарлық тамырларды кеңейтеді.
Жүрек қызметіне әсері нейрорегуляторлық механизмдері және жүректің автоматизмі мен өткізгіш жүйесі арқылы жүзеге асады.
Дозалау режимі
Ересектерге қабылдауға 1/4 – 1/3 стақан суға 20-30 тамшы тамақтануға дейін 20-30 мин бұрын тәулігіне 3-4 рет. 12 жастан асқан балаларға өмірдің бір жылына 1 тамшыдан күніне 3-4 рет, 1/4 стақан суға ерітіп тағайындайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге консультация алу үшін жүгіну бойынша ұсынымдар
Жағымсыз әсерлер пайда болған жағдайда: препаратты қабылдауды тоқтатып Сіздің емдеуші дәрігермен кеңескен жөн.
• препаратқа жоғары сезімталдық
• 12 жасқа дейінгі балалар
• тетурамды, нитромимдазол мен нитрофуран препараттарын, ІІ-ІІІ буынды цефалоспориндік антибиотиктерін (шүйгіншөп тұндырмасы құрамындағы этил спиртіне жедел уыттылық реакцияның өршу ықтималдығына байланысты) қолдануда
• эпилепсия
• гепатит, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы, созылмалы алкоголизм
• жүктілік және лактация кезеңі
- бас айналуы
- қолдың дірілдеуі
- мидриаз
- жүрек айнуы, іштің ауыруы
- ұзақ уақыт қолданған кезде – іш қату
- жоғары сезімталдық реакциялары
- енжарлық, тұнжырау, әлсіздік, жұмыс қабілетінің төмендеуі (жоғары дозада қабылдаған кезде)
- сирек – аллергиялық реакциялар
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары – жағымсыз әсерлердің күшеюі мүмкін
Емі – симптоматикалық.
Алкологизммен ауыратын тұлғаларға препаратты қолдану ұсынылмаған.
Арнайы ескертулер
Шүйгіншөп тұндырмасы күн жарығының әсерінен күңгірттенеді, бұл оның тиімділігіне әсер етпейді.
Педиатрияда қолдану
Препарат құрамында этанолбар, сондықтан 12 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды..
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Шүйгіншөп тұндырмасын қабылдау кезеңінде автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруға болмайды.
Шүйгіншөп тұндырмасын пайдаланған кезде қан құрамында алкогольдің анықталуына тесттің нәтижесі оң болуы мүмкін.
Жүктілік немесе бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Шүйгіншөп тұндырмасы басқа тыныштандыратын және ұйықтатын дәрілердің, наркозға арналған дәрілердің, психотропты препараттардың, сондай-ақ спазмалитикалық дәрілердің әсерін күшейтеді.
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.