Валсартанмен / гидрохлортиазидпен байланысты өзара әрекеттесулер
Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды:
Литий
Гидрохлортиазидті қоса алғанда, АӨФ тежегіштері мен тиазидтерді бірге пайдалану кезінде литийдің сарысулық концентрациясының қайтымды жоғарылауы және уыттылығы туралы хабарланды. Валсартан мен литийді біріктіріп қолдану саласында тәжірибенің жоқтығын ескере отырып, препараттардың бұл біріктірілімі ұсынылмайды. Осы біріктірілімді қолдану қажет болған жағдайда, қан сарысуындағы литийдің деңгейіне мұқият мониторинг жүргізу керек.
Сақтықты талап ететін бір мезгілде қолдану:
Басқа гипотензиялық дәрілер
Валмак®-Н гипотензиялық қасиеттері бар басқа препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін (мысалы, гуанетидин, метилдопа, вазодилаторлар, бета-адреноблокаторлар, АӨФТ, АРБ, кальций өзекшелерінің блокаторлары және допаминді кері қармау тежегіштері).
Прессорлық аминдер (мысалы, норадреналин, адреналин)
Прессорлық аминдерге жауаптың төмендеуі мүмкін. Бұл әсердің клиникалық маңызы айқын емес және пресс-аминдерді қолдануға тыйым салу үшін жеткіліксіз.
Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер (ҚҚСП), ЦОГ-2 селективті тежегіштерін, ацетилсалицил қышқылын (күніне >3 г) және селективті емес ҚҚСП қоса
ҚҚСП біріктірілген қолданғанда ангиотензин II рецепторлары антагонистерінің де, гидрохлортиазидтің де гипотензиялық әсерін төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар, валсартанды/гидрохлортиазидті және ҚҚСП бірге пайдалану бүйрек функциясының төмендеуіне және сарысудағы калий деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Осы себепті емнің басында бүйрек функциясын бақылау, сондай-ақ пациенттің тиісті гидратациясын ұсынылады.
Валсартанмен байланысты өзара әрекеттесулер
АРАII, АӨФ тежегіштері немесе алискирен көмегімен ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы
Ренин-ангиотензин-альдостерон жүйесінің (РААЖ) қосарлы блокадасы АӨФ тежегіштерін, ангиотензин II рецепторларының блокаторларын немесе алискиренді біріктіріп қолдану арқылы гипотензияны, гиперкалиемияны қоса, жағымсыз құбылыстардың жоғары жиілігімен және РААЖ-ға әсер ететін бір препаратты қолданумен салыстырғанда бүйрек функциясының төмендеуімен (жедел бүйрек жеткіліксіздігін қоса) байланысты екендігі туралы деректер бар.
Біріктіріп қолдану ұсынылмайды
Калий сақтайтын диуретиктер, калий қоспалары, құрамында калий бар тұз алмастырғыштар және калий деңгейін арттыруға қабілетті басқа да заттар
Егер валсартанмен бірге калий деңгейіне әсер ететін дәрілік препаратты қолдану плазмадағы калий деңгейін бақылау ұсынылады.
Транспортерлер
Валсартан OATP1B1/OATP1B3 бауырлық қармау транспортерінің субстраты және MRP2 бауырлық ағым транспортері болып табылатынын көрсетеді. Қармау транспортерінің тежегіштерін (рифампицин, циклоспорин және т. б.) немесе ағылу транспортерін (ритонавир және т. б.) және валсартанды бірге қабылдау соңғысының жүйелік әсерін арттыруы мүмкін. Мұндай препараттармен емдеуді бастау және аяқтау кезінде қажетті сақтық шараларын сақтау керек.
Өзара әрекеттесудің болмауы
Валсартанның мынадай заттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталған жоқ: циметидинмен, варфаринмен, фуросемидпен, дигоксинмен, атенололмен, индометацинмен, гидрохлортиазидпен, амлодипинмен, глибенкламидпен. Дигоксин мен индометацин Валмак®-Н препаратының құрамына кіретін гидрохлортиазидпен өзара әрекеттесуі мүмкін.
Гидрохлортиазидпен байланысты өзара әрекеттесулер
Келесі біріктірілімдерді сақтықпен қолдану керек
Қан сарысуындағы калий деңгейіне әсер ететін дәрілік препараттар
Гидрохлортиазидтің гипокалиемиялық әсері оны калийуретикалық диуретиктермен, кортикостероидтармен, іш жүргізетін дәрілермен, АКТГ адренокортикотропты гормонымен, амфотерицинмен, карбеноксолонмен, G пенициллинмен, салицил қышқылымен және оның туындыларымен бірге қолданғанда артуы мүмкін.
Егер көрсетілген препараттарды дәрігер Валмак®-Н біріктірілімінде қолдану үшін тағайындаса, қан сарысуындағы калий деңгейін бақылау ұсынылады.
Екі бағытты қарыншалық тахикардияны туындатуға қабілетті дәрілік препараттар
Гипокалиемияның даму қаупін ескере отырып, гидрохлортиазидті екі бағытты қарыншалық тахикардияны туындатуға қабілетті препараттармен (ІА және III класты аритмияға қарсы дәрілер, психозға қарсы кейбір дәрілер) сақтықпен бірге қолданған жөн.
Қан сарысуындағы натрий деңгейіне әсер ететін дәрілік препараттар
Диуретиктердің гипонатриемиялық әсері антидепрессанттарды, психозға қарсы дәрілерді, эпилепсияға қарсы препараттарды, оның ішінде карбомазепинді бір мезгілде қолданғанда күшеюі мүмкін. Осы препараттарды ұзақ уақыт қолданғанда сақ болу керек.
Оймақгүл гликозидтері
Тиазид-индукцияланған гипокалиемияның дамуы мүмкін, бұл оймақгүл препараттарын қабылдау аясында жүрек аритмиясына әкелуі мүмкін.
Кальций тұздары және D дәрумені
Гидрохлортиазидті қоса алғанда, тиазидті диуретиктерді D дәруменімен немесе кальций тұздарымен бірге қабылдау сарысудағы кальций деңгейінің жоғарылауын күшейтуі мүмкін. Тиазидті диуретиктер мен кальций тұздарын біріктіріп қолдану оған бейімділігі бар пациенттерде (мысалы, гиперпаратиреозы, қатерлі ісіктері немесе D дәруменінің жеткіліксіз деңгейімен байланысты аурулары бар пациенттерде) кальцийдің өзекшелі реабсорбциясының жоғарылауы есебінен гиперкальциемияны туындатуы мүмкін.
Диабетке қарсы дәрілер (пероральді препараттар және инсулин)
Тиазидтерді қабылдау глюкозаға төзімділікке әсер етуі мүмкін. Диабетке қарсы препараттардың дозаларын түзету қажет болуы мүмкін.
Метформинді гидрохлортиазидті қабылдаумен байланысты бүйрек жеткіліксіздігінен болатын лактацидоз қаупін ескере отырып, сақтықпен қолдану керек.
Бета-блокаторлар және диазоксид
Гидрохлортиазид пен бета-блокаторларды қоса алғанда, тиазидті диуретиктерді біріктіріп қолдану гипергликемияның даму қаупін арттыруы мүмкін. Тиазидті диуретиктер, гидрохлортиазидті қоса, диазоксидтің гипергликемиялық әсерін күшейте алады.
Подаграны емдеу үшін қолданылатын дәрілік препараттар (пробенецид, сульфинпиразон және аллопуринол)
Несеп қышқылының шығарылуына ықпал ететін препараттардың дозаларын түзету қажет болуы мүмкін, өйткені гидрохлортиазид несеп қышқылының сарысулық деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Пробенецид немесе сульфинпиразон дозасын арттыру қажет болуы мүмкін. Гидрохлортиазидті қоса алғанда, тиазидті диуретиктермен бірге қолдану аллопуринолға аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму жиілігін арттыруы мүмкін.
Асқазанның перистальтикасына әсер ететін антихолинергиялық дәрілер және басқа да препараттар
Антихолинергиялық препараттар (мысалы, атропин, бипериден) тиазидті диуретиктердің биожетімділігін арттыруы мүмкін, бұл асқазан-ішек жолы перистальтикасының төмендеуімен және асқазан ішіндегісінің шығарылу жылдамдығымен байланысты. Прокинетика, мысалы, цизаприд, керісінше, тиазидті диуретиктердің биожетімділігін төмендетеді деп болжанады.
Амантадин
Тиазидтер, гидрохлортиазидті қоса алғанда, амантадин тудыратын жағымсыз әсерлер қаупін арттыруы мүмкін.
Ион алмасушы шайырларХолестирамин немесе колестиполмен бір уақытта қолданылған кезде тиазидті диуретиктердің сіңірілуі төмендеуі мүмкін. Бұл диуретиктердің емдік әсерінің әлсіреуіне алып келуі мүмкін. Гидрохлоротиазид пен шайырларды қабылдау уақытын ажырату (мысалы, гидрохлоротиазидті шайырлардан 4 сағат бұрын немесе 4–6 сағаттан кейін қабылдау) өзара әрекеттесуді барынша азайтуы мүмкін.
Цитоуытты препараттар
Тиазидтер, гидрохлортиазидті қоса алғанда, цитоуытты препараттардың (мысалы, циклофосфамид пен метотрексат) бүйрек арқылы шығарылуын төмендетуі және олардың миелосупрессивті әсерін күшейтуі мүмкін.
Қаңқа бұлшықеттерінің деполяризацияланбайтын релаксанттары (мысалы, тубокурарин)
Тиазидтер, оның ішінде гидрохлортиазид, кураре туындылары сияқты қаңқа бұлшықеттерінің релаксанттарының әсерін күшейтеді.
Циклоспорин
Циклоспоринмен бірге қолдану гиперурикемия мен подагра тәрізді асқынулардың қаупін арттыруы мүмкін.
Алкоголь, барбитураттар және есірткі құралдары
Тиазидті диуретиктер мен гипотензиялық әсері бар заттарды бір мезгілде қабылдау (мысалы, орталық жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің белсенділігін төмендетеді немесе тікелей тамыр кеңейтетін әсері бар) ортостаздық гипотензияны күшейтуі мүмкін.
Метилдопа
Метилдопа мен гидрохлортиазидті бірге қабылдаған пациенттерде гемолиздік анемияның жекелеген жағдайлары туралы хабарланды.
Йод құрамы бар контрастты орта
Диуретиктерді қабылдаудан туындаған дегидратация кезінде, әсіресе құрамында йод бар препараттардың жоғары дозаларын пайдалану кезінде жедел бүйрек жеткіліксіздігінің қаупі артады. Емді бастар алдында пациенттерге регидратация жүргізу қажет.