Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Таблетки, покрытые пленочной оболочкой
Дозасы
25 мг
Саудалық атауы
Вальдоксан®
Әсер етуші зат
Агомелатин
Мақсаты
Вальдоксан® ересектердегі үлкен депрессиялық бұзылысты емдеуге арналған
Өндіруші
Ле Лаборатуар Сервье Индастри
Ел
Франция
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында
белсенді зат: агомелатин 25 мг
қосымша заттар: лактоза моногидраты, магний стеараты, жүгері крахмалы, повидон, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий крахмалы гликолаты (А типі), стеарин қышқылы.
үлбірлі қабықтың құрамы: глицерол, гипромеллоза, темірдің (III) сары тотығы Е172, макрогол 6000, магний стеараты, титанның қостотығы Е171.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Les Laboratoires Servier Industrie (Ле Лаборатуар Сервье Индастри), Франция өндірісі кезінде
Бір жағында көгілдір түсті бедері бар, ұзынша пішінді, екі беті дөңес, қызғылт сары - сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
«СЕРВЬЕ РУС ЖШҚ», Ресей өндірісі кезінде
Ұзынша пішінді, екі беті дөңес, қызғылт сары - сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.
Вальдоксан® ересектердегі үлкен депрессиялық бұзылысты емдеуге арналған.
Әсер ету механизмі
Агомелатин – мелатонин рецепторларының агонисті (MT1-MT2) және 5-HT2C серотонин рецепторларының антагонисті. Байланыстыруды зерттеу агомелатиннің моноаминдердің қармауына әсер етпейтінін және адренергиялық, гистаминдік, холинергиялық, дофаминдік және бензодиазепиндік рецепторларға жақындығы жоқ екенін көрсетеді.
Агомелатин циркадтық ырғақтардың бұзылу модельдерінің жануарларындағы циркадтық ырғақтарды қайта синхрондайды. Агомелатин ми қыртысының маңдай аймағында норадреналин мен дофаминнің босап шығуын спецификалы арттырады және серотониннің жасушадан тыс деңгейіне әсер етпейді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Агомелатин депрессияның жануарлар моделіне (жүре пайда болған дәрменсіздік тестін, мінез-құлықтық торығу тестін, жеңіл созылмалы стресс тестін жүргізу), сондай-ақ циркадтық ырғақты синхрондау бұзылған модельдер және стресске немесе мазасыздық жағдайымен байланысты модельдерге антидепрессантқа ұқсас әсер етеді.
Адамдарда агомелатин фазаның оң ығысу қасиеттеріне ие, ұйқы фазасын жақындатады, дене температурасының төмендеуіне және мелатонин секрециясының басталуына әкеледі.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Агомелатиннің үлкен депрессиялық эпизодтарды емдеудегі тиімділігі мен қауіпсіздігі агомелатинді қабылдаған 7900 пациент қатысқан клиникалық бағдарлама барысында зерттелді.
Ересектердегі үлкен депрессиялық бұзылуды емдеу кезіндегі агомелатиннің қысқа мерзімді тиімділігін зерттеу үшін белгіленген дозада және/немесе дозаны жоғарылатумен он плацебо-бақыланатын зерттеу жүргізілді. Емдеу соңында (6 немесе 8 аптадан кейін) қысқа мерзімді қабылдаудың 10 салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын зерттеудің 6-ында 25-50 мг агомелатиннің маңызды тиімділігі көрсетілген. Негізгі соңғы нүкте бастапқы деңгеймен салыстырғанда HAMD-17 шкаласы бойынша көрсеткіштің өзгеруі болды. Агомелатин мен плацебо арасындағы айырмашылық белсенді бақылау препараты, пароксетин немесе флуоксетин талдаудың сезімталдығын көрсеткен екі зерттеуде көрсетілмеген. Агомелатинді пароксетинмен және флуоксетинмен тікелей салыстыру жүргізілген жоқ, өйткені бұл белсенді бақылау препараттары зерттеу талдауының сезімталдығын анықтау үшін қосылды. Басқа екі зерттеуде қандай да бір қорытынды жасау мүмкін болмады, өйткені белсенді бақылау препараттары пароксетин мен флуоксетин плацебодан ешқандай айырмашылықты көрсеткен жоқ. Алайда, бұл зерттеулерде агомелатиннің, пароксетиннің немесе флуоксетиннің бастапқы дозасын, тіпті емдеуге жеткіліксіз реакция кезінде де арттыруға жол берілмеді.
Барлық оң плацебо-бақыланатын зерттеулерде тиімділігі ауыр депрессиямен ауыратын пациенттерде де көрсетілген (HAM-D 25 шкаласы бойынша бастапқы балл ).
Агомелатинді қабылдау кезінде емдеуге реакция деңгейі плацебо қабылдағанға қарағанда статистикалық маңыздылығы жоғары болды.
СКҚСТ/СКҚСТН препараттарымен (сертралин, эсциталопрам, флуоксетин, венлафаксин немесе дулоксетин) салыстырғанда депрессиялық бұзылулардан зардап шегетін ересек пациенттердің гетерогенді популяцияларының қатысуымен клиникалық тиімділіктің жеті зерттеуінің алтауында артықшылығы (2 зерттеу) немесе тиімділігінің аздығы (4 зерттеу) анықталды. Депрессияға қарсы әсері бастапқы немесе екінші соңғы нүкте бойынша HAMD-17 шкаласы бойынша бағаланды.
Депрессияға қарсы тиімділігін сақтау қайталанудың алдын алу зерттеуінде көрсетілген. Жедел фазаны 8/10 апталық ашық емдеуде күніне бір рет қабылдау кезінде 25-50 мг агомелатинге жауап берген пациенттер күніне бір рет 25-50 мг агомелатинді не келесі 6 ай ішінде плацебо қабылдауға рандомизацияланды. Күніне бір рет 25-50 мг агомелатин нәтиженің бастапқы өлшемі, қайтаану басталғанға дейінгі уақыт ретінде өлшенген депрессияның қайталануының алдын алу бойынша плацебодан (p=0,0001) статистикалық маңызды артықшылықты көрсетті. Жалғасқан бақылаудың салыстырмалы жасырын кезеңінің 6 айы ішінде қайталану жиілігі агомелатин үшін 22%-ды және плацебо үшін 47%-ды құрады.
Агомелатин сау еріктілерде күндізгі уақытта еске сақтау мен реакция жылдамдығына әсер етпейді. Депрессиямен ауыратын пациенттерде 25 мг агомелатинді қабылдау КЖҚ-мен (көздің жылдам қозғалысы) ұйқының ұзақтығын немесе КЖҚ жасырындылығын өзгертпестен баяу толқындық ұйқыны арттырды. 25 мг агомелатин ұйқының басталуын және жүректің жиырылу жиілігінің ең аз уақытын жақындатады. Емделудің бірінші аптасынан бастап ұйықтап қалу және ұйқы сапасы едәуір жақсарды, бұл пациенттердің бағалауы бойынша күндізгі уақытта қозғалтқыштың тежелуімен қатар жүрмеді.
Сексуальдық дисфункцияны арнайы салыстырмалы зерттеу көрсеткендей, жыныстық құбылыстар шкаласы (SEXFX) бойынша жыныстық қозу немесе оргазм көрсеткіштері бойынша агомелатинді қабылдаған ремиссиясы бар депрессиялық пациенттерде венлафаксинді қабылдағанға қарағанда сексуальдық дисфункциялардың аз санына сандық үрдіс (статистикалық тұрғыдан мардымсыз) байқалды. Аризонаның сексуальдық өмірді бағалау шкаласын (ASEX) қолдана отырып жүргізілген зерттеулердің бірлескен талдауы агомелатинді қабылдау сексуальдық дисфункциямен бірге жүрмейтінін көрсетті. Сау еріктілерде пароксетинмен салыстырғанда агомелатин жыныстық функцияны бұзбайды.
Клиникалық зерттеулерде агомелатин жүректің жиырылу жиілігі мен артериялық қысымға әсері бойынша бейтарап болды.
Ремиссиясы бар пациенттерде емдеуді тоқтату белгілері мен симптомдарының (DESS) бақылау тізімінің көмегімен тоқтату симптомдарын бағалау үшін жүргізілген зерттеуде емдеуді күрт тоқтатқан кезде агомелатин тоқтату синдромын тудырмағаны көрсетілді.
Дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген зерттеу барысындағы өлшеулерге, арнайы визуалды аналогтық шкала немесе тәуелділікті зерттеу орталығының (ARCI) 49 сұрақтан тұратын сауалнамасының бақылау тізімне сәйкес агомелатин теріс пайдалану әлеуетінен айырылған.
Депрессиялық бұзылулардан зардап шегетін егде жастағы пациенттерде (≥ 65 жас, N=222, оның ішінде 151 пациент агомелатинді қабылдаған) агомелатинді тәулігіне 25-50 мг дозада қабылдаған 8 апталық плацебо-бақыланатын зерттеу бағалаудың бастапқы критерийі бойынша HAM-D шкаласы бойынша 2,67 қорытынды балл статистикалық маңызды айырмашылықты көрсетті. Емдеуге жауап беретін пациенттердің үлесін талдау агомелатиннің пайдасына айырмашылықты көрсетті. Өте егде жастағы пациенттерде жақсару байқалмады (≥75 жас, N= 69, оның 48-і агомелатинді қабылдады). Егде жастағы пациенттерде агомелатинге төзімділік жас ересек пациенттерде байқалған төзімділікпен салыстырылды.
3 апталық бақыланатын зерттеу пароксетин (СКҚСТ) немесе венлафаксин (СКҚСТН) қабылдау нәтижесінде жағдайы жеткіліксіз жақсарған депрессиялық бұзылулармен ауыратын пациенттердің қатысуымен жүргізілді. Осы антидепрессанттармен емнен агомелатинмен емге ауысу кезінде емді тоқтату симптомдары қабылдауды күрт тоқтатқаннан кейін де, сондай-ақ бұрын қабылданатын препаратты қабылдауды біртіндеп тоқтатқаннан кейін де, СКҚСТ немесе СКҚСТН препараттарымен емді тоқтатқаннан кейін пайда болды. Терапияны тоқтатудың бұл симптомдары агомелатиннің ерте әсерінің болмағаны үшін қабылдануы мүмкін.
Доза қысқа кезеңде төмендетілген пациенттер тобына (1 апта ішінде СКҚСТ/СКҚСТН препараттарымен емдеуді біртіндеп тоқтату) және емдеу күрт өзгертілген пациенттер тобына (препаратты қабылдауды күрт тоқтату) қарағанда доза ұзақ кезеңде төмендетілген пациенттер тобында (2 апта ішінде СКҚСТ/СКҚСТН препараттарын қабылдауды біртіндеп тоқтату) СКҚСТ/СКҚСТН препараттарымен емдеуді тоқтатқаннан кейін бір аптадан соң ең аз дегенде бір тоқтату симптомын бастан кешіретін пациенттердің пайыздық үлесі төмен болды: тиісінше 56,1%, 62,6% және 79,8%.
Балалар
Еуропалық дәрілік заттар жөніндегі агенттік депрессиялық эпизодтарды емдеу кезінде балалар мен жасөспірімдердің бір немесе одан да көп қосалқы топтарында агомелатинді зерттеу нәтижелерін ұсыну міндеттемесін орындауды кейінге қалдырды (балалар мен жасөспірімдерде қолдану туралы ақпаратты 4.2-бөлімнен қараңыз).
Дозалау режимі
Ұсынылатын доза: ішке 25 мг (1 таблетка) тәулігіне 1 рет, ұйықтар алдында. Қажет болған жағдайда, екі апталық емдеуден кейін доза тәулігіне 1 рет 50 мг (2 таблетка) дейін ұлғайтылуы мүмкін. Препараттың ең жоғары тәуліктік дозасы 50 мг құрайды. Дозаны ұлғайту туралы шешім қабылдағанда, трансаминазалар мөлшерінің жоғарылау қаупін ескеру керек. Дозаны 50 мг-ға кез келген ұлғайту әрбір пациент үшін жеке пайда/қауіп арақатынасын ескере отырып және бауыр функциясын тұрақты бақылау кезінде жүргізілуі тиіс. Емдеуді бастамас бұрын бауыр функциясын тексеру үшін тест жүргізу керек. Трансаминазалар қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе асқан жағдайда емдеуді бастауға болмайды.
Емдеу барысында трансаминазалар деңгейін кезеңділікпен бақылау керек: 3 аптадан, 6 аптадан кейін (жедел фазаның аяқталуы), 12 аптадан, 24 аптадан кейін (тұрақтану фазасының аяқталуы) және одан кейін клиникалық көрсетілімдер бойынша. Трансаминазалар қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе асқан жағдайда емдеуді тоқтату керек. Дозаны арттырған кезде бауыр функциясын емнің басындағы жиілікпен тексеру керек.
СКҚСТ/СКҚСТН антидепрессантты препараттарымен емдеуден агомелатинмен емдеуге көшу
СКҚСТ/СКҚСТН антидепрессантты препаратын қабылдауды тоқтатқаннан кейін пациенттерде емді тоқтату симптомдары пайда болуы мүмкін. Агомелатинді қабылдауды дереу, СКҚСТ/СКҚСТН препаратының дозасын біртіндеп төмендетіп бастауға болады.
Пациенттердің жекелеген санаттары
Егде жастағы пациенттер
Депрессиямен ауыратын егде жастағы пациенттерде (<75 жас) агомелатиннің тиімділігі мен қауіпсіздігі (тәулігіне 25-тен 50 мг-ға дейін) анықталды. ≥ 75 жастағы пациенттердегі әсер құжатталмаған. Сондықтан агомелатинді осы жас тобындағы пациенттерге тағайындауға болмайды. Жасына байланысты дозаны түзету талап етілмейді.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар пациенттерде агомелатиннің фармакокинетикалық параметрлерінде релевантты өзгерістер байқалған жоқ. Бүйрек функциясының орташа немесе ауыр дәрежедегі бұзылуынан зардап шегетін үлкен депрессиялық эпизодтары бар пациенттерде агомелатинді қолдану бойынша тек шектеулі клиникалық деректер бар, сондықтан агомелатинді осы пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек.
Бауыр функциясының бұзылуы
Агомелатинді бауыр функциясы бұзылған пациенттерге қолдануға болмайды.
Балалар мен жасөспірімдер
Депрессиялық эпизодтарды емдеу үшін 2 жастан асқан балалардағы агомелатиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ. Деректер жоқ.
Депрессиялық эпизодтарды емдеу үшін туғаннан бастап 2 жасқа дейінгі балаларда агомелатинді қолдану туралы маңызды мәліметтер жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді қолдануға арналған.
Вальдоксан® препаратының таблеткаларын тамақтануға қарамастан қабылдауға болады.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тәулігіне 1 рет, ұйықтар алдында
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Емдеуді тоқтату дозаны біртіндеп төмендетуді талап етпейді.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Қажет болған жағдайда кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгінуге болады.
- белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бауыр функциясының бұзылуы (яғни цирроз немесе бауырдың белсенді ауруы) немесе қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе асатын трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы
- CYP1A2 изоферментінің күшті тежегіштерін қатар қабылдау (флувоксамин, ципрофлоксацин)
- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
- 75 жастан асқан егде жастағы пациенттер
Жағымсыз реакциялар, әдетте, жеңіл немесе орташа болды және емдеудің алғашқы екі аптасында орын алды. Ең көп таралған жағымсыз реакциялар бас ауыруы, жүрек айну және бас айналу болды.
Бұл жағымсыз реакциялар, әдетте, өтпелі болды және әдетте емді тоқтатуға алып келмеді.
Жағымсыз реакциялар төменде берілген және келесіге сәйкес келеді: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100, <1/10); жиі емес (≥1/1 000, <1/100); сирек (≥1/10 000, <1/1 000); өте сирек (<1/10 000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау жүргізу мүмкін емес). Жиілік плацебода түзетілмеген.
Өте жиі
- Бас ауыруы
Жиі
- үрей
- ерекше түс көру*
- бас айналу
- ұйқышылдық
- ұйқысыздық
- жүрек айнуы
- диарея
- іш қату
- іштің ауыруы
- құсу*
- аланин-аминотрансфераза (ALT) және/немесе аспартат-аминотрансфераза (AST) мәндерінің артуы (клиникалық зерттеулер деректері бойынша ALT және/немесе AST үшін қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе артуы тәулігіне 25 мг агомелатинді қабылдаған пациенттердің 1,2%-ында және плацебо қабылдаған пациенттердің 0,5%-ымен салыстырғанда тәулігіне 50 мг агомелатинді қабылдаған пациенттердің 2,6%-ында байқалды)
- арқаның ауыруы
- шаршағыштық
- дене салмағының артуы*
Жиі емес
- суицидтік ойлар немесе мінез-құлықтар
- қозулы жағдай және онымен байланысты симптомдар* (мысалы, ашушаңдық және мазасыздық)
- озбырлық*
- түнгі үрейлер*
- мания/гипомания*. Бұл симптомдар бұрыннан бар аурудан туындауы мүмкін
- сананың шатасуы*
- бас сақинасы
- парестезия
- мазасыз аяқ синдромы*
- көрудің бұлыңғырлығы
- тиннитус*
- гамма-глютамилтрансфераза* (GGT) мәндерінің артуы (қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе жоғары)
- гипергидроз
- экзема
- қышыну*
- есекжем*
- миалгия*
- дене салмағының төмендеуі*
Сирек
- елестеулер*
- акатизия*
- гепатит
- сілтілік фосфатаза мәндерінің артуы*
(қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе артық)
- бауыр жеткіліксіздігі* (1)
- сарғаю*
- эритематозды бөртпе
- беттің ісінуі және ангионевроздық ісіну*
- несептің іркілуі*
* Өздігінен келіп түскен хабарламаларда анықталған жағымсыз реакциялардың жиілігі клиникалық зерттеулердің деректері бойынша бағаланады.
(1) Бауыр ауруларының қауіп факторлары бар пациенттерде өліммен аяқталудың немесе бауырды ауыстырып салудың сирек жағдайлары туралы хабарламалар түскен.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары
Агомелатиннің артық дозалану тәжірибесі шектеулі. Эпигастрий аймағында ауырсыну, ұйқышылдық, қажу, үрейлі қозу, мазасыздық, ширығу, бас айналу, цианоз немесе дімкәстік байқалды.
2450 мг агомелатин қабылдаған пациентте қалпына келу өмірлік маңызды жүйелер мен ағзалар тарапынан жүрек-қантамыр және басқа да бұзылуларсыз өздігінен орын алды.
Емдеу
Агомелатинге арналған арнайы антидоттар белгісіз. Артық дозаланған кездегі әрекеттер клиникалық симптомдарды емдеуден және әдеттегі мониторинг жүргізуден тұруы тиіс. Стационарда медициналық бақылау ұсынылады.
Бауыр функциясының мониторингі
Бауырдың зақымдану жағдайлары, оның ішінде бауыр жеткіліксіздігі (бауыр үшін қауіп факторлары бар пациенттерде өлім нәтижесінің немесе бауырды ауыстырып салған ерекше жағдайлары туралы бірнеше хабарлама бар), бауыр ферменттері деңгейінің қалыптан 10 есе жоғарылауы, гепатит және сарғаю тіркеуден кейінгі кезеңде агомелатинді қабылдаған пациенттерде тіркелді. Олардың көпшілігі емдеудің алғашқы айларында басталды. Бауырдың зақымдану сипаты негізінен гепатоцеллюлярлы болып табылады және қан сарысуындағы трансаминазалардың жоғарылауымен бірге жүреді, ол әдетте агомелатинді қабылдауды тоқтатқаннан кейін қалпына келеді.
Емдеуді бастар алдында сақтықты сақтау, сондай-ақ барлық пациенттерде, әсіресе бауырдың зақымдану қаупі факторлары бар пациенттерде және бауырдың зақымдануының пайда болу қаупін болжайтын дәрілік препараттарды біріктіріп қабылдау кезінде емдеудің барлық кезеңі ішінде мұқият бақылау жүргізу қажет.
Емдеуді бастар алдында
Вальдоксан® терапиясын бауырдың зақымдану қаупі факторлары бар пациенттерде пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана тағайындау керек, мысалы:
- семіздік / артық салмақ/бауырдың алкогольсіз стеатозы, диабет
- алкоголизм және/немесе алкогольді көп тұтыну,
сондай-ақ бауыр зақымдануының пайда болу қаупін болжайтын дәрілік препараттарды біріктіріп қабылдайтын пациенттерде.
Емді бастар алдында барлық пациенттерде бауыр функциясын бақылауды жүзеге асыру міндетті болып табылады; ALT және/немесе AST бастапқы мәні қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе асатын пациенттерге емдеуді тағайындауға болмайды. Вальдоксан® препаратын трансаминазалар деңгейі жоғары пациенттерге емдеуді бастар алдында тағайындағанда сақ болу қажет (қалыптың жоғарғы шегінен асатын, бірақ 3 еседен артық емес).
Бауыр функциясын бақылауды жүзеге асыру жиілігі - емдеуді бастар алдында - содан кейін: шамамен 3 аптадан кейін шамамен 6 аптадан кейін (жедел кезеңнің соңы) шамамен 12 және 24 аптадан кейін (тұрақтандыру кезеңінің соңы) кейіннен клиникалық көрсетілімдер бойынша. Дозаны ұлғайтқан кезде емнің басындағыдай жиілікпен бауыр сынамаларын жүргізген жөн. Егер пациентте сарысуда трансаминазалар деңгейінің жоғарылауы байқалса, алдағы 48 сағат ішінде бауыр функциясына қайта бақылау жүргізу керек.
Терапия кезеңі ішінде
Вальдоксан® препаратымен емдеуді дереу тоқтату керек, егер:
• пациентте бауырдың потенциалды зақымдану симптомдары немесе белгілері дамыса (мысалы, несеп түсінің қараюы, ашық түсті нәжіс, терінің/көздің ағының сары түсті болуы, іштің оң жақ жоғарғы бөлігінің ауыруы, тұрақты алғашқы анықталған және ерекше шаршау)
• сарысудағы трансаминазалардың деңгейі қалыптың жоғарғы шекті мәнінен 3 есе асса.
Вальдоксан® препаратымен емді тоқтатқаннан кейін сарысудағы трансаминазалар деңгейі қалыпқа келгенше бауыр функциясына қайта бақылау жүргізу керек
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Вальдоксан® 18 жасқа дейінгі пациенттерде депрессияны емдеу үшін ұсынылмайды, өйткені Валдоксан® препаратының осы жас тобындағы қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Клиникалық зерттеулерде басқа антидепрессанттарды қабылдаған балалар мен жасөспірімдерде суицидтік мінез-құлық (суицид әрекеттері және суицидтік ойлар) және дұшпандық (негізінен озбырлық, оппозициялық мінез-құлық және ашу) плацебо қабылдағандарға қарағанда жиі байқалды
Егде жастағы пациенттер
≥ 75 жастағы пациенттерде агомелатиннің әсері құжатталмаған, сондықтан агомелатинді осы жас тобындағы пациенттерге тағайындауға болмайды
Деменциясы бар егде жастағы пациенттерде қолдану
Деменциясы бар егде жастағы пациенттерде үлкен депрессиялық эпизодтарды емдеу үшін Вальдоксан® препаратын тағайындауға болмайды, өйткені бұл пациенттерде Вальдоксан® препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған
Биполярлық бұзылыс / мания / гипомания
Анамнезінде биполярлық бұзылыс, мания немесе гипомания бар пациенттерге тағайындағанда сақ болу және егер пациентте маниакальді симптомдар дамыса емдеуді тоқтату керек
Суицид / суицидтік ойлар
Депрессия суицидтік ойлардың, өз денесіне өзі зақым келтіру және суицид (суицидтік әрекеттер мен көріністер) қаупінің жоғарылауымен қатар жүреді. Бұл қауіп маңызды ремиссия басталғанға дейін сақталады. Емдеудің алғашқы бірнеше немесе одан да көп апталарында жақсару болмауы мүмкін болғандықтан, пациентке жағдайы жақсарғанға дейін мұқият бақылау жүргізу керек. Жалпы клиникалық практика көрсеткендей, сауығудың ерте кезеңдерінде суицид қаупі жоғарылауы мүмкін.
Анамнезінде суицидтік әрекеттері мен көріністері бар пациенттер немесе емдеу басталғанға дейін суицидтік ойлардың елеулі деңгейі бар пациенттер суицидтік ойлар немесе суицид әрекеттер қаупіне көбірек ұшырайтыны және емдеу кезінде оларға мұқият бақылау жүргізілуі тиіс екені белгілі. Психикалық аурумен ауыратын ересек пациенттердің қатысуымен антидепрессанттардың плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеулерінің мета-талдауы 25 жасқа дейінгі пациенттерде антидепрессанттарды қабылдаған кезде плацебо қабылдаумен салыстырғанда суицидтік мінез-құлық қаупі жоғары екенін көрсетті.
Осы пациенттерді, атап айтқанда, жоғары қауіп дәрежесі бар пациенттерді емдеу, әсіресе емдеудің ерте сатысында және дозаның өзгеруі кезінде мұқият бақылаумен өтуі тиіс. Пациенттерге (және пациенттерге күтім жасайтын адамдарға) кез келген клиникалық нашарлауды, суицидтік мінез-құлықты немесе ойларды, сондай-ақ мінез-құлықтағы ерекше өзгерістерді қадағалау қажеттігі туралы және осы симптомдар пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажеттігі туралы ескерту керек.
CYP1A2 тежегіштерімен біріктіру
Вальдоксан® препаратын агомелатин экспозициясының ұлғаюына әкелуі мүмкін CYP1A2 орташа тежегіштерімен (мысалы, пропанололмен, эноксацинмен) бірге тағайындағанда сақ болу керек.
Лактоза жақпаушылығы
Вальдоксан® препаратының құрамында лактоза бар. Бұл препаратты лактозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығының, жалпы лактаза жеткіліксіздігінің немесе глюкоза-галактозаның нашар сіңірілуінің сирек кездесетін проблемалары бар пациенттерге тағайындауға болмайды.
Натрий мөлшері
Вальдоксан® препаратының бір таблеткасында натрий 1 ммоль аз (23 мг), яғни іс жүзінде натрий жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Агомелатин автокөлік жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне елеусіз әсер етеді.
Бас айналу және ұйқышылдық – жиі жағымсыз реакциялар болғандықтан, пациенттерге механизмдерді жүргізу және басқару кезінде аса мұқият болу керектігі туралы ескерту керек.
Жүкті әйелдердің агомелатинді қолданғаны туралы деректер (жүктіліктің 300-ден кем нәтижесі) жоқ немесе шектеулі. Жануарларға жүргізілген зерттеу деректері жүктілікке, эмбрионның/шарананың дамуына, босануға немесе жаңа туған нәрестенің дамуына байланысты препараттың қандай да бір тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсетпейді. Қауіпсіздік мақсатында жүктілік кезінде Вальдоксан® препаратын қабылдаудан аулақ болу керек.
Агомелатин немесе оның метаболиттерінің адамда сүтпен бөлінетіні әлі белгісіз. Жануарларда қолдану туралы фармакодинамикалық/токсикологиялық деректер агомелатин мен оның метаболиттерінің сүтпен бөлінетінін көрсетті, сондықтан жаңа туған нәресте/сәби үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Бала үшін емшек емудің және әйел үшін терапияның пайдасын ескере отырып, емшек емізуді тоқтату немесе Вальдоксан® препаратымен емді тоқтату/тоқтата тұру туралы шешім қабылдау қажет.
Агомелатинмен потенциалды өзара әрекеттесу
Агомелатин метаболизмі негізінен P450 1A2 (CYP1A2) (90%) және CYP2C9/19 (10%) цитохромының қатысуымен жүреді. Осы изоферменттермен әрекеттесетін препараттар агомелатиннің биожетімділігінің төмендеуіне немесе жоғарылауына әкелуі мүмкін.
CYP1A2 күшті тежегіші және CYP2C9 орташа тежегіші флувоксамин агомелатин метаболизміне айқын тежегіш әсер ететіні көрсетілген, бұл агомелатин экспозициясының 60 есе (12-ден 412 есеге дейін) ұлғаюына әкеледі. Сондықтан Вальдоксан® препаратын CYP1A2 күшті тежегіштерімен (мысалы, флувоксамин, ципрофлоксацин) қатар қабылдауға болмайды.
Агомелатиннің эстрогендермен (CYP1A2 орташа тежегіштерімен) біріктірілуі агомелатин экспозициясының бірнеше есе ұлғаюына әкеледі. Препаратты эстрогендермен біріктіріп қабылдаған 800 пациенттің қауіпсіздігіне байланысты ерекше үрейлі дабыл алынбағанмен, агомелатинді басқа CYP1A2 орташа тежегіштерімен (мысалы, пропанололмен, эноксацинмен) тағайындағанда, тәжірибелік деректер көбірек алынғанға дейін сақ болу керек.
Агомелатин метаболизміне қатысатын барлық үш цитохромның индукторы рифампицин агомелатиннің биожетімділігін төмендетуі мүмкін.
Шылым шегу CYP1A2 цитохромын индукциялайды және агомелатиннің биожетімділігін төмендетеді, әсіресе шылымқорларда (күніне ≥ 15 темекі)
Агомелатиннің басқа медициналық препараттарға әсер ету потенциалы
In vivo агомелатин CYP450 изоферменттерін индукцияламайды. Агомелатин CYP1A2 in vivo, басқа CYP450 in vitro да тежемейді. Сондықтан агомелатин метаболизмі CYP450 қатысуымен болатын медициналық препараттардың экспозициясында өзгерістер туғызбайды.
Басқа медициналық препараттар
Мақсатты популяцияның қатысуымен I фазаның клиникалық сынақтары барысында медициналық препараттармен фармакокинетикалық немесе фармакодинамикалық өзара әрекеттесуінің дәлелдері табылған жоқ, олар болжам бойынша Вальдоксан® препаратымен: бензодиазепиндермен, литиймен, пароксетинмен, флуконазолмен немесе теофиллинмен бір мезгілде жиі тағайындалатын болады.
Алкоголь
Агомелатинді алкогольмен біріктіру ұсынылмайды.
Электр арқылы құрысудың терапиясы (ЭҚТ)
Агомелатинді және ЭҚТ біріктіріп қолдану тәжірибесі жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер препараттың проконвульсивті қасиеттерін анықтаған жоқ Сондықтан агомелатинмен емдеу аясында ЭҚТ қолдану клиникалық салдардың дамуына әкелуі екіталай деп саналады.
Балалар мен жасөспірімдер
Препараттың әсерін зерттеу тек ересектер үшін жүргізілді.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.