Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Саудалық атауы
Вамелан
Әсер етуші зат
Снотворные и седативные препараты другие
Мақсаты
Вамелан препараты орталық жүйке жүйесінің ауыр емес функционалдық бұзылыстарын (неврастения мен ұйқының бұзылуын қоса) кешенді емде қолданылады
Өндіруші
П.П.Ф. ХАСКО-ЛЕК С.А.
Ел
Польша
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: шүйгіншөп қышқылы бойынша стандартталған дәрілік шүйгіншөп құрғақ экстрактісі (гидроксивалериан, ацетоксивалериан және валериан қышқылдары қосындысы ретінде) 125 мг, гүлшетен қышқылы арқылы стандартталған құрғақ сермене экстрактісі 25 мг, бұрыш жалбызы құрғақ экстрактісі 25 мг,
қосымша заттар: тазартылған соя майы, пальма майы, кокос майы, ара балауызы, соя лецитині,
капсула құрамы: желатин, глицерин, титанның қостотығы (Е 171), хлорофильді мыс кешені (Е 141), темірдің қара тотығы (Е 172), хинолинді сары (Е 104).
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Сопақша пішінді, беткейі тегіс және жылтыр, жасыл түсті корпусы мен қақпақшасы бар, жұмсақ желатинді капсулалар.
Капсулалардың ішіндегісі – өзіне тән иісі бар қою қара-қоңыр майлы сұйықтық.
Вамелан препараты орталық жүйке жүйесінің ауыр емес функционалдық бұзылыстарын (неврастения мен ұйқының бұзылуын қоса) кешенді емде қолданылады. Дәрілік затты қолдану тек дәстүрлі көпжылдық қолдану тәжірибесіне негізделген.
ATХ коды N05CM
Вамелан - бұрыш жалбызы, сермене пен шүйгіншөп құрғақ экстрактілері бар біріктірілген фитопрепарат. Дәстүрлі қолдану тәжірибесі көрсеткендей, шүйгіншөп және сермене экстрактілері тыныштандыратын әсерге ие, сермене мен бұрыш жалбызы экстрактілері асқазан-ішек жолдарының шамалы бұзылулары кезінде пайдалы әсер етеді.
Шүйгіншөп тамыры тыныштандыратын әсерге ие, сонымен қатар ұйқының сапасы мен ұзақтығын жақсартады.
Сермене жапырақтары тыныштандыратын және жел айдайтын әсерге ие және дәстүрлі түрде тыныштандыратын және ұйықтататын әсері бар фитопрепараттарда қолданылады.
Бұрыш жалбызы жапырақтары ас қорыту жолының тегіс бұлшықеттеріне спазмолитикалық әсер етеді; олар сондай-ақ өт айдайтын және іш жүргізетін әсерге ие. Бұрыш жалбызының жапырағы дәстүрлі түрде тыныштандыратын фитопрепараттардың құрамында шүйгіншөп тамырымен бірге қолданылады.
Шүйгіншөп, сермене және бұрыш жалбызы біріктірілімінің тиімділігі дәстүрлі қолдануға негізделген. Шөптердің әсері бірін-бірі толықтырады. Біріктірілім жеңіл тыныштандыратын әсерге ие және уақытша жүйкенің ширығу симптомдарын (жүйкенің қатты ширығуы, мазасыздық, қозғыштықтың күшеюі кезінде күнделікті тыныштандыратын дәрі ретінде) жеңілдетуге және (немесе) ұйқының уақытша бұзылуы кезінде қолдануға арналған.
Дозалау режимі
Жоғары жүйке қозғыштығы мен тітіркену жағдайында препараттың ұсынылған дозасы тәулігіне 2 рет 2 капсуланы құрайды.
Ұйқысыздық кезінде препараттың ұсынылған дозасы ұйқыға дейін 1 сағат бұрын 2 капсуланы құрайды.
Препаратты қолдану әсері біртіндеп дамиды. Оңтайлы әсерге қол жеткізу үшін препаратты кем дегенде 14 күн пайдалану ұсынылады.
Симптомдардың ауырлығы азаймаған немесе 14 күн ішінде препаратты қолдану аясында жағдайдың нашарлауы байқалған жағдайларда дәрігермен кеңесу қажет.
Енгізу әдісі және жолы
Капсулаларды ас ішуге қарамастан, жеткілікті мөлшерде сұйықтық іше отырып, қабылдайды.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты қолдану ұзақтығы шектелмейді. Ұзақ уақыт бойы қолданғаннан кейін препаратты тоқтатқанда дәріге тәуелділік немесе абстиненттік синдром белгілері байқалмайды.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі нұсқаулар
Дәрілік препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда дәрігермен немесе фармацевтпен кеңесу керек.
• әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• депрессия, орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуімен қатар жүретін аурулар
• жүктілік және бала емізу кезеңі
• балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер
• өт жолдарының қабынуы, өттас ауруы, холангит, холецистит
Жиілігі белгісіз
• жүрек айнуы
• түйілу сипатындағы іштің ауыруы
• гастроэзофагеальді рефлюкс (қыжыл) симптомдар ауырлығының күшеюі байқалуы мүмкін
Жағымсыз реакциялар пайда болған жағдайда, оның ішінде нұсқаулықта көрсетілмеген жағдайда дәрігермен кеңесу қажет.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық дерекқорға тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Шүйгіншөп экстрактісін 20 г дозада қабылдаған кезде қажу, түйілуі сипатындағы іштің ауыруы, кеуденің қысылу сезімі, бас айналу, қол треморы және мидриаз сияқты симптомдар байқалды; жоғарыда аталған симптомдар 24 сағат ішінде жоғалған.
Артық дозалану симптомдары дамыған жағдайда симптоматикалық ем жүргізу қажет
Бұрыш жалбызы мен сермене экстрактісімен артық дозалану туралы деректер жоқ.
Препаратты тоқтатқан кезде тоқтату синдромы дамымайды.
Препарат ұйқы бұзылуының және жүйке қозғыштығының жеңіл түрі кезінде қолданылады.
Арнайы ескертулер
Гастроэзофагеальді рефлюксі (қыжылы) бар пациенттерде қыжылдың күшеюіне байланысты құрамында бұрыш жалбызы бар препараттарды қолдануға болмайды.
Құрамында бұрыш жалбызы бар препараттарды өт-тас ауруы немесе өт қабы мен өт шығару жолдарының басқа аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек.
Қосымша заттар
Вамелан препаратының құрамында соя майы бар, сондықтан препаратты қолдану арахис пен сояға аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге қолдануға болмайды.
Жергілікті тері реакцияларының пайда болуы мүмкін (жанаспалы дерматит).
Вамелан препаратының құрамында хинолинді сары (E 104) бояғышы бар.
Препараттың көлік құралын немесе ықтимал қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін. Препаратпен жүргізілетін ем кезінде көлік жүргізу және механизмдерді басқару ұсынылмайды.
Жүктілік және лактация кезінде қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Деректердің жеткіліксіз болуына байланысты препаратты жүктілік және лактация кезеңінде әйелдерде қолдану ұсынылмайды.
Препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы деректер жоқ. Препаратты басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданар алдында пациент дәрігермен кеңесу керек.
Фармакологиялық өзара әрекеттесу туралы деректер шектеулі. CYP2D6, CYP3A4/5, CYP1A2 және CYP2E1 қатысуымен метаболизденетін заттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесулер байқалмады.
Препаратты басқа тыныштандыратын дәрілермен (мысалы, бензодиазепиндермен) бір мезгілде қолдану ұсынылмайды және тек дәрігердің бақылауымен рұқсат етіледі.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
15°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.