Дозалау режимі
Қажет болса, Ванко-ВМ препаратын бактерияға қарсы басқа дәрілермен біріктірілімде пайдаланған жөн.
Вена ішіне енгізу
Ванкомициннің бастапқы дозасы пациенттің дене салмағын ескере отырып, есептеледі. Кейіннен дозаны нысаналы емдік концентрацияға қол жеткізу үшін дәрілік заттың қан сарысуындағы концентрациясына байланысты түзетеді, бұл ретте енгізулер арасындағы аралықтың ұзақтығын және бүйректің функционалдық жай-күйін ескеру қажет.
Ересектер мен 12 жастағы және одан асқан балалар
Ванкомициннің ұсынылған дозасы әр 8-12 сағат сайын 15-20 мг/кг құрайды (бір реттік доза 2,0 г аспауы керек).
Қан сарысуындағы ең төменгі нысаналы концентрацияға жылдам қол жеткізу мақсатында хал-ахуалы ауыр пациенттерде ванкомицинді 25-30 мг/кг жүктеме дозасында пайдалануға болады.
1 айдан 12 жасқа дейінгі балалар
Ванкомициннің ұсынылған дозасы әр 6 сағат сайын 10-15 мг/кг құрайды.
Мерзіміне жетіп туылған нәрестелер (туылғаннан 27 күнге дейін) және шала туылған нәрестелер (туылғаннан күтілетін босану мерзіміне дейін + 27 күн)
Жаңа туылған нәрестелердегі ванкомицинді дозалау режимін таңдағанда, жаңа туған жаңа туған нәрестелермен жұмыс істеу тәжірибесі бар дәрігермен кеңесу керек.
Төменде постконцептуальді жасты (әйелдің соңғы етеккір оралымының бірінші күні мен баланың туылуы арасындағы өткен уақыт (гестациялық мерзім) + бала туылғаннан кейінгі өткен уақыт (постнатальді жас) ескере отырып, жаңа туған нәрестелердегі дәрілік затты дозалаудың ықтимал режимдері көрсетілген:
• 29 аптадан аз постконцептуальді жас – әр 24 сағат сайын 15 мг/кг;
• 29-35 апта постконцептуальді жас - әр 12 сағат сайын 15 мг/кг;
• 35 аптадан артық постконцептуальді жас - әр 8 сағат сайын 15 мг/кг.
Барлық жас топтарындағы пациенттерде бактериялық эндокардиттің профилактикасы үшін периоперациялық кезеңде қолдану
Анестезия алдында ванкомициннің бастапқы ұсынылған дозасы 15 мг/кг құрайды, операцияның ұзақтығына байланысты дәрілік затты қайта енгізу қажет болуы мүмкін.
Емдеу ұзақтығы
Препаратты қолдану ұзақтығы инфекциялық аурудың типі мен ауырлығын және пациенттің емдеуге клиникалық жауабын ескере отырып, белгіленеді:
• тері мен жұмсақ тіндердің некрозсыз асқынған инфекциялары - 7-14 күн;
• тері мен жұмсақ тіндердің некроздалған асқынған инфекциялары - 4-6 апта (жараны одан әрі хирургиялық өңдеу қажеттілігі жойылғанша, пациенттің клиникалық жағдайы жақсармағанша және дене температурасы 48-72 сағат бойы көтерілмей, қалыпты болғанша жалғастырады);
• сүйек пен буындардың инфекциялары - 4-6 апта (протезделген буындардың инфекцияларында анағұрлым ұзаққа созылған супрессивті пероральді ем жүргізу туралы мәселені қарастырған жөн);
• ауруханадан тыс пневмония - 7-14 күн;
• ауруханаішілік пневмония, оның ішінде ӨЖЖ-байланысты пневмония - 7-14 күн;
• инфекциялық эндокардит - 4-6 апта (емнің ұзақтығы және біріктірілген емдеу қажеттілігі зақымдалған клапанның типін және микроорганизмнің түрін ескере отырып, белгіленеді).
Пациенттердің ерекше топтары
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде жасына байланысты бүйрек функциясының төмендеуіне байланысты ванкомицинді анағұрлым төмен демеуші дозада қолдану қажеттілігі туындауы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бүйрек функциясының бұзылулары бар ересектер мен балаларда, әсіресе бүйректің аувр жеткіліксіздігі бар пациенттерде немесе бүйректің орын басу емін алатын пациенттерде, қан сарысуындағы ванкомицин концентрациясына факторлардың едәуір мөлшері әсер ететіндіктен, бастапқы дозаны таңдау және оны енгізгеннен кейін қан сарысуындағы дәрілік заттың тиісті ең аз концентрациясына қол жеткізу туралы мәселені жоспарлы дозалау режиміне қарағанда едәуір дәрежеде назарға алған жөн.
Бүйрек функциясының жеңіл немесе орташа ауырлық дәрежесіндегі бұзылулары бар пациенттерде ванкомициннің бастапқы дозасын төмендетпеген жөн. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде тәуліктік дозаны төмендетпей, дәрілік затты енгізу арасындағы аралықты ұлғайтқан жөн.
Ванкомицин клиренсін төмендететін және/немесе оның жағымсыз реакцияларын күшейтетін басқа дәрілік заттарды бір мезгілде қолдану қажеттілігі туралы тиісті түрде қарастыру керек.
Ванкомицин мерзімді гемодиализді жүргізу кезінде организмнен елеусіз дәрежеде шығарылады. Алайда, жоғары ағынды жарғақшалар мен бүйрекке үздіксіз орын басу емін қолданған кезде ванкомицин клиренсі жоғарылайды және әдетте, орын басу дозасын қолдану қажет болады (әдетте мерзімді гемодиализ сеансынан кейін).
Бүйрек функциясының бұзылулары бар ересектерде ванкомициннің дозасын келесі формула бойынша есептелген шумақтық сүзілу жылдамдығын (GFR) ескере отырып реттеуге болады:
Ерлер: — дене салмағы (кг) х (140 - жасы (жас))
72 х қан сарысуындағы креатинин концентрациясы (мг/дл)
Әйелдер: 0,85 х жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептеу кезінде алынған мән
Креатинин клиренсі (Clcr) 20-49 мл/мин болған ересек пациенттерде ванкомициннің бастапқы дозасы әдетте, әр 24 сағат сайын 15-20 мг/кг құрайды. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігіне (Clcr 20 мл/мин-нен аз) шалдыққан пациенттерде немесе бүйректің орын басу емін алатын пациенттерде енгізу аралығы мен кейінгі дозалар саны негізінен бүйректің орын басу емінің түріне, қан сарысуындағы ванкомициннің концентрациясына және бүйректің қалдық функциясына байланысты. Клиникалық жағдайды ескере отырып, қан сарысуындағы ванкомицин концентрациясын анықтау бойынша зерттеу нәтижесін алғанға дейін дәрілік заттың келесі дозасын енгізуді кейінге қалдыру орынды болуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан пациенттерде қатер шегіндегі жағдайда ванкомициннің бастапқы жүктеме дозасын (25-30 мг/кг) төмендетпеген жөн.
1 жастағы және одан асқан бүйрек функциясының бұзылулары бар балаларда ванкомициннің дозасын Шварцтың модификацияланған формуласы бойынша есептелген ШСЖ ескере отырып реттеуге болады:
ШСЖ (мл/мин/1,73 м2) = — бойы (см) х 0,413
қан сарысуындағы креатинин концентрациясы (мг/дл)
ШСЖ (мл/мин/1,73 м2) = — бойы (см) х 36,2
қан сарысуындағы креатинин концентрациясы (мкмоль/л)
Жаңа туған нәрестелерде және бүйрек функциясының бұзылулары бар 1 жасқа дейінгі балаларда ванкомициннің дозасын түзету үшін Шварцтың модификацияланған формуласы қолданылмайды, мұндай жағдайларда жаңа туған нәрестелермен жұмыс тәжірибесі бар маманмен кеңесу қажет.
Төменде ересектердегідей қағидаттарға негізделген балалардағы ванкомицинді дозалау жөніндегі ұсынымдар берілген:
• ШСЖ 30-50 мл/мин/1,73 м2 болған пациенттер – әр 12 сағат сайын 15 мг/кг;
• ШСЖ 10-29 мл/мин/1,73 м2 болған пациенттер – әр 24 сағат сайын 15 мг/кг;
• ШСЖ 10 мл/мин/1,73 м2 аз және мерзімді гемодиализде немесе перитонеальді диализде жүрген пациенттер - 10-15 мг/кг (қан сарысуындағы ванкомициннің концентрациясына байланысты дәрілік затты қайта енгізу*);
• бүйректің үздіксіз орын басу емін алатын пациенттер - 15 мг/кг (қан сарысуындағы ванкомициннің концентрациясына байланысты дәрілік затты қайта енгізу*).
* Енгізулер арасындағы аралық пен кейінгі дозалар саны көбінесе бүйректің орын басу емінің түріне, қан сарысуындағы ванкомициннің концентрациясына және бүйректің қалдық функциясына байланысты; клиникалық жағдайды ескере отырып қан сарысуындағы ванкомициннің концентрациясын анықтау бойынша зерттеу нәтижесін алғанға дейін дәрілік заттың келесі дозасын енгізуді кейінге қалдыру орынды болуы мүмкін.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде ванкомициннің дозасын түзету қажет емес.
Жүктілік кезеңіндегі әйелдер
Жүктілік кезеңінде әйелдерде қолданған кезде қан сарысуындағы емдік концентрацияға жеткізу үшін ванкомициннің дозасын едәуір арттыру қажет болуы мүмкін.
Артық дене салмағы бар пациенттер
Артық дене салмағы бар пациенттерде ванкомициннің бастапқы дозасын артық дене салмағы жоқ пациенттердегідей, жалпы дене салмағын ескере отырып, жеке таңдау керек.
Ішке қабылдау
Ересектер мен 12 жастағы және одан асқан балалар
Ванкомициннің ұсынылған дозасы Clostridium difficile туындатқан инфекцияның ауыр емес ағымы жағдайында 10 күн ішінде әр 6 сағат сайын 125 мг құрайды. Ауыр жағдайларда немесе асқынулар пайда болған кезде дәрілік заттың дозасын 10 күн ішінде әр 6 сағат сайын 500 мг-ға дейін арттыруға болады. Ванкомициннің ең жоғары тәуліктік дозасы 2,0 г аспауы керек.
Көптеген қайталанулары бар пациенттерде Clostridium difficile туындатқан инфекцияның ағымдағы көрінісін 10 күн ішінде тәулігіне 4 рет 125 мг дозадағы ванкомицинмен емдеу, кейіннен дәрілік заттың дозасын тәулігіне 125 мг-ға дейін біртіндеп төмендету немесе пульс-терапия жүргізу (кемінде 3 апта бойы әрбір 2-3 күн сайын тәулігіне 125-500 мг ванкомицин) арқылы емдеу туралы мәселені қарастыруға болады.
12 жасқа дейінгі балалар
Ванкомициннің ұсынылған дозасы 10 күн ішінде әр 6 сағат сайын 10 мг/кг құрайды, ең жоғары тәуліктік доза 2,0 г аспауы керек.
Ванкомицинді қолдану ұзақтығы пациенттің клиникалық статусын ескере отырып, жеке-жеке белгіленуі мүмкін, егер мүмкіндік бар болса, Clostridium difficile туындатқан инфекцияның дамуына себеп болатын бактерияға қарсы затты қолдануды тоқтату керек. Пациенттерде сұйықтық пен электролит көлемін тиісті түрде толықтыру қажет.
Қан сарысуындағы ванкомицин концентрациясын мониторингтеу
Қан сарысуындағы ванкомициннің концентрациясын өлшеу жиілігі жеке-жеке белгіленеді және клиникалық жағдайға және пациенттің емдеуге жауабына байланысты. Жиілігі гемодинамикасы тұрақсыз пациенттерде қан сарысуындағы дәрілік заттың күнделікті деңгейін анықтаудан бастап, емге жауап беретін, хал-ахуалы тұрақты пациенттерде кем дегенде апта сайын қан сарысуындағы дәрілік заттың деңгейін анықтауға дейін өзгеріп отыруы мүмкін. Бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде ванкомициннің қан сарысуындағы концентрациясын келесі дозаны енгізер алдында емдеудің екінші күні өлшеу керек.
Мезгіл-мезгіл гемодиализде жүрген пациенттерде қан сарысуындағы ванкомицин деңгейін гемодиализ сеансы басталғанға дейін анықтау қажет.
Пероральді қабылдаған кезде қан сарысуындағы ванкомицин концентрациясын мониторингілеу ішектің қабыну ауруларына шалдыққан пациенттерде жүргізілуі керек.
Әдетте, қандағы ванкомициннің ең төменгі емдік концентрациясы инфекцияның шоғырлануына және микроорганизмнің сезімталдығына байланысты 10-20 мг/л құрауы керек. Ең төмен тежейтін концентрация (ЕТТК) 1,0 мг/л немесе одан жоғары болатын сезімтал микроорганизмдерден туындаған инфекцияларды емдеу кезінде қандағы ванкомициннің ең төмен концентрациясын 15-20 мг/л деңгейінде ұстау ұсынылады.
«Концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданның (AUC) тиісті мәніне қол жеткізу мақсатында дәрілік заттың жеке дозасын есептеу үшін модельдеу әдістерін пайдалану орынды болуы мүмкін. Қан сарысуындағы ванкомицин концентрациясының мониторинг деректерін ескере отырып, жеке бастапқы дозаны есептеу үшін де, дозаны түзету үшін де модельдеу әдістерін қолдануға болады.
Енгізу әдісі және жолы
Вена ішіне енгізу
Әдетте, ванкомицинді үздіксіз инфузия түрінде вена ішіне енгізеді, осы енгізу жолында дәрілік затты дозалауға қатысты тиісті ұсынымдар жоғарыда көрсетілген.
Ванкомицинді вена ішіне тек баяу инфузия түрінде, кем дегенде 1 сағат немесе ең жоғары жылдамдығы 10 мг/мин (қайсысы уақыт бойынша ұзағырақ болуына байланысты) енгізу керек. Препарат жеткілікті түрде сұйылтылған болуы керек (500 мг ұнтаққа кем дегенде 100 мл еріткіш немесе 1000 мг ұнтаққа кем дегенде 200 мл еріткіш).
Сұйықтықты тұтынуды шектеу қажеттілігі бар пациенттерде 500 мг ұнтақ/50 мл еріткіш немесе 1000 мг ұнтақ/100 мл еріткіш сұйылтудағы дәрілік заттың ерітіндісін қолдануға болады; алайда, ванкомициннің концентрациясы анағұрлым жоғары ерітіндіні қолданған кезде инфузияны жүргізумен байланысты жағымсыз реакциялардың туындау қаупі жоғарылау мүмкін.
Ванкомицин клиренсі тұрақсыз пациенттерде үздіксіз инфузия жүргізу орынды болуы мүмкін.
Вена ішіне енгізуге арналған ерітіндіні дайындау жөніндегі нұсқаулық
Ұнтақты еріту
Құрамында 500 мг лиофилизацияланған ұнтақ бар Ванко-ВМ препаратын инъекцияға арналған 10 мл стерильді суда ерітеді, ал құрамында 1000 мг лиофилизацияланған ұнтақ бар Ванко-ВМ препаратын инъекцияға арналған 20 мл стерильді суда ерітеді, бұл ретте 1 мл ерітіндінің құрамында (мөлдір, түссізден ашық-қоңырға дейін, бөлшектерсіз) 50 мг ванкомицин болады.
Алынған ерітіндіні сұйылту керек, жарамды еріткіштер – вена ішіне енгізуге арналған 0,9% натрий хлориді ерітіндісі мен вена ішіне енгізуге арналған 5% декстроза ерітіндісі.
Ерітіндіні сұйылту
Үздіксіз инфузия (қолайлы енгізу тәсілі)
Құрамында 500 мг ванкомицин бар ерітіндіні кем дегенде 100 мл еріткіште сұйылту керек. Құрамында 1000 мг ванкомицин бар ерітіндіні кем дегенде 200 мл еріткіште сұйылту керек. Ванкомициннің қажетті дозасы бар алынған ерітіндіні кем дегенде 60 минут бойы венаішілік инфузия түрінде енгізген жөн. Ерітіндіні анағұрлым қысқа уақыт ішінде немесе анағұрлым жоғары концентрацияда енгізген кезде айқындалған артериялық гипотензия мен тромбофлебиттің даму қаупі бар. Ерітіндіні жылдам енгізген кезде ысыну және мойын мен иықта транзиторлы бөртпе пайда болуы мүмкін.
Үздіксіз инфузия (бұл енгізу тәсілін үздіксіз инфузияны жүргізу мүмкін болмаған жағдайда ғана пайдалану керек)
Құрамында 1000-2000 мг ванкомицин бар ерітіндіні еріткіштің жеткілікті мөлшерінде сұйылтуға болады. Ванкомициннің қажетті тәуліктік дозасы бар алынған ерітіндіні 24 сағат ішінде тамшылатып инфузия түрінде баяу енгізу керек.
Парентеральді енгізуге арналған дәрілік заттарды қолданар алдында ерітіндіні бөлшектердің болмауы мен түсінің өзгеруі тұрғысынан тексеру керек.
Ішке қабылдау
Ұнтақ ерігеннен кейін алынған ерітіндіні (вена ішіне енгізуге арналған ерітіндіні дайындау жөніндегі нұсқаулықты жоғарыдан қараңыз) ішке қабылдауға болады.
Қажетті дозасы бар ерітіндіні 30 мл суда сұйылтуға болады.
Дайындалған ерітіндіні ішке қабылдауға немесе назогастральді зонд арқылы енгізуге болады.
Қабылдау кезінде дәмін жақсарту мақсатында ерітіндіге әдеттегі хош иістендіргіш шәрбаттарды қосуға болады.