Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь
Саудалық атауы
Вегадерм
Әсер етуші зат
Бетаметазон в комбинации с другими препаратами
Мақсаты
Кортикостероидты препараттарға сезімтал қабыну дерматоздары, егер ауру гентамицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған салдарлы инфекциямен асқынған жағдайда (бактериялар…
Өндіруші
БАЛКАНФАРМА-РАЗГРАД АД
Ел
Болгария
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір грамм жақпамайдың құрамында
белсенді заттар бетаметазон дипропионаты 0,643 (0,5 мг бетаметазонға баламалы), клотримазол 10,0 мг, гентамицин сульфаты (1,0 мг гентамицинге баламалы),
қосымша заттар: сұйық парафин, жұмсақ ақ парафин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті, біркелкі консистенциядағы жақпамай
- кортикостероидты препараттарға сезімтал қабыну дерматоздары, егер ауру гентамицинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған салдарлы инфекциямен асқынған жағдайда (бактериялар және/немесе зеңдер), мұндай инфекциялардың қосылу мүмкіндігіне күдік туындаған кезде. Жақпамай әсіресе аурудың суланған кезеңдерінде қолдануға жарамды.
Әсер ету механизмі
Вегадерм үш әсер ету механизміне ие: бетаметазон дипропионатында қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және вазоконстрикторлық әсер, гентамициннің бактерияға қарсы әсері және клотримазолдың зеңге қарсы әсері бар.
Бетаметазон
Бетаметазон күшті әсер ететін кортикостероид болып табылады (III белсенділік класы). Жергілікті қолданған кезде бетаметазон тез, ұзақ қабынуға қарсы, қышынуға қарсы және тамыр тарылтатын әсер көрсетеді. Аллергияға қарсы әсер аллергия медиаторларының синтезі мен секрециясының төмендеуі, сенсибилизацияланған жуан жасушалар мен гистаминнің және басқа биологиялық белсенді заттардың базофилдерінен босап шығудың тежелуі, айналымдағы базофилдер санының азаюы, лимфоидты және дәнекер тіндерінің пролиферациясын басу, Т және В лимфоциттерінің, жуан жасушалардың санының азаюы, эффекторлы жасушалардың аллергия медиаторларына сезімталдығының төмендеуі, антиденелердің түзілуінің тежелуі, организмнің иммундық реакциясының өзгеруі нәтижесінде дамиды. Оның химиялық құрылымында фтордың болуы оның қабынуға қарсы белсенділігін күшейтеді, ол гидрокортизонның белсенділігін шамамен 30 есе арттырады, бірақ оның минералкортикоидты белсенділігі жоқ, жергілікті қолданған кезде тері зақымдануларының жазылуын бәсеңдетпейді.
Клотримазол
Клотримазол – синтетикалық зеңге қарсы зат -имидазол туындысы болып табылады. Клотримазолдың кең спектрлі зеңге қарсы белсенділігі бар. Оның әсер ету спектрі адамдар мен жануарлар үшін патогендік бірқатар зеңдерді қамтиды. Ол дерматофиттерге, ашытқы мен өңезді зеңдерге қарсы белсенді: Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Epidermophyton floccosum, Microsporum canis және Candida тектес зеңдер, соның ішінде Candida albicans. Клотримазолдың зеңге қарсы әсері зеңдердің жасушалық жарғақшасының құрамдас бөлігі болып табылатын эргостерол синтезін басумен түсіндіріледі.
Гентамицин
Гентамицин бактерицидтік әсері бар кең спектрлі аминогликозидті антибиотик болып табылады. Оның әсері сезімтал микроорганизмдер ақуыздарының синтезін басуға негізделген. Гентамицин көптеген аэробты грамтеріс және кейбір грамоң бактерияларға әсер етеді. Гентамицин, 1-8 мкг/мл концентрацияда, in-vitro, жағдайында көптеген сезімтал штаммдардың өсуін бәсеңдетеді Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Moraxella lacunata (Моракс—Аксенфельд таяқшалары ), Neisseria, индол-оң және индол-теріс протея, Pseudomonas (Pseudomonas aeruginosa көптеген штаммдарын қоса), Staphylococcus aureus, Staphylococcus epidermidis және Serratia. In-vitro жағдайында бір түрдің әртүрлі түрлері мен штаммдары сезімталдықта үлкен айырмашылықтарды көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар, in-vitro сезімталдығы әрқашан in-vivo сезімталдықпен өзара байланысты емес. Гентамицин көптеген анаэробты бактерияларға, зеңдер мен вирустарға қарсы тиімді емес. Тек стрептококктар гентамицинге төмен сезімталдыққа ие. Гентамицинге төзімділік грамтеріс және грамоң бактерияларда да дамуы мүмкін.
Дозалау режимі
Ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдер
Вегадерм жақпамайын терінің зақымдалған жерлеріне күніне 2 рет (таңертең және кешке) жұқа қабатпен жағу керек, зақымдалған аймақты және сау терінің іргелес жерлерін толықтай қамту керек. Емдік әсерге қол жеткізу үшін жеткілікті ең аз ықтимал мөлшерді пайдалану ұсынылады. Қолдану жиілігі мен емдеу ұзақтығын аурудың ауырлығын ескере отырып дәрігер анықтайды.
2 жастан 12 жасқа дейінгі балалар
Препаратты тек зақымдалған беткейге жұқа қабатпен жағып, аздап уқалау керек. Емдік әсерге қол жеткізу үшін қажетті ең аз мөлшерді пайдалану ұсынылады. Бетке, мойынға, теріге және бастың шашты бөлігіне, гениталий аумағына, ректальді аумаққа және тері қатпарларына жақпамайды тек дәрігердің бақылауымен жағу ұсынылады. Емдеу ұзақтығын 5-7 күнмен шектеу керек.
Егде жастағы адамдар
Егде жастағы пациенттерде дозаны өзгерту қажет емес.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Жеңіл жағдайларда күніне бір рет қолдану жеткілікті, барынша ауыр зақымданулар кезінде жиі қолдану қажет болуы мүмкін. Балаларға жақпамайды тәулігіне 2 реттен көп емес, 6-12 сағат ішінде аппликациялар арасында ең аз үзіліспен қолдану керек.
Емдеу ұзақтығы
Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды және ол пациенттің дәрежесіне, зақымдану аймағына, орналасуына және жүргізілген емге реакциясына байланысты. Ересектер мен жасөспірімдерде табан дерматофитиясы кезінде неғұрлым ұзақ емдеу курсы (2-4 апта) қажет болуы мүмкін. Егер емдеу 3-4 апта ішінде тиімсіз болса, емдеуді түзету қажет болуы мүмкін. Балаларда емдеу ұзақтығы 5-7 күнмен шектеледі.
• белсенді заттарға немесе препараттың кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық (гентамицинмен айқаспалы аллергия) және/немесе (клотримазолмен айқаспалы аллергия)
• тері туберкулезі
• тері инфекциялары (вирустық, бактериялық, зеңдік этиологиядағы)
• кейбір тері инфекциялары (қарапайым герпес, белдемелі герпес, желшешек, тері мерезі, қарапайым безеулер, терінің ойық жаралары, розацеа, акне)
• периоральді дерматит
• перианальді және генитальді қышыну
• вакцинациядан кейінгі тері реакциялары
• ашық жарақат
• окклюзиялық таңғыш астына қолдануға болмайды
• шырышты қабықтарға, көзге және көз айналасындағы теріге жағуға болмайды
Жиі емес
- гентамицинге жергілікті сезімталдық (жанаспалы аллергиялық дерматит)
- фотосенсибилизация (алайда, бұл әсер гентамицинді қайта жаққанда, кейіннен УК сәулеленудің әсерімен қалпына келмейді)
Сирек
- тітіркену, күйдіру сезімі, қышыну, терінің құрғауы, эритема, шаншу, теріде сулы бөртпелердің пайда болуы, қабыршақтану, есекжем.
- препарат компоненттерінің кез келгеніне терінің аса жоғары сезімталдығы
- тері түсінің өзгеруі (оның қайтымды болатыны белгісіз), терінің жергілікті өзгерістері: фолликулит, тері атрофиясы (әсіресе бетте), телеангиэктазия, стрия, баздану, созылулар, тері геморрагиялары, пурпура, стероидты акне, розацеа тәрізді/периоральді дерматит, гипертрихоз, қайталама инфекция.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
- эндогенді кортикостероидтар синтезін басу, ісінудің дамуымен бүйрек үсті бездерінің гиперактивтілігі
- гипохромия
- латентті қант диабетінің көріністері
- жинақталған отоуыттылық / нефроуыттылық (терінің ауқымды жерлеріне немесе зақымдалған тері бөліктеріне қолданғанда немесе аминогликозидті антибиотиктерді бір мезгілде жүйелі қолданғанда)
- остеопороз, балалардағы өсудің тежелуі
- анық көрмеу
- тоқтату реакциясы - терінің қызаруы, ол бастапқыда зақымдалған аумақтан тыс таралуы мүмкін, ашыту немесе шаншу сезімі, қышыну, терінің қабыршақтануы, сулы күлдіреуіктер.
Окклюзиялық таңғышты пайдалана отырып және/немесе ұзақ уақыт бойы терінің үлкен бөліктеріне қолданған кездегі жағымсыз реакциялар
Терінің ауқымды аймағына қолданған кезде терінің өзгеруі және организмге жалпы әсер ету мүмкіндігі кезінде (бүйрек үсті безі қыртыстарының функциясын басу). Инфекцияларға жергілікті төзімділіктің төмендеуіне байланысты қайталама инфекциялардың даму қаупі жоғары екенін есте ұстаған жөн.
Балалар мен жасөспірімдерде қолдану кезінде:
• гипофиз-гипоталамус-бүйрек үсті бездері жүйесінің бәсеңдеуі, Кушинг синдромы
• өсудің тежелуі, дене салмағын аз қосу
• еңбегінің ісінуімен, бас ауырумен, көру жүйкесі дискілерінің екі жақты ісінуімен қатар жүретін бассүйекішілік қысымның жоғарылауы (бетаметазонның әсері) (іркілісті бүртік симптомы).
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жергілікті глюкокортикостероидтарды ұзақ уақыт қолдану немесе үлкен дозаларда қолдану гипофиз-бүйрекүсті жүйесі функциясының бәсеңдеуін туындатуы және бүйрекүсті безі қыртысының салдарлы жеткіліксіздігінің дамуына және Кушинг синдромын қоса, гиперкортицизм симптомдарының пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Гентамицинді ұзақ уақыт қолдану немесе үлкен дозаларда қолдану терінің зақымдалған жерінде зеңдердің немесе антибиотикке сезімтал емес микроорганизмдердің көбеюіне әкелуі мүмкін.
Емі: симптоматикалық ем жүргізу, жедел гиперкортицизм симптомдары әдетте қайтымды. Қажет болған жағдайда қанның тұз құрамының бұзылуына түзету жүргізіледі. Созылмалы уытты әсері дамыған жағдайда глюкокортикостероидтарды біртіндеп тоқтату ұсынылады. Сезімтал емес флораның, оның ішінде зеңдік инфекцияның қоздырғыштарының көбеюі жағдайында Вегадерм препаратын тоқтату және қажетті ем жүргізу көрсетілген.
Препаратты ашық жараларда және терінің тұтастығы бұзылған жағдайда қолданудан аулақ болу керек.
Препаратты ересектер мен жасөспірімдерде үздіксіз қолдану мерзімін мүмкіндігінше 2-3 аптадан асырмау керек.
Пациентке бұл препаратты терінің тек ағымдағы ауруларын емдеу үшін қолдану және препаратты басқа адамдарға бермеу керектігін түсіндіру керек.
Препаратты қолданумен байланысты жағымсыз реакциялар көбінесе балаларда дамиды, сондықтан Вегадерм препаратын тек дәрігердің нұсқауларына сәйкес қолдану қажет.
Арнайы ескертулер
Пациентке бұл препаратты тек тері ауруларын емдеу үшін қолдану және препаратты басқа адамдарға бермеу керектігін түсіндіру керек.
Вегадерм жақпамайын қолданғанда тітіркену немесе сенсибилизация пайда болған кезде емдеуді тоқтатып, тиісті емді бастау керек.
Кортикостероидтар препараттың қандай да бір компонентіне аллергиялық реакция симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Бүйрекүсті бездері функциясын басуды қоса, кортикостероидтарды жүйелі қолданғаннан кейін хабарламалар келіп түскен кез келген жағымсыз әсерлер әсіресе жас балаларда жергілікті кортикостероидтарды қолданғанда да дамуы мүмкін.
Жергілікті қолдануға арналған препараттардан белсенді заттардың жүйелі қан ағымына сіңуі, егер жақпамай терінің ауқымды жерлеріне немесе окклюзиялық таңғыштарды қолданумен, әсіресе ұзақ уақыт қолданғанда немесе ашық жаралар мен зақымдалған теріге жағылғанда күшеюі мүмкін. Мұндай жағдайларда белсенді заттарды жүйелі қолдануға тән жағымсыз әсерлер дамуы мүмкін. Ересектер мен жасөспірімдер үшін 2-3 аптаны құрайтын үздіксіз қолдану ұзақтығынан мүмкіндігінше асырмау керек.
Жергілікті стероидтарды ұзақ уақыт үздіксіз қолдану немесе дұрыс қолданбау емдеудің соңында рикошет әсеріне әкелуі мүмкін (жергілікті стероидтарды қабылдауды тоқтату синдромы). Рикошеттің ауыр түрі бастапқыда өңделген аумақтан тыс таралуы мүмкін қарқынды қызару, шаншу және ашыту сезімі бар дерматит түрінде дамуы мүмкін. Егер бастапқы симптомдар сәтті емдеуден кейін бірнеше күн немесе апта ішінде қайта басталса, препаратты қабылдауды тоқтату керек. Қайта қолдану сақтықпен жүргізілуі керек (маманнан кеңес алу немесе баламалы емді қарастыру керек).
Көру қабілетінің бұзылуы: Вегадерм жақпамайы офтальмологияда қолдануға арналмаған. Препаратты көздің шырышты қабығына және көз айналасындағы теріге жағуға болмайды. Глаукоманың даму мүмкіндігіне байланысты көз айналасына тек белсенділігі төмен глюкокортикостероидтарды қолдануға болады.
Кортикостероидтарды жүйелі және жергілікті (оның ішінде интраназальді, ингаляциялық және көзішілік) қолданғанда көрудің бұзылуы байқалуы мүмкін. Егер пациентте көрудің анық еместігі немесе көрудің басқа да бұзылулары сияқты симптомдар байқалса, пациент көрудің бұзылуының ықтимал себептерін анықтау үшін офтальмологқа қаралу қажет, ол жүйелі және жергілікті кортикостероидтарды қолданғаннан кейін байқалған катаракта, глаукома немесе орталық серозды хориоретинопатия сияқты сирек ауруларды қамтуы мүмкін.
Антибиотиктер: антибиотиктерді ұзақ уақыт жергілікті қолдану суперинфекцияның дамуымен, тітіркенудің немесе сенсибилизацияның пайда болуымен сезімтал емес микроорганизмдердің көбеюіне әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайларда Вегадерм препаратымен емдеуді тоқтатып, тиісті емді бастау қажет.
Вегадерм препаратын жүйелі әсер ететін аминогликозидті антибиотиктермен бір мезгілде қолданған кезде терінің сіңіруінің артуына байланысты жинақталған уытты әсердің (отоуыттылық, нефроуыттылық) даму мүмкіндігі туралы есте сақтау қажет. Сондай-ақ, басқа аминогликозидті антибиотиктерге айқаспалы төзімділікті ескеру қажет.
Өте күшті, күшті және орташа әсер ететін кортикостероидтарды бетке және гениталий аумағына аса сақтықпен қолдану қажет, мұндай жағдайларда қолдану ұзақтығы 1 аптадан аспауы тиіс.
Окклюзиялық таңғыштарды пайдалану терінің зақымдалған бөліктерінде инфекциялардың дамуына ықпал етеді. Терінің қорғаныш функциясының бұзылуы нәтижесінде қарапайым псориазды емдеу үшін жергілікті кортикостероидты препараттарды қолданғанда, процестің созылмалы ағымы, әдеттену, жайылған пустулезді псориаздың даму қаупінің жоғарылауы, жергілікті және жүйелік уыттылық болуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық көріністері немесе суперинфекция симптомдары кезінде препаратты қолдануды тоқтату керек. Гентамицинді терінің үлкен бөліктеріне ұзақ уақыт қолдану немесе оның бүтіндігі бұзылған жағдайда анағұрлым айқын сіңуіне және осыған байланысты жүйелік әсерлердің пайда болуына әкелуі мүмкін.
Гентамицинмен емдеу терінің транзиторлы тітіркенуімен (қышыну, эритема) қатар жүруі мүмкін, бұл көп жағдайда емді тоқтатуды талап етпейді. 2-3 аптаны құрайтын үздіксіз қолдану мерзімінен мүмкіндігінше асырмау керек.
Жоғары белсенді кортикостероидтармен ұзақ және қарқынды емдеу кезінде терінің жергілікті атрофиялық өзгерістері және беткейлік қан тамырларының кеңеюі дамуы мүмкін. Мұны бет терісіне ұзақ уақыт қолданғанда, атап айтқанда псориазды, эритематозды жегіні және экземаның ауыр түрлерін емдеуде ескеру қажет.
Педиатрияда қолдану: бұл препаратты 2 жасқа дейінгі балаларда қолдану ұсынылмайды. Жергілікті кортикостероидты препараттарды ұзақ уақыт қолдану, оларды жоғары дозаларда және терінің үлкен бөліктерінде пайдалану гиперкортицизмнің клиникалық көріністерінің дамуымен гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің едәуір жүйелі сіңуіне және бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін. Бұл көріністер көбінесе кішкентай балаларда немесе окклюзиялық таңғыштарды жиі қолданғанда пайда болады (жаялықтар мұндай таңғыштың рөлін атқара алады). Пациент балаларда ересек пациенттерге қарағанда гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің бәсеңдеуіне және экзогенді кортикостероидтардың белсенділігіне (жергілікті қолдану үшін кортикостероидтар тудыратын) үлкен сезімталдық дене салмағына тері беткейінің ауданының неғұрлым айқын қатынасына байланысты.
Балаларда жергілікті қолдану үшін кортикостероидтарды қолданғанда гипоталамус-гипофиз-бүйрекүсті безі жүйесінің бәсеңдеуі, Кушинг синдромы, баланың бойы өсуінің және дене салмағы артуының баяулауы, бассүйекішілік қысымның жоғарылауы туралы хабарланды.
Балаларда бүйрекүсті безі функциясын басу симптомдары: қан плазмасында кортизолдың төмен деңгейі және AКТГ стимуляциясына реакцияның болмауы. Бассүйекішілік қысымның жоғарылау симптомдары еңбегінің ісінуін, бас ауыруын және көру жүйкесі дискінің екіжақты ісінуін қамтиды. Пациенттердің осы топтарында препаратты қолдану ұзақтығы 4-5 күнге дейін шектелуі тиіс. Мұндай жағдайларда препаратты балаларда қолданған кезде ерекше сақтық таныту ұсынылады.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Вегадерм жақпамайының көлік құралын немесе механизмдерді басқару қабілетіне әсері зерттелмеген.
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде кортикостероидтарды жергілікті қолдану тератогендік әсер тудырды. Жүкті әйелдерде жергілікті глюкокортикостероидтарды қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Аминогликозидтер жүкті әйел қолданған кезде плаценталық бөгет арқылы өтеді және шаранаға теріс әсер етуі мүмкін. Жүктілік кезінде аналары аминогликозидтерді, соның ішінде гентамицинді қабылдаған балаларда толық, қайтымсыз, екі жақты туа біткен кереңдік туралы хабарламалар болды. Жүктілік кезінде гентамицин мен клотримазолды жергілікті қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде ұрық үшін қандай да бір қауіп байқалмады. Жүктілік кезінде Вегадерм жақпамайы абсолютті қажеттілік жағдайында ғана қолданылуы керек. Препаратты терінің үлкен бөліктерінде, жоғары дозаларда немесе ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды және ана үшін пайдасы/шарана үшін қауіп арақатынасы қатаң бағаланғаннан кейін қолдану керек .
Жаңа туған нәрестелер мен емшектегі балалар үшін дәрілік препаратты қолдану қауіпсіздігі анықталмаған. Гентамицин, клотримазол және жергілікті глюкокортикостероидтардың емшек сүтімен бөлінуі туралы деректер жоқ. Алайда жүйелі әсер ететін кортикостероидтар емшек сүтіне енеді. Егер Вегадерм препаратын сүт бездерінің аймағына қолдану қажет болса, бала емізетін әйелдер оны қолданбауы керек.
Вегадерм препаратын генитальді немесе анальді аймақта қолданғанда сұйық парафин және жұмсақ ақ парафин (негіз құрамына кіретін қосымша заттар) бір мезгілде қолданылатын латекс мүшеқабының беріктігі мен сенімділігін төмендетуі мүмкін.
Клотримазол жергілікті қолданған кезде амфотерицинге және басқа полиенді антибиотиктерге қатысты антагонистік әсер көрсетуі мүмкін.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.