Әсер ету механизмі
Панитумумаб адамның ЭӨФ жоғары аффинділікпен және ерекшелігімен байланысты толық түрдегі адамның моноклональді рекомбинантты IgG2 антиденесі болып табылады. ЭӨФ I типті тирозинкиназа рецепторлары тектестігіне жататын жарғақшаішілік гликопротеин, оларға қоса ЭӨФ (HER1/c ErbB 1), HER2, HER3 және HER4 болып табылады. ЭӨФ терінің және түкті фолликулдарын қоса, қалыпты эпителий тіндерінде жасушалардың өсуіне ықпал етеді және түрлі ісік жасушаларында экспрессияланады.
Панитумумаб ЭӨФ лиганд-байланыстырушы доменімен байланысады және рецептордың барлық белгілі ЭӨФ лигандтарымен индукцияланған аутофосфорлану үдерісін тежейді. Панитумумабтың ЭӨФ байланысуы рецептор интернализациясына, жасушалық өсудің тежелісіне, апоптоз индукциясына және интерлейкин 8 және тамырлардың эндотелийлі өсу факторы өндірісінің азаюына алып келеді.
KRAS (Кирстен 2 егеуқұйрық саркомасы онкогенінің вирустық гомологы) және NRAS (вирустық RAS онкоген нейробластомасының гомологы) гендік жақындығы жоғары RAS онкоген тектестеріне жатады KRAS және NRAS гендері дабыл берілуіне қатысатын шағын GTPбайланыстырушы ақуызды кодтайды. KRAS және NRAS әр түрлі, соның ішінде ЭӨФ рецепторының дабылдарымен белсенділенеді, өз кезегінде, жасушалық пролиферация, тіршілікке төзімділік және ангиогенезге ықпал ету үшін жасушаішілік өзге ақуыздарды стимуляциялайды.
RAS генін белсенділендіргіш мутациялар адамның әртүрлі ісік жасушаларында жиі кездеседі және онкогенез үдерісінде де, ісік үдеуінде де қатысады.
Фармакодинамикалық әсерлері
In vitro зерттеулер және жануарларға жасалған in vivo зерттеулер панитумумабтың ЭӨФ экспрессиялайтын ісік жасушаларының өсуі мен өмір сүруін тежейтінін көрсетті. Панитумумабтың ісікке қарсы әсері ЭӨФ экспрессиясы жойылған адамның ісік ксенотрансплантаттарында байқалған жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде панитумабты сәулелендіруге, химиялық емге немесе басқа да мақсатты емдік агенттерге қосу сәуле емімен, химиялық еммен немесе тек мақсатты терапиялық агенттермен салыстырғанда, ісікке қарсы әсерін арттырды.
Вектибикс немесе ЭӨФ рецепторларының өзге тежегіштерін алған пациенттерде байқалған дерматологиялық реакциялар (тырнаққа әсер етуін қоса) осы препараттардың фармакологиялық әсерлерімен байланысты екендігі белгілі.
Иммуногенділік
Барлық емдік ақуыздар сияқты, панитумумаб қуатты иммуногенділікке ие. Панитумумабқа қарсы антиденелерді әзірлеу туралы деректер панитумумабқа қарсы антиденелердің байланысын анықтау үшін екі түрлі скринингтік иммундық талдауды (ELISA, ұқсастығы жоғары антиденелерді анықтайды және Biosensor иммундық талдауы, ұқсастығы жоғары да және төмен де антиденелерді анықтайды) пайдаланумен бағаланды. Қан сарысуы кез келген скринингтік иммундық талдауда оң болған пациенттер үшін бейтараптандыратын антиденелерді табуға арналған in vitro биологиялық талдауы жүргізілді.
Монотерапия ретінде:
• Антиденелерді байланыстыру жиілігі (доза алдындағы және транзиторлық оң реакциясы бар пациенттерді қоспағанда) қышқыл диссоциациясы үшін ELISA деректері бойынша <1% және Biacore талдауының деректері бойынша 3,8% құрады;
• Бейтараптандыратын антиденелердің жиілігі (енгізер алдындағы және өтпелі оң әсері бар пациенттердегіні қоспағанда) <1 % құрады;
• Антиденелер өндірілмеген пациенттермен салыстырғанда панитумумабқа қарсы антиденелердің болуы мен фармакокинетика, тиімділік және қауіпсіздік арасында ешқандай байланыс анықталмаған.
Иринотекан немесе оксалиплатин негізіндегі химиялық еммен біріктіріліп:
• Антиденелерді байланыстыру жиілігі (артық дозалану дозасы оң пациенттерді қоспағанда) ELISA қышқылдық-диссоциативтік талдау көмегімен анықталғанда 1% және Biacore талдауының көмегімен анықталғандай <1% құрады;
• Антиденелерді бейтараптандыру жиілігі (қабылдау алдында оң дозасы бар пациенттерді қоспағанда) <1 % құрады;
• Вектибикске антиденелер тестісінің нәтижесі оң болған пациенттерде қауіпсіздік бейіні өзгерістерінің ешқандай белгілері анықталмаған.
Антиденелер түзілуін анықтау талдаудың сезімталдығына және спецификалығына байланысты болады. Талдаудағы антиденелер позитивтілігінің байқалатын жиілігіне талдау әдіснамасын, үлгілерді өңдеуді, үлгілерді жинау мерзімдерін, қатар жүретін дәрілік заттар мен негізгі ауруды қоса алғанда, бірнеше факторлар әсер етуі мүмкін, сондықтан басқа өнімдерге антиденелердің жиілігін салыстыру жаңылысуға әкелуі мүмкін.
Клиникалық тиімділік және қауіпсіздік
• Монотерапия кезіндегі клиникалық тиімділігі
Монотерапия ретінде Вектибикстің тиімділігі, аурудың алдыңғы химиялық ем кезінде немесе алдындағысынан кейін өршуі болған кезінде метастаздық колоректальді обыры (mCRC) бар пациенттерде ашық зерттеулерде, салыстырылмайтын зерттеулерде (585 пациент) және ең жақсы демеуші еммен салыстырғанда екі рандомизацияланған бақыланатын (463) және цетуксимабқа қарсы (1010 пациент) зерттеуде тексерілді.
Көп ұлтты рандомизацияланған бақыланатын зерттеу құрамында оксалиплатин мен иринотекан бар расталған сызбалар жеткіліксіздігінен кейін ЭӨФ экспрессиялайтын жуан ішек немесе тік ішек метастаздық обыры бар 463 пациентте жүргізілді. Пациенттер әрбір екі апта сайын бір рет 6 мг/кг дозада Вектибикс, оған қоса ең жақсы демеуші ем (химиялық емді қоспағанда) (BSC) немесе тек BSC қабылдау үшін 1:1 рандомизацияланған. Пациенттерді ауру үдегенше немесе қолайсыз уыттылық туындағанға дейін емделді. Аурудың өршуі кезінде тек BSC бар пациенттер қосымша зерттеуге өтуге және әрбір екі аптада бір рет енгізілетін 6 мг/кг дозада Вектибикс алуға құқылы болды.
Негізгі соңғы нүкте PFS болды. Зерттеу мутантты KRAS (2 экзон) статусымен салыстырғанда жабайы типті KRAS (2 экзон) статусы бойынша ретроспективті талданды. Колоректальді обырды бастапқы резекциялау кезінде алынған ісік үлгілерін KRAS генінің 12 және 13 кодондарында ең көп таралған жеті белсендіретін мутацияның бар-жоғына талдады. 427 (92%) пациент KRAS статусына бағаланды, оның 184-інде мутация болды. Жоспардан тыс бағалардан ықтимал ауытқуды ескеретін талдау тиімділігінің нәтижелері төмендегі кестеде көрсетілген. Екі топта да байқалатын жалпы тірі қалушылықтың (ЖТ) ешқандай айырмашылық болған жоқ.
Пациенттер популяциясы, жабайы типті KRAS генімен (экзон 2) — Пациенттер популяциясы, мутантты KRAS генімен (экзон 2)
Вектибикс қосу BSC (n = 124) — BSC (N = 119) — Вектибикс қосу BSC (n = 84) — BSC (N = 100)
Объективті жауаптар жиілігі (ОЖЖ) n (%) — 17% — 0% — 0% — 0%
Емдеуге жауаптың жиілігі (зерттеушінің пікірі бойынша)а (95%дық СА) — 22% (14, 32) — 0% (0, 4)
Аурудың тұрақтануы — 34% — 12% — 12% — 8%
PFS
Қауіптер қатынасы (95%дық СА) — 0.49 (0.37, 0.65), p < 0.0001 — 1.07 (0.77, 1.48), p = 0.6880
Медиана (аптамен) — 16.0 — 8.0 — 8.0 — 8.0
СА = сенімді аралық
а Аурудың өршуінен кейін қосымша араласусыз BSC аясында панитумумабқа ауыстырылған пациенттерде (95%дық СА)
Осы зерттеуге қатысушылардың ісіктері үлгілерін зеттеу нәтижелері туралы мұрағаттық деректерді эксплораторлық талдау барысында панитумумаб алған жабайы типті RAS ісіктері бар 72 пациенттің 11-інде (15%) емдеуге объективті жауап тіркелді, бұл ретте мутантты RAS ісіктері бар пациенттерде 95-тен 1 (1%) жағдайда ғана объективті жауапқа қол жеткізілді. Сонымен қатар, панитумумабпен емдеу жабайы типті RAS ісіктері бар пациенттерде (ҚҚ = 0,38 [95%дық СА: 0,27; 0,56]), бірақ RAS мутациясы анықталған пациенттерде емес (ҚҚ = 0,98 [95%дық СА: 0,73;1,31]), НСТ-мен салыстырғанда ҮТҚ көрсеткіштерін жақсартумен байланысты болды.
Вектибикс тиімділігі, сондай-ақ KRAS жабайы типті (экзон 2) мКРО бар пациенттерде ашық зерттеулерде бағаланды. Жалпы алғанда, химиялық емге жауап бермеген 1 010 пациент цетуксимабпен салыстырғанда, Вектибикс тиімділігінің аз еместігін анықтау мақсатында Вектибикс немесе цетуксимаб алуға 1:1 арақатынасында рандомизацияланған. Зерттеудің біріншілік соңғы нүктесі ретінде ЖТ анықталды. Зерттеудің екінші соңғы нүктелері ҮТҚ мен объективті жауаптардың жиілігін (ОЖЖ) қамтыды.
Зерттеуге тиімділігінің нәтижелері төмендегі кестеде берілген.
Пациенттер популяциясы, жабайы типті KRAS генімен (экзон 2) — Вектибикс (n = 499) — Цетуксимаб (n = 500)
ЖТ
Медиана (аймен) (95%дық СА) — 10.4 (9.4, 11.6) — 10.0 (9.3, 11.0)
Қауіптер қатынасы (95%дық СА) — 0.97 (0.84, 1.11)
ҮТҚ
Медиана (аймен) (95%дық СА) — 4.1 (3.2, 4.8) — 4.4 (3.2, 4.8)
Қауіптер қатынасы (95%дық СА) — 1.00 (0.88, 1.14)
ОЖЖ
n (%) (95%дық СА) — 22% (18%, 26%) — 20% (16%, 24%)
Қауіптер қатынасы (95%дық СА) — 1.15 (0.83, 1.58)
Жалпы, панитумумумаб және цетуксимаб қауіпсіздігі бейіндері, әсіресе тері уыттылығына қатысты ұқсас болды. Дегенмен, инфузиялық реакциялар цетуксимабтың (3%-ға қарсы 13%) қолданылуы аясында жиі дамыды, ал панитумумаб тобында электролиттік теңгерімнің бұзылуы, әсіресе гипомагниемия (19%-ға қарсы 29%) жиі тіркелді.
• Химиялық еммен біріктірілген кездегі клиникалық тиімділігі
Жабайы типті RAS генімен мКРО бар пациенттерде панитумумаб химиялық еммен (FOLFOX немесе FOLFIRI) біріктірілімде тек жеке химиялық еммен салыстырғанда ҮТҚ, ЖТ және ОЖЖ қатысты басымдығын көрсеткен. Қосымша RAS мутациялары бар пациенттерде 2 KRAS гені 2 экзонынан басқа панитумумабтың FOLFIRI-ге қосылуынан пайда болған жоқ, ал панитумумабты FOLFOX-ке қосу емнің тиімділігіне теріс әсер еттіі. 15 экзондағы BRAF мутациясы қолайсыз нәтиженің болжамдық маркерлері болып табылатыны анықталды. Бірақ бұл жағдайда BRAF мутациясы панитумумабты FOLFOX немесе FOLFIRI-мен біріктіріп қолданғанда емнің нәтижесін алдын ала анықтамады.
FOLFOX режимімен біріктірілген бірінші желідегі ем
Вектибикстің оксалиплатинмен, 5фторурацилмен (5FU) және лейковоринмен (FOLFOX) біріктірілімдегі тиімділігі мКРО бар 1183 пациентті қамту арқылы рандомизацияланған бақыланатын зерттеуде бағаланды, оның біріншілік соңғы нүктесі ҮТҚ болған. Басқа негізгі соңғы нүктелер ЖТ, ОЖЖ, емдеуге жауап алғанға дейінгі уақыт, үдеуге дейінгі уақыт (ҮДУ) және ремиссияның ұзақтығын қамтыды. Осы зерттеу шеңберінде KRAS мутациялық статусы (2 экзон) проспективті тәртіппен талданды, бұл ретте мұндай талдауды пациенттердің 93%-ында орындау мүмкін болды.
Сондай-ақ, жабайы типті KRAS генімен (2 экзон) мКРО бар пациенттердің шағын топтарына алдын ала белгіленген ретроспективті талдау жасалды, онда 656-тен 641 пациент қамтылды. KRAS (12/13 кодоны) 2 экзон статусы бар пациенттердің ісік үлгілері мутацияларды анықтау мақсатында KRAS 3 экзонында (61 кодон) және 4 экзонында (кодондар 117/146), NRAS 2 экзонында (кодондар 12/13), 3 экзонында (61 кодон) және 4 экзонында (кодондар 117/146) қосымша зерттелді, сондай-ақ BRAF 15 экзонында (600 кодон). Жабайы типті KRAS (2 экзон) бар пациенттерде RAS гендерінің қосымша мутацияларын анықтау жиілігі шамамен 16% құрады.
Төмендегі кестеде жабайы типті RAS және мутантты RAS гендерімен мКРО бар пациенттер бойынша алынған нәтижелер көрсетілген.
Вектибикс қосу FOLFOX (аймен) Медиана (95%дық СА) — FOLFOX (айлар) Медиана (95%дық СА) — Айырмашылық (аймен) — Қауіптер қатынасы (95%дық СА)
Жабайы типті RAS гендері бар пациенттер
ҮТҚ — 10.1 (9.3, 12.0) — 7.9 (7.2, 9.3) — 2.2 — 0.72 (0.58, 0.90)
ЖТ — 26.0 (21.7, 30.4) — 20.2 (17.7, 23.1) — 5.8 — 0.78 (0.62, 0.99)
Мутантты RAS гендері бар пациенттер
ҮТҚ — 7.3 (6.3, 7.9) — 8.7 (7.6, 9.4) — -1.4 — 1.31 (1.07, 1.60)
ЖТ — 15.6 (13.4, 17.9) — 19.2 (16.7, 21.8) — -3.6 — 1.25 (1.02, 1.55)
Одан кейін 3 экзонда (59 кодон) KRAS және NRAS (n = 7) қосымша мутацияларын анықтады. Эксплоративті талдауда алдыңғы кестеде келтірілген ұқсас нәтижелер алынды
FOLFIRI-мен біріктірілім
Вектибикстің иринотеканмен, 5фторурацилмен (5FU) және лейковоринмен (FOLFIRI) біріктірілімдегі тиімділігі мКРО бар 1186 пациентті қамту арқылы рандомизацияланған бақыланатын зерттеуде бағаланды, біріншілік соңғы нүктесі ЖТ және ҮТҚ болған. Басқа негізгі соңғы нүктелерде: ОЖЖ, емдеуге жауапқа дейінгі уақыт, ҮТҚ және ремиссия ұзақтығы қамтылды. Осы зерттеу шеңберінде KRAS (2 экзон) мутациялық статусы проспективті тәртіппен талданды, бұл ретте мұндай талдауды пациенттердің 91%-ында орындау мүмкін болды.
Жабайы типті KRAS (2 экзон) генімен мКРО бар пациенттердің қосалқы топтарына алдын ала белгіленген ретроспективті талдау жасалды, онда 597-ден 586 пациентті қамтыды. Осы пациенттердің ісіктер үлгілерін RAS және BRAF қосымша мутациясына жоғарыда сипатталғандай зерттеумен жүргізілді. RAS/BRAF статусы 85%-ында (1186 рандомизацияланған пациенттердің 1014-і) анықталды. Жабайы типті KRAS (2 экзон) бар пациенттерде RAS гендерінің қосымша мутацияларын (KRAS 3 және 4 экзондары және NRAS 2, 3 және 4 экзондары) анықтау жиілігі шамамен 19%-ға тең. Жабайы типті KRAS (2 экзон) пациенттерде BRAF 15 экзонында мутацияларды анықтау жиілігі шамамен 8%-ға тең болды. Төмендегі кестеде жабайы типті RAS және мутантты RAS гендерімен мКРО бар пациенттер бойынша алынған нәтижелер көрсетілген.
Вектибикс қосу FOLFIRI (айлар) Медиана (95%дық СА) — FOLFIRI (айлар) Медиана (95%дық СА) — Қауіптер қатынасы (95%дық СА)
Жабайы типті RAS гендері бар пациенттер
ҮТҚ — 6.4 (5.5, 7.4) — 4.6 (3.7, 5.6) — 0.70 (0.54, 0.91)
ЖТ — 16.2 (14.5, 19.7) — 13.9 (11.9, 16.0) — 0.81 (0.63, 1.02)
Мутантты RAS гендері бар пациенттер
ҮТҚ — 4.8 (3.7, 5.5) — 4.0 (3.6, 5.5) — 0.86 (0.70, 1.05)
ЖТ — 11.8 (10.4, 13.1) — 11.1 (10.2, 12.4) — 0.91 (0.76, 1.10)
Бірінші желідегі ем кезінде қолданылатын Вектибикс және FOLFIRI біріктірілімінің тиімділігі, біріншілік соңғы нүктесі объективті жауаптардың жиілігі болған (ОЖЖ), 154 пациент тартылған салыстырылмайтын зерттеуде бағаланды. Басқа негізгі соңғы нүктелер ҮТҚ, емдеуге жауап алғанға дейінгі уақытты, ҮДУ және ремиссия ұзақтығын қамтиды.
Жабайы типті KRAS генімен (2 экзон) мКРО бар пациенттерге алдын ала белгіленген ретроспективті талдау жасалды, ол 154-тен 143 пациентті қамтыды, онда осы пациенттердің ісіктерінің үлгілері қосымша RAS мутацияларын анықтау мақсатында зерттелді. Жабайы типті KRAS (2 экзон) бар пациенттерде RAS (KRAS 3 және 4 экзондары және NRAS 2, 3 және 4 экзондары) осы қосымша мутацияларының жиілігі шамамен 10%-ға тең болды.
Төмендегі кестеде жабайы типті RAS және мутантты RAS гендерімен мКРО бар пациенттерден деректерді бастапқы талдауда алынған нәтижелер көрсетілген.
Панитумумаб + FOLFIRI
Жабайы типті RAS (n = 69) — Мутантты RAS (n = 74)
ОЖЖ (%) (95% СА) — 59 (46, 71) — 41 (30, 53)
ҮТҚ медианасы (аймен) (95% СА) — 11.2 (7.6, 14.8) — 7.3 (5.8, 7.5)
Ремиссия ұзақтығының медианасы (айлармен) (95% СА) — 13.0 (9.3, 15.7) — 5.8 (3.9, 7.8)
ҮДУ медианасы (аймен) (95% СА) — 13.2 (7.8, 17.0) — 7.3 (6.1, 7.6)
Бевацизумабпен және оксалиплатин немесе иринотекан негізіндегі химиялық еммен біріктірілген бірінші желідегі ем
Рандомизацияланған ашық бақыланатын клиникалық зерттеу аясында метастаздық колоректальді обыры бар пациенттер бірінші желінің емі ретінде химиялық емді (оксалиплатин немесе иринотекан) және бевацизумабты панитумумабпен немесе онсыз (n = 1 053 [n = 823 оксалиплатин когортасында, n = 230 иринотекан когортасында]) үйлесімде қабылдаған. Аралық талдау панитумаб алған пациенттерде ҮТҚ статистикалық маңызды қысқаруын анықтады, сондықтан панитумумабпен емдеу тоқтатылды.
Зерттеудің негізгі мақсаты оксалиплатин когортасында ҮТҚ салыстыруда болып табылды. Соңғы талдау нәтижелеріне сәйкес ҮТҚ үшін есептелген қауіптер қатынасы 1,27 (95%дық СА: 1,06; 1,52) тең болды. ҮТҚ медианасы панитумумаб тобы мен панитумумабты алмаған топта сәйкесінше 10,0 (95%дық СА: 8,9; 11,0) және 11,4 (95%дық СА: 10,5; 11,9) айға тең болған. Панитумумаб тобында өлім санының артуы байқалды. Жалпы тірі қалуға есептелген қауіп қатер қатынасы 1,43 тең (95%дық СА: 1,11; 1,83). Панитумумаб тобы мен панитумумабты алмаған топтағы жалпы тірі қалу медианасы сәйкесінше 19,4 (95%СА: 18,4; 20,8) және 24,5 (95%СА: 20,4; 24,5) айға теңдескен.
KRAS (2 экзон) статусына байланысты тиімділігі бойынша деректерді қосымша талдау панитумумабты оксалиплатин немесе иринотекан және бевацизумаб негізіндегі химиялық еммен біріктіріп қолдану пайдалы болған пациенттердің қандай да бір тобын анықтаған жоқ. Оксалиплатин когортасы жабайы типті KRAS бар пациенттердің шағын тобында ҮТҚ үшін қауіп-қатерді төмендету 1,36 (95%СА: 1,04-1,77) тең болды. Мутантты KRAS бар пациенттердің шағын тобында ҮТҚ үшін қауіп-қатердің қатынасы 1,25 (95%СА: 0,91-1,71) тең болды. Оксалиплатин когортасының жабайы типті KRAS бар пациенттерінің шағын тобында ЖТ-ның бақылау тобында ұзаруы пайдасына шешілген үрдіс байқалды (қауіп-қатер қатынасы = 1,89; 95%дық СА: 1,30; 2,75). Иринотекан когортасында панитумумабты қолдану аясында мутациялық KRAS статусына тәуелділіктен тыс өміршеңдік көрсеткіштерінің нашарлау үрдісі анықталды. Жалпы, панитумумабты химиялық еммен және бевацизумабпен біріктіріп қолдану мутациялық KRAS ісік статусына қарамастан артықшылықтар мен қауіптердің жағымсыз бейінімен сипатталады.
Балалар
Дәрілік заттар жөніндегі Еуропалық агенттік педиатриялық пациенттердің барлық шағын топтарында колоректальді обырды емдеу үшін Вектибикс қолдануды зерттеу нәтижелерін ұсыну туралы талапты қайтарып алды.