Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - диосмин 450 мг;
қосымша заттар – макрогол 4000, магний стеараты
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Цилиндр тәрізді, екі беті дөңес, ақшыл-қоңыр түсті, ақшыл-қоңырдан күңгірт-қоңыр түске дейінгі теңбілдері бар таблеткалар.
Венолекс ересектерде емдеу үшін қолдануға арналған (кешенді ем құрамында):
- веналық-лимфа жеткіліксіздігінің симптомдары (аяқтардағы ауырлық, ауырсыну, ісіну, трофикалық бұзылулар);
- геморройдың жедел ұстамаларымен байланысты симптомдар.
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Вена тонустық және ангиопротекторлық қасиеттері бар. Веналардың созылуын және веналық іркілуді азайтады, капиллярлардың өткізгіштігін төмендетеді және олардың резистенттілігін арттырады.
Вена тонустық белсенділік: дәрілік препарат вена тонусын жоғарылатады, окклюзиялық плетизмография қанның веналардан шығарылу уақытының азаюын көрсетті. Капиллярлардың жарылу белгілері бар пациенттерде емдеу капиллярлардың резистенттілігін статистикалық тұрғыдан сенімді арттырады, бұл ангиостереометриялық түрде расталады.
Аяқтың созылмалы функционалдық және органикалық веналық жеткіліксіздігін емдеуде препараттың флебологияда және геморройды емдеген кезде проктологияда терапиялық белсенділігі дәлелденді.
Дозалану режимі
Ұсынылатын доза:
- Аяқ веналарының лимфа-веналық жеткіліксіздігі: тәулігіне 1 таблетка тамақтану кезінде.
- Геморроидальді түйіндердің тромбозы және созылмалы геморройдың асқынуы: тәулігіне 2-3 таблетка тамақтану кезінде.
- Созылмалы геморрой: тәулігіне 1 таблетка.
Енгізу әдісі мен жолы
Пероральді.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Аяқ веналарының лимфа-веналық жеткіліксіздігі
Созылмалы лимфа-веналық жеткіліксіздік кезінде тәулігіне 1 таблетка тамақтану кезінде.
Геморроидальді түйіндердің тромбозы және созылмалы геморройдың асқынуы
Геморроидальді түйіндердің тромбозы және созылмалы геморройдың асқынуы кезінде препаратты алғашқы төрт күнде тәулігіне 3 рет 1 таблеткадан тамақтану кезінде; келесі үш күнде тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан тамақтану кезінде.
Созылмалы геморрой
Жедел құбылыстар қайтқаннан кейін препаратты қабылдауды 1 таблеткадан тәулігіне 1 рет.
Емдеу ұзақтығы
Аяқ веналарының лимфа-веналық жеткіліксіздігі
Препаратты қабылдаудың әдеттегі курсы 2 айды құрайды.
Геморроидальді түйіндердің тромбозы және созылмалы геморройдың асқынуы
Емдеу курсы 7 күн. Симптомдар қайта қайталанған жағдайда емдеу курсы дәрігердің тағайындауы бойынша қайталануы мүмкін.
Созылмалы геморрой
Жедел құбылыстар қайтқаннан кейін препаратты қабылдауды 1-2 ай бойы жалғастыру ұсынылады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алған кезде қажетті шаралар
Өткізіп алған дозаның орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препараттың стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялары сипаттамасы және осы жағдайда қабылданатын шаралар
Жиі: диарея, диспепсия, жүрек айну, құсу.
Жиі емес: колит.
Сирек: бас айналу, бас ауыруы, жалпы дімкәстік, бөртпе, қышыну, есекжем.
Жиілігі белгісіз: беттің, еріннің, қабақтың оқшауланған ісінуі; ерекше жағдайларда: Квинке ісінуі.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz
- әсер етуші заттарға немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Веналық қан айналымының бұзылулары кезінде емдеудің ең тиімді әсері салауатты, теңдестірілген өмір салтымен байқалады, бұл жағдайда күн астында ұзақ болудан, аяқпен ұзақ тұрудан сақтану, дене салмағының артуынан, жаяу жүруден аулақ болу қажет.
Пациенттер дәрігер тағайындаған қосымша емдеу шараларын, мысалы, компрессиялық емдік тоқыма (гольфы, ұзын шұлықтар) киюді, компресстер, аяқ-қол аймағына салқын душ және т. б. мүлтіксіз сақтауы тиіс.
Геморройдың жедел ұстамаларында бұл препаратты қабылдау аноректальді аймақтың басқа ауруларының спецификалық емін алмастырмайды. Емдеуді қысқа курспен тағайындау керек. Егер симптомдар тез қайтпаса, проктологиялық тексеру жүргізіп, жүргізіп жатқан емді қайта қарау қажет.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолданылмайды.
Жүктілік
Көптеген зерттеулер барысында тератогендік әсері анықталған жоқ және адамдағы жағымсыз құбылыстар туралы хабарламалар болмаған.
Лактация
Препараттың емшек сүтіне шығарылуы туралы деректердің болмауына байланысты емдеу кезінде бала емізуден аулақ болу керек.
Фертильділік
Репродуктивті жүйеге қатысты уыттылықты зерттеу еркек және ұрғашы егеуқұйрықтар фертильділігіне әсер етуін анықтамаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Диосминнің автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне зерттеу жүргізілген жоқ. Алайда, диосминнің жалпы қауіпсіздік бейініне сүйене отырып, Венолекс бұл қабілетке әсер етпейді немесе өте елеусіз әсер етеді.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ. Сонымен қатар, осы препаратпен үлкен маркетингтен кейінгі тәжірибені ескере отырып, дәрілік өзара әрекеттесулер туралы хабарланған жоқ.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 °С –ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.