Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Саудалық атауы
Верона®
Әсер етуші зат
Комбинированны препараты, применяемые при нарушении эрекции
Мақсаты
Сексуалды тараптан функционалдық бұзылыстарда: еркектерде жыныстық құштарлық төмендегенде, эрекция әлсірегенде, уақытынан ерте эякуляцияда, созылмалы астениялық…
Өндіруші
Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Ел
Пакистан
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
1 капсуланың құрамында
белсенді заттар
жатаған теміртікен жемістері қою экстрактісі 300.0 мг
қысқы шие тамыры қою экстрактісі 100.0мг
әдемі аргирея дәндері қою экстрактісі 60.0 мг
күйдіргіш мукуна дәндері құрғақ экстрактісі 25.0мг
қосымша заттар: тальк
капсула қабығының құрамы: желатин, су, титанның қостотығы (Е171), қызыл хош иісті бояғыш (Е 129), № 1 FD&C (Е 133) бриллиантты көк бояғыш, № 10 (Е 104) хинолинді сары бояғыш, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий лаурилсульфаты
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Корпусы мен қақпағы қызыл түсті, корпусы мен қақпағына «Верона» деп басылған, № 0 өлшемді қатты желатинді капсулалар. Капсулалардың ішіндегісі – өзіне тән хош иісі бар қоңыр түсті аморфты ұнтақ.
Сексуалды тараптан функционалдық бұзылыстарда:
- еркектерде жыныстық құштарлық төмендегенде, эрекция әлсірегенде, уақытынан ерте эякуляцияда, созылмалы астениялық (нейровертеброгендік және психо-вегетативтік синдромдар) жағдайлар үдерісінде қалыптасқан сперматогенездің бұзылуында
- эректильді дисфункция, олиго - астеноспермия
ВЕРОНА – еркектердің сексуалдық жағынан функционалдық бұзылыстарын, сондай-ақ ерлер мен әйелдердің бедеулігін емдеуге арналған құрылымы гормонды емес кешенді фитопрепарат.
Жатаған теміртікен құрамында стероидты сапониндер бар. Эндогенді тестостерон қалыптастыруды ұлғайту жолымен сперматогенезді стимуляциялайды, лютеиндеуші гормонның шығарылуын ынталандыра отырып, Сертоли жасушалары мөлшерін арттырады. Ұрпақ өрбіту функциясының қалпына келуіне, шәуһет көлемінің артуына және тұтқырлығы төмендеуіне ықпал етеді. Жыныстық құштарлықты жоғарылатады және эректильді функцияны жақсартады. Уақытынан ерте эякуляциянның алдын алады Теміртікен сондай-ақ эстроген гормонының түзілуін стимуляциялайды және артуына ықпал етеді, ол әйелдерде жыныстық құштарлықты жоғарылатады, овуляцияға жеңіл стимуляциялаушы әсері бар, сонысымен ұрпақ өрбіту функциясын қалпына келтіреді. Жалпы көңіл-күйді жақсартады, қажуды, ашушаңдықты азайтады, дене және ақыл-ой жұмыстарына қабілеттілікті арттырады, зат алмасуды қалпына түсіреді.
Қысқы шие құрамында алкалоидтар (сомниферин, визанин, сомнин, анагигрин, тропин); амин қышқылдары (тирозин, холин, аланин, пролин, цистин, триптофан); флавоноидтар; гликозидтер бар. Жалпы сергітетін, иммуномодуляциялайтын, антиоксидантты әсерге ие. Қуық асты безі мен ұрықтық қуықша қызметін стимуляциялайды. Эрекцияны арттырады. Көңіл-күйді жақсартады.
Әсем аргирея құрамында майлы майлар, шайырлар, таниндер бар. Жалпы нығайтатын әсер береді, организмнің уақытынан ерте қартаю үдерісін баяулатады. Адаптогенді, сергітетін және диурездік әсерге ие.
Күйдіргіш мукуна құрамында алкалоидтар (мукадин, мукадинин, пуридин); гликозидтер, минералдар, майлы қышқылдар бар. Жыныс функциясын реттеуге (бастапқы жағдайына байланысты сергітетін немесе тыныштандыратын) әсер көрсетеді. Айқын жалпы сергітетін қасиеттерге ие. Либидоның жоғарылауына ықпал етеді. Жыныс функциясын реттеуге (бастапқы жағдайына байланысты сергітетін немесе тыныштандыратын) әсер көрсетеді.
Верона – жыныстық белсенділікті биостимуляциялайтын және жалпы нығайтатын әсері бар өсімдік тектес препарат.
Бедеулік кезінде - Верона сперматогенезді организмнің гормондық теңгерімін бұзбастан, фолликулстимуляциялаушы гормонды, тестостерон мен лютеиндеуші гормонды (жанама түрде сперматозоидтардың түзілуі мен жетілуін стимуляциялайтын) физиологиялық деңгейге дейін арттыру жолымен стимуляциялайды.
Ұрпақты болуды қалпына келтіретін және ретке келтіретін әсер етеді (шәуһат көлемінің артуына, сперматозоидтар концентрациясы мен қозғалғыштығының жоғарылауына, олардың патологиялық түрлерінің мөлшерінің азаюына ықпал етеді).
Сексуалды тараптан функционалдық бұзылыстар кезінде – препараттың әсерімен лютеиндеуші гормон деңгейі артады, ол тестостеронның түзілуін күшейтеді, соның салдарынан либидо мен эрекцияның ұзақтығы артады. Астения-неврозды реакциялар айқындылығының төмендеуіне ықпал етеді, бұл жыныстық құштарлықтың күшеюіне, эрекция жиілігі, қарқындылығы мен ұзақтығының жоғарлауына алып келеді.
Адаптогенді және жалпы сергіткіш әсерге ие.
Дозалау режимі
Ересектер
Астения кезінде, либидо төмендегенде күніне 1-2 капсуладан 4-6 апта бойы
Соматикалық аурулар аясында еркектерде жыныстық жағынан функционалдық бұзылыстарында – күніне 2 рет 2 капсуладан 8 апта бойы
Импотенция –күніне 2 рет 2 капсуладан 8 апта бойы
Олигоспермия –күніне 2 рет 2 капсуладан 8 апта бойы.
Капсуланы таңертеңгілік тамаққа дейін, кешке – ұйықтар алдында, ең дұрысы сүтпен ішіп, қабылдайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке қабылдауға арналған.
- препарат компоненттеріне жеке жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мына критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-нан < 1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Өте сирек
- аллергиялық реакциялар, есекжем, терінің қышынуы және бөртпе түрінде болуы мүмкін
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әрекеттер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Ақпарат жоқ.
Деректер жоқ
Арнайы ескертулер
Верона құрамында аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін (тіпті баяу дамитын) метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат бар.
Педиатрияда қолдану
18 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.
Қатысты емес
Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдер мен машиналарды басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Әсер етпейді
Осы уақытқа дейін Верона препаратының дәрілік өзара әрекеттесуі сипатталмаған. ОЖЖ тежейтін дәрілік заттармен, антидепрессанттармен, барбитураттармен, алкогольмен бірге қабылданбайды.
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.