ВЕРТИНЕКС® бауыр мен бүйректің дисфункциясы, Паркинсон ауруы, гипотиреоидизмі, жүрек жеткіліксіздігі, феохромоцитомасы, миастения gravis және простата гипертрофиясы бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды. Препаратты фенотиазиндерге сезімталдығы жоғары, сондай-ақ, анамнезінде тар бұрышты глаукома немесе агранулоцитоз бар пациенттерге тағайындамау керек.
Анамнезінде эпилепсия немесе ұстамалар бар пациенттерге мұқият медициналық қадағалау қажет, өйткені фенотиазиндер құрысу шегінің төмендеуіне ықпал етуі мүмкін.
Агранулоцитоз туындаған жағдайларға байланысты, қанның жалпы талдауына жүйелі түрде мониторинг жүргізу ұсынылады. Түсініксіз инфекциялардың немесе қызбаның туындауы қан дискразиясын білдіруі мүмкін және дереу гематологиялық тексеру жүргізуді қажет етеді.
Түсініксіз қызба туындаған жағдайда емдеуді тоқтату қажет, өйткені ол қатерлі нейролептикалық синдромның белгісі (бозару, гипертермия, вегетативтік дисфункция, сана деңгейінің өзгеруі, бұлшықеттердің сіресуі) болуы мүмкін. Вегетативтік дисфункцияның, атап айтқанда, аса тершеңдіктің және артериялық орнықсыздықтың пайда болуы гипертермияның туындағанын көрсетуі және дер кезіндегі ескерту болуы мүмкін. Қатерлі нейролептикалық синдром табиғаты жағынан идиосинкразиялық болуы мүмкіндігіне қарамастан, сусыздану және мидың органикалық зақымдануы сияқты қауіп факторлары орын алуы мүмкін.
Нейролептиктердің жоғары дозаларымен емдеуді күрт тоқтатудың нәтижесінде жүрек айнуды, құсуды және ұйқысыздықты қоса, препаратты күрт тоқтатудың симптомдары өте сирек туындаған. Қайталануы туындауы мүмкін, сонымен қатар, экстрапирамидалық реакциялар туралы хабарланды. Осыны ескере отырып, препаратты біртіндеп тоқтату ұсынылады.
Шизофрениясы бар пациенттерде нейролептикалық препараттармен емдеуге жауап кешірек басталуы мүмкін. Емдеу тоқтатылған жағдайда біршама уақыт бойы симптомдары қайтадан басталмауы мүмкін.
Нейролептикалық фенотиазиндер QT аралығының ұзаруына алып келуі мүмкін, бұл «пируэт» типті елеулі қарыншалық аритмиялардың туындау қаупінің артуына ықпал етеді, олар өлімге (кенеттен өлуге) соқтыруы мүмкін. QT аралығының ұзаруы, әсіресе, брадикардия, гипокалиемия және QT аралығының туа біткен немесе жүре пайда болған (дәрі-дәрмектік) ұзаруы болған жағдайда күшейе түседі. ВЕРТИНЕКС® препаратымен емдеуді бастағанға дейін пайдасы/қаупінің арақатынасын мұқият бағалау керек. Егер клиникалық жағдай мүмкіндік берсе, ВЕРТИНЕКС® препаратымен емдеуді бастағанға дейін және емдеудің бастапқы кезеңінде, сондай-ақ, емдеу курсы бойына қажеттілігіне қарай ықтимал қауіп факторларын (мысалы, жүрек-қантамыр аурулары; отбасылық анамнезіндегі QT аралығының ұзаруы; гипокалиемия, гипокальциемия немесе гипомагниемия сияқты метаболизм бұзылулары; ашығу; алкогольді шамадан тыс тұтыну; QT аралығының ұзаруына ықпал ететін басқа препараттармен бірге емдеу) анықтау үшін медициналық және зертханалық тексерулер (мысалы, биохимиялық статус және ЭКГ) жүргізу ұсынылады.
Басқа нейролептикалық дәрілермен бір мезгілде қабылдамаған дұрыс.
Инсульт: жүрек-қантамырлық асқынулар қаупінің 3 есе жоғарылағаны байқалды. Ондай қауіптердің туындау механизмі белгісіз. Басқа нейролептикалық препараттарды, сондай-ақ, пациенттердің басқа популяциясында қабылдағанда қауіптің жоғарылайтынын жоққа шығаруға болмайды. Инсульт қаупі бар пациенттерге ВЕРТИНЕКС® препаратын сақтықпен қолдану керек.
Психозға қарсы қалған препараттар сияқты, депрессия басым болған жағдайда ВЕРТИНЕКС® препаратын монотерапия ретінде қарастырмау керек. Сонымен қатар, оны депрессия мен психоздың бірігуін емдеуге арналған антидепрессанттармен бірге пайдалануға болады.
Фотосенсибилизация қаупіне байланысты, пациенттер тікелей түсетін күн сәулесінен қорғануы керек.
Фенотиазиндерді жиі қабылдайтын пациенттерде тері сенсибилизациясының алдын алу үшін, оларға препараттың теріге тимеуін аса ұқыптылықпен қадағалау ұсынылады.
Препаратты егде жастағы пациенттерге, әсіресе, өте ыстық немесе өте салқын ауа райы кезінде қолданғанда сақтық таныту қажет (гипер- және гипотермия қаупі).
Әсіресе, егде жастағы пациенттер постуральді гипотензияға бейірімек.
Егде жастағы пациенттер препараттың орталық жүйке жүйесіне әсер етуіне жиі ұшырайтындықтан, оларда ВЕРТИНЕКС® препараты сақтықпен қолданылуы тиіс,
сонымен қатар төменірек бастапқы дозалары ұсынылады. Ұзақ емдеудің нәтижесінде егде жастағы пациенттерде дәрі-дәрмектік паркинсонизмнің жоғарылау қаупі бар. Сонымен қатар, ВЕРТИНЕКС® препаратының түрлі жағымсыз әсерлері мен негізгі аурудың белгілерін ажыратуда мұқият болу керек.
Вена тромбоэмболиясы
Психозға қарсы препараттармен вена тромбоэмболиясы (ВТЭ) жағдайлары туралы хабарланды. Психозға қарсы препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде ВТЭ үшін жүре пайда болған қауіп факторлары жиі болатындықтан, прохлорперазинмен емдеуге дейін және емдеу кезінде ВТЭ үшін болуы мүмкін барлық қауіп факторларын анықтау және профилактикалық шараларды қолдану керек.
Гипергликемия
Психозға қарсы фенотиазиндерді қабылдаған пациенттерде, гипергликемия немесе глюкоза жақпаушылығы байқалған. Қант диабеті диагнозы қойылған немесе диабет дамуының қауіп факторлары бар, прохлорперазинді қабылдауды жаңа бастаған пациенттер емделу кезінде сәйкесінше гликемиялық мониторингтен өтуі тиіс.
Арнайы сақтандырулар
ВЕРТИНЕКС® препаратының құрамында әр таблеткасында 1 ммольден аз натрий (23 мг) бар, яғни, іс жүзінде, «натрийсіз».
Балалар жасы
0,5 мг/кг кумуляциялық дозасынан кейін дистониялық реакциялардың болуы мүмкіндігіне байланысты, ВЕРТИНЕКС® препаратын 12 жастан асқан балаларда сақтықпен қолдану керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Пациенттер препаратты қабылдаудың алғашқы күндері ұйқышылдық туындауы мүмкіндігін ескеруі және автокөлік басқаруды және басқа механизмдермен жұмыс істеуді шектеуі тиіс.