Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Раствор для инъекций
Дозасы
600 ЛЕ/2 мл
Саудалық атауы
Вессел Дуэ Ф
Әсер етуші зат
Сулодексид
Мақсаты
Созылмалы веналық ойық жараларды емдеу
Өндіруші
Альфасигма С.п.А.
Ел
Италия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампуланың (2 мл ерітіндіcінің) ішінде
белсенді зат – сулодексид, 600 ЛБ (липопротеинлипаза бірліктері);
қосымша заттар – натрий хлориді, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ашық сарыдан сары-қоңыр түске дейінгі мөлдір ерітінді.
Созылмалы веналық ойық жараларды емдеу.
ATХ коды B01AB11
Әсер ету механизмі
Сулодексид фибринолитикалық әсер ету және тромбоциттер адгезиясын тежеу есебінен коагуляция каскадына тартылған кейбір факторларды, атап айтқанда белсендірілген Х факторын тежеу сияқты бірнеше механизмдер арқылы артериялар мен веналарға қарсы тромбоздық әсер көрсетеді. Тромбинмен өзара әрекеттесу минималды, бұл антикоагулянттық әсерді шектейді.
Фибриноген деңгейінің төмендеуіне ықпал ете отырып, сулодексид қантамыр аурулары және тромбоз қаупі бар пациенттерде қанның өзгерген тұтқырлығын қалпына келтіруде тиімді.
Сонымен қатар, липопротеинлипазаны белсендіру арқылы сулодексид липидтердің өзгерген деңгейін қалыпқа келтіруде тиімді.
Фармакодинамикалық әсерлері
Арнайы зерттеулер сулодексидтің антикоагулянттық әсері жоқ екенін көрсетті.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Сулодексидтің емдік тиімділігі артериялар тарапынан да, веналар тарапынан да тромбоз қаупі бар қантамыр ауруларынан зардап шегетін пациенттерде бағаланды.
Препарат егде жастағы адамдарда және диабеті бар пациенттерде өзінің ерекше тиімділігін растады.
Бұл препаратты әрдайым дәрігеріңіздің нұсқауы бойынша қабылдаңыз. Егер сіз бір нәрсеге сенімді болмасаңыз, дәрігермен кеңесіңіз.
Дозалау режимі
1 ампуланың ішіндегісін күніне бір рет бұлшықет ішіне немесе вена ішіне 15-20 күн бойы енгізеді.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде сулодексидті қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Енгізу әдісі мен жолы
Бұлшықет ішіне немесе вена ішіне.
15-20 күндік емдеуден кейін 30-40 күн ішінде Вессел Дуэ Ф капсулаларын қабылдауға көшу ұсынылады.
Емдеу ұзақтығы
Емдеудің толық курсын жылына кемінде екі рет қайталау керек.
Дозалар мен енгізу режимін емдеуші дәрігердің ұйғарымы бойынша өзгертуге болады.
Дәрілік препараттың қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкерге кеңес алуға жүгіну жөніндегі ұсынымдар
Препаратты қолдану туралы сұрақтар туындаған жағдайда емдеуші дәрігерге қаралыңыз.
Жағымсыз реакциялардың сипаттамасы
Жағымсыз реакциялардың жиілігін жіктеу үшін мынадай терминология пайдаланылады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықталуы мүмкін емес).
Жиі
- бас айналуы (вертиго)
- құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінің ауыруы, диарея
- бөртпе
Жиі емес
- бас ауыруы, естен тану
- асқазаннан қан кету
- экзема, есекжем
- инъекция орнында қан кету, шеткері ісіну (әсіресе тобық пен аяқтың)
Белгісіз
- анемия
- плазма ақуыздарының алмасуының бұзылулары
- дереализация (бұрмаланған шындық сезімі)
- құрысулар, тремор
- көру қабілетінің бұзылулары
- жүректің қағуы
- ысынулар
- қан түкіру (гемоптизис)
- мелена (асқазан-ішектен қан кету симптомы), эпигастралгия ("асқазандағы" ауырсыну), құсу, метеоризм, диспепсия (іштің жоғарғы бөлігіндегі жайсыздық немесе ауырсыну сезімі), жүрек айнуы
- Квинке ісінуі, эритема (терінің қызаруы), пурпура (көгеруге ұқсас дақтар), экхимоздар (тері астындағы қан кету), қышыну
- қуық мойнының стенозы, дизурия (несеп шығарудың қиындауы немесе ауыруы)
- полименорея (етеккір қан кетулер аралығының қысқаруы), жыныс мүшелерінің ісінуі, жыныс мүшелерінің эритемасы (қызару)
- кеуденің ауыруы, ауыру, инъекция орнындағы ауыру.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медициналық қызметкерге, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz.
• Белсенді затқа, немесе препараттың кез келген қосымша заттарына, немесе гепарин мен гепариноидтарға аса жоғары сезімталдық.
• Геморрагиялық диатез және геморрагиялық аурулар.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Артық дозаланғаннан кейін қан кету пайда болу мүмкін. Қан кету жағдайында гепариннен туындаған қан кетуді тоқтату үшін қолданылатын протамин сульфатын енгізу қажет.
Қадағалануы
Биологиялық дәрілік заттардың қадағалануын жақсарту үшін енгізілген дәрілік заттың атауы мен сериясының нөмірін мұқият жазып алу қажет.
Сулодексидтің фармако-токсикологиялық қасиеттеріне байланысты препарат қолдану кезінде ерекше сақтық шараларын қажет етпейді. Алайда, антикоагулянттармен емдеу кезінде қанның коагуляция параметрлерін мезгіл-мезгіл бақылау керек.
Қосымша заттардың мөлшері
Вессел Дуэ Ф құрамында доза бірлігіне 1 ммольден (23 мг) аз натрий бар (жұмсақ капсула немесе ампула), яғни іс жүзінде "натрий жоқ".
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде препаратты қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Вессел Дуэ Ф көлік жүргізу және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді немесе аздаған ғана әсер етеді.
Сулодексидті жүкті әйелдерге қолдану туралы деректер шектеулі (300 жағдайдан аз).
Сақтық шарасы ретінде жүктілік кезінде Вессел Дуэ Ф қолданудан аулақ болған жөн.
Сулодексидтің немесе оның метаболиттерінің адамның немесе жануарлардың емшек сүтіне бөлінетіні белгісіз. Емшек сүтімен қоректенетін сәбилер үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Вессел Дуэ Ф бала емізу кезінде қолдануға болмайды.
Фертильділік
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде сулодексидтің еркектердің немесе әйелдердің фертильділігіне тікелей немесе жанама зиянды әсері анықталған жоқ.
Сулодексид гепарин тәрізді молекула болғандықтан, ол бір мезгілде қолданғанда гепариннің өзі мен пероральді антикоагулянттардың антикоагулянттық әсерін күшейте алады.
Сақтау мерзімі
5 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.