Барлық дәрілік препараттар сияқты Виагра® препараты жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін, бірақ олар барлығында туындай бермейді. Виагра® препаратын қолданумен байланысты жағымсыз әсерлер әдетте жеңіл немесе орташа санатқа жатады және ұзаққа созылмайды.
Егер пациентте келесі ауыр жағымсыз әсерлердің кез келгені байқалса, Виагра® препаратын қабылдауды тоқтату керек және дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Жүйе-ағза класы — өте жиі (≥ 1/10) — жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін) — жиі емес (≥ 1/1000 - < 1/100 дейін) — сирек (≥ 1/10000 - < 1/1000 дейін)
Инфекциялар мен инвазиялар — ринит
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар — аса жоғары сезімталдық
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар — бас ауыруы — бас айналуы — ұйқышылдық, гипестезия — ми қан айналымының жедел бұзылуы, транзиторлық ишемиялық шабуыл, құрысу ұстамасы*, құрысу ұстамасының қайталануы*, естен тану
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар — түстерді ажыратудың бұрмалануы (хлоропсия, хроматопсия, цианопсия, эритропсия, ксантопсия), көру бұзылысы, көру жітілігінің нашарлауы — көзден жас ағумен байланысты бұзылулар (көздің құрғауы, көз жасы бездері функциясының бұзылуы, көз жасының көп ағуы), көздің ауыруы, фотофобия, фотопсия, көз қантамырларының гиперемиясы, көру арқылы қабылдаудың айқындығы, конъюнктивит — көру жүйкесінің алдыңғы артерииттік емес ишемиялық нейропатиясы (КЖААЕИШ)*, торқабық қантамырларының окклюзиясы*, торқабыққа қан құйылу, артериосклероздық ретинопатия, торқабық ауруы, глаукома, көру аясының ақауы, диплопия, көру жітілігінің төмендеуі, миопия, астенопия, шыны тәрізді дененің тұрақсыз бұлыңғырлануы, нұрлы қабықтың ауруы, мидриаз, көру аясында нұрлы шеңберлердің болуы, көздің ісінуі, көздің домбығуы, көру бұзылысы, конъюнктивальді гиперемия, көздің тітіркенуі, көздегі әдеттен тыс сезінулер, қабақтың ісінуі, аққабық түсінің өзгеруі
Есту мүшесінің және лабиринттің тарапынан бұзылулар — кеңістіктегі бағдарсыздық (вертиго), құлақтағы шуыл — кереңдік
Жүрек тарапынан бұзылулар — тахикардия, жүрек соғуын сезіну — кенеттен жүректен болатын өлім*, миокард инфарктісі, қарыншалық аритмия*, жүрекшелер фибрилляциясы, тұрақсыз стенокардия
Қан тамырлары тарапынан бұзылулар — гиперемия, ысыну — артериялық гипертензия, артериялық гипотензия
Тыныс алу, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар — мұрынның бітелуі — мұрыннан қан кету, мұрынның қосалқы қойнауларының бітелуі — тамақтың қысылу сезімі, мұрынның ісінуі, мұрынның шырышты қабығының құрғауы
Асқазан-ішектің бұзылулары — жүрек айнуы, диспепсия — гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы, құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, ауыздың құрғауы — оральді гипестезиясы
Тері және тері асты тіндердің бұзылуы — бөртпе — Стивенс – Джонсон синдромы (СДС)*, уытты эпидермалық некролиз (УЭН)*
Бұлшықет, қаңқа және дәнекер тіні тарапынан бұзылулар — миалгия, аяқтың ауыруы
Бүйрек және несеп шығару жолы тарапынан бұзылулар — гематурия
Ұрпақ өрбіту жүйесінің және сүт безі тарапынан бұзылулар — жыныс мүшесінен қан кету, приапизм*, гематоспермия, эрекцияның күшеюі
Жалпы бұзылулар мен инъекция орнындағы және реакциялар — кеуде қуысының ауыруы, қатты қажу, ысыну сезімі — ашушаңдық
Зертханалық және аспаптық деректер — жүректің жиырылу жиілігінің артуы
* тіркеуден кейінгі бақылау кезінде ғана тіркелген жағымсыз әсерлер.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық деректер базасына хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz