Ас қорыту жолы және зат алмасу. Жалпы сергітетін препараттар. АТХ коды А13А ВиваБон®-кешендіөсімдіктектесполивитаминдішәрбат,организмнің функционалдық белсенділігін сүйемелдеуге және жақсартуға арналған.
ВиваБон® – ақыл-ой және дене дамуына ықпал етеді. Зорығу, дененің шаршауы, суық тию аурулары кезінде қоректендіретін, сергітетін және жалпы нығайтатын қасиеттері бар. Ас қорытуды жақсартады, тәбетті ашады.
Құрма пальмасы – құрамында көмірсулар - глюкоза және фруктоза (44-88 %); майлар (0.2-0.5 %); 15 тұз бен минерал (мыс, темір, магний, мырыш, марганец, калий, фосфор, натрий, фтор, селен және т.б.); аминқышқылдары; А, С, В1, В2, В6 дәрумендері; пектин; тағам талшықтары бар. Зорығу, физикалық шаршау, суық тиіп ауыру кездеріне қоректік қасиеттері бар. Жұмысқа қабілеттілікті арттырады, зейін шоғырлануын күшейтеді.
Дәрілік эмблика – құрамында көп мөлшерде С дәрумені, В1, В2 дәрумендері, микроэлементтер (кальций, фосфор, темір), пектин бар. Иммуномодуляторлық әсері бар. Көп мөлшердегі биологиялық белсенді, табиғи С дәрумені антиоксиданттық әсерін анықтайды. Ас қорыту үрдістерін жақсартады, тәбетті арттырады. Сүйек дентині мен коллагеннің репродукциясына ықпал етеді.
Қысқы шие – құрамында алколоидтар (сомнифирин, визанин, сомнин, ангигрин, тропин), флавоноидтар, гликозидтер, амин қышқылдары (аспарагинді, глютаминді, глицин, холин және басқалары), минералдар (кальций, фосфор, калий) бар. Спецификалықемесиммунитеттіынталандырадыжәнежасушаныңқуатпен қамтамасыз етілуінің артуына мүмкіндік береді, адаптоген ретінде әсер етеді.
Ұзын бұрыш – құрамында алколоид пиперин бар; сергіткіш қасиеттері бар, тәбетті қоздырады, астың қорытылуын арттырыды.
Азиялық центелла – құрамында тритерпин гликозидтері, бакозидтер, флавоноидтар бар. Ақыл-ой жұмысына қабілетті арттырады, иммунитетті түрлендіретін әсері бар.
Біз тәрізді амомум – құрамында эфир майлары бар (а – терпинеол, мирцин, лимонин, сабинин, b – фелладрин, борнеол). Көтермелеуші әсер береді.
Дәрілік зімбір – құрамында эфир майлары, В тобының дәрумендері бар; антиоксидантты қасиеттерге ие. Ас қорыту үдерістерін қалыпқа келтіреді, қан айналымын жақсартады.
Грек пажитнигі – құрамында алколоидтар (холин, тригонеллин), амин қышқылдары (лизин, лецитин, гистидин), гликозидті сапониндер, дәрумендер (В1, С, каротин), минералдар (күкірт, кальций, фосфор, айтарлықтай мөлшерде темір) бар. Жалпы нығайтатын және сергітетін қасиеттері бар. Жалпы ұйқы безі секрециясын көтермелейді, астың қорытылуын жақсартады.
Кекірегүл – құрамында бояғыш заттар (цианин және пералгонин), цикорий гликозидтері, иіткіш заттар, флавоноидтар мен минералдар бар. Қабынуға қарсы, микробтарға қарсы, спазмолитикалық және жалпы сергітетін қасиеттері бар. Ас қорытуды жақсартады.
Организмнің инфекцияларға қарсы тұруын арттырады.