Жалпы (құрамында йод бар контрастылы заттарды пайдаланудың барлық тәсіліне қатысты)
Төменде ионды емес мономерлі контрастылы заттарды қолданатын рентгенографиялық емшаралар жүргізгенде туындайтын болжамды жалпы қолайсыз реакциялар сипатталған.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары дозаға және қолдану тәсіліне байланысты туындауы мүмкін және күрделі анафилактоидтық реакцияның/шоктың алғашқы белгілері жоғары сезімталдықтың кіші көріністерінен басталуы мүмкін. Бұл жағдайда контрастылы заттарды енгізуді дереу тоқтату және қажет болғанда дәріні тамыр ішіне енгізуді қолданумен ем бастау керек.
S-креатининнің транзиторлы жоғарылауы — құрамында йод бар рентген контрастылы дәрілер қолданғаннан кейін жиі құбылыс, контраст-индукцияланған нефропатия даму қаупі артады.
Йодизм немесе «йодты шошқаборық» — құрамында йод бар рентгеноконтрастылы дәрілер енгізуге қатысты өте сирек реакция, және зерттеуден кейін 10 тәулікке дейінгі ұзақтықпен сілекей бездерінің ісінуі және ауыруы түрінде білінуі мүмкін.
(Жағымсыз әсерлердің жиілігін анықтау келесі критерийлерге сәйкес жүргізіледі:
өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Жиі: ысыну сезімі
Жиі емес: қатты тершеңдік, суықты сезіну, вазовагальді реакциялар, жүрек айнуы
Сирек: аса жоғары сезімталдық реакциялары (ентігу, бөртпе, эритема, есекжемді, қышыну, тері реакцияларын, конъюнктивит, жөтел, ринит, түшкіру, васкулит, ангионевроздық ісіну, көмей ісінуі, ларингоспазм, бронхоспазм немесе өкпенің кардиогендік емес ісінуін қоса). Реакциялар инъекциядан кейін бірден туындауы мүмкін, бұл шок жағдайы дамуының басталуын білдіреді. Тері реакцияларының білінуімен бірге аса жоғары сезімталдық препарат енгізгеннен кейін бірнеше күннен кейін туындауы мүмкін. Бас ауыруы, брадикардия, құсу, іштің ауыруы/жайсыздану, пирексия
Өте сирек: анафилаксиялық/анафилактоидты реакциялар (өмірге қауіпті немесе өліммен аяқталуы мүмкін), дисгевзия (ауыз қуысында «темір тату» дәмі), вазовагальді естен тану, артериялық гипертензия/гипотензия, диарея, қалтырау
Белгісіз: анафилаксиялық/анафилактоидты шок (өмірге қауіпті немесе өліммен аяқталуы мүмкін), сілекей безінің ұлғаюы, йодизм
Тамыр ішіне енгізу (артерия ішіне және вена ішіне)
Төменде ионды емес мономерлі контрастылы заттарды тек тамырішілік қолдану кезінде ғана туындайтын қолайсыз оқиғалар баяндалған.
Артерия ішіне қолданғанда жағымсыз реакциялардың сипаты инъекция салған жерге және енгізілген дозаға байланысты. Селективті ангиография және басқа да емшаралар контрастылы дәрі жоғары концентрацияларда белгілі бір ағзаға жеткенде, осы нақты бір ағзадағы асқынулармен қатар жүруі мүмкін. Күрделі жағымсыз реакциялар жиілігі кардиоангиографияда жоғары.
Жиі: тыныс алу жиілігінің транзиторлық өзгерістері, тыныс алудың бұзылуы, ауыру және жайсыздық
Жиі емес: бүйректің жедел жеткіліксіздігін, ауру мен жайсыздықты қоса, бүйрек функциясының бұзылуы
Сирек: бас айналу, парез, салданулар, көз қарығуы, ұйқышылдық, көрудің бұзылуы (диплопияны, көрудың бұлыңғырлануын қоса), аритмия (брадикардия, тахикардияны қоса), жөтел, тыныстың тоқтап қалуы, диарея
бөртпе, қышыну, есекжем, астениялық жай-күй (мысалы, дімкәстік, қажу)
Өте сирек: құрысулар, сананың бұзылыстары, ми қан айналымының жедел бұзылуы, мелшию, сенсорлық бұзылу (гипостезияны қоса), парестезия, тремор, миокард инфарктісі, кеуде ауыруы, гиперемия, ентігу
Белгісіз: тромбоцитопения, тиреотоксикоз, транзиторлы гипотиреоз, сананың шатасуы, қозу, мазасыздық, үрейлену, транзиторлы қозғалыс дисфункциясы (сөйлеудің бұзылысын, афазия және дизартрияны қоса), транзиторлық контраст-индукцияланған энцефалопатия (оның ішінде транзиторлы жадыдан айрылу, бағдардан адасу, кома, ретроградты амнезия, гемипарез, мидың ісінуі), транзиторлық кортикальді соқырлық, транзиторлы естімей қалу, жүрек тарапынан ауыр асқынулар (жүректің тоқтап қалуын, кардиореспираторлық тоқтауын қоса), жүрек жеткіліксіздігі, коронарлық артерия түйілуі, цианоз, шок, артериялық спазм, тромбофлебит және вена тромбозы, ауыр респираторлық белгілер және симптомдар, өкпе ісінуі, жедел респираторлық дистресс-синдром, бронхоспазм, ларингоспазм, апноэ, бронх демікпесінің ұстамасы, панкреатит өршуі, буллезді дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, жедел жайылған экзантематозды пустулез, эозинофилиямен және жалпы білінулермен бірге жүретін дәрі-дәрмектік тері реакциялары, псориаздың кенеттен өршуі, эритема, дәрілік дерматит, терінің қабыршақтануы, артралгия, бұлшықет әлсіздігі, тірек-қимыл аппараты бұлшықетінің түйілуі, арқаның ауыруы, қан креатининінің жоғарылауы, енгізу орнындағы реакциялар, оның ішінде экстравазация, йодизм
Интратекальді енгізу
Төменде ионды емес мономерлі контрастылы заттарды тек интратекальді қолдану кезінде ғана туындайтын қолайсыз оқиғалар баяндалған.
Контрастылы заттарды интратекальді енгізу кезінде жағымсыз реакциялар инъекциядан кейін бірнеше сағат немесе күн өткенде дамуы мүмкін. Осындай құбылыстардың жиілігі әдеттегі люмбарлы пункция кезіндегідей. Бас ауыруын, жүрек айнуын, құсуды немесе бас айналуын пункция орны арқылы ликвор ағып шығуы салдарынан субарахноидальді кеңістікте қысым төмендеуімен байланыстыруға болады. Қысымның төмендеу қаупі барынша төмен болуы үшін цереброспинальді сұйықтығының шамадан тыс шығарылуын болдырмау керек.
Өте жиі: бас ауыруы (айқын және ұзақ болуы мүмкін)
Жиі: жүрек айну, құсу
Жиі емес: асептикалық менингит (химиялық менингитті қоса)
Сирек: құрысулар, бас айналуы, көрудің бұзылуы (оның ішінде диплопия және көрудің бұлыңғырлануы), мойын және арқаның ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы
Белгісіз: сананың шатасуы, қозу, мазасыздық, электроэнцефалограммадағы ауытқулар, менингизм, эпилепсиялық статус, транзиторлы энцефалопатия (еске сақтаудың уақытша жойылуын, команы, мелшию, ретроградты амнезияны қоса, гемипарез), қимыл-қозғалыс бұзылуы (оның ішінде сөйлеудің бұзылуы, афазия, дизартрия), парестезиялар, гипестезия, сезімталдық бұзылыстары, транзиторлық кортикальді соқырлық, көздің қарығуы, транзиторлы естімей қалу, бұлшықеттің түйілуі, енгізу орнындағы реакциялар
Қуыс ішіне енгізу
Төменде ионды емес мономерлі контрастылы заттарды организм қуысына енгізу кезінде ғана туындайтын қолайсыз оқиғалар баяндалған.
Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография (ЭРХПГ)
Өте жиі: диарея, іштің төменгі жағының ауыруы, ауыру
Жиі: панкреатит, қандағы амилаза деңгейінің жоғарылауы, жүрек айнуы, құсу
Жиі емес: іштің ауыруы
Белгісіз: артрит, емшарадан кейінгі ауырсыну
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz