Йодиксанол препараттарын енгізуге жағымсыз жанама реакциялар әдетте жеңіл/орташа уақытша сипатта болады.
Күрделі реакциялар немесе өліммен аяқталулар өте сирек жағдайларда байқалады. Олар бүйрек жеткіліксіздігі аясында орын алатын бүйректің жедел жеткіліксіздігі, анафилаксиялық және анафилактоидтық шок, кейіннен жүрек тарапынан реакцияларға (Коунис синдромы) ұласатын аса жоғары сезімталдық реакциялары, жүректің және тыныс алудың тоқтап қалуы, миокард инфарктісі болып табылады. Жүрек тарапынан реакция негізгі ауру себебінен, сонымен қатар емшара аясында туындауы мүмкін.
Аса жоғары сезімталдық реакциялары ентігу, бөртпе, эритема, есекжем, қышыну, терідегі күрделі көріністер, ангионевроздық ісіну, артериялық гипотензия, қызба, көмейдің ісінуі, бронхтың түйілуі, өкпенің ісінуі сияқты респираторлық немесе терілік симптомдарымен көрініс беруі мүмкін. Аутоиммундық аурулары бар пациенттерде қантамырлардың қабыну жағдайлары және Стивенс-Джонсон синдромы байқалды.
Реакциялар инъекциядан кейін бірден немесе бірнеше күн өткен соң туындауы мүмкін. Аса жоғары сезімталдық реакциялары дозаға және енгізу тәсіліне қарамай туындауы мүмкін, жеңіл симптомдар күрделі анафилактоидтық реакциялар/шоктың ізашарлары болуы мүмкін.
Контрастылы заттарды енгізу дереу тоқтатылуы және, қажет болса, спецификалық емдік заттар қантамыр ішіне енгізіле бастауы тиіс. Бета-блокаторларды қабылдап жүрген пациенттерде аса жоғары сезімталдықтың атипиялық симптомдары туындауы мүмкін, оларды вагальді рефлекс екен деп қабылдауы ықтимал. Құрамында йоды бар контрастылы заттарды енгізгеннен кейін сарысулық креатининнің аздаған өтпелі жоғарылауы жиі байқалады.
Жағымсыз құбылыстардың жиілігі былайша жіктеледі: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100-ден <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000-нан <1/100 дейін), сирек (≥1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000), белгісіз (қолда бар деректер арқылы анықтау мүмкін емес).
Қантамыр ішіне енгізу
Қан және лимфалық жүйелер тарапынан бұзылулар
Белгісіз: тромбоцитопения
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Жиі емес: аса жоғары сезімталдық
Белгісіз: анафилактоидтық реакция, анафилаксиялық шок
Эндокриндік бұзылулар
Белгісіз: тиреотоксикоз, өтпелі гипотиреоз
Психикалық бұзылулар
Өте сирек: қозу, мазасыздық
Белгісіз: сананың шатасуы
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес: бас ауыру
Сирек: бас айналу, сенсорлық бұзылулар, дәмнің бұзылуын, парестезияны, иіс сезу бұзылуларын қоса
Өте сирек: ми қан айналымының жедел бұзылуы, естен тану, тремор, аса жоғары сезімталдық
Белгісіз: кома, қимыл-қозғалыс дисфункциясы, сананың бұзылуы, құрысулар, өтпелі энцефалопатия (елестеулерді, амнезияны, салдануды, парезді, афазияны, дизартрияны қоса)
Көру тарапынан бұзылулар
Өте сирек: өтпелі кортикальді соқырлық, көрудің бұзылуы (көздің бұлдырауын қоса), қабақтардың ісінуі
Кардиологиялық бұзылулар
Сирек: аритмия (соның ішінде брадикардия, тахикардия), миокард инфрактісі
Өте сирек: жүректің тоқтап қалуы, жүрек қағуы
Белгісіз: жүрек жеткіліксіздігі, қарыншалық гипокинезия, коронарлық артериялардың түйілуі, жүректің ишемиялық ауруы, жүректің және тыныс алудың тоқтап қалуы, мінез-құлықтың бұзылуы, коронарлық тромбоз, кеуде ангинасы
Қантамырлық бұзылулар
Жиі емес: гиперемия
Сирек: артериялық гипотензия
Өте сирек: артериялық гипертензия, ишемия
Белгісіз: артериялық түйілу, тромбоз, тромбофлебит, шок
Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысының ағзалары және көкірек ортасы тарапынан бұзылулар
Сирек: жөтел, түшкіру
Өте сирек: ентігу, тамақтың тітіркенуі, көмейдің ісінуі
Белгісіз: өкпенің ісінуі, тыныстың тоқтап қалуы, тыныс алу қызметінің бұзылуы, бронх түйілуі
Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес: жүректің айнуы, құсу
Өте сирек: іштің ауыруы/жайсыздығы, диарея
Белгісіз: жедел панкреатит, созылмалы панкреатиттің өршуі, сілекей бездерінің ұлғаюы.
Терінің және теріасты жүйелерінің бұзылулары
Жиі емес: бөртпе, қышыну, есекжем
Сирек: эритема
Өте сирек: ангионевроздық ісіну, қатты тершеңдік
Белгісіз: буллезді дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, полиморфты эритема, уытты эпидермальді некролиз, жайылған жедел экзантематозды пустулез, эозинофилиямен және жүйелік көріністермен қатар жүретін дәрілік тері реакциясы, дәрілік бөртпе, аллергиялық дерматит, терінің қабыршақтануы
Тірек-қимыл аппараты және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар
Өте сирек: бұлшықет, дәнекер тін және қаңқа аурулары, арқаның ауыруы, бұлшықет түйілуі
Белгісіз: артралгия
Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар
Өте сирек: бүйрек функциясының бұзылуы, бүйректің жедел жеткіліксіздігін, уытты нефропатияны қоса
Белгісіз: қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы
Жалпы бұзылулар және инъекция жасалған жердегі реакциялар
Жиі емес: ыстықты сезіну, кеуде қуысының ауыруы
Сирек: ауыру, жайсыздық, қалтырау, пирексия, енгізген жердегі реакция, соның ішінде экстравазация
Өте сирек: астениялық жағдайлар (мысалы, дімкәстік, қажығыштық), беттің ісінуі, жергілікті ісіну
Белгісіз: домбығу
Жарақаттар, уланулар және емшаралардан асқынулар:
Белгісіз: йодизм
Интратекальді енгізу
Рентгенконтрастылы заттарды интратекальді түрде енгізгенде инъекциядан кейін бірнеше сағаттан немесе бірнеше күннен соң кейінге қалған жағымсыз құбылыстар дамуы мүмкін. Жағымсыз құбылыстардың жиілігі люмбальді пункция жүргізгеннен кейінгіге ұқсас.
Басқа иондық емес рентгенконтрастылы заттарды қолданғанда көз қарығуы мен менингизм және химиялық менингит симптомдары бар менингеальді қабықтардың тітіркену жағдайлары байқалды. Салданудың, инфекциялық менингиттің даму ықтималдылығын да ескерген жөн.
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Белгісіз: аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық/ анафилактоидтық реакцияларды қоса
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес: ауыр және ұзаққа созылуы мүмкін бас ауыру
Белгісіз: бас айналу, өтпелі энцефалопатия, амнезияны, елестеулерді, сананың шатасуын, салдануды, Белл салдануын, бағдарсыздықты, афазияны, сөйлеу қиындықтарын қоса
Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі емес: құсу
Белгісіз: жүректің айнуы
Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар
Белгісіз: бұлшықет түйілуі
Жалпы бұзылулар және инъекция орнындағы реакциялар
Белгісіз: тремор, инъекция жасалған жердің ауыруы
Гистеросальпингография (ГСГ):
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Белгісіз: аса жоғары сезімталдық
Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі: бас ауыру
Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар
Өте жиі: іштің ауыруы
Жиі: жүректің айнуы
Белгісіз: құсу
Ұрпақ өрбіту жүйесі және сүт бездері тарапынан бұзылулар
Өте жиі: қынаптық қан кету
Жалпы бұзылулар және инъекция жасалған жердегі реакциялар
Жиі: пирексия
Белгісіз: қалтырау, енгізілген жердің ауыруы
Артрография:
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Белгісіз: аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық/анафилактоидтық реакцияларды қоса
Жалпы бұзылулар және инъекция жасалған жердегі реакциялар
Жиі: енгізілген жердің ауыруы
Белгісі: қалтырау
АІЖ зерттеу:
Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
Белгісіз: аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық/анафилактоидтық реакцияларды қоса
Ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі: диарея, іштің ауыруы, жүректің айнуы
Жиі емес: құсу
Жалпы бұзылулар және инъекция жасалған жердегі реакциялар
Белгісіз: қалтырау
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz