Егер төменде көрсетілген қауіп жағдайларының/факторларының қандай да бірі қазіргі уақытта болса Видора қолданудың дұрыстығын әйелмен талқылау қажет.
Аталған жағдайлардың немесе қауіп факторларының кез келгені ауырлаған немесе алғаш пайда болған жағдайда, әйелге өз дәрігерімен кеңесуді ұсыну керек, ол Видора препаратын қолдануды тоқтату қажеттілігі туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Вена тромбоэмболиясына (ВТЭ) немесе артериялық тромбоэмболияға (АТЭ) күдіктенгенде немесе олар расталғанда, біріктірілген гормональді контрацептивті қабылдауды тоқтату керек. Егер әйелге антикоагулянттық ем тағайындалса, антикоагулянттық емнің (кумариндер) тератогендік әсерін ескере отырып, баламалы тәсілмен талапқа сай контрацепцияны қамтамасыз ету керек.
Қан айналымының бұзылуы
Вена тромбоэмболиясының қаупі
Кез келген біріктірілген гормональді контрацептивтерді (БГК) пайдалану пациенттерде оларды пайдаланбайтын әйелдермен салыстырғанда вена тромбоэмболиясының (ВТЭ) даму қаупін арттырады.
Құрамында левоноргестрел, норгестимат және норэтистерон бар препараттармен ВТЭ даму қаупі біршама төмен. Видора сияқты басқа препараттар қауіп дәрежесін 2 есеге дейін жоғарылатуы мүмкін. Осындай препараттарды пайдалану туралы шешім әйелмен оны келесідегі туралы хабардардар ету үшін бірге талқылаудан және түсінгеннен кейін ғана қабылдануы тиіс:
• Видорааясында ВТЭ даму қаупі туралы
• онда бар қауіп факторлары аталған қауіпке қалайша ықпал етеді
• ВТЭ қаупі қолданудың алғашқы жылы үлкен екені туралы.
Одан өзге, ВТЭ қауіптің жоғарылауы қабылдауды 4 апта немесе одан ұзақ үзгеннен кейін біріктірілген гормональді контрацептив қабылдауды жаңартқанда байқалуы мүмкін екеніне бірнеше дәлелдер бар.
Біріктірілген гормональді контрацептивтер қолданбайтын әйелдерде және жүктілік болмағанда ВТЭ 1 жыл ішінде 10 000 жағдайға 2 жиілікпен дамиды. Алайда бұл қауіп әр әйелдің өзіне тиіс қауіп факторының негізінде едәуір ұлғаюы мүмкін (төменді қараңыз).
Есептеулер бойынша1, құрамында дроспиренон бар БГК қабылдайтын 10 000 әйелден ВТЭ 1 жыл ішінде 9-12 әйелде дамуы мүмкін; бұл левоноргестрелмен біріктірілген гормональді контрацептивтер пайдаланатын шамамен 62 әйелдегі жағдаймен салыстырмалы.
Екеуінде де ВТЭ жағдайларының саны жүктілік кезінде және босанудан кейінгі кезеңде күтілетін санынан төмен.
Вена тромбоэмболия 1-2% жағдайда өліммен аяқталуы мүмкін.
Біріктірілген гормональные контрацептивтерді қабылдап жүрген әйелдерде басқа қантамырлардың, мысалы, бауырдың, мезентериальді, бүйректің немесе ретинальді веналар мен артериялардың тромбозы жағдайлары өте сирек байқалды.
Бұл көрсеткіштер құрамында левоноргестрел бар БГК-мен салыстырғандағы түрлі өнімдер үшін салыстырмалы қаупін пайдалана отырып, эпидемиологиялық зерттеулердегі барлық деректерінің негізінде есептеп шығарылды.
2 БГК қолданбаған әйелдерге қарағанда құрамында левоноргестрел бар БГК қолданғандағы салыстырмалы қауіпті ескере отырып 10 000 әйел-жылға шаққандағы 5-7 ауқымының орташа нүктесі 2,3-3,6 құрады.
Вена тромбоэмболиясы дамуының қаупі факторлары
БГК қабылдау аясында вена тромбоэмболиясы асқынуларының даму қаупі, егер әйелде әсіресе қосымша қауіп факторлары болса, едәуір жоғарылауы мүмкін (таблицаны қараңыз).
Егер әйелде вена тромбозының даму қаупінің жоғарылауына түрткі болатын көптеген қауіп факторлары болса, Видора препаратын тағайындауға болмайды.
Егер әйелде тромбоз қаупінің факторы біреуден артық болса, қауіптің артуы жекелеген қауіп факторларының жиынтығына қарағанда көбірек болуы ықтимал – жағдайда ВТЭ дамуының жалпы қаупі бағалануы тиіс. Егер пайдасы мен қаупінің арақатынасы жағымсыз болса, онда біріктірілген гормональді контрацептивті тағайындамаған жөн.
Кесте: вена тромбоэмболиясы дамуының қаупі факторлары
Қауіп факторы — Түсіндірме
Семіздік (дене салмағының индексі 30 кг/м2 артық). — Қауіп дене салмағының индексі (ДСИ) ұлғаюымен едәуір жоғарылайды. Әсіресе басқа қауіп факторларының барын ескеру маңызды.
Ұзаққа созылған иммобилизация, ауқымды хирургиялық аралысым, аяққа немесе жамбас ағзаларына жасалатын кез келген операциялар, нейрохирургиялық араласым немесе үлкен жарақат Ескертпе: Ұшақпен ұшуды қоса, ұзақтығы 4 сағаттан астам уақытша иммобилизация да, әсіресе басқа қауіп факторлары бар әйелдерде ВТЭ қауіп факторы болуы мүмкін — Осындай жағдайларда біріктірілген оральді контрацептивтерді пайдалануды тоқтатқан жөн (жоспарлы операция жағдайында, оған дейін кемінде төрт апта бұрын) және иммобилизация аяқталғаннан кейін екі апта ішінде қабылдауды қайта бастамаған дұрыс. Жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу үшін, контрацепцияның басқа әдісін пайдалану қажет. Егер Видора ертерек тоқтатылмаған болса, тромбозға қарсы ем тағайындау қажеттілігін қарастыру керек.
Ауыр отбасылық анамнез (яғни, туған ағаларында немесе әпкелерінде немесе салыстырмалы түрде жас кезінде, яғни 50 жасқа дейін ата-анасында вена тромбоэмболиясы болса). — Егер тұқым қуалайтын бейімділігі белгілі болса немесе болжанса әйелге кез келген біріктірілген гормональді контрацептивтер қабылдау мүмкіндігі туралы мәселені шешу үшін дәрігерден кеңес алу қажет.
ВТЭ-мен астасқан басқа медициналық жағдайлар — Ісіктер, жүйелі қызыл жегі, гемолиздік-уремиялық синдром, ішектің созылмалы қабыну аурулары (Крон ауруы немесе спецификалық емес ойықжаралы колит) және орақ-жасушалы анемия.
Жас шамасы — Әсіресе, 35 жастан асқан
Вена тромбоэмболияларының дамуындағы және өршуіндегі веналардың варикоздық кеңеюінің және беткейлік тромбофлебиттің және вена тромбоэмболиясының ықтимал рөлі туралы мәселе даулы күйінде қалып отыр.
Жүктілік кезінде, әсіресе босанғаннан кейінгі 6 апта ішінде тромбоэмболияның даму қаупі жоғарылайтынын ескеру керек («Жүктілік және лактация» ақпараты үшін)
Вена тромбоэмболиясының (терең веналардың тромбозы және өкпе артериясының тромбоэмболиясы) симптомдары
Төменде атап келтірілген симптомдар пайда болған жағдайда, әйел оған шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінуі және дәрігерге өзінің біріктірілген гормональді контрацептивтерді қолданып жүргені туралы айтуы қажет.
Терең веналар тромбозының симптомдарына мыналар кіруі мүмкін:
- аяқтың және/немесе аяқ венасының ұзына бойына біржақты ісінуі
• тұрған қалыпта немесе жүрген кезде ғана байқалатын аяқтың ауыруы немесе жайсыздығы
- зақымданған аяқта температураның жергілікті жоғарылауы, аяқ терісінің қызаруы немесе түсінің өзгеруі.
Өкпе артериясы тромбоэмболиясының симптомдарына мыналар кіруі мүмкін:
• кенеттен түсініксіз ентігудің немесе тыныс алудың жиілеуінің басталуы
- кенеттен басталған жөтел ұстамалары, ол қан түкірумен қатар жүруі мүмкін
• көкірек қуысының қатты ауыруы
• қатты бас айналуы
• жүректің жиі немесе ырғақсыз соғуы.
Осы симптомдардың кейбірі (мысалы, «ентігу» және «жөтел») спецификалық емес және жиірек кездесетін немесе ауырлығы аздау жағдайлардың (мысалы, тыныс алу жолдарының инфекциялары) белгілері ретінде қате түсіндірілуі мүмкін.
Қантамыр окклюзиясының басқа белгілеріне мыналар кіруі мүмкін:
• кенеттен болатын ауыру, ісіну және аяқ-қолдардың көгеруі.
Көз қантамырларының окклюзиясы жағдайында көз көруінің ауырсынусыз нашарлауы байқалуы мүмкін, ол көрмей қалуға дейін үдеуі мүмкін. Кейбір жағдайларда кенеттен дерлік көрмей қалу пайда болуы мүмкін.
Артериялық тромбоэмболия (АТЭ) қаупі
Эпидемиологиялық зерттеулердің деректері біріктірілген гормональді контрацептивтерді пайдаланумен байланысты АТЭ (миокард инфарктісі) немесе цереброваскулярлық бұзылулардың (мысалы, транзиторлық ишемиялық шабуыл, инсульт) даму қаупі жоғарылағанын көрсетіп отыр.
Артериялық тромбоэмболиялық құбылыстар өлімге соқтыруы мүмкін.
Артериялық тромбоэмболия дамуының қаупі факторлары
Біріктірілген гормональді контрацептивтерді қабылдау аясында артериялық тромбоэмболиялық асқынулардың немесе цереброваскулярлық бұзылыстардың даму қаупі, әйелде қауіп факторлары болған жағдайда жоғарылай түседі.
Егер әйелдерде артериялық тромбоз қаупінің бір күрделі факторы немесе көптеген факторлары бар болса, Видоратағайындауға болмайды.
Егер әйелде тромбоз қаупінің факторы біреуден көп болса, қауіптің артуы жекелеген қауіп факторларының жиынтығынан көбірек болуы мүмкін – ондай жағдайда АТЭ дамуының жалпы қаупін бағалануы тиіс. Егер пайда мен қаупінің арақатынасы жағымсыз, болса онда біріктірілген гормональді контрацептивті тағайындамаған жөн.
Кесте: артериялық тромбоэмболия дамуының қаупі факторлары
Қауіп факторы — Түсіндірме
Жас шамасы — Әсіресе, 35 жастан асқандар
Шылым шегу — Әйелдер біріктірілген гормональді контрацептивтерді қабылдауды жоспарлап жүрсе, оларға шылым шегуден бас тартуға кеңес беру керек. 35 жастан асқан, шылым шегуді жалғастырып жүрген әйелдерге контрацепцияның басқа әдістерін қатаң қолдану ұсынылады
Артериялық гипертензия
Семіздік (дене салмағының индексі 30 кг/м2 жоғары) — Қауіп дене салмағының индексі (ДСИ) ұлғайғанда едәуір жоғарылайды. Әсіресе, басқа қауіп факторларының болуын ескеру маңызды.
Ауырлаған отбасылық анамнез (яғни, туған ағаларында немесе әпкелерінде немесе ата-анасында әсіресе, жастау кезінде, яғни 50 жасқа дейінгі артериялық тромбоэмболия). — Егер тұқым қуалайтын бейімділігі белгілі болса немесе болжанса, әйелдерге біріктірілген гормональді контрацептивтерді қабылдау мүмкіндігі туралы мәселені шешу үшін, дәрігерден кеңес алу қажет.
Бас сақинасы — Біріктірілген гормональді контрацептивтерді қолданған кезде бас сақинасының жиілігі мен ауырлығының артуы (бұл цереброваскулярлық бұзылулардың алдында болуы мүмкін) аталған препараттарды қабылдауды дереу тоқтатуға негіз болуы мүмкін.
Қантамырлардың жағымсыз бұзылыстарымен астасқан басқа емдеу жағдайлары — Қант диабеті, гипергомоцистеинемия, жүрек клапандарының аурулары және жүрекшелер фибрилляциясы; дислипопротеинемия және жүйелі қызыл жегі.
Артериялық тромбоэмболия симптомдары
Төменде атап келтірілген симптомдар пайда болған жағдайда, әйелдерге дереу медициналық көмекке жүгіну және дәрігерге біріктірілген гормональді контрацептивті қолданып жүргені туралы айтуы қажет.
Цереброваскулярлық бұзылулардың симптомдары мыналар болуы мүмкін:
• кенеттен болатын әлсіздік немесе беттің, қол мен аяқтың, әсіресе дененің бір жағының ұйып қалуы
• жүріс-тұрыстың кенеттен бұзылуы, бас айналуы, тепе-теңдіктің немесе қимыл-қозғалыс үйлесімінің жоғалуы
• кенеттен сананың шатасуы, сөйлеудің бұзылуы немесе түсінудің қиындауы
• бір немесе екі көздің көруінің кенеттен нашарлауы
• анық себепсіз, кенеттен болатын ауыр немесе ұзаққа созылған бас ауыруы
• құрысулармен немесе оларсыз естен тану немесе талып қалу
Симптомдардың өтпелі сипатынан транзиторлық ишемиялық шабуылдың бар екендігі болжанады.
Миокард инфарктісінің симптомдары мыналарды қамтуы мүмкін:
- ауыру, жайсыздық, қысымды, ауырлықты сезіну, кеуденің, қолдың немесе төс артының қысылуын немесе кернеуін сезіну
- арқаға, төменгі жақсүйекке, жұтқыншаққа, қолға, асқазанға таралатын жайсыздық сезімі
- толып кету немесе асқазанның кернеу сезімі, тұншығу сезімі
- тершеңдік, жүрек айнуы, құсу немесе бас айналуы
- қатты әлсіздік, үрейлену сезімі, ентігу
- жүрек қағуының жиілеуі немесе ырғақсыздығы.
Ісіктер
Кейбір эпидемиологиялық зерттеулерде біріктірілген оральді контрацептивтерді ұзақ уақыт (5 жылдан астам) қолданғанда, жатыр мойны обырының даму қаупі жоғарылағаны туралы хабарланды, бірақ бұл жыныстық құмарлық ерекшеліктерімен және адамдағы папиллома вирусының (АПВ) персистирленуі сияқты басқа да факторлармен қандай дәрежеде байланысты болуы мүмкін екені туралы осы уақытқа дейін біржақты пікір жоқ.
Қазіргі кезде біріктірілген оральді контрацептивтерді қабылдап жүрген әйелдерде сүт безі обырының салыстырмалы қаупі біршама жоғарылағанын (ҚА = 1,24) көрсетті. Қауіптің жоғарылау БОК қабылдауды тоқтатқаннан кейінгі 10 жыл ішінде біртіндеп жоғалады. Сүт безінің обыры 40 жасқа дейінгі әйелдерде сирек білінетіндігіне байланысты, біріктірілген оральді контрацептивтерді қазіргі уақытта қабылдап жүрген немесе жақын арада қабылдаған әйелдерде сүт безі обыры жағдайларының артуы аталған аурудың жалпы қаупіне қатысты елеусіз болып табылады. Бұл зерттеулерде біріктірілген оральді контрацептивтерді қабылдаумен себептік байланысы анықталмаған. Қауіптің байқалған жоғарылауы біріктірілген оральді контрацептивтерді қолданып жүрген әйелдерде сүт безі обыры диагнозының ертерек анықталуының, біріктірілген оральді контрацептивтердің биологиялық әсерлерінің немесе екі фактордың бірігуінің салдары болуы мүмкін. Бір кездері біріктірілген оральді контрацептивтерді пайдаланған әйелдерде, оларды ешқашан қабылдамаған әйелдерге қарағанда, сүт безінің обыры ертерек анықталады.
Сирек жағдайларда, біріктірілген оральді контрацептивтерді қолдану аясында бауырдың қатерсіз ісіктерінің дамуы және одан да сирек –бауырдың қатерлі ісіктерінің дамығаны байқалды. Жекелеген жағдайларда бауырдың бұл ісіктері өмірге қауіп төндіретін құрсақішілік қан кетулерге алып келген. Біріктірілген оральді контрацептивтерді қабылдап жүрген әйелдерде іштің үстіңгі бөлігінің қатты ауыруы, бауырдың ұлғаюы немесе құрсақішілік қан кету белгілері пайда болса, дифференциациялық диагностика кезінде бауыр ісігінің болуы мүмкіндігін ескеру керек.
Біріктірілген пероральді контрацептивтерді жоғарырақ дозаларында (50 мкг этинилэстрадиол) қолдану кезінде эндометрий және аналық бездер обырының даму қаупі төмендейді. Мұның төмен дозалы біріктірілген оральді контрацептивтерге қатысы бар ма, жоқ па, белгісіз болып қалып отыр.
Басқа жағдайлар
Видорапрепаратының прогестиндік компоненті альдостеронның калий жинақтайтын қабілеттері бар антагонисі болып табылады. Көптеген жағдайларда калий деңгейінің жоғарылауы күтілмейді. Бірақ, клиникалық зерттеулерде бүйректің жеңіл немесе орташа жеткіліксіздігі бар кейбір пациент әйелдерде калий жинақтаушы препараттарды қатарлас қабылдау, дроспиренонды қабылдағанда калийдің сарысудағы деңгейлерін болар-болмас жоғарылатқан. Сондықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар емделуге дейін калийдің сарысудағы деңгейі қалыптың жоғарғы шегінде болған пациент әйелдерде емнің бірінші циклында, атап айтқанда калий жинақтаушы препараттармен қатар қабылдау кезінде калийдің сарысудағы деңгейін бақылау ұсынылады.
Әйелде немесе отбасы мүшелерінде гипертриглицеридемия болған жағдайда, біріктірілген оральді контрацептивтер қабылдаған кезде панкреатиттің даму қаупі жоғарылауы мүмкін.
Артериялық қысымның аздаған жоғарылауы біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдап жүрген көптеген әйелдерде сипатталса да, клиникалық тұрғыдан маңызды жоғарылаулары сирек байқалды. Тек осы сирек жағдайлар ғана біріктірілген пероральді контрацептивтерді қабылдауды тоқтатуға негіз болған. Дегенмен, егер БОК қабылдау кезінде гипертензияға қарсы талапқа сай емдеу аясында артериялық қысымның тұрақты, клиникалық тұрғыдан маңызды жоғарылауы дамыса, БОК тоқтату керек. Егер гипертензияға қарсы емнің көмегімен артериялық қысымның қалыпты мәндеріне қол жеткізілсе, БОК қабылдауды жалғастыруға болады.
Жүктілік кезінде байқалатын келесі жағдайлар: холестазбен байланысты сарғаю және/немесе қышыну; өт қалтасындағы тастар; порфирия; жүйелі қызыл жегі; гемолиздік-уремиялық синдром; Сиденгам хореясы; жүкті әйелдердегі герпес; отосклерозбен байланысты естімей қалу біріктірілген оральді контрацептивтерді қабылдау кезінде де пайда болуы немесе ауырлауы мүмкін, алайда олардың дамуының БОК қабылдаумен байланыстылығына дәлелдер жоқ.
Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуі бар әйелдерде экзогендік эстрогендер аталған ауруды туғызуы немесе оның симптомдарын өршітуі мүмкін.
Бауыр функциясының жедел немесе созылмалы бұзылулары болған жағдайда, біріктірілген оральді контрацептивтерді пайдалануды бауыр функциясының көрсеткіштері қалпына келгенге дейін тоқтату туралы мәселені шешу қажет. Бұрын жүктілік немесе осының алдында жыныстық стероидты гормондарды қабылдау кезінде орын алған холестаздық сарғаюдың және/немесе холестаздық қышынудың қайталанулары БОК қабылдауды тоқтатуды қажет етеді.
Біріктірілген оральді контрацептивтер инсулинге шеткері резистенттілікке және глюкозаға төзімділікке ықпал етуі мүмкін болса да, қант диабеті бар, төмен дозалы БОК (<0,05 мг этинилэстрадиол) пайдаланып жүрген пациент әйелдерде емдеу режимін өзгерту үшін негіз жоқ. Дегенмен, қант диабеті бар әйелдерді, әсіресе, БОК қабылдаудың бастапқы сатыларында мұқият қадағалау керек
БОК қолдану аясында эпилепсия, Крон ауруы және спецификалық емес ойық жаралы колит ағымының ауырлағаны байқалды.
Жабыққан көңіл-күй мен депрессия гормональді контрацептивтерді қолданғандағы белгілі жағымсыз әсерлер болып табылады.
Депрессия ауыр бұзылыс болуы мүмкін және суицидтік мінез-құлық пен суицидтің белгілі қауіп факторы болып табылады. Әйелдерге көңіл-күйдің өзгерістері және депрессия симптомдары пайда болған жағдайда, оның ішінде емді бастағаннан кейін көп ұзамай дәрігерге жүгінуге кеңес беру керек.
Кейде, әсіресе анамнезінде жүкті әйелдердің хлоазмасы бар әйелдерде хлоазма дамуы мүмкін. Хлоазмаға бейім әйелдер біріктірілген оральді контрацептивтерді қабылдау кезінде күннің астында ұзақ болудан немесе ультракүлгін сәулелердің әсерінен сақтануы тиіс.
Видора препаратының құрамында 46 мг лактоза бар. Галактоза жақпаушылығы, Lapp лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын бұзылулары бар, лактозасыз диета ұстап жүрген пациент әйелдерде препарат құрамындағы лактоза мөлшерін ескеру керек.
Медициналық тексеру
Видора препаратын қабылдауды бастау немесе қайта жаңғыртудың алдында, отбасылық анамнезді қоса, пациент әйелдің ауру тарихымен мұқият танысу және жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау керек. Артериялық қысымды өлшеу және қолдануға болмайтын жағдайлар мен айрықша нұсқауларын қоса физикалық тексеріс жүргізу керек.
Әйелдердің басқа біріктірілген гормональді контрацептивтермен салыстырғанда, Видора аясындағы қауіпке жататын вена және артерия тромбозы туралы ақпаратқа; венаның және артерияның тромбоэмболиясы симптомдарына; белгілі қауіп факторларына және тромбозға күдік болған жағдайда қандай әрекеттер қабылдау қажет екеніне көңіл аударуы маңызды.
Сонымен қатар, әйелге препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықты (қосымша парақ) мұқият оқып шығу және онда көрсетілген нұсқауларды басшылыққа алу қажеттілігі туралы айту керек. Тексерулердің жиілігі мен сипаты белгіленген практикалық нұсқаулықтарға негізделуі және әрбір әйел үшін жекелей тәртіппен анықталуы тиіс.
Әйелге гормональді контрацептивтер АИТВ инфекциясынан (ЖИТС) және жыныстық жолмен берілетін басқа да аурулардан қорғамайтынын ескерту керек.
Тиімділігінің төмендеуі
Біріктірілген оральді контрацептивтердің тиімділігі таблеткаларды жіберіп алған жағдайда, асқазан-ішек бұзылыстары кезінде немесе өзара дәрілік әрекеттесулерінің нәтижесінде төмендеуі мүмкін.
Етеккір оралымына ықпалы
Біріктірілген оральді контрацептивтерді қабылдау аясында, әсіресе қолданудың алғашқы айларында жүйесіз қан кетулер (жағынды қанды бөліністер немесе лақылдап қан кетулер) білінуі мүмкін. Сондықтан, кез келген жүйесіз қан кетулерді бағалау, шамамен үш циклды құрайтын бейімделу кезеңінен кейін ғана маңызы болады.
Егер жүйесіз қан кетулер қайталанса немесе осының алдындағы жүйелі циклдардан кейін дамыса, қатерлі жаңа түзілімдердің немесе жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау үшін мұқият тексеру жүргізу керек. Оған қырнап тазалау кіруі мүмкін.
Кейбір пациент әйелдерде таблеткаларды қабылдаудағы үзіліс кезінде тоқтатудан болатын қан кетуі болмауы мүмкін. Егер біріктірілген оральді контрацептивтер «Дозалау режимінде» сипатталған нұсқауларға сәйкес қабылданса, әйелдің жүкті болу ықтималдығы аз. Дегенмен, егер осыған дейін БОК қабылдау жүйесіз болса немесе егер тоқтатудан болатын қан кету қатарынан екі рет жоқ болса, препарат қабылдауды жалғастырудан бұрын әйелде жүктіліктің бар-жоқтығын анықтау керек.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Видора препараты менархе басталғаннан кейін ғана қолданылады. 18 жасқа толмаған жасөспірім қыз балаларда жиналған деректер негізінде жас адамдардың осы тобындағы қауіпсіздік пен тиімділік 18 жастан асқан әйелдердегі қауіпсіздік пен тиімділіктен айырмашылығы бар екенін растамайды.
Егде жастаға пациенттер
Видора препараты әйелдерге менопауза басталғаннан кейін көрсетілмейді.
Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер
Видора бауырдың ауыр ауруы бар әйелдерге қарсы көрсетілген.
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Видора бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе бүйректің жедел жеткіліксіздігі бар әйелдерге қарсы көрсетілген.
Жүктілік немесе лақтация кезеңінде
Видоражүктілік кезінде тағайындалмайды.
Егер препаратты қабылдау уақытында жүктілік анықталса оны қабылдауды бірден тоқтату қажет. Ауқымды эпидемиологиялық зерттеулерден, БОК жүктілікке дейін қабылдаған әйелдерден туған балаларда даму ақаулары қаупінің ешқандай жоғарылауы да, БОК жүктіліктің бастапқы мерзімдерінде абайсызда қабылданған жағдайдағы тератогендік әсері де анықталған жоқ.
Препараттың жүктілік және лактация кезінде жағымсыз әсер ететіндігін көрсетті. Белсенді қосылыстарының гормоналдық әсерімен байланысты жағымсыз әсерлерді жоққа шығару мүмкін емес. Алайда, біріктірілген оральді контрацептивтерді жүктілік кезінде қолданудың тұтас алғандағы тәжірибесі адамдарға жағымсыз әсері барын көрсетпейді.
Видора препаратын жүктілік кезінде қабылдаудың нәтижелері туралы қолда бар деректер шектеулі, бұл препараттың жүктілік ағымына, шарана мен жаңа туған нәрестенің денсаулығына теріс әсері туралы қандай-да бір тұжырым жасауға мүмкіндік бермей отыр. Қазіргі кезде Видора препараты бойынша маңызды эпидемиологиялық деректер жоқ.
Босанғаннан кейінгі кезеңде Видора қабылдауды қайта бастағанда ВТЭ даму қаупінің жоғарылайтынын ескеру керек.
Лактация
БОК қабылдау лактацияға ықпал етуі мүмкін, өйткені олар емшек сүтінің мөлшерін азайтуы және оның құрамын өзгертуі мүмкін, сондықтан оларды емшек емізуді тоқтатқанға дейін пайдалану әдетте ұсынылмайды. БОК қабылдау аясында контрацептивтік стероидтардың және/немесе олардың метаболиттерінің аздаған мөлшері сүтпен шығарылуы мүмкін. Ол мөлшерлері сәбиге әсер етуі мүмкін.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы бойынша зерттеулер жүргізілмеді.
Біріктірілген оральді контрацептивтерді пайдаланғанда автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы байқалмады.
Қолдану жөніндегі ұсыныстар