Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь
Саудалық атауы
Викс Актив Бальзам ментолмен және эвкалиптпен
Әсер етуші зат
Препараты применяемые при простудных заболеваниях другие
Мақсаты
Тұмаумен, мұрын бітелуімен, жөтелмен және тамақ ауыруымен қатар жүретін жоғарғы тыныс алу жолдарының қабыну және инфекциялық-қабыну ауруларының симптомдарын жеңілдету үшін…
Өндіруші
Проктер & Гэмбл Мануфакчуринг ГмбХ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецептсіз
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
100 г жақпамай құрамында
белсенді заттар: левоментол 2.75 г,
камфора 5.0 г,
эвкалипт майы 1.50 г,
терпентин майы 5.0 г
қосымша заттар: тимол, самырсын майы, ақ жұмсақ парафин
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Өзіне тән хош иісі бар ақтан аздап сарғыштауға дейінгі жұмсақ жақпамай.
- тұмаумен, мұрын бітелуімен, жөтелмен және тамақ ауыруымен қатар жүретін жоғарғы тыныс алу жолдарының қабыну және инфекциялық-қабыну ауруларының симптомдарын жеңілдету үшін кешенді ем құрамында қолданылады.
Әсер ету механизмі
Әсер етуі құрамына кіретін белсенді компоненттерге негізделген біріктірілген препарат. Тыныс алу жолдарының аурулары кезінде жергілікті тітіркендіргіш, антисептикалық, қабынуға қарсы, ісінуге қарсы жергілікті қолдануға арналған дәрі. Мұрынның бітелуін жояды және 8 сағат бойы тыныс алуды жеңілдетеді.
Камфора, эвкалипт және терпентин майы сыртқа қолдану кезінде жергілікті тітіркендіргіш әсер көрсетеді.
Ментол қан тамырларды кеңейте және жаққан жерді орташа ауыруды басатын әсерімен салқындата отырып суық тию симптомдарын азайтады. Ментол және камфора мұрын-жұтқыншақ шырышының ісінуін төмендетеді және орташа ауыруды басатын қалыпты әсерге ие бола отырып жөтелді жеңілдетеді.
Эвкалипт және терпентин майы жөтелуге ықпал ете отырып, шырышты секреттің жоғарғы тыныс алу жолдарына бөлінуіне ықпал етеді.
Дозалану режимі
Сыртқа
Викс Актив Бальзам ментолмен және эвкалиптпен ересектер мен 2 жастан асқан балаларда қолданылады.
Жақпамайдың аздаған мөлшері тәулігіне 2-4 рет, дұрысы ұйықтар алдында, тұмау және мұрын бітелуінде кеуденің жоғарғы және ортаңғы бөлігіне, жөтел кезінде арқаның жоғарғы және ортаңғы бөлігіне, жөтел және тамақ ауырғанда мойын аумағына жағылады. Препараттың буын деммен ішке жұтуға мүмкіндік беру үшін матамен жабу ұсынылмайды.
Ингаляция
Ересектер мен 12 жастан асқан балаларда қолданылады.
1-2 шай қасық жақпамайды ыстық суда (қайнап тұрған емес) ерітеді және 10-15 минут бойы буын деммен ішке жұтады. Қоспаны қыздыру немесе микротолқынды пеште қайта жылыту ұсынылмайды.
Емдеу курсы 5 күнді құрайды.
Пациенттердің ерекше топтары
Балалар
Препарат 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға арналмаған.
Жақпамайды кеудеге және арқаға жеңіл қимылмен жағу керек. Әрі қарай, препаратты ұқыппен ысқылау және бумен дем алу үшін киімді бос қалдыру ұсынылады.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттерде дозаны түзету қажет емес.
Бауыр / бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер
Деректер жоқ.
Енгізу әдісі және жолы
Препарат сыртқа және ингаляция түрінде қолдануға арналған.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Осы дәрілік препаратты қолдану бойынша қосымша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке жүгіну керек.
• әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
• анамнезіндегі тыныс алу жолдарының аурулары (ларингоспазм, бронхоспазм, бронх демікпесі, көкжөтел, жедел тарылатын ларинготрахеит)
• шылым шегумен байланысты созылмалы жөтел
• өкпе эмфиземасы
• тері аурулары және болжамды жағу орнындағы терінің зақымдануы
• эпилепсия және құрысудың дамуына бейімділік
• жедел пневмония
• жүктілік және лактация кезеңі
• 2 жасқа дейінгі балалар
• ингаляция үшін 12 жасқа дейінгі балалар
Сирек
• жаққан жерде тері бөртпесі түріндегі аллергиялық реакциялар
• тері гиперемиясы
• көзден жас ағу, көздің тітіркенуі (ингаляция кезінде)
• эритема, тері тітіркенуі, шырышты қабық тітіркенуі (ингаляция кезінде)
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
• есекжем
• бронхоспазм, ларингоспазм
• елестеулер
• құрысу ұстамалары
• жөтелдіретін тітіркендіру, бронх түйілулерінің күшеюі, сырылдаумен бірге тыныс алу жолдарының обструкциясы, тұншығу, ауа жетіспеушілігі, тыныс алудың тоқтап қалуына дейінгі демікпе жағдайы (ингаляция кезінде)
• ашыту сезімі, қолдану орнындағы күйіп қалу
Жүйелік әсерлер
Ұсынылған енгізу жолдарын ескере отырып, жүйелік әсері өте төмен және жүйелік әсерге байланысты жағымсыз әсерлер байқалмады.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жаққан жерде терінің тітіркенуі, бронхоспазм, ларингоспазм.
Дұрыс қолданылмауы
Препаратты жұтып қою құсу және диарея сияқты асқазан-ішек жолдарының симптомдарын тудыруы мүмкін. Емі – симптоматикалық.
Препараттың едәуір мөлшерін ішке кездейсоқ қабылдаған кезде жүрек айнуы, құсу, іштің түйіліп ауыруы, бас ауыруы, айқын бас айналуы, беттің қызаруы, ысыну сезіну/қан құйылулары, тыныс алудың қиындауы, делирий, құрысулар, орталық жүйке жүйесі қызметінің бәсеңдеуі, кома бақыланады.
Препаратты абайсызда қабылдаған кезде медициналық көмекке жүгіну керек.
Асқазан-ішектің ауыр немесе неврологиялық улануы симптомдары бар пациенттер бақылауда болуы тиіс және симптоматикалық емдеу ұсынылады. Құстыруға болмайды.
Препаратты балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Егер симптомдардың жақсаруы байқалмаса, дәрігерге жүгіну керек.
Сыртқа қолдану
Препарат тек сыртқа қолдануға арналған.
Ішке қабылдауға болмайды!
Жақпамайды беттің және еріннің шырышты қабықтарына (әсіресе, көздің, мұрынның және ауыздың), күйген беткейлерге және зақымданған теріге жағуға болмайды. Байқаусызда көзге немесе шырышты қабыққа түскен жағдайда көп мөлшердегі сумен жуу керек.
Сүрткеннен кейін препарат қолданылған аумақты қамтитын киім қатты қыспауы қажет.
Препаратты сырттан қолданған кезде жылу оранып немесе жылу әсерін беретін басқа түрлерді қолдануға болмайды.
Ингаляциялық қолдану
Ингаляцияны дайындау үшін қайнап тұрған суды қолдануға болмайды.
Қоспаны микротолқынды пеште қыздыруға және қайта қыздыруға болмайды.
Пациенттерге шылым шегуге болмайтыны, сонымен қатар қатты күйіп қалу қаупіне байланысты ашық отқа жақындамау керегі туралы түсіндірілуі тиіс. Препаратпен жанасатын мата (киім, төсек-орын, таңғыш материалдар және т.б.) тез тұтанады және қатты тұтанудың қаупі бар. Киім мен төсек-орындарды жуу препараттың жиналуын азайтуы мүмкін, бірақ оны толығымен жоя алмайды.
Арнайы ескертулер
Педиатрияда қолдану
Препарат 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға арналмаған.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралдарын немесе басқа да аса қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етпейді
Жүкті әйелдерде және бала емізетін аналарда препаратты қолдану туралы деректер болмағандықтан бұл препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.
Деректер жоқ.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.