ATX коды: А16АВ12
Әсер ету механизмі
Мукополисахаридоздар – гликозаминогликандар (ГАГ) катаболизмі үшін талап етілетін, спецификалық лизосомалық ферменттер тапшылығынан болатын лизосомалық жинақталу ауруларының тобы. IVA типті мукополисахаридоз (IVA МПС) Nацетилгалактозамин-6-сульфатазаның болмауымен немесе белсенділігінің едәуір төмендеуімен сипатталады. Сульфатаза белсенділігінің жеткіліксіздігі бүкіл организмде жасушалардың лизосомалық бөліктерінде ГАГ субстраттарының, кератансульфат (KС) және хондроитин-6-сульфатының (Х6С) жинақталуын туындатады. Жинақталуы жасушалық, тіндік және ағзалық жайылған дисфункцияға алып келеді. Элосульфаза альфа – экзогенді Nацетилгалактозамин-6-сульфатаза ферментінің лизосомаларға түсуін қамтамасыз етеді және ГАГ, КС және Х6С катаболизмін күшейтеді. Жасушалардың қармап алуы және ферменттің лизосомаға өтуі катионға тәуелді емес манноза-6-фосфаттық рецепторлардың қатысуымен жүзеге асады, бұл N-ацетилгалактозамин-6-сульфатаза (GALNS) белсенділігінің және KС мен Х6С клиренсінің қалпына келуіне алып келеді.
Клиникалық тиімділігі және қауіпсіздігі
Вимизим препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі IVA МПС бар 235 пациенттің қатысуымен жүргізілген алты клиникалық зерттеуде бағаланды, бұл арада төзімділігін, тыныс алу функциясын, өсу қарқыны мен қозғалғыштығын, сондай-ақ несепте KС болуын қоса, әр түрлі аумақтарда IVA типті мукополисахаридоздың (IVA МПС) жүйелік көріністеріне емнің әсері зерттелді.
МПС IVA бар жалпы саны 235 пациент алты клиникалық зерттеуге қатыстырылды және Вимизим препаратын қабылдады.
Вимизим препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 5-тен 57 жасқа дейінгі, IVA типті МПС бар 176 пациент қатысқан, III фазадағы рандомизацияланған салыстырмалы жасырын плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеуде бағаланды. Пациенттердің көпшілігінің бойы ұзын болмаған, оларда төзімділігінің төмендегені және тірек-қимыл аппараты тарапынан симптомдар байқалған. Зерттеуге тексерудің басында 6 минуттық жаяу жүру тестісінде 30 метрден астамды жүріп өте алған, бірақ зерттеуге қосылған сәтте 325 метрден аз жүріп өте алған пациенттер кірістірілді.
Пациенттер жалпы жиынтығы 24 апта бойына элосульфаза альфаны апта сайын 2 мг/кг-ден (n = 58) немесе әр екі апта сайын 2 мг/кг-ден (n= 59) немесе плацебо (n = 59) қабылдаған. Әр инфузияның алдында барлық пациенттер антигистаминдік препараттарды қабылдаған. Бастапқы ақырғы нүкте 24-ші аптада плацебо қабылдағандармен салыстырғанда, пациенттер зерттеудің басында 6-минуттық жүріс тестісінен өткен бастапқы арақашықтыққа қатысты өзгеріс болды. Екінші ақырғы нүктелер баспалдақпен көтерілудегі 3 минуттық тест нәтижесінің бастапқы мәніне және 24-ші аптадағы несептегі KС деңгейлеріне қатысты өзгерістер болды.
Ары қарай зерттеу үшін элосульфаза альфаны апта сайын 2 мг/кг-ден немесе әр екі апта сайын 2 мг/кг-ден қабылдаған, жалпы саны 173 пациент таңдап алынды, содан кейін барлық пациенттер 24-ші аптада нәтиже олған жағдайда, препаратты апта сайын 2 мг/кг дозада енгізуге ауыстырылды.
Бастапқы және екіншілік ақырғы нүктелер 24-ші аптада бағаланды (3 кестені қараңыз). Аптасына 2 мг/кг сызбасы бойынша ем қабылдаған пациенттер үшін 6 минутта жүріп өтетін қашықтыққа қатысты модельденген емнің әсері плацебо қабылдағандармен салыстырғанда 22,5 м (95% СА: 4,0; 40,9; p=0,0174) құрады. Аптасына 2 мг/кг сызбасы бойынша ем қабылдаған пациенттер үшін 1 минутта жүріп өтетін баспалдақтар санына қатысты модельденген емнің әсері плацебо қабылдағандармен салыстырғанда минутына 1,1 баспалдақты (95% СА: -2,1; 4,4; p=0,4935) құрады. Аптасына 2 мг/кг сызбасы бойынша ем қабылдаған пациенттер үшін несептегі КС деңгейінің пайыздық өзгерістеріне қатысты емнің модельденген әсері плацебо қабылдағандармен салыстырғанда -40,7% (95% СА: -49,0; -32,4; p<0,0001) құрады. Барлық ақырғы нүктелер үшін ең үлкен айырмашылық плацебо қабылдаған топ пен препаратты апта сайын қабылдаған топ арасында анықталды. Зерттеудегі препарат екі аптада бір рет енгізілетін емдеу тобында 6 минутта жүріп өтетін қашықтық, және 1 минутта жүріп өтетін баспалдақтар саны плацебо тобының нәтижелерімен салыстырымды болды.
3 кесте. Зерттелетін препаратты аптасына 2 мг/кг дозада енгізумен плацебо-бақыланатын клиникалық зерттеудің нәтижелері
Вимизим — Плацебо — Плацебомен салыстырылған Вимизим
Зерттеу дің басында — 24-ші апта — Өзгеріс — Зерттеудің басында — 24-ші апта — Өзгеріс — Өзгерген мәндер арасындағы айырмашылық
N — 58 — 57* — 57 — 59 — 59 — 59
Жүрумен 6-минуттық тест (метр)
Орташа мәні ± стандартты ауытқу — 203,9 ±76,32 — 243,3 ±83,53 — 36,5 ±58,49 — 211,9 ±69,88 — 225,4 ±83,22 — 13,5 ±50,63
Модельге негізделген орташа мәні‡ (95% СА) p мәні — 22,5 (95% СА: 4,0; 40,9) (p = 0,0174)
Баспалдақпен көтерілудің 3 минуттық тесті (саты/мин)
Орташа мәні ± стандартты ауытқу — 29,6 ±16,44 — 34,9 ±18,39 — 4,8 ±8,06 — 30,0 ±14,05 — 33,6 ±18,36 — 3,6 ±8,51
Модельге негізделген орташа мәні ‡ (95% СА) p мәні — 1,1 (95% СА: -2,1; 4,4) (p = 0,4935)
* Вимизимді қабылдаған топтағы бір пациент 1 инфузиядан кейін шығып қалған
‡ Зерттеу басындағы нәтижелерге түзету енгізумен Вимизим препаратын және плацебоны салыстырудың моделі негізінде есептелген орташа мәні
Элосульфаза альфаны апта сайын 2 мг/кг дозада қабылдаған пациенттердегі қосымша ұзартылған зерттеулерде 156 аптаға дейінгі кезең бойына төзімділікке қатысты бастапқы жақсарудың сақталғаны және несептегі KС деңгейінің тұрақты төмендеуі байқалды.
Балалар
Емді барынша ерте бастау маңызды.
Вимизим препаратын қабылдаған пациенттердің көпшілігі балалық және жасөспірімдік кезеңде (5 жастан 17 жасқа дейінгі) болды. Ашық клиникалық зерттеуге 9 айдан 5 жасқа дейінгі, IVA МПС бар, Вимизим препаратын 52 апта бойы аптасына бір рет 2 мг/кг-ден қабылдаған 15 пациент қатысты. Пациенттерді бақылау ең кемі тағы 52 апта бойына жалғастырылды, зерттеу жалпы алғанда 104 апта бойы жүргізілді. Бұл пациенттердегі қауіпсіздігі мен фармакодинамикасын бағалаудың нәтижелері алғашқы 52 аптада алынған нәтижелерге сәйкес келеді.