Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Капсулы
Саудалық атауы
Винпотропил
Әсер етуші зат
винпоцетин + пирацетам
Мақсаты
Анықталған деменция диагнозы болмаған кезде интеллектуалдық-мнесттикалық бұзылыстарды симптоматикалық емдеу
Өндіруші
«Канонфарма продакшн»
Ел
Россия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: винпоцетин 5 мг, пирацетам 400 мг.
қосымша заттар:
Капсула ішінде:
коллоидты кремнийдің қостотығы, лактоза моногидраты, тальк.
№0 қатты желатинді капсуланың құрамы:
корпус: титанның қостотығы (Е 171), хинолинді сары бояғыш (Е 104), күн батар түстес сары бояғыш (Е 110), желатин;
қақпақ: титанның қостотығы (Е 171), бояғыш азорубин (Е 122), желатин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
№ 0 қатты желатинді капсулалар: корпусы сары түсті, қақпағы қызыл түсті. Капсулалардың ішіндегісі – ақ немесе ақ түсті ұнтақ. Бөлек кристалдар мен түйірлер бола береді.
Винпотропил 18 жастан асқан ересектерде қолданылады.
• Анықталған деменция диагнозы болмаған кезде интеллектуалдық-мнесттикалық бұзылыстарды симптоматикалық емдеу.
• Пирацетамға сезімтал пациенттерде монотерапия ретінде де, кешенді ем құрамында да кортикальді миоклония көріністерін азайту (нақты жағдайда пирацетамға сезімталдықты анықтау мақсатында емдеудің сынама курсы жүргізілуі мүмкін).
• Ишемиялық инсульт, тамырдың вертебробазилярлы жеткіліксіздігі, тамыр деменциясы, ми тамырларының атеросклерозы, жарақаттан кейінгі, гипертониялық энцефалопатия салдарының симптоматикалық терапиясы.
• Көздің торқабығының және тамырлы қабығының созылмалы тамыр аурулары.
• Перцептивті типтегі есту қабілетінің төмендеуі, Меньер ауруы, құлақтың шыңылдауы.
Әсер ету механизмі
Винпотропил - біріктірілген препарат. Церебровазодилатациялық (винпоцетин) және ноотроптық (приацетам) дәрілерге тән қасиеттері бар.
Психостимуляциялайтын дәрі ретінде
Ми метаболизмін жақсартып, ми тінінің глюкозаны және оттегі тұтынуын арттырады. Нейрондардың гипоксияға төзімділігін арттырады; гематоэнцефалдық бөгет арқылы глюкозаның миға тасымалдануын күшейтеді; глюкозаның ыдырау үдерісін энергетикалық тұрғыда едәуір үнемді, аэробты жолға көшіреді; Са2+-тәуелді фосфодиэстеразаны селективті бөгейді; ми аденозинмонофосфаты (АМФ), циклды гуанозинмонофосфаты (цГМФ) және аденозинтрифосфаты (АТФ) деңгейлерін жоғарылатады. Мидағы норадреналин мен серотонин алмасуын күшейтеді; норадренергиялық жүйенің өрлеу тармағын көтермелейді, антиоксидантты әсер көрсетеді. Тромбоциттер агрегациясын және қанның жоғары тұтқырлығын төмендетеді; эритроциттер созылғыштығын арттырады және эритроциттер арқылы аденозиннің жойылуын бөгейді; эритроциттердің оттегіні көп беруіне ықпал етеді. Церебральді қан ағымын молайтады; жүйелі қан айналым көрсеткіштерінің елеулі өзгеруінсіз ми тамырларының төзімділігін төмендетеді. «Ұрлану» әсерін көрсетпейді әрі, бәрінен бұрын, ишемияланған ми бөліктерінің қанмен қамтылуын күшейтеді. Плаценталық бөгет арқылы өтеді.
Ноотропты дәрі ретінде
Мидың алмасу үрдістеріне оң ықпалын тигізеді, мидағы АТФ концентрациясын мардымсыз ұлғайтады, рибонуклеин қышқылы мен фосфолипидтер синтезін күшейтеді, гликолиз үрдістерін көтермелейді, глюкозаның жұмсалуын күшейтеді; мидың интегративтік қызметін жақсартады, есте сақтау консолидациясына ықпал етеді, оқып-үйрену үдерісін жеңілдетеді, мидағы қозудың таралу жылдамдығын өзгертеді, осы тұста тамыр кеңейтуші әсер көрсетпестен микроциркуляцияны жақсартады, белсенділендірілген тромбоциттер агрегациясын тежейді; гипоксиядан, уыттанудан, электрлі шоктан болатын ми зақымдануларында қорғағыш әсер көрсетеді; электроэнцефалограммада альфа және бета-белсенділікті күшейтеді, дельта-белсенділікті төмендетеді, вестибулярлық нистагм айқындылығын азайтады, мидың жарты шарлары арасындағы байланысты және неокортикальді құрылымдардағы синапстық өткізгіштікті жақсартады, ақыл-ой белсенділігін арттырады, ми қан ағымын күшейтеді; седативті, психиканы көтермелейтін ықпалы жоқ. Әсер біртіндеп дамиды.
Фармакодинамикалық әсерлері
Егде және кәрілік жастағы науқастарда ми-тамырлық шығу тегіндегі когнитивті бұзылулардың бастапқы көріністерінің белгілеріне қатысты әсер иеленген. Психогериатриялық тәжірибеде ұсынылған.
Дозалау режимі
1-2 капсула күніне 2-3 рет.
Демеуші доза - күніне 3 рет 1 капсула.
Енгізу жолы және тәсілі
Ішке қабылдау үшін.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Тамақтанар алдында күніне 2-3 рет қолданылады. Препаратты соңғы қабылдау - ұйқыдан 4 сағат бұрын.
Емдеу ұзақтығы
2-3 аптадан 2-6 айға дейін. Препарат қолдануды тоқтатар алдында препараттың дозасын біртіндеп азайту керек.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын жіберіп алған кезде қажетті шаралар
Өткізіп алған доза есіңізге түскенде тамақтанар алдында қабылдаңыз. Өткізіп алған заттың орнын толтыру үшін қосарлы дозаны қабылдамаңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар
Егер сізде осы препаратты қолдану туралы сұрақтарыңыз болса, оларды дәрігерге немесе фармацевтке сұраңыз.
• Винпоцетинге, пирацетамға немесе пирролидон туындыларына, сондай-ақ препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық.
• Жүрек ырғағының айқын бұзылыстары.
• Жүректің ишемиялық ауруы (ауыр ағымдағы).
• Геморрагиялық инсульттің жедел кезеңі.
• Бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі.
• Гентингтон ауруы.
• Жүктілік және бала емізу кезеңі
• Балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (деректердің жеткіліксіздігіне байланысты).
• Лактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер препаратты қабылдамауы тиіс.
Жағымсыз әсерлер өте сирек кездеседі. Жиіліктің градациясы былайша анықталады: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100 <1/10 дейін), сирек (≥1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥1/10000 <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10000) және жиілігі белгісіз (клиникалық зерттеулердің қолда бар деректері негізінде бағалау мүмкін емес).
Жиі
• күйгелектік;
• гиперактивтілік;
• дене салмағының жоғарылауы.
Жиі емес
• гиперхолестеринемия;
• депрессия;
• бас ауыруы;
• ұйқышылдық;
• вертиго;
• артериялық гипотензия;
• іштегі жайсыздық;
• ауыздың құрғауы;
• жүрек айнуы;
• астения;
• артериялық қысымның төмендеуі.
Сирек
• лейкопения;
• тромбоцитопения;
• тәбеттің төмендеуі;
• анорексия;
• қант диабеті;
• ұйқысыздық;
• ұйқының бұзылуы;
• қозу;
• тынымсыздық;
• бас айналуы;
• дәм сезудің бұзылуы;
• ступор;
• гемипарез;
• амнезия;
• көру жүйкесі дискісінің ісінуі;
• гиперакузия;
• гипоакузия;
• құлақтың шыңылдауы;
• ишемия/миокард инфарктісі;
• стенокардия;
• брадикардия;
• тахикардия;
• экстрасистолия;
• жүрек қағуын сезіну;
• артериялық гипертензия;
• «ысыну»;
• тромбофлебит;
• іштің ауыруы;
• іш қату;
• диарея;
• диспепсия;
• құсу;
• эритема;
• қатты тершеңдік;
• қышыну;
• есекжем;
• бөртпе;
• дімкәстік;
• артериялық қысымның жоғарылауы;
• қан сарысуындағы триглицеридтер концентрациясының жоғарылауы;
• электрокардиограммадағы ST сегментінің депрессиясы;
• эозинофилдердің төмендеуі/жоғарылауы;
• функционалдық бауыр сынамаларының бұзылуы.
Өте сирек
• анемия;
• эритроциттер агглютинациясы;
• эйфория;
• тремор;
• түйілу;
• конъюнктива гиперемиясы;
• аритмия;
• жүрекшелер фибрилляциясы;
• артериялық қысымның ауытқуы;
• дисфагия;
• стоматит;
• дерматит;
• көкірек қуысындағы жайсыздық;
• гипотермия;
• лейкоциттер санының көбеюі/азаюы;
• эритроциттер санының төмендеуі;
• тромбиндік уақыттың азаюы;
• аса жоғары сезімталдық.
Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес
• атаксия;
• тепе-теңдіктің бұзылуы;
• эпилепсия ағымының өршуі;
• ұйқысыздық;
• жыныстық құмарлықтың күшеюі;
• ажитация;
• үрей;
• сананың шатасуы;
• елестеулер;
• ангионевроздық ісіну;
• қанағыштық;
• анафилактоидты реакциялар.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз
http://www.ndda.kz
Симптомдары: жағымсыз әсерлердің айқындылығының күшеюі.
Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем.
Гемостаздың бұзылуы, ауыр қан кету, қатерсіз гипербилирубинемия (оның ішінде Жильбер синдромы), вирустық гепатит, бауырдың алкогольдік зақымдануы, алкоголизм, глюкоза-6-фосфат дегидрогеназа тапшылығы, эпилепсия, егде жастағы адамдар.
Арнайы ескертулер
Жүктілік кезінде Винпотропил препаратын қолдануға болмайды.
Винпотропил препаратының белсенді әсер етуші заты винпоцетин плацента арқылы өтеді, бірақ плацентадағы және шаранадағы плазмалық концентрация анадан төмен. Тератогенді және эмбриоуытты әсері анықталмаған. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде жоғары дозаларды енгізу кезінде плаценталық қан кету және аборттар орын алды (болжам бойынша плаценталық қан ағымының ұлғаюы салдарынан).
Жүктілік кезінде Винпотропил препаратының белсенді әсер етуші заты пирацетамды қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер жүктілікке, эмбрионның/шарананың дамуына, босануға немесе босанғаннан кейінгі дамуға тікелей немесе жағымсыз әсер етпеді.
Винпотропил препаратын әйелдерде емізу кезеңінде де қолдануға болмайды. Емшек емізу кезеңінде қолдануды бастауға болмайды немесе винпоцетинмен емдеу кезінде емшек емізуді тоқтату керек.
Винпотропил препаратының белсенді әсер етуші заттары емшек сүтіне енеді. Радиоактивті таңбаланған винпоцетинмен клиникаға дейінгі зерттеулерге сәйкес, жаңа туған жануарлардың емшек сүтіндегі концентрациясы ене қанындағы мөлшерден 10 есе асып кетті.
Винпотропил балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолданылмайды (деректердің жеткіліксіздігіне байланысты).
Препараттың көлік құралдарын басқару қабілетіне әсер ету туралы зерттеулер жүргізілген жоқ. Жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда көлік құралдарын басқару және күрделі механизмдермен жұмыс істеу кезінде сақ болу керек.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Винпоцетинді глибенкламидпен, дигоксинмен, аценокумаролмен, гидрохлортиазидпен, имипраминмен, құрамында пиндолол, хлоранолол, клопамид бар препараттармен бір мезгілде қолданғанда өзара әрекеттесулер байқалмайды.
Метилдопамен бір мезгілде қолданған кезде гипотензиялық әсерінің күшеюі мүмкін (артериялық қысымды (АҚ) бақылау қажет).
Өзара әрекеттесудің болуын растайтын деректердің болмауына қарамастан, орталық, аритмияға қарсы және антикоагулянттық әсері бар препараттармен бір мезгілде қолданғанда сақтық таныту ұсынылады.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Пікірлер
Пікірлер жалпы препаратқа қатысты; автор қабылдаған нұсқа бөлек көрсетіледі.
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.