Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Концентрат для приготовления раствора для инфузий
Дозасы
5 мг/мл
Саудалық атауы
Винпоцетин
Әсер етуші зат
Винпоцетин
Мақсаты
Мидың транзиторлық ишемиясы, церебральді ишемиялық инсульт, церебральді инсульттан кейінгі жай-күйлер
Өндіруші
Открытое акционерное общество "Борисовский завод медицинских препаратов" (ОАО "БЗМП")
Ел
Беларусь
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір ампуланың ішінде:
белсенді зат – винпоцетин 10 мг;
қосымша заттар: аскорбин қышқылы, бензил спирті, натрий метабисульфиті, сорбитол, шарап қышқылы, инъекцияға арналған су
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл жасылдау түсті сұйықтық
- мидың транзиторлық ишемиясы
- церебральді ишемиялық инсульт
- церебральді инсульттан кейінгі жай-күйлер
- мидың көптеген зақымдану ошақтарының салдарынан болған деменция
- ми тамырларының атеросклерозы
- жарақаттан кейінгі және гипертониялық энцефалопатия
- вертебробазилярлы жеткіліксіздік
- цереброваскулярлық жеткіліксіздікке байланысты психикалық және неврологиялық бұзылулар
- торлы және тамырлы қабықтың (атеросклероз, артериялық немесе веноздық тромбоздар мен эмболиялар, ангиоспазмнан туындаған) офтальмологиялық аурулары
- ішкі құлақтың аурулары (тамыр аурулары немесе уытты әсерлер (соның ішінде ятрогенді) салдарынан есту қабілетінің төмендеуі, Меньер ауруы, құлақтың шуылдауы
Қолдану басталғанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
ATХ коды N06BX18
Әсер ету механизмі
Винпоцетин - бұл мидың метаболизміне жағымды әсер ететін және оның қанмен қамтамасыз етілуін жақсартатын, сонымен қатар қанның реологиялық қасиеттерін жақсартатын кешенді әсер ету механизмі бар қосылыс.
Фармакодинамикалық әсерлері
Винпоцетиннің нейропротекторлық әсері вольтажға тәуелді Na+ және Са2 + өзекшелер блокадасымен және Na+ нейрондарды гипоксия жағдайында жеткіліксіз ағыннан қорғау және оның әсерінен болатын Са2+ жасушаға түсуімен байланысты. Винпоцетиннің глутамат рецепторларымен әрекеттесуі жүйке жасушаларын глутамат пен N-метил-D-аспартаттың цитотоксикалық әсерінен, сондай-ақ альфа-амин-3-гидрокси-5-метил-4-изоксазол-пропион қышқылының әсерінен қорғайды.
Клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі
Винпоцетин аденозиннің нейропротекторлық әсерін күшейтіп, оның утилизациясын тежейді. Реактивті субстанциялардың түзілуіне кедергі келтіре отырып, тікелей антиоксиданттық әсер береді.
Винпоцетин церебральді метаболизмді көтермелейді: препарат глюкоза мен оттегінің сақталуын арттырады, бұл заттарды ми тінімен қабылдауды арттырады. Препарат мидың гипоксияға төзімділігін арттырады; гематоэнцефалды бөгет арқылы мидың ерекше қуат көзі – глюкозаның тасымалдануын арттырады; глюкозаның метаболизмін энергетикалық тұрғыдан қолайлы аэробты жолға қарай жылжытады; Ca2+-кальмодулинге тәуелді фермент цГМФ-фосфодиэстеразаны (ФДЭ) іріктеп тежейді; мидағы цАМФ және цГМФ деңгейін жоғарылатады. Препарат АТФ концентрациясын және АТФ/АМФ қатынасын арттырады; мидағы норепинефрин мен серотониннің айналымын күшейтеді; үдеп келе жатқан норадренергиялық жүйені көтермелейді; антиоксиданттық белсенділікке ие; жоғарыда аталған барлық әсерлердің ықпалымен винпоцетин церебропротективті әсер етеді.
Винпоцетин мидағы микроциркуляцияны жақсартады: препарат тромбоциттер агрегациясын тежейді; қанның патологиялық жоғарылаған тұтқырлығын төмендетеді; эритроциттердің деформациялануын арттырады және аденозиннің қамтылуын тежейді; эритроциттерге O2 аффинитетін төмендету арқылы тіндерде O2 тасымалын жақсартады.
Винпоцетин мидағы қан ағымын селективті түрде арттырады: препарат жүрек лықсуы церебральді фракциясын арттырады; жүйелік айналым параметрлеріне (артериялық қысым, жүрек лықсуы, пульс жиілігі, жалпы шеткері қарсыластық) әсер етпей, мидағы тамырлық кедергіні төмендетеді; препарат «тонау әсерін» тудырмайды. Сонымен қатар, препарат аясында перфузиясы төмен ишемияның зақымдалған (бірақ әлі некроздық емес) жерлеріне қан ағымы жақсарады («тонаудың кері әсері»).
Осындай күрделі әсер ету механизмінің нәтижесінде Винпоцетин жалпы ми және ошақтық симптомдардың регрессін тездетеді, есте сақтау, зейін қою, интеллектуалды өнімділікті жақсартады.
Дозалау режимі
Бастапқы тәуліктік доза: вена ішіне енгізуге арналған 500-1000 мл инфузиялық ерітіндіге 20 мг (2 амп.). Пациенттың төзімділігіне байланысты дозаны 2-3 күн ішінде, бірақ дене салмағының 1 мг/кг асырмай арттыруға және 5-6 сағат аралықпен үш қабылдауға бөлуге болады. Орташа емдеу курсы 10-14 күн, орташа тәуліктік дозасы 50 мг, дене салмағы 70 кг (500 мл инфузиялық ерітіндіге 5 амп.).
Бауыр мен бүйрек аурулары бар пациенттерге бірдей мөлшерде тағайындауға болады.
Вена ішіне ем курсы аяқталғаннан кейін дәрілік препаратты күніне 3 рет 5-10 мг ішке қабылдауға көшеді. Демеуші доза - ұзақ уақыт бойы күніне 3 рет 5 мг. Тоқтату алдында дозаны біртіндеп азайту керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Вена ішіне инфузияға арналған, баяу енгізу керек (инфузия жылдамдығы 80 тамшы/мин аспауы тиіс!).
Бұлшықет ішіне және концентрацияланған түрде вена ішіне енгізуге тыйым салынады!
Инфузияны дайындау үшін физиологиялық ерітіндіні немесе құрамында глюкоза бар инфузиялық ерітінділерді (Салсол, Рингер, Риндекс, Реомакродекс) пайдалануға болады. Инфузиялық ерітіндіні дайындағаннан кейін алғашқы 3 сағатта пайдалану керек.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес алуға жүгіну ұсынылады
Дәрілік препараттың стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялары сипаттамасы және осы жағдайда қабылданатын шаралар
Жиі емес
- Қызуды сезіну
- Артериялық қысымның төмендеуі
- Эйфория
Сирек
- Тромбоцитопения
- Эритроциттердің агглютинациясы
- Гиперхолестеринемия
- Қант диабеті
- Мазасыздық
- Бас ауыруы
- Бас айналу
- Гемипарез
- Ұйқышылдық
- Көздің алдыңғы камерасына қан құйылу (гифема)
- Гиперметропия
- Көрудің бұлыңғырлануы
- Миопия
- Есту қабілетінің бұзылуы
- Гиперакузия
- Гипоакузия
- Бас айналу
- Ишемия/миокард инфарктісі
- Кернеу стенокардиясы
- Аритмия
- Брадикардия
- Тахикардия
- Экстрасистолия
- Жүректің қағуы
- Гипотензия
- Гипертензия
- Ысынулар
- Эпигастрийдағы жайсыздық
- Ауыздың құрғауы
- Жүрек айнуы
- Эритема
- Гипергидроз
- Есекжем
- Астения
- Кеудедегі жайсыздық
- Қабыну, инъекция орнындағы тромбоз
- Артериялық қысымның жоғарылауы
- QT аралығының ұзаруы
- ST сегменті депрессиясы
- Қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы
Өте сирек
- Анемия
- Аса жоғары сезімталдық реакциялары
- Анорексия
- Депрессия
- Тремор
- Естен айырылу
- Гипотонус
- Естен тану алдындағы күй
- Конъюнктива гиперемиясы
- Көру жүйкесі дискісінің ісінуі (папиллоэдема)
- Диплопия
- Құлақтың шуылдауы
- Жүрек жеткіліксіздігі
- Жүрекшелік фибрилляция
- Артериялық қысымның ауытқуы
- Веноздық жеткіліксіздік
- Гиперсаливация
- Құсу
- Дерматит
- Қышыну
- ЛДГ деңгейін арттыру
- PR аралығының ұзаруы
- Электрокардиограммадағы өзгерістер
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса алғанда, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша тікелей ақпараттық дерекқорға жүгіну керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
- әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- миға қан кетудің жедел сатысы
- қанағыштығы
- жүректің ауыр ишемиялық ауруы
- жүрек ырғағының ауыр бұзылулары
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
- тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар адамдар
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Симптомдары: белгісіз, жағымсыз әсерлер пайда болуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық.
Пациентте бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, аритмия немесе QT аралығының ұзару синдромы болған кезде, сондай-ақ аритмияға қарсы препараттарды бір мезгілде қолданған кезде Винпоцетинді емнің пайдасы мен ықтимал қауіптерін мұқият талдағаннан кейін ғана қолдану керек.
ЭКГ-бақылау QT аралығының ұзару синдромы болған кезде немесе QT аралығының ұзаруын тудыратын препараттарды бір мезгілде қабылдаған кезде ұсынылады.
Арнайы ескертулер
Препараттың бір ампуласында (2 мл) 160 мг сорбитол (сорбит) бар. Сорбитол фруктоза көзі болып табылады. Құрамында сорбитол (немесе фруктоза) бар бір мезгілде қабылданатын препараттардың және құрамында сорбитол (немесе фруктоза) бар тамақ өнімдерінің аддитивті әсерлерін назарға алу керек.
Тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы бар пациенттерге осы дәрілік препаратты аса қажеттіліксіз қолдануға болмайды. Осы дәрілік затты тағайындар алдында әрбір пациенттен тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы симптомдарына қатысты егжей-тегжейлі анамнез алынуы тиіс.
Препараттың бір ампуласында (2 мл) 20 мг бензил спирті бар. Бензил спирті аллергиялық реакциялар тудыруы мүмкін. Көп мөлшерде препаратты сақтықпен және тек аса қажет болған жағдайда, әсіресе бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде жинақтау және уыттылық (метаболизмдік ацидоз) қаупіне байланысты пайдалану керек.
Препараттың бір ампуласында (2 мл) 2 мг натрий метабисульфиті бар. Натрий метабисульфиті сирек жағдайларда аса жоғары сезімталдық пен бронх түйілуінің ауыр реакцияларын тудыруы мүмкін.
Препарат құрамында ампулаға 1 ммоль аз натрий (23 мг) бар, яғни құрамында натрий жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Винпоцетиннің автомобильді және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсерін растайтын деректер жоқ, бірақ бас айналу, ұйқышылдық сияқты жағымсыз әсерлердің даму мүмкіндігін ескере отырып, сақ болған жөн.
Винпоцетин жүктілік кезінде, емшек емізу кезеңінде, сондай-ақ контрацепцияның сенімді әдістерін пайдаланбайтын бала туу функциясы сақталған әйелдерде қолдануға болмайды.
Жүктілік
Винпоцетин плацентарлы бөгет арқылы өтеді, бірақ оның плацентадағы және ұрық қанындағы концентрациясы ана қанына қарағанда төмен. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде егеуқұйрықтардың даму ақауларын қоса, репродуктивті уыттылықтың болуы көрсетілді.
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде кейбір жағдайларда плацентарлы қан кету және түсік түсіру туралы хабарланған, бұл плацентарлы қан ағымының жоғарылауы нәтижесінде деп болжанады.
Бала емізу
Винпоцетин емшек сүтіне енеді. Таңбаланған винпоцетинді қолданатын зерттеулерде емшек сүтіндегі радиоактивтілік ананың қанына қарағанда 10 есе жоғары болды. 1 сағат ішінде сүтпен бөлінетін мөлшер препараттың енгізілген дозасының 0.25%-ын құрайды. Винпоцетин емшек сүтіне енетіндіктен және оның нәрестелерге әсері туралы деректер болмағандықтан, оны емізу кезінде қолдануға болмайды.
Винпоцетин концентраты гепаринмен химиялық үйлесімсіз, сондықтан оларды бір шприцке енгізуге тыйым салынады.
Винпоцетин концентраты құрамында амин қышқылдары бар инфузиялық ерітінділермен химиялық үйлеспейді, сондықтан оларды инъекциялық түрін сұйылту үшін қолдануға болмайды.
Винпоцетин мен альфа-метилдопаны бір мезгілде қолдану гипотензивті әсердің күшеюін туындатуы мүмкін, сондықтан оларды бірге қолданған кезде қан қысымын ұдайы бақылау талап етіледі.
Өзара әрекеттесу мүмкіндігін растайтын клиникалық зерттеулер деректерінің болмауына қарамастан, винпоцетинді орталық жүйке жүйесіне әсер ететін препараттармен, аритмияға қарсы дәрілермен және антикоагулянттармен бір мезгілде тағайындау кезінде сақ болу ұсынылады. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда антикоагулянттар мен Винпоцетинді бір мезгілде қолдануға жол беріледі.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.