Барлық енгізу тәсілдері үшін
Аса жоғары сезімталдық реакциялары
Випромидті қолдану анафилактоидтық/аса жоғары сезімталдық реакцияларының немесе жүрек-қантамырлық, респираторлық немесе тері көріністері түріндегі басқа идиосинкразиялық реакциялардың туындауымен байланысты болуы мүмкін.
Шокты қоса, айқындылығы орташадан ауырға дейін болуы мүмкін аллергия тәрізді реакциялардың көпшілігі контарстылы затты енгізуден кейін 30 минут ішінде туындайды. Алайда сирек жағдайларда кейіннен (бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін) білінетін реакциялар дамуы мүмкін.
Аллергиялық реакциялардың даму қаупі келесі жағдайларда артады:
• бұрын орын алған контрастылы заттарға реакциялар болғанда
• анамнезінде бронх демікпесі немесе басқа аллергиялық аурулар болғанда.
Випромидке немесе оның компоненттерінің қандай да біріне белгілі аса жоғары сезімталдығы бар немесе қандай да бір басқа құрамында йод бар контрастылы затқа аса жоғары сезімталдық реакциясы бұрын орын алған пациенттерде аса жоғары сезімталдық реакцияларының жоғары даму қаупі болады, бұл пайда/қауіп арақатынасын ереше мұқият бағалауды талап етеді. Алайда, осындай реакциялар сирек және болжанбайды.
Бұрын осындай реакциялар байқалған бета-блокаторларды қабылдайтын пациенттер бета-агонистермен емдеуге резистентті болуы мүмкін («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз). Аса жоғары сезімталдық реакциялары, әсіресе бронх демікпесі болған кезде күшейтілген түрде білінуі мүмкін.
Аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциясының дамуы кезінде ауыр жүрек-қантамыр аурулары бар пациенттер ауыр немесе тіпті фатальді нәтиженің дамуына бейім.
Контрастылы дәріні енгізгеннен кейін аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакцияларының даму мүмкіндігіне байланысты емшараның соңында пациенттің жай-күйін бақылау қажет.
Жедел аллергияға ұқсас реакциялардың даму қаупі жоғары, бұрын орташа немесе ауыр реакция орын алған, бронх демікпесі немесе медициналық емдеуді талап ететін аллергиясы бар пациенттерде кортикостероидтарды қолдану қажеттілігін қарастыру керек.
Пациентке жедел көмек
Барлық жағдайларда пациентке шұғыл көмек көрсетуге дайын болу керек.
Контрастылы дәріні енгізу мөлшері мен тәсіліне қарамастан, тіпті елеусіз аллергияға ұқсас симптомдар емдеуді талап ететін күрделі анафилактоидты реакцияның алғашқы белгілері болуы мүмкін. Осы себепті, құрамында йод бар контрастылы дәрілерді жедел көмек көрсетуге болатын, қажетті жабдықтар мен дәрі-дәрмектер, сондай-ақ жеткілікті клиникалық тәжірибесі бар дәрігерлер мен оқытылған медициналық қызметкерлер болған жағдайда ғана енгізу керек.
Күрделі реакцияларды емдеу үшін шұғыл жәрдем іс-шараларын дереу бастауға және шұғыл жәрдемге арналған қажетті дәрілік заттар мен хирургиялық жиынтықтарға тікелей қол жеткізуге мүмкіндік болуға тиіс.
Пациентті емшара аяқталғаннан кейін кем дегенде жарты сағат ішінде бақылау керек, өйткені тәжірибе көрсеткендей, күрделі жағдайлардың көпшілігі осы уақыт аралығында болады.
Терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCARs).
Егер препаратты қолданған кезде ауыр тері бөртпесі немесе терінің қабыршықтануы, ауыздың күлдіреуі және/немесе ойық жарасы пайда болса, онда дәрігерге қаралу қажет.
Жиілігі белгісіз йопромидті қабылдау кезінде Стивенс-Джонсон синдромын (SJS), уытты эпидермалық некролизді (TEN), эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS) дәрілік реакцияны және өмірге қауіпті немесе өлімге әкелуі мүмкін жедел жайылған экзантематозды пустулезді (AGEP) қоса, терінің ауыр жағымсыз реакциялары (SCARs) тіркелді. Пациенттер белгілері мен симптомдары туралы хабардар болуы және тері реакцияларына мұқият бақылауда болуы тиіс. Балаларда бөртпенің алғашқы көрінісі инфекция ретінде қабылдауы мүмкін, дәрігерлер бөртпе мен қызба белгілері пайда болған балалардағы йопромидке реакцияны қарастыруы керек. Бұл реакциялардың көпшілігі 8 апта ішінде (AGIP) 1-12 күн, DRESS 2-8 апта, SJS/ TEN 5 күн 8 аптаға дейін дамыды). Егер пациентте йопромидті пайдалану кезінде SJS, TEN, AGIP немесе DRESS сияқты ауыр реакция дамыған болса, онда бұл пациентке йопромидті қайта тағайындауға болмайды.
Қалқанша без функциясының бұзылулары
Анықталған немесе күмән тудыратын гипертиреоз немесе зоб бар пациенттерде пайда/қауіп арақатынасын аса мұқият саралау керек, өйткені құрамында йод бар контрастылы заттар оларда гипертиреоз немесе тиреоуытты криз дамуын туындатуы мүмкін. Анықталған немесе күмән тудыратын гипертиреоз бар пациенттерде Випромидті енгізуге дейін қалқанша без функциясын бағалау қажеттілігін қарастыру және/немесе профилактикалық мақсатта тиреостаздық ем тағайындау керек.
Жүктілік кезінде немесе неонатальді кезеңде анасының организмі арқылы Випромид әсеріне ұшыраған жаңа туған нәрестелерде, әсіресе, шала туған нәрестелерде қалқанша без функциясын бақылау ұсынылады, өйткені йодтың шамадан тыс әсері гипотиреоз дамуын туындатуы мүмкін, бұл емдеуді талап етуі ықтимал.
ОЖЖ (орталық жүйке жүйесі) аурулары
ОЖЖ аурулары бар пациенттерде препаратты енгізумен байланысты неврологиялық асқынулардың даму қаупі жоғары болуы мүмкін.
Неврологиялық асқынулар церебральді ангиография немесе ұқсас зерттеулер кезінде жиі кездеседі.
Анамнезінде құрысулардың болуы сияқты құрысуға дайындық шегінің төмендеуі немесе белгілі бір препараттар қатар қолданылуы мүмкін жағдайларда сақтық шарасын қадағалау керек.
Йопромидті пайдалану кезінде энцефалопатия туралы хабарланды («Жағымсыз реакциялар» бөлімді қараңыз). Контраст-индукцияланған энцефалопатия бас ауруы, көрудің бұзылуы, ми қыртысының соқырлығы, сананың шатасуы, құрысулар, координацияның жоғалуы, гемипарез, афазия, естен тану, кома және мидың ісінуі сияқты неврологиялық дисфункцияның симптомдары мен белгілерімен көрінуі мүмкін. Симптомдар әдетте йопромидті енгізгеннен кейін бірнеше минут немесе сағат ішінде пайда болады және әдетте бірнеше күн ішінде басылады.
Гематоэнцефалдық бөгет өткізгіштігін арттыратын факторлар контрастты дәрінің ми тініне енуін жеңілдетеді, бұл ОЖЖ тарапынан реакцияларға, мысалы, энцефалопатияға әкелуі мүмкін. Контраст-индукцияланған энцефалопатияға күдік туған жағдайда тиісті медициналық емдеуді бастау керек және йопромидті қайта енгізбеу керек.
Визуализациялау емшарасы кезінде немесе одан кейін көп ұзамай энцефалопатия деп аталатын мидың қысқа мерзімді бұзылысы пайда болуы мүмкін. Егер жоғарыда аталған симптомдар пайда болса, дәрігерге хабарлау керек.
Гидратация
Випромидті тамыр ішіне енгізуге дейін және одан кейін контрастылы заттар туындататын нефроуыттылықтың даму қаупін барынша азайту үшін талапқа сай мөлшерде сұйықтық ішу керек.
Бұл көптеген миеломасы, қант диабеті, полиурия, олигурия, гиперурикемиясы бар пациенттер үшін, сондай-ақ жаңа туған нәрестелер, сәбилер, кішкентай балалар және жасы ұлғайған пациенттер үшін өте маңызды.
Қандай пациенттер профилактикалық венаішілік гидратацияны қажет ететіні туралы шешімді соңғы және дәлелді клиникалық нұсқаулардың ұсынымдары және пайда-қауіп арақатынасы негізінде қабылдаған жөн. Қатарлас аурулардың болуын ескеру қажет. Жүректің қатарлас ауруларында (мысалы, үдемелі жүрек жеткіліксіздігі) профилактикалық венаішілік гидратация жүректің күрделі асқынуларына әкелуі мүмкін.
Толқу
Пациентте толқу, үрейлену күйлері және ауырулар болса, жағымсыз әсерлердің даму қаупі немесе контрастылы зат тудыратын реакциялар қарқыны артуы мүмкін. Осындай пациенттерде үрейленуді азайту шараларын қабылдау керек.
Сезімталдыққа алдын ала тест өткізу
Сезімталдыққа тест өткізу үшін контрастылы заттың аздаған мөлшерін пайдалану ұсынылмайды, өйткені ол болжам жасау мәні болмайды. Оның үстіне, осындай тест өткізу өз алдына жекелеген жағдайларда күрделі және тіпті өлімге соқтыратын аса жоғары сезімталдық реакцияларына әкелуі мүмкін.
Тамыр ішіне енгізу
Жүрек-қантамыр аурулары
Айқын жүрек аурулары немесе коронарлық артериялардың ауыр ауруы бар пациенттерде гемодинамика мен аритмияның клиникалық маңызды өзгерістерінің даму қаупі жоғары.
Контрастылы дәріні тамыр ішіне енгізу жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде өкпе ісінуін туындатуы мүмкін
Бүйрек зақымдануы
Бүйрек функциясының транзиторлы бұзылуы түрінде болатын контрастылы заттар тудыратын нефроуыттылық препаратты енгізуден кейін пайда болуы мүмкін. Сирек жағдайларда бүйректің жедел жеткіліксіздігі дамуы мүмкін.
Қауіп факторлары мыналарды қамтиды, мысалы:
• осының алдында болған бүйрек жеткіліксіздігі
• дегидратация
• қант диабеті
• көптеген миелома/парапротеинемия
• Випромидтің қайталамалы және/немесе үлкен дозалары.
Бүйректің орташа ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (еШСЖ 44-30 мл/мин / 1,73 м2) немесе бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (еШСЖ <30 мл/мин/1,73 м2) контрастылы дәріні (КК-БЖЗ) енгізгеннен кейін контрастылы дәріні ішкіартериалдық енгізу және оның бүйрек арқылы алғашқы өтуі кезінде контрастылы дәріні (КК-БЖЗ) енгізгеннен кейін бүйректің контрастынан кейінгі жедел зақымдану қаупі жоғары.
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (еШСЖ <30 мл/мин/1,73 м2) контрастылы дәріні вена ішіне енгізу немесе оның артерия ішіне енгізу және оның бүйрек арқылы екінші рет өтуі кезінде КК-БЖЗ қаупі жоғары.
Диализдегі бүйректің қалдық функциясы жоқ пациенттер радиологиялық емшараны жүргізу үшін Випромид алуы мүмкін, өйткені құрамында йод бар контрастылы дәрілер диализ процесінде организмнен шығарылады.
Гемодиализ радиологиялық тексеруден кейін бірден жүргізілуі керек.
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі жағдайында бауыр функциясының кез келген қосымша ауыр бұзылуы гемодиализді талап етуі мүмкін контрастылы затты шығарудың елеулі кідіруіне әкелуі мүмкін.
Қант диабеті
Метформинмен ем алатын қант диабеті бар пациенттерде лактоацидоздың алдын алу үшін құрамында йод бар контрастылы дәрілерді тамыр ішіне енгізгенге дейін қан сарысуындағы креатинин деңгейін анықтау керек («Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесу» бөлімін қараңыз).
Бүйрек функциясының көрсеткіштері негізінде метформинмен емдеуді тоқтату туралы мәселені қарастыру керек.
Шұғыл көмек көрсетілген жағдайда және бүйрек функциясы туралы ақпарат шектеулі немесе қол жетімсіз болған кезде дәрігер контрастылы дәрілерді пайдалана отырып, тексерудің пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалауы және мынадай қажетті сақтық шараларын қабылауы қажет: метформинмен емдеуді тоқтату, пациентті гидратациялау, бүйрек функциясының көрсеткіштерін, қан сарысуындағы лактат пен рН құрамын мониторингтеу, сондай-ақ лактоацидоздың қандай да бір клиникалық симптомдарын анықтау үшін пациенттің жай-күйін мұқият бақылау.
Тромбоэмболиялық асқынулар
Иондық емес контрастылы заттар қасиеттерінің бірі организмнің қалыпты физиологиялық функцияларына олардың тым аз әсер етуі болып табылады. Тап сондықтан иондық емес контрастылы заттардың, иондық түріне қарағанда, in vitro антикоагулянттық белсенділігі аз. Контрастылы заттың өзінің қасиеттерінен тыс, зерттеу ұзақтығы, инъекциялар саны, катетер мен шприц қасиеттері, аурудың жай-күйі және жүргізілетін ем сияқты бірқатар факторлар тромбоэмболиялық асқынулардың дамуына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан тамырға катетер қойылғанда осы факторларды ескеру және ангиография техникасын орындауға, сондай-ақ катетерді физиологиялық ерітіндімен (қажет болса, гепарин қосумен) шаюға және тромбоздар мен эмболиялардың пайда болу қаупін жоққа тән азайту үшін осы емшараны жасау мерзімін барынша қысқартуға көп көңіл бөлу қажет.
ОЖЖ тарапынан бұзылулар
Жедел инсульт немесе жедел бассүйекішілік қан құйылу бар пациенттерге, гематоэнцефалдық бөгеттің зақымдануына әкелуі мүмкін аурулары бар пациенттерге, сондай-ақ бас миының ісінуі немесе жедел демиелинациясы бар пациенттерге тамырішілік енгізу кезінде сақ болу керек. Рентгенконтрастылы дәрілерді енгізгеннен кейін бассүйекішілік ісіктері, метастаздары немесе эпилепсиясы бар пациенттерде эпилепсиялық ұстамалар саны артуы мүмкін. Цереброваскулярлық аурулар, бассүйекішілік ісіктері немесе метастаздар, дегенеративті немесе қабыну процестері нәтижесінде пайда болатын неврологиялық симптомдар рентгенконтрастылы дәрілерді артерияішілік енгізу нәтижесінде өршуі мүмкін. Контрастылы дәріні артерияішілік инъекция кейіннен церебральді ишемиямен вазоспазмды туындатуы мүмкін. Цереброваскулярлық бұзылыстар симптомдары, жақында инсульт немесе жиі транзиторлы ишемиялық шабуылдары бар пациенттер контрастылы дәрілерді енгізумен индукцияланған неврологиялық асқынулардың қаупі жоғары.
Шұғыл көмек көрсету қажет болған жағдайда құрысуға қарсы ем жүргізу ұсынылады.
Басқа қауіп факторлары
Феохромоцитомасы бар пациенттерде контрастылы дәріні тамыр ішіне енгізгеннен кейін гипертензиялық криздің даму қаупі бар.
Випромид препаратын енгізу гравис миастениясы симптомдарының айқындылығын күшейтуі мүмкін.
Дене қуыстарына енгізу
Жедел панкреатит және жедел холангит бар пациенттерге пайда/қауіп арақатынасын мұқият бағалау жүргізілгенге дейін Випромид препаратымен ЭРХПГ (эндоскопиялық ретроградтық холангиопакреатография) тағайындалмайды. Обструкцияны туындатқан конкременттерді алып тастау немесе стенозды шунттау сияқты шұғыл емдік шараларды орындау қажеттілігін қоспағанда, кез келген жедел симптомдар (3-4 апта) жойылғанға дейін емшараны кейінге қалдыру қажет.
Үйлесімсіздік
Препаратты ықтимал үйлесімсіздіктің даму қаупін болдырмау үшін басқа препараттармен араластыруға болмайды.
Арнайы ескертулер
ЭРХП жүргізу кезінде ұйқы безі ферменттерінің деңгейі жоғарылауы және панкреатиттің дамуы мүмкін (белгісіз жиілікпен).
Егер келесі белгілер немесе симптомдар пайда болса, дәрігерге жүгіну керек: денеде қызарған дақтар, дақтар нысана тәрізді макулалар немесе дөңгелек, көбінесе ортасында күлдіреуігімен, терінің қабыршықтануы, аузындағы, тамақтағы, мұрындағы, гениталийлердегі және көздегі ойық-жаралар. Бұл күрделі тері бөртпелерін қызба және тұмауға ұқсас симптомдар тудыруы мүмкін (Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эридермалық некролиз); таралған бөртпе, жоғары температура және үлкейген лимфа түйіндері (DRESS синдромы немесе дәрілік аса жоғары сезімталдық синдромы); қызыл, қабыршақты, тері астындағы түйнектер мен күлдіреуік бар бөртпе, визуализация емшарасынан кейін қызбамен қатар жүреді (жедел жайылған экзантематозды пустулез); есте сақтау қабілетінің жоғалуына, сананың шатасуына, елестеулерге, көру қабілетінің жоғалуына, құрысуларға, координацияның жоғалуына, дененің бір жағындағы қозғалыстың жоғалуына, сөйлеумен проблемалар мен естен тануға әкелуі мүмкін мидың қысқа мерзімді бұзылуы (энцефалопатия).
Педиатрияда қолдану
Жаңа туған нәрестелер мен кішкентай балалар
1 жасқа дейінгі балалар, әсіресе жаңа туған нәрестелер су-электролит теңгерімінің бұзылуына және гемодинамикалық бұзылыстарға сезімтал. Сондықтан зерттеу жүргізу үшін рентгенконтрастылы дәрінің дозасын таңдауға және пациенттің жағдайын ескеруге көңіл бөлінуі тиіс.
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттер
Йопромид бүйрек арқылы өзгермеген түрде шығарылатындықтан, бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде оның шығарылуы әдеттегіден ұзағырақ болады. Анамнезінде бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде рентгенконтрастылы дәріден туындаған бүйрек функциясының қосымша бұзылу қаупін төмендету үшін препараттың ең аз ықтимал дозасын пайдалану қажет. Мұндай пациенттерде зерттеуден кейін 3 күн ішінде бүйрек функциясын бақылау ұсынылады.
Жүктілік
Жүктілік кезеңінде талапқа сай және бақыланатын зерттеулер жүргізілмеді. Клиникаға дейінгі зерттеулердің нәтижелері жүктілікке, эмбрион мен шарананың дамуына, босануға, сондай-ақ Випромидті диагностикалық мақсатта енгізу кезінде постнатальді дамуға қатысты жағымсыз әсерлерді көрсетпейді.
Адамдарда жүктілік кезінде рентгенконтрастылы дәріні пайдалану қауіпсіздігі жеткіліксіз зерттелген. Жүктілік кезінде рентген сәулесінен аулақ болу керек болғандықтан, кез - келген рентгенологиялық зерттеудің пайдасын мұқият бағалау керек-рентгенконтрастылы дәрімен немесе онсыз. Құрамында йод бар рентгенконтрастылы дәрілерді пайдаланумен байланысты пайда/қауіпті осы бағалау йодтың шаранадағы қалқанша безіне сезімталдығын да ескеруі тиіс.
Лактация
Випромидтің емшек еметін балалардағы қауіпсіздігі зерттелмеді. Контрастылы заттар емшек сүтімен елеусіз экскрецияланады. Препараттың емшектегі балалар үшін қауіп төндіру ықтималдығы аз.
Рентгеноконтрастылы дәрінің ерітіндісіндегі бос йод және дейодтану нәтижесінде организмнен қосымша босап шығатын йод емшек сүтінде көп мөлшерде жиналады. Емшек еметін баланы йодтың шамадан тыс әсерінен қорғау үшін (қалқанша безінің гормондарының синтезін бөгеу қаупі), қауіпсіздік мақсатында 4 айға дейінгі балаларда емізуді екі күнге тоқтата тұрып, сауылған сүтті тастау ұсынылады.
Дәрілік заттың автокөлікті және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.
Көлік құралдары мен механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету туралы зерттеулер жүргізілген жоқ.