Дәріханалардағы баға мен қолжетімділік кейінірек пайда болады
Дәрігер рецепті бойынша беріледі
Тауардың сыртқы түрі суреттен өзгеше болуы мүмкін. Бағасы мен қолжетімділігін таңдалған доза мен қаптама анықтайды.
Препарат туралы
Шығарылу түрі
Мазь глазная
Дозасы
3 %
Саудалық атауы
Вирупос
Әсер етуші зат
Ацикловир
Мақсаты
Қарапайым герпес вирусынан (herpes simplex) туындаған кератит
Өндіруші
Урсафарм Арцнаймиттель ГмбХ
Ел
Германия
Берілу шарттары
Рецепт бойынша
Дәріханалардағы бағалар
Дәріхана ұсыныстары кейінірек пайда болады
Біз Қазақстан дәріханаларын қосып жатырмыз. Тексерілген бағалар мен қолжетімділік пайда болғанда, олар осы бетте болады.
Нұсқаулық
Бір грамм жақпамайдың құрамында
белсенді зат – 30 мг ацикловир,
қосымша зат – ақ вазелин.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақтан сұр-ақ түске дейінгі біртекті жақпамай.
Қарапайым герпес вирусынан (herpes simplex) туындаған кератит.
Әсер ету механизмі
Ацикловир – бұл негізінен қарапайым герпес (herpes simplex (HSV)) немесе желшешек (varicella zoster (VZV)) вирусын жұқтырған жасушаларға енетін фармакологиялық белсенді емес зат. Тек осыдан кейін ғана зат HSV - немесе VZV - тимидин киназаның белсендіруші әсерінің арқасында вирусқа қарсы тиімді агентке айналады. Тимидин-киназа – бұл репликация үшін вирусқа қажет және тек қабылдаушы организмнің жұқтырған жасушаларында табылған фермент.
Ацикловирдің вирусқа қарсы әсері мынадай механизмдермен шартталған:
• Ацикловир көбінесе қарапайым герпес вирусын жұқтырған жасушаларға өтеді.
• Ацикловир осы жасушаларда табылған вирустық тимидин киназаның қатысуымен монофосфатқа фосфорланады.
• Қабылдаушы организм жасушаларының басқа киназаларының қатысуымен түрленуі трифосфат пайда болғанға дейін жалғасады.
• Ацикловир трифосфаты вирустық полимеразаның қатысуымен дезоксигуанозин трифосфатының орнына вирустық ДНҚ-ға енеді, оның аффинділігі адам полимеразасының аффинділігінен 10-30 есе жоғары болады.
• Химиялық құрылымдағы айырмашылықтарына байланысты басқа нуклеотидтердің ешқайсысы ацикловир трифосфатына қосыла алмайды. Осылайша ДНҚ тізбегі бұзылып, вирус репликациясы тоқтайды.
Бұл механизм вирустық репликацияның өте тиімді төмендеуін қамтамасыз етеді.
Дозалау режимі
Көзге арналған жақпамайдың ұзындығы 1 см-ге жуық жолағын конъюнктивалық қалтаның төменгі бөлігіне әрбір 4 сағат сайын күніне 5 рет енгізеді. Жаққаннан кейін қабақтарын жауып, жақпамай көздің беткейіне таралатындай етіп көзді айналдыру керек.
Кератит жазылғаннан кейін емдеуді кемінде 3 күн бойы жалғастыру керек.
Жаққан кезде сықпа ұштығының көзге немесе бет терісіне жанасуын болдырмаған дұрыс.
Енгізу әдісі және жолы
Көзге арналған жақпамайды әрқашан сықпаның ұштығын көзбен немесе терімен жанастырмай жағу керек.
Сықпаның қақпағын ашып, басыңызды сәл артқа еңкейтіп, төменгі қабақты аздап тартыңыз және конъюнктивальді қалтаға көзге арналған жақпамайдың жолағын сықпаға қыса отырып, абайлап енгізіңіз. Содан кейін көзіңізді баяу жабыңыз. Пайдаланғаннан кейін сықпаны мұқият жабыңыз.
Егер Сізге Вирупос препаратының әсері тым күшті немесе тым әлсіз болып көрінсе, дәрігеріңізге хабарласыңыз.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезіндегі қажетті шаралар
Егер Сіз дозаны жағу уақытын өткізіп алсаңыз, екі есе дозаны жақпаңыз. Препараттың келесі дозасын мүмкіндігінше тез жағыңыз және дәрігер Сізге тағайындаған аралықпен сол дозаны қолдануды жалғастырыңыз. Егер Сіз бір дозадан артық дозаны өткізіп алсаңыз, қажетті шараларды қолдану үшін өз дәрігеріңізге хабарласыңыз.
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінен кеңес алу
Әрқашан осы препаратты өз дәрігеріңіздің нұсқауымен дәл қолданыңыз. Егер Сіз бір нәрсеге сенімді болмасаңыз, өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Жағымсыз реакциялар сипаттамасы
Барлық дәрілік препараттар сияқты Вирупос жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін, бірақ олар әр пациентте дамый бермейді.
Төменде аталған жағымсыз реакциялар олардың жиілігіне қарай келесідей жіктеледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100 дейін), сирек (≥ 1/10000-нан <1/1000 дейін), өте сирек (< 1/10000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде анықталуы мүмкін емес).
Өте жиі
- емді тоқтатуды талап етпейтін және салдарсыз жоғалып кететін беткейлік нүктелік кератит
Жиі
- жаққаннан кейін бірден байқалатын көздегі аздап ашытатын өтпелі сезім, конъюнктивит
Сирек
- блефарит
Өте сирек
- ангионевроздық ісіну мен есекжемді қоса, шұғыл типті аса жоғары сезімталдық реакциялары.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz.
Ацикловирге, валацикловирге немесе препараттың қосымша заттарына аса жоғары сезімталдық.
Нұсқаулықта көрсетілмеген.
Құрамында 135 мг ацикловир бар сықпаның барлық ішіндегісін ішке кездейсоқ қабылдаған кезде жағымсыз әсерлердің дамуы күтілмейді.
Пациенттерге жақпамайды жаққаннан кейін жеңіл ашытатын өтпелі сезімінің байқалуы мүмкін екендігі туралы хабардар ету керек.
Препаратпен емдеу кезінде жанаспалы линзаларды тағуға болмайды.
Арнайы сақтандырулар
Педиатрияда қолдану
Балаларды емдеу тәжірибесі жоқ.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың майлы консистенциясына байланысты оны қолданғаннан кейін көрудің уақытша нашарлауы және реакция уақытының артуы мүмкін. Мұны автомобильді басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу кезінде, сондай-ақ теңгеруді талап ететін жағдайларда ескеру керек.
Жүктілік кезінде препаратты қолдану анасын емдеудің ықтимал пайдасы шаранаға ықтимал қауіптен асқан жағдайда мүмкін.
Шектеулі клиникалық деректер жүйелі енгізуден кейін препараттың емшек сүтіне енетінін көрсетті. Алайда, ацикловирдің көзге арналған жақпамайын анасы қолданғаннан кейін емшек еметін баланың алатын дозасы шамалы болады.
Фертильділік
Ацикловирдің адам фертильділігіне әсері туралы деректер жоқ.
Клиникалық маңызды өзара әрекеттесулері анықталған жоқ.
Басқа офтальмологиялық препараттармен бір мезгілде қолданғанда жағулар арасында 15 минуттық аралықты ұстану керек. Көзге арналған жақпамайды әрқашан соңғы кезекте қолдану керек.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Сықпаны алғаш ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі – 1 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Қаптама макеті
Препаратты Қазақстанда тіркеу кезінде бекітілген қаптама жазбасы. Дереккөз — Дәрілік заттардың мемлекеттік тізілімі.
Әсер етуші заты бірдей препараттар
Іріктеме әсер етуші зат бойынша автоматты түрде жасалады
Дәріхана ассортиментіндегі тауарлардың және олардың қасиеттерінің сипаттамасы танысу үшін берілген және дәрігер кеңесін алмастырмайды. Қаптама ішіндегі парақ-қосымшада өндіруші көрсеткен ақпарат басым болып табылады.
Тауардың сыртқы түрі суреттегіден өзгеше болуы мүмкін. Қарсы көрсетілімдері бар, маманмен кеңесу қажет. Тауарлардың сипаттамалары мен бағасы жария оферта болып табылмайды.